36
Мысалы: «Броундық қозғалыс», «Бұл кім?», «Артықтығын алып таста»
сияқты стратегиялар қолданамын.
Сабақта шаттық шеңбер құру арқылы психологялық хал-ахуал туғызудың
да маңызы зор.Сыныпта балалардың ерекшеліктерін ескере отырып сергіту
сәттерін дұрыс ұйымдастыра білу де сабақтың нәтижелі өтуіне себебін тигізеді.
Қазақ тілін оқыту барысында бұл әдістердің қайсысының қай кезде тиімді
екенін
мұғалімнің өзі айқындап алып, таңдап қолданады. Психикалық дамуы
тежелген балалардың есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында
сабақтарда ақпараттық технологияларды пайдаланған өте тиімді деп
есептеймін. Мен өз тәжірибемде интербелсенді тақта, электронды және
мультимедиялық оқулықтарды, интернет, ұялы телефон, компьютер, ноутбукті
пайдаланып
жүрмін.
Жұмыстарымда
интербелсенді
тақтадан
мультипликациялық бейнеклип арқылы балаларға сергіту сәтін өткіземін.
Сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын,
әсерлі
идеяларын
тартымды
етіп
көрсететіндігін
аңғардым.
Ақпараттық
технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың
психологиялық танымдық процестері жағынан тиімділігі артады. Ақпараттық
интерактивті
технологияларға
қызығушылықтары
артып,
зейінін
шоғырландырады, тұрақтандырады. Психологиялық интерактивті жаттығулар,
әдістер арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың қиялын ұштауға
қанаттандырады; дәстүрлі әдістерден гөрі ақпараттық технологиялар арқылы
қолданыла көрсетілген көрнекі-жабдықтар бала есінде ұзақ мерзімде сақталып,
есте сақтау процесінің дамуына септігін тигізеді.
5. БЖБ мен ТЖБ құрастырған кезіңде Д. диагнозына үлкен мән беремін,
себебі оның бақылау жұмыстары қалған оқушылардан біраз өзгеше болады.
Оқу кезінде балаға оқулықты ашуға қажетті бетті табуға қай жерде оқып
жатқанымызды көрсетемін. Сабақ барысында
тапсырмаларды орындау
уақытын қысқатуға тура келеді (егер бұл сұрақ мәтінге қатысты болса, онда 3 -
4 сұрақты талқылаймыз, толық көлемінде емес, себебі бала тез шаршайды.)
Сұрақтарға жауап бергенде ойлануға, біраз уақыт беру керек (баланың
реакциясы баяулауы мүмкін). Дамир үшін тапсырманы ауызшада, жазбаша да
түрде тұжырымдау керек. Тапсырма қысқа, нақты, бір етістіктен болу
керек.Тапсырманы
баланың жанында тұрып, тұжырымдаймын, себебі балаға
бастаған істі аяқтауға мүмкіндік беремін.
6. Психикалық дамуы тежелген баламен неғұрлым тиімді әртүрлі әдістер
қолданылады.
1. Ауызша (сұрақтар, түсіндіру, әңгімелесу, әңгіме...).
2. Көрнекі (АКТ, бақылаулар, түрлі көрнекі иллюстрациялар, схемалар...).
3. Практикалық (практикалық жаттығулар, графикалық жұмыстар...).
4. Дидактикалық ойындар
А) Балалармен жұмыс барысында ауызша әдістерді қолданған кезде
мұғалімнің сұрақтары жақсы ойластырылған және нақты тұжырымдалған және
балаларға қол жетімді болуы керек екенін есте ұстаған жөн. Мұғалімнің
37
түсіндірмесі жиі қайталауды қажет етеді. Мұғалімнің әңгімесі қысқа, айқын,
эмоционалды және мәнерлі болуы керек.
Ә) Көрнекі әдістер әсіресе түзету жұмыстарында кеңінен қолданылады.
Көрнекі әдіс түзету жұмысындағы өте тиімді әдіс болып табылады, сондықтан
оған белгілі бір талаптар қойылады. Мәселен, мысалы, иллюстрациялық
материал балаларға түсінікті
болуы керек, көптеген қосымша мәліметтер
болмауы керек, зерттелетін тақырыпқа сәйкес келуі керек. Схемалар балаларды
түсінуге барынша айқын және қолжетімді болуы тиіс
Б)
ПДТ балалармен түзету жұмысындағы жалпы қабылданған практикалық
әдістердің ішінде жаттығулар мен дидактикалық ойын ең тиімді болып
табылады. Жаттығулардың қажеттілігі осы санаттағы балалардың ақыл-ой
белсенділігінің әлсіздігімен, есте сақтау қабілетінің әлсіреуімен, қабылдау
қиындықтарымен және т.б. байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: