Металлургия кафедрасы



Дата13.06.2016
өлшемі83.38 Kb.
#132938


Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы



Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия кафедрасы

«Құбыр цехтарының жабдықтары» пәні бойынша

050709 «Металлургия», 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтарының студенттеріне арналған пәнді меңгеру үшін

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41





БЕКІТЕМІН


ОІ жөніндегі проректор

___________ Н.Э.Пфейфер

(қолы)

20__ж. «___»________



Құрастырушы: магистр, аға оқытушы ______________ Абсолямова Д.Р.

(қолы)



Металлургия кафедрасы

«Құбыр цехтарының жабдықтары» пәні бойынша

050709 «Металлургия», 050724 «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандықтарының студенттеріне арналған

пәнді меңгеру үшін


Әдістемелік нұсқаулар

Кафедра отырысында ұсынылды

20__ж. «___»_________, №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі _________ М.М. Сүйіндіков 20__ж. «___»_________

(қолы)


Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»_________, №___ хаттама


ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов

(қолы)
МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _________ А.А. Варакута 20__ж. «___»_________

(қолы)
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»_________, №___ хаттама

Кіріспе


Металл ұнтақтарын, сонымен қатар олардан немесе олардың металл емес ұнтақтарымен қоспасынан бұйымдарды өндіру ғылым және техника облысын ұнтақты металлургия деп атайды. Оның маңызды ерекше сипаты ұнтақ тәріздес күйінде қатты заттармен жұмыс істеу және сәйкес металдың балқу нуктесінен төмен немесе, егер әртүрлі ұнтақтар қоспасы жағдайында, ең қиын балқитын компоненттің балқу температурасынан төмен қыздыру (күйежентектеу) операцияларын өткізу.

Металдарды өңдеу әртүрлі тәсілдерінен ұнтақты металлургия ең ерекше орын алады, өйткені пішіні мен тағайындалуы әртүрлі бұйымдарды өндіру ғана емес, сонымен қатар жаңа материалдарды жасауға мүмкіндік береді.

Ұнтақты металлургия құю, қысыммен өңдеу, кесумен өңдеу және де басқа әдістерімен бақталасады да, оларды толтырады немесе ауыстырады.

Ұнтақты металлургия әдісімен дайындамаларды және бұйымдарды өндірудің типтік технологиялық схемасы негізгі төрт операциядан тұрады: бастапқы материалдан ұнтақты алу; одан дайындамаларды пішіндеу және оны күйежентектеу; ақырғы өңдеу (құрылымын реттеу, колибрлеу, механикалық және химия - термиялық өңдеулер). Аталған операциялардың әрқайсысы соңғы ұнтақты бұйымдардың барлық қасиеттерін қалыптасуына маңызды үлес енгізеді.


Пән тақырыптарының мазмұны



1 Тақырып. Кіріспе. Қобылау орнақтары

Металлургиялық зауыттағы толық және толықсыз металлургиялық циклмен құбыр илемдеу цехының орны мен тағайындалуы. Винтті илемдеу үшін илемдеу орнағының тағайындалуы мен анықтамасы. Винтті илемдеу үрдісінің негізі. Қобылау орнақтарының конструкциясы. Қобылау илемдеу орнағының негізгі және қосымша жабдықтары. Қара металдар құбыр илемдеу өндірісінің қазіргі күйі. Түсті металдардан құбырларды илемдеу технологиялық үрдісінің ерекшеліктері.



2 Тақырып. Автоматты орнақтар.

Автоматты орнақтарда илемдеу үрдісінің негізі. Білік саны бойынша жұмыс қапастарының топтастырылуы. Конструкциясы арнайы қапастар. Жұмыс қапастары орналасуы мен тағайындалуы бойынша илемдеу орнақтарының топтастырылуы. Екі білікті реверсивті және реверсив емес қапастары. Көпбілікті және әмбебап қапастар. Автоматты орнақтардың конструкциясы. Автоматты орнақтарының деформациялану ошағы.



3 Тақырып. Үздіксіз құбыр илемдеу орнақтары.

Құбырларды үздіксіз құю үрдісінің негізі. Деформациялану коэффициенті. Біліктермен жолақты алу шарттары. Илемдеу кезіндегі күш және қысым. Басып озу және артта қалу. Деформациялану жылдамдығы. Ыстықтай және суықтай илемдеу кезіндегі илемді деформацияның металдар кедергісі. Жұмыс және тірек біліктердің серпімді майысуы. Илемдеу кезіндегі күш бағыты. Илемдеу моменті. Электр жетек куатын анықтау. Үздіксіз орнақтарының конструкциясы. Қозғағыштары енкейіп орналасқан үздіксіз орнақтары.



4 Тақырып. Пилигримдік орнақтар.

Пилигримді илемдеу үрдісінің негізі. Пилигримді орнақтағы білік калибрлеріндегі негізгі элементтерінің тағайындалуы. Конструкциялардың кинематикалық сұлбалары. Пилигримді орнақтардың конструкциялары. Илемдеу орнақтарының басты сызықтарының жалпы сипаттамасы. Жұмыс қапастары. Түрі мен конструкциялары. Жұмыс қапастарының негізгі элементтері: илемдеу біліктері, мойын тіректері, тұғыр, біліктерді теңестіру және орнату механизмдері, тұғырдағы роликтері, біліктерді ауыстыруға арналған механизмдер мен құрылғылар, олардың тағайындалуы мен конструкциялық ерекшеліктері. Жұмыс қапастарындағы негізгі бөлшектері мен тораптарын беріктікке есептеу.



5 Тақырып. Жаю орнақтары.

Гильзаларға жаю үрдісінің негізі. Екі- және үшбілікті жаю орнақтарының конструкциясы. Бас біліктің түрі мен конструкциясы. Бас жетектің негізгі элементтері: шестернялы қапастар, редукторлар, қиыстырылған шестернялы қапастар, өткізгіштер, бас сызықтың шпиндельдері мен муфталары. Олардың тағайындалуы, түрі, кинематикалық сұлбалары, конструкциялық орындалу нұсқалары. Орнақ элементтерінің негізгі параметрлерінің техникалық сипаттамалары мен есебі.



6 Тақырып. Редукциялық және калибрлеу орнақтары.

Редуциялау үрдісінің машиналары мен механизмдері. Екі- және үшбілікті орнақтар. Редукциялық және калибрлеу орнақтарының конструкциялары. Тағайындалуы, түрі, кинематикалық сұлбалары, конструкция түрі. Негізгі параметрлерінің техникалық сипаттамалары мен есебі. Редуциялық орнақтарыдың қапастарындағы біліктер орналасу сұлбасы. Редукциялық орнақтың дифференциалды топтық жетегі. Автоматты орнағымен құбыр илемдеу агрегаттары. Үздіксіз орнақтарымен құбыр илемдеу агрегаттары. Пилигримді орнақтарымен құбыр илемдеу агрегаттары. Жаю орнақтарымен құбыр илемдеу агрегаттары.



7 Тақырып. Құбырларды суықтай илемдеу, тартып созу және баспалау үшін арналған агрегаттар.

Құбырларды баспалау ға араналған агрегаттар. Тігінен және көлденен орындалған механикалық және гидравликалық баспақтар. Манипуляторлар мен илемді жөндегіштер. Бұрылу және көтері үстелдері. Тағайындалуы, түрі, кинематикалық сұлбалары, конструкция түрі. Білік және ролик түрлі құбырларды суықтай илемдеуге арналған орнақтар. Құбырларды суықтай илемдеу үрдісінің негізі. Конус тәріздес опрвкада металдың деформациялану сұлбасы. Роликті орнақтарының конструкциясының ерекшеліктері. Техникалық сипаттамалары, негізгі параметрлерінің есебі. Құбырды созып тарту орнақтары. Құбырды созып тарту үрдісінің негізі. Созып тарту орнақтарының сипаттамасы



8 Тақырып. Құбырларды пісіріп жасау үшін арналған агрегаттар.

Пісіріп жасалынған құбырларды өндіру тәсілдерінің топтастырылуы. Құбырларды пеште пісіру үздіксіз агрегаттары. Үшқапасты үздіксіз пішінді пісіру орнағы. Құбырларды кесуге арналған дискті ара. Барабанды лақтырғыштар. Штрипсты жөндеуге арналған машиналар. Үздіксіз ыстықтай пішіндеу үрдісінің негізі. Құбырларды электр пісірудің үздіксіз агрегаттары. Құбырды пісіру агрегаттарының пішіндеу және калибрлеу орнақтары. Тағайындалуы, түрі, кинематикалық сұлбалары, конструкция түрі. Үздіксіз суықтай пішіндеу үрдісінің негізі. Флюс қабатының астында доғалы пісірумен құбырларды өндіру үшін арналған агрегаттар. Тұра және спиральды жапсармен құбырларды өндіру үрдісінің негізі. Техникалық сипаттамалары, негізгі параметрлерінің есебі. Құбыр орнақтарының даму болашағы.


Тәжірибелік сабақтардың тізімі мен мазмұны
1 Тақырып. Кіріспе. Қобылау орнақтары.

Тәжірибелік жұмыс №1. Гильзаны ыстықтай қобылау кезіндегі металдың біліктерге қысымын есептеу.

Жұмыс мақсаты: гильзаны ыстықтай қобылау үшін арналған аспап жиынтығымен танысу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

2 Тақырып. Автоматты орнақтар.

Тәжірибелік жұмыс №2. Автоматты орнақтағы металдың біліктерге қысымы мен күшін есептеу.

Жұмыс мақсаты: автоматты орнақтағы металдың біліктерге қысымы мен күшін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

3 Тақырып. Үздіксіз құбыр илемдеу орнақтары.

Тәжірибелік жұмыс №3. Кинематикалық керуінің коэффициентің және айналу моментін есептеу.

Жұмыс мақсаты: кинематикалық керуінің коэффициентің және айналу моментін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

4 Тақырып. Пилигримдік орнақтар.

Тәжірибелік жұмыс №4. Пилигримдік орнақтағы біліктеріне әсер ететін күші бойынша илемдеу моментін анықтау.

Жұмыс мақсаты: пилигримдік орнақтағы біліктеріне әсер ететін күші бойынша илемдеу моментін анықтау және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

5 Тақырып. Жаю орнақтары.

Тәжірибелік жұмыс №5. Жаю орнақтарының әмбебап шпиндельдерін есептеу.

Жұмыс мақсаты: жаю орнақтарының әмбебап шпиндельдерін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

6 Тақырып. Редукциялық және калибрлеу орнақтары.

Тәжірибелік жұмыс №6. Үшбілікті редуциялық орнағының айналу моментін есептеу.

Жұмыс мақсаты: үшбілікті редуциялық орнағының айналу моментін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

7 Тақырып. Құбырларды суықтай илемдеу, тартып созу және баспалау үшін арналған агрегаттар.

Тәжірибелік жұмыс №7. Суықтай илемдеу агрегатындағы қапастың тұра және кері жүріс кезіндегі жаншу дәрежесін есептеу.

Жұмыс мақсаты: суықтай илемдеу агрегатындағы қапастың тұра және кері жүріс кезіндегі жаншу дәрежесін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

8 Тақырып. Құбырларды пісіріп жасау үшін арналған агрегаттар.

Тәжірибелік жұмыс №8. Тұра және спиральды жапсармен құбырларды өндіру күшін есептеу.



Жұмыс мақсаты: тұра және спиральды жапсармен құбырларды өндіру күшін есептеу және олармен жұмыс жасау кезінде қажетті машықтарды үйрену.

Әдебиет


  1. Целиков А.И., Полухин П.И. и др. Машины и агрегаты металлургических заводов, М.: Металлургия, 1978 т.3.Машины и агрегаты для производства и отделки проката – М.: Металлургия, 1988, 680 с.

  2. Королев А.А. Конструкция и расчет машин и механизмов прокатных станов.– М.: Металлургия, 1985 –376 с.

  3. Притыкин Д.П. и др. Механическое оборудование заводов цветной металлургии, ч. 2. Механическое оборудование цехов по обработке металлов давлением. М.: Металлургия, 1988, 324с.

  4. Королев А.А. Механическое оборудование прокатных и трубных цехов – М.: Металлургия, 1987, 480 с.

  5. Шевакин Ю.Ф., Коликов А.П. и др. Производство труб. – М.: Интермет инжиниринг, 2005 – 568 с.

  6. Целиков А. И., Смирнов В.В. Прокатные станы – М.: Металлургиздат, 1958.- 432 с.

  7. Целиков А.И. , Зюзин В.И. Современное развитие прокатных станов – М.: Металлургия, 1987, 396 с.

  8. Вердеревский В.А., Глейбер А.З., Никитин А.С. Трубопрокатные станы – М.: Металлургия, 1983, 240 с.

  9. Потапов И.Н., Полухин П.И. Технология винтовой прокатки. - М.: Металлургия, 1964, 488с.

  10. Основы металлургии т.7 Технологическое оборудование предприятий цветной металлургии М.: Металлургия, 1975, 1008с.

  11. Гребеник В.И. и др. Расчеты металлургических машин и механизмов. – Киев: Вища школа, 1988, 488с.

  12. Когос А.М. Механическое оборудование волочильных и лентопрокатных цехов, М.: Металлургия, 1980, 310 с.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет