Металлургия, машина жасау және көлік факультеті



Дата11.07.2016
өлшемі2.87 Mb.
#190262


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Металлургия, машина жасау және көлік факультеті

Машина жасау және стандарттау кафедрасы


ЖОНУ БІЛДЕГІНІҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАЛЫС ЖЕТЕГІНІҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ СҰЛБАСЫН ЖАСАУ


Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №1 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар

(ЖОО ішінде қолдануға)

Павлодар

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

М48
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен ұсынылған


Рецензенттер:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор Олжабаев Р.О.


Құрастырушылар:

техника ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Шумейко

инженер С.Қ. Қошқаров

магистр, ассистент Д.А. Искакова


М48 Жону білдегінің негізгі қозғалыс жетегінің кинематикалық сұлбасын жасау: Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен зертханалық жұмыстарын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар (ЖОО ішінде қолдануға)/құрастыр. И.А. Шумейко, С.Қ. Қошқаров, Д.А. Искакова – Павлодар, 2006. – 14 б.
Әдістемелік нұсқауда, нормативтік құжаттарда қабылданған шартты белгілердің негізінде, білдектің кинематикалық ықшамсызбасын көрсете алу мақсатында және нақтылы мысалда, берілістер қатынасы мен ацналдырықтың айналу жиілігін анықтаумен, жону-бұрамакесу білдегінің басты жүріс жетегінің кинематикалық ықшамсызбасын құрастыру студенттерге тапсырылады.

Зертханалық жұмыс «Металлкесу білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрама бөлігі болады.


УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

©Шумейко И.А., Қошқаров С.Қ., Искакова Д.А., 2006

©С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006

Кіріспе
Металлкесу білдектерінің жүріс принциптері, қалып түзуші жүрістердің параметрлерін күйге келтіру және өңдеу дәлдігі білдектің кинематикалық ықшамсызбасымен анықталады. Білдектің кинематикалық ықшамсызбасының маңызы жүру параметрлерін дұрыс күйлеуге және өңделетін бөлшектердің қажетті сапасын қамтамасыз етуге, сонымен бірге өңдеудің қателіктерін, олардың дәлдік шегінің аясынан шыққан жағдайда түзілу себептерін табуға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтылғанның негізінде зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау мүмкін болады.

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті


1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты – білдек жасауда қабылданған кейбір шартты белгілерді қолдана отыруымен, айналдырықтың айналу жиілігін сатылы реттейтін жону білдегінің басты жүріс жетегінің үлгісінде білдектің кинематикалық ықшамсызбасын көрсете алу.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті:

- осы әдістемелік нұсқауды оқып білу;

- әдістемелік нұсқауда келтірілген шартты белгілерді қолдана отырып, зертханадағы айналдырықты қыспақтың тісті дөңгелектерінің тістерін санауымен, жону білдегінің басты жүріс жетегінің кинематикалық ықшамсызбасын құрастыру;

- оқытушымен берілген тапсырманың варианты бойынша, минималды жиіліктен максималға дейінгі айналдырықтың айналу жиілігіне есеп жүргізу;

- есеп жасау.
2 Зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау
Кинематикалық ықшамсызба – бұл сызбаның жазықтығындағы кинематикалык тізбелердің жиынтығының шартты бейнеленуі. Сонымен қатар кинематикалық тізбе – бұл білдектің қайсы-бір соңғы буындарының жүрісін байланыстырушыларының және бір жазықтықтағы беріліс құрылымдары мен механизмдерінің жиынтығының шартты бейнеленуі. Беріліс құрылымдары мен механизмдері, нақты бар құрылымдар мен механизмдерге ұқсас пішінмен белгіленген. Оларға мыналардай құрылымдар мен механизмдерді жатқызуға болады: цилиндрлі, шошақты және қырықаяқты тісті берлістерді; жұдырықшалы және фрикционды муфталарды; әртүрлі тежегіш құрылымдарды; белдікті берілістерді; тіректерді және тағы басқаларды.

















Кинематикалық ықшамсызбаның көмегімен білдектің қабылданған жұмыс істеу принципі және білдектің әртүрлі элементтері мен механизмдерінің кинематикалық байланыстары іске асады. Білдектердің кинематикасында қозғалыстарды есептегенде, берілістің негізгі сипаттамаларының бірі ретінде, беріліс қатынасын i қолданады, қайсысы бұлай анықталады:
,
мұнда , - жетекші және жетектегі біліктердің тиісті айналу жиілігі;

, - белдікті берілістің жетекші және жетектегі шкивтерінің диаметрлері;

, - жетекші тісті дөңгелек (тістегеріш) пен жетектегі дөңгелектің тиісті тістерінің сандары.

Білдектерде қозғалыс берілістері кинематикалық тізбектер арқылы іске асады. Білдектің әр кинематикалық тізбегінің нақты функционалдық тағайындамасы болады және орындайтын қозғалыстың түрімен сипатталады: басты қозғалыстың тізбегі, берілістің тізбегі, бөлудің тізбегі, аунатудың тізбегі және с.с.

Кинематикалық тізбектерді есептеуге тізбектің жетекші және жетектегі соңғы буындарының қозғалысын байланыстыратын кинематикалық баланстың теңдігін қолданады. Мысал ретінде басты қозғалыс жетегінің айналдырығының алты сатылы айналу жиілігін қамтамасыз ететін кинематикалық ықшамсызбасын қарастырамыз (1 сүрет).

Қозғалыс М электроқозғауыштан бір сыналы – белдікті беріліс арқылы жылдамдықтар қорабының I білігіне беріледі. Қорабтың бірінші және екінші біліктерінің арасында II білікке үш түрлі айналу жиілігін беретін, үш берілісті тісті дөңгелектер тобы қолданылады. II біліктен III білікке (айналдырыққа) қозғалыс беруге екі берілістен тұратын берілістер тобы қолданылады. Айналдырықтың айналу жиіліктерінің сатыларының жалпы саны келтірілген мысалда тұрады
(1)

(1) жазуды жетектің құрылымдық формуласы деп атайды. Келтірілген кинематикалық тізбекте (жону білдегінің басты қозғалыс жетегінде) электроқозғауыш М және айналдырық соңғы буындар болады.





1 сүрет
Жетектің келтірілген мысалына айналдырықтың ең аз айналу жиілігін қамтамасыз ететін кинематикалық баланстың теңдігі (КБТ) мына түрде жазылады:


,
мұнда - электрқозғауыштың айналу жиілігі, айн/мин;

- белдікті берілістің беріліс қатынасы ();

- берілістер тобындағы бірінші және екінші біліктің арасындағы ең аз және ең көп тістері бар тісті дөңгелектердің арасындағы беріліс қатынасы;

- ол да жетектегі екінші мен үшінші біліктің (айналдырықтың) арасындағы беріліс қатынасы.

Қарастырылған кинематикалық тізбектегі қалған берілістер қатынастары мұнша болмақ:


; ; .
Ең көп айналу жиілігінің КБТ мына түрде жазылады:
;
Кинематикалық баланстың теңдігінен аралық айналу жиіліктерінің анықталуы мүмкін:
;

;

;

.
Берілген зертханалық жұмыста жону білдегінің басты қозғалыс жетегінің кинематикалық ықшамсызбасын құруға көрсетілген вариантқа сәйкес 1 кестедегі берілгендерді, сонымен қатар тісті дөңгелектердің тістерінің сандарының нақты шамаларын қолдана отырып, айналдырықтың айналу жиілігінің дәйекті -дан -ке дейінгі есебін жүргізу керек.
1 кесте – Тапсырманың варианттары


Параметрлер

Варианттары

1

2

3

4

5

6

Электрқозғауыштың айналу жиілігі, , айн/мин

950

143

1000

720

2860

1400

Шкивтің диаметрі

, мм

90

90

120

120

120

100

, мм

120

150

120

90

240

200

3 Есеп берудің мазмұны


3.1 Жұмыстың мақсаты.

3.2 Жетектің кинематикалық ықшамсызбасын құрастырғанда қолданылатын шартты белгілер түсіндірмесімен.

3.3 Жону білдегінің басты қозғалыс жетегінің кинематикалық ықшамсызбасы (зертханадағы бар торап бойынша).

3.4 Тапсырманың вариантына сәйкес айналдырықтың айналу жиілігін есептеу.



4 Қауыпсыздық шаралары

4.1 Зақым келтіруі мүмкін іс-әрекеттерді жүргізуге тыйым салынады: орынсыз тұтқаларды, біліктерді айналдыру және т.б.

4.2 Біліктер айналып тұрғанда жылдамдықтар қорабының механизмдеріне қолды тигізуге болмайды.

4.3 Қорапқа күштеп әрекет етуге тыйым салынады. Бұл ережені бұзу тіреуді қорабымен аударылуына соқтыруы мүмкін. Жылдамдықтар қорабымен платформаны бұру қажет болғанда өте абайлап екі қолмен бірдей істеу керек.



5 Тексеру сұрақтары

5.1 Оқытушымен көрсетілген шартты белгілердің сүретін салу.

5.2 Жетектің құрылымының формуласын жазу.

5.3 Кинематикалық баланстың теңдігі деп не түсініледі?

5.4 Оқытушымен көрсетілген кинематикалық баланстың теңдігін жазу.

5.5 Оқытушының көрсетуімен айналдырықтың екі, үш, төрт немесе алты сатылы айналу жиілігіне кинематикалық тізбекті сызу (қолмен).

Әдебиет
1 Проников А.С. Металлкесу білдектері мен білдектер жүйелерін жобалау. Анықтама – оқулық үш томда. 1 том – Станоктарды жобалау. – М. : Машинажасау, 1994. – 443 б.

2 Колев Н.С. және басқалар. Металкесу білдектері. – М. : Машинажасау, 1980. – 500 б.

Мазмұны
Кіріспе 3

1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті 4

1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты 4

1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті 4

2 Зертханалық жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау 4

3 Есеп берудің мазмұны 12

4 Қауыпсыздық шаралары 12

5 Тексеру сұрақтары 12

Әдебиет 13

БЕКІТЕМІН

С.Торайғыров атындағы ПМУ

ОЖ проректоры

___________ Н.Э. Пфейфер

«____»____________2006 ж.

Құрастырушылар: т.ғ.к., профессор И.А. Шумейко ____________

инженер С.Қ Қошқаров ___________________

магистр, ассистент Д.А. Искакова___________
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

Кафедра отырысында қаралды «_____» _________2006ж., № _____ хаттама.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі мақұлдады, № ____ хаттама, «____» ________ 2006 ж.

ОЭК төрағасы _____________________ Н.С. Дудак

КЕЛІСІЛГЕН

Факультет деканы__________________ Т.Т. Тоқтағанов

СМБ нормобақылау _____________ Г.С. Баяхметова «___» _____ 2006 ж.

ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ

О


ӘБ бастығы __________________Л.Т. Головерина «___» _____ 2006 ж.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет