40
Содан кейін немістер ес жиып, ноябрьдің бірінші жартысында екінші
«үлкен» шабуылға әзірленді.
Атап айтқанда, 1941 жылы 13 ноябрьде Гитлер
Орша қаласында «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» армиялар топтары мен 6
жаяу әскер, 1 танк армиясы штабтары бастықтарының мәжілісін өткізді. Онда
Фюрер өз әскерінің әлі күнге дейін Москваны ала алмағанына күйініп, кіжіне
сөз сөйледі. Сөзінің соңында ол: «Москваның қазіргі тұрған орны шалқар
теңіздің түбі болады. Оның тулаған толқындарының үні, міне, менің құлағыма
келіп тұр. Осылайша орыс астанасы мәдениетті дүниенің көзінен мүлде
жоғалады. Оған Тодтың өзі-ақ жәрдемдеседі...
Бірақ алдымен бұл қаланы
талқандау керек. Бұл істі сіздер істейсіздер. Орыс әскерінен, астана халқынан
ешбір жанға сауға берілмесін. Бәрі тегіс су түбінде шіруге тиіс», - деп бұйырды.
(208 сөз)
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/bauyirjan_momyishulyi/27720
1.Сіз үшін жеңіс күнінің ерекшелігі неде?
Оқылым
Тапсырма
Берілген екі мәтінді мұқият оқыңыз.
Тапсырмаларды орындаңыз
[10]
А мәтіні
Шын мәніне келгенде, қиял дегеніміз – өте ғажайып дүние.
Адамзат
дамуының түпкі заңдылығы, оның бүгінгідей өркениеттік биік деңгейге
көтеріле алуы адамның осы қиялдай білу қасиетіне молынан қатысты екендігі
анық.
Қазіргі біз бастан кешіріп отырған заман – адамзаттың қиялы мен бүгінгі
өмір шындығы әбден астасқан заман. Өйткені адамзат өз қиялын толық жүзеге
асырарлық деңгейге көтеріліп отыр. Кезінде ұшқыш кілемді арман еткен адам
баласы қазір дыбыс жылдамдығымен бірдей жүйтки алатын ұшақтарға мініп
41
алып, Жердің бір шетінен екінші шетіне санаулы
сағаттарда жете алатындай
мүмкіндікке ие болды. Қиялдың осы шексіздік қасиеті адамзатты әлі талай
биіктерге көтереді деп үміттенемін.
Қиял дегеніміз – төбеміздегі көк зеңгір аспан секілді де, адам ойы – сол
қиял аспанын да шарқ ұрған қыран құс секілді. Егер адамның қиял әлемі
соншалықты кең болса, оның ойы да қыран құстай неғұрлым алыстарға самғап
ұша алады. Демек бүгінгідей бәсекелестік
өріс алып отырған заманда, жаңа
туған жас нәрестенің бойына қиялдай білу қасиетін молынан дарытуға ұмтылу
– әрбір ата-ананың парызы.
Қиялдай білу қасиеті, әсіресе шығармашылық еңбекпен шұғылданатын
адамдар үшін таптырмас құрал. Ал біз өмір сүріп отырған қазіргі заман кез
келген еңбек түріне шығармашылықпен ойлау талабын қоюда. (174 сөз)
https://egemen.kz/article/173771-qiyal-qudireti 03 қыркүйек, 2018
Ә мәтіні
Фантастикалық көркем әдебиет –
негізінен, ойдан туындайтын, ғылым
немесе техниканың қоғамға,
яки жекеге ықпалын суреттейтін, баяндайтын
нысанасы беймәлім өңірдегі қияли әдеби мәтіндер. «Фантастика» ұғымының өзі
де қиялдану өнерін меңзейді.
Достарыңызбен бөлісу: