МӘтіндік және графикалық редакторларды оқыту әдістемесі құрмаханова А



Дата12.06.2016
өлшемі40.5 Kb.
#131061
ӘӨЖ. 378.016.02:004.9(574)

МӘТІНДІК ЖӘНЕ ГРАФИКАЛЫҚ РЕДАКТОРЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ


Құрмаханова А.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ.
Ғылыми жетекшілері: Алдешов С.Е. – п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы
Жалпы орта мектепте WINDOWS операциялық жүйесін оқытқанда: Программаны жүктеу, бумалар, файлдармен жұмыс, дискімен, дискетпен жұмыс және де осы программаны орнату, қазақша қаріп енгізу және т.б. көптеген іс-әрекеттер айтылуы тиіс. Word мәтіндік редакторлары - мәтін енгізу, оны өңдеуге арналған. Оның мынадай түрлері бар: WRITE, WORD, (Word For Windows). Мектепте үйренуге жеңіл жоғары сапалы етіп дайындау үшін Word редакторы қолданылады. Word - тың мүмкіндігі өте көп. Қаріптердің өлшемін әртүрлі етіп өзгерту арқылы, көркемдеуге болады. Жалпы, бұл соңғы жаңалықтардың бірі болыа саналады. Мәтіндік редактор. Жазу және хат. Мотивтері. Тақырыпқа деген қызығушылықты ояту үшін басқа мәтіндік редакторлармен және жазу машинасымен салыстырып, бұл редактордың мүмкіндігіне, ерекшеліктеріне тоқталу керек. Монитор экранындағы әрбір символ. әрбір әріп баспаға дәл сол күйінде шығады, сол себепті жіберілген қатені алдымен экранда түзетіп алған жөн. Сонымен мәтіндік редакторда жүмыс істегенде: мәтін енгізу, түзету, сосын баспаға шығару керек. Оқу мақсаты. Оқу мақсатына мыналар жатады:

  • оқушыларды компьютерде мәтін енгізу үшін практикалық дайындық, жұмыс істеу үшін тұрақты дағдыларын қалыптастыру;

  • мәтінді компьютерге енгізу, оны өңдеу мүмкіндіктері жайлы түсінік қалыптастыру;

3) қандай да мәтін енгізудегі атқаратын іс-әрекетті ойша жинақтау
ебдейліктерін қалыптастыру, алгоритмдеу; мәтін енгізу үшін бұйрықтардың түрлі комбинациясын қолдана білуге үйрету; саусақтарды жұмыс істеуге машықтандыру.

Редактормен жұмыс істеуде қолданылатын бұйрықтар: қатарды қою, символды жою әрекеттері; енгізілген, жасалынған іс-әрекетті өзгерту;

Бұл бұйрықты оқушыларға. алдын-ала көрсету керек. Сонда олар ешбір алаңсыз, еркін, өзіне сенімді түрде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады, себебі егер қате жіберіп қойса немесе қандай да бір іс-әрекетті дұрыс орындамай қойса, онда оны түзетуге болады деп еркін қимыл жасайды. Басқа түймелер мен бұйрықтардың қызметімен еркін танысуға деген қызығушылығы пайда болып, іздену белсенділігі арта түседі.

4) Мәтін үзіндісін жою, бөліктеу, тасымалдау, көшіруі «желім


қайшымен» жұмыс істеуімен бірдей.

Үзіндіні көшіргенде компьютерде сол бөлікті есте сақтайтын «қалта» бар екендігін түсіндіру. Көшіруге нұсқау: алг үзіндіні бөліктеу;

сілтерді үзінді басына қою;

үзінді басын, бөлігін жою;

сілтерді мәтін соңына қою;

үзінді соңын белгілеу; соңы

5) Мәтінді форматтау. Оқушыларға оқулықтағы мәтіннің жазылу
үлгісін, оның қағаз бетінде қалай орналасатындығын, беттің: жоғарғы жағы - 2.0 см, төменгі жағы - 2.0 см; сол жағы - 3 см; оң жағы - 2.0 см орын қалдыру керектігін ескерту керек. Оның үстіне компьютерде мәтін енгізгенде сөзді автоматты түрде келесі қатарға тасымалдауға болады. Бұл қолданушының жұмысын едәуір жеңілдетеді.

Қате енгізілген сөзді, автоматты түрде жөндеуге, кейбір әріптерді дебірден басқа әріпке ауыстыруға болады. Мәтінді баспаға шығару. Бұны оқушы жұмыс үстелінде демонстрациялап керсеткен жөн. Нәтиженің нақтылығы қызығушылықты тудырады.

Оқыту әдістері мен түрлері. Мұғалім оқушыларға компьютерде мәтін енгізіп, оның қатесін түзетіңдер және грамматикалық қателерін де табыңдар деген тапсырма берсе болады. Оқушылар қателерді түзету барысында меңгеруге тиісті бұйрықтармен жұмыс істеуге тура келеді. Әрі мәтінді қатесіз, дұрыс енгізуге дағдыланады. Бұл өз кезегінде оқушылардың грамматикалық сауатты болуына үлкен септігін тигізеді. Мұғалім алдын-ала ішінде әріптері қалдырылған мәтін дайындап, бос орындарға дұрыс әріптерін қойып шығарыңдар десе де болады.

Оқытудың негізгі әдістері: Мұғалім компьютерде мәтін енгізудің жетістіктерін әңгімелеп береді, сондай - ақ ЭЕМ-де жұмыс істеп көрсетуі тиіс. Оқушылардың нұсқаумен жұмыс істеуі, сұрақтарға жауап беруі, мәтіндік редакторды практикалық жұмыс істей отырып меңгеруі, өздерінің жеке іс-тәжірибелерін жинақтауы, яғни теориялық алған білімдерін практикалық қызметімен сабақтаса түседі.

Оқушыларды компьютерге екеуден отырғызған жағдайда, олар кезекпен жұмыс істеуі керек, өйткені тек бақылап отырып, бұл редакторды меңгеру мүмкін емес.

Негізгі максат: Оқушылардың жұмысын автоматтандыру. Мысалы, оқушылар кейбір қайталанатын сөздерді қайтадан енгізіп отырады, оларға міндетті түрде көшіріп, автоматты түрде жұмыс істеуін қадағалау қажет. Тағы бір айта кететін мәселе, оқушылар алғашқы жұмыс істеген кезден бастап-ақ бірден екі қол саусақтарын пайдалануы керек. Өйтпегенде олар тек бір қолмен, не бір саусақпен бір-бірлеп әріп теріп отыруы мүмкін. Әрі олардың қолдары жаттығып, қай әріп қайда орналасқандығына көздері үйренуі үшін «пернелік жаттығу» ойынын берген жөн.

Сонымен қатар, оқушыларға кесте сызуды, оны толтыруды тапсыру керек.

Білімді жалпылау. Сабақ соңына қарай жалпылама сұрақтарды қою керек: сілтер не үшін қажет?, сілтерсіз жұмыс істеуге бола ма?

Бір символдың орнына басқасын жазғанда есте сақтау жадысында қандай үрдіс жүреді?, мәтін әріптерін, қатарды қалай өшіреміз?, «Бос орын» жадыда білгілі бір орын ала ма? редактор қатар соңын қалай біледі?, мәтіндік редактордың қандай мүмкіндіктері мен ерекшеліктері бар?, үзіндіні көшіру, өшіру, тасымалдау іс-әрекеттерін қалай орындаймыз?, файл атын дискіге қалай жазуға, сақтауға болады?, файлды дискетке қалай жазамыз немесе дискеттен қалай оқимыз?

Paint - графиктік редакторы сурет салуға арналған. Мұның көмегімен әртүрлі бейнелерді, керіністерді т.б. әсем етіп бейнелеуге болады. Paint - редакторы пайдалануға өте жеңіл, мүмкіндігі жоғары. Қажетті сурет салуға арналған құрал саймандар: түзу, сызық, дөңгелек, тәртбұрыш, өшіргіш, әріп жазуға арналған аЪс пернесі, түрлі түстер экранда жұмыс үстелінде орналасқан. Бағдарламаны қос та, істей бер. Paint графиктік редакторында компьютер көмегімен сурет салуды шектен тыс қолдануға болмайды, өйткені оқушыларда сызба құралдар сызғыш, циркульмен жұмыс істеу дағдыларын да қалыптастыруымыз керек. Paint графикалық редакторы - графиктік бейне түріндегі суреттер және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Paint Windows жүйесінің стандарты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графиктік редактор. Paint едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ - қара суреттер, схемалар, сызбалар салуға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым құрал - жабдықтар бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графиктік форматында сақталады.


Әдебиеттер

  1. Р.Ә.Медетбекова. Жоғары оқу орындарында информатиканы оқыту әдістемесі. Электрондық оқулық. Астана, 2010.

  2. Ә.Қ.Бүркіт. Компьютерлік технология негіздері. Шымкент, 2009. –Б. 216-217.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет