Методические указания Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



Дата12.07.2016
өлшемі66.66 Kb.
#195520
түріМетодические указания
форма Ф СО ПГУ 7.18.2/05

Методические указания


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Психология және педагогика кафедрасы
Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру

пәні бойынша


050103 – Педагогика және психология мамандығы студенттері үшін

ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР



Павлодар



Лист утверждения Форма

к методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05



БЕКІТЕМІН

ФЖж¤Ф деканы

________ Сарбалаев Ж.Т.

«___» ________ 200 ж.

Құрастырушы: Галиева Б.Х.


Психология және педагогика кафедрасы


Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру

пәні бойынша


ЄДІСТЕМЕЛІК Н¦СЌАУЛАР



050103 – Педагогика және психология мамандығы студенттері үшін

Кафедра мәжілісінде ұсынылды “___ ”_____________ 200 ж.

№ _____ хаттама
Кафедра меңгерушісі _____________ Кертаева К.М
филология, журналистика жєне µнер факультетінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды

“ __”_______ 200__ж. №__хаттама


ОӘК төрайымы ____________ Жуманкулова Е.Н.


Пәннің мақсаты мен міндеттері

Кіріспе

Қазіргі дидактикалық жүйе білім беру мазмұнының негізіне ғылыми танымның әр түрлі әдістерін меңгеруді салады: бүгінгі студент қажетті білімді өз күшімен алуды үйренуі тиіс. Демек, студенттер ақпараттың сан алуан көздерін пайдалана алуы керек: анықтамаларды, оқу және ғылыми әдебиеттерді, газеттер мен журналдарды, Интернет желісінің ақпарат әлеуетін. «Психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру» курсы, ең алдымен, студенттерді ғылыми шығармашылық іс-әрекетіне баулиды. Ғылыми шығармашылық іс-әрекеті удерісінде студенттердің танымдық, шығармашылық қабілеттері қалыптасады және дамиды, олар болашақ кәсіби іс-әрекетінде кездесетін мәселелерді айқындап, мақсаттар мен міндеттерді қоюды және шешуді, болжам жасап, оны дәлелдеуді не теріске шығаруды үйренеді. Осы курсты зерделеу барысында студенттер ақпаратты іздеуге, іріктеуге, жүйелеуге және талдауға, ғылыми жұмыстарды дайындап, рәсімдеуге, оларды жариялап, көпшілік алдында қорғауға дағдыланады.



Пәннің мақсаты: болашақ педагог-психологтарды ғылыми шығармашылық іс-әрекетінің әдіс-тәсілдерін қолданудағы біліктер мен дағдыларға үйрету.

Пәннің міндеттері:

  • студенттерді жалпы ғылыми, оның ішінде психологиялық-педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;

  • болашақ мамандарды зерттеушілік іс-әрекетпен жаттықтыру;

  • студенттердің қажетті кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • психологиялық-педагогикалық жұмыста кездесетің зерттеу түрлерін;

  • психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негiздерiн;

  • психологиялық-педагогикалық зерттеу жасау әдістемесін;

Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:

  • психологиялық-педагогикалық ғылыми зерттеулерді оларға қойылған талаптарға сәйкес жүзеге асыру;

  • психологиялық-педагогикалық жұмыста кездесетін ғылыми зерттеулерді жағдаятқа сай таңдай алу;

  • психологиялық-педагогикалық жұмыста зерттеу әдістерін іске асыру технологияларын білу;

  • зерттеу әдістердің жіктелуін меңгеру;

  • психологиялық-педагогикалық зерттеу әдістері арқылы ғылыми тұжырымдамаларға, құқықтық-нормативтік құжаттарға талдау жасау,

  • психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі диагностикалық әдістемелерді қолдану.


Теориялық курстың мазмұны

1-тақырып Қазақстанда ғылымның дамуы Ғылымның қазіргі әлемде дамуының негізгі тенденциялары. ҚР ғылымның дамуы; қазіргі жағдайы мен перспективалары.


2-тақырып ҚР ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар ҚР ғылыми іс-әрекет жүргізудің құқықтық негіздері. Ғылыми іс-әрекетті реттейтін нормативтік ережелер мен құжаттар; заңдар, ережелер, нұсқаулар. Ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанымдары, ғалымдардың құқықтары мен міндеттері, ғылыми– техникалық немесе ғылыми жұмыстың нәтижесіне интеллектуалдық құқық алу.

3-тақырып Ғылымтанудың жалпы ұғымдары. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары Ғылым адам іс-әрекетінің айрықша саласы ретінде. Ғылыми білім түсінігі. Еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздері. Ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Ғылыми зерттеулердің негізгі тенденциялары мен бағыттары.

4-тақырып Ғылыми зерттеудің әдіснамасы Әдіснама танымның ғылыми әдісі туралы ілім ретінде. Әдіснамалық білімнің иерархиясы. Зерттеу объектісі мен пәні. Зерттеудің ұғымдық аппараты. Ғылыми зерттеу әдістемесінің құрылымы.

5-тақырып Зерттеу әдістері Таным процессінің жалпы және жеке әдістері, тарихи, логикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық әдістер.

6-тақырып Эксперимент зерттеу әдісі ретінде. Экспериментті ұйымдастыру және басқару Эксперимент таным және зерттеу әдісі ретінде. Эксперимент тақырыбын таңдау, негіздеу және тұжырымдау. Эксперименттің объектісі, пәні, болжамы, мақсаттары мен міндеттері.Зерттеудіңнақты әдістемелері мен әдістерін әзірлеу, зерттеу сатылары мен логикасы. Эксперимент нәтижелерін бақылау әдістері. Эксперимент жүргізу алгоритмі.

7-тақырып Зерттеу іс-әрекетінің сатылары және зерттеудің логикалық құрылымы Ғылыми зерттеу ғылыми шығармашылық үдерісі ретінде. Зерттеу іс-әрекетінің сатылары. Ғылыми зерттеу құрылымы. Әдіснама, теория, тұжырымдама, технология, әдістер. Зерттеу мәселесін анықтау, мақсатымен міндеттерін белгілеу, зерттеу болжамын жасау, эксперимент ұйымдастыру, жиналған мәліметтерді реттеу және өңдеу.

8-тақырып Ақпарат көздерімен жұмыс істеу әдістемесі Ғылыми ақпарат көздері. Ғылым қайнарларымен жұмыс жүргізу кезендері; тыңдау, қабылдау, оқу, жазу т.б..

9-тақырып Кітаппен жұмыс істеу жүйесі зерттеу іс-әрекетінің негізі ретінде Кітапханалық-библиографиялық сауаттылық, оның зерттеу іс-әрекетіндегі рөлі. Кітаппен жұмыс танымдығ іс-әрекет әдісі тәрізді. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдері.

10-тақырып Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері Зерттеушіге тән кәсіби қабілеттер. Негізгі зерттеушілік біліктер мен дағдылар және оларды қалыптастыру шарттары.

11-тақырып Зерттеу мәтінін дайындау. Жұмыс жоспарын дайындау, әдебі қайнарларын оқу. Ғылыми ақпаратты сақтау және өңдеу әдіс-тәсілдері.

12-тақырып Ғылыми стильде мәтіндерді жазу Ғылыми стильдің тілдік ерекшеліктері. Ғылыми мәтіндерді жазу мысалдары.

13-тақырып Ғылыми жұмысты рәсімдеу, талаптарға сай келтіру

Ғылыми жұмыстың құрылымдық бөлімдері, оларды дайындау ерекшеліктері. Ғылыми жұмыстарға қойылатын жалпы талаптар, зерттеу жұмыстарының құрылымдық бөлімдерін рәсімдеу ережелері. Зерттеу нәтижелерін ұсыну нысандары.



14-тақырып Ғылыми жұмысты қорғау Ғылыми жұмысты қорғау процедурасы. Ғылыми жұмысты жария қорғау – зерттеу іс-әрекетінің маңызды компоненті. Жария сөздің мәтіні мен көрнекі материалдарға қойылатын талаптар. Жария сөз ережелері.

15-тақырып Ғылыми жұмыстарды талдау және бағалау Ғылыми жұмыстардың сол сияқты жұмыстарға қойылатын талаптарға сай болуы. Зерттеуге зерттеушінің өзі ретроспективтік талдау жасауы және бағалауы (рефлексия).

Негізгі әдебиеттер

  1. Ахметова Г.К., Пфейфер Н.Э., Бурдина Е.И. Азбука для начинающего исследователя: метод. пособие . – Павлодар, 2003.

  2. Введение в научное исследование по педагогике/ Под ред. Бабанского Ю.К., Журавлева В.И., Розова В.К. и др. – М., 1988. – 237 с.

  3. Егоров В.В., Скибицкий Э.Г. Организация и технология научного исследования. – Новосибирск, 2006. – 426 с.

  4. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: учебное пособие для студентов вузов. – М., 2001. – 208 с.

  5. Кертаева К.М., Боталова О.Б. Организация психолого-педагогических научных исследований: учебное пособие. – Павлодар, 2007. – 354 с.

  6. Соловьева Н.Н. Основы организации учебно-научной работы студента: учебно-методическое пособие для самостоятельной работы студентов. – М., 2003. – 55 с.


Қосымша әдебиеттер

  1. Заир-Бек Е.С. Основы педагогического поектирования. – СПб, 1995.

  2. Маров В.Н., Вагапова Д.Х., Зыбина Т.М., Виньков Ю.В. Риторика – учителю. – Пермь, 1993. – 105 с.

  3. Научно-исследовательская работа педагогов и учащихся: Пособие для слушателей /Составитель: В.К.Омарова. – Павлодар: ПГПИ.– 2005.– 48 с.

  4. Новиков А.М. Научно-экспериментальная работа в образовательном учреждении. – М., 1998. – 134 с.

  5. Педагогика: Большая современная энциклопедия / Сост. Е.С.Рапацевич. - Мн.: Современное слово, 2005. – 720 с.

  6. Сборник нормативных документов. – Павлодар: Региональный научно-практический центр «Ертіс дарыны». – 2004. - 68 с.

  7. Чечель И.Д. Управление исследовательской деятельностью педагога и учащегося в современной школе. – М., 1998.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет