29
Рубрикалар білім алушыларға жұмысты орындауға кіріскенге дейін белгілі
болуы тиіс.
Жалпы
білім
беретін
мектептің
5-9
сыныптарында
қоғамдық-гуманитарлық білім беру пәндері бойынша деңгейлеп саралаудың
негізінде рубрикаларды құрастыру тәсілдерінің
мысалдарын қарастыруды
ұсынамыз.
1-мысал. «Қазақ тілі» пәні бойынша 7 сынып оқушылары үшін мысал
ретінде «Ғылыми фантастика» бөлімін сипаттауға болады, «7.1.1.1
мәтін
үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау» оқу
мақсаттарына сәйкес келетін бағалау критерийлері анықталды. Рубриканы
әзірлеу барысында білім алушыларға қойылатын оқу жетістіктерінің деңгейін
саралау талаптары сақталған. Атап айтқанда:
Бастапқы деңгейде тыңдалған мәтін үзіндісіндегі оқиғаны бір-екі
сөйлеммен дамытып айтады;
Орта деңгейде тыңдалған мәтін үзіндісіндегі оқиғаны үш-төрт
сөйлеммен дамытып айтады және аяқтайды;
Жоғары деңгейде тыңдалған мәтіндегі оқиғаның
дамуы мен аяқталуын
болжайды.Оқиғаны өмірмен байланыстыра отырып қорытынды жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: