Методические указания Форма ф со пгу 18. 2/05



жүктеу 203.82 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі203.82 Kb.


Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05




Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Машина жасау мамандығының студенттері үшін «Металкескіш білдектері» пәні бойынша «Жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің дәлдігін бағалау» № 2 зертханалық жұмысты орындауға арналған

(жоғары оқу орны ішінде қолдану үшін)


Павлодар


УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я


Ж70




С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесі ұсынған
Рецензенттер:

техникалық ғылым кандидаты, профессор Олжабаев Р.О.

магистр, аға оқытушы Тастенов Е.К.
Құрастырушылар: И.А. Шумейко, Д.А. Искакова, А. Тышканова
Ж70 Жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің дәлдігін бағалау: машинажасау мамандығының студенттері үшін «Металкескіш білдектері» пәні бойынша № 2 зертханалық жұмысты орындауға арналған (жоғары оқу орны ішінде қолдану үшін). – Павлодар, 2007. – 20 б.
Әдістемелік нұсқауда өңдеу қателіктерінің қалыптасу себептерінің сипаттамасы берілген. МЕСТ 18097-72 «Жону және жону-бұрамакескіш білдектері. Дәлдік және қатаңдық нормалары» және МЕСТ 370-81 «Вертикаль-бұрғылайтын білдектер. Дәлдік және қатаңдық нормалары» істегі стандарттарының негізінде жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің мысалында металкескіш білдектердің геометриялық параметрлерін өлшеу әдістері мен құралдарының сипаттамасы келтірілген.

Зертханалық жұмыс «Металкескіш білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрамдық бөлігі болып табылады.

УДК 621.9.06(07)

ББК 34.63-5я7

©Шумейко И.А., 2007

©С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007



1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты – жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің геометриялық параметрлерін өлшеу әдістемесін оқып тану, өлшеулер жүргізіп, өлшенген геометриялық параметрлердің дәлдік нормаларына сәйкес келуі туралы қорытындылар жасау.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті
- берілген әдістемелік нұсқаумен танысу;

- жону-бұрамакескіш білдегінің геометриялық параметрле-рінің дәлдігін тексеру;

- вертикаль-бұрғылайтын білдектің геометриялық пара-метрлерінің дәлдігін тексеру;

- есеп құрып, оны қорғау.


2 Білдектердің дәлдігі туралы жалпы мәлімет
Білдек дәлдігі бұл оның формасын, өлшемін, жіберілетін ауытқулармен өзара орналасуын, сонымен қатар өңделетін бұйымдар беттерінің кедір-бұдырлығын қамтамасыз ету қабілеті.

Білдекте өңдеу қателігінің пайда болу себептері:

- дайындаманы орнату және үйлестіру қателіктері;

- құралды немесе дайындаманы ұстайтын базалық түзілім-дердің орналасуы мен формасының қателіктері және салмақты салмай олардың орын ауыстыру траекторияларының қателіктері (білдектің геометриялық дәлдігі);

- білдек түзілімдерінің серпімді деформацияларына және олардың жылу деформацияларына байланысты пайда болған құрал мен тетіктің қозғалыс траекториясының қателіктері;

- динамикалық қателіктер (түзілімдердің дірілдеуі);

- кинематикалық қателіктер.

Сериялы шығарылатын әрбір білдек геометриялық дәлдікке, қатаңдыққа, таңдамалы түрде дірілге орнықтылыққа, кинематикалық дәлдікке (үйлестірілген қозғалысы бар білдектер үшін) тексеріледі. Пайдалану үрдісі кезінде (қажет болған жағдайда) және жөндеуден кейін білдектер көрсетілген параметрлер бойынша тексеруге ұшырайды.

Берілген зертханалық жұмыста білдектің қандай да бір қателіктері өңдеу қателіктерінің қалыптасуына қандай шамамен әсер етуін сипаттайтын геометриялық дәлдігі бағаланады.

Геометриялық дәлдік білдектің базалық тетіктерінің жанасу беттерін жасау дәлдігіне, олардың бірінің біріне қатысты орналасу дәлдігіне және білдектің негізгі жұмыс мүшелері бойынша орын ауыстыратын бағыттаушы элементтерінің дәлдік деңгейіне тәуелді. Осылайша, айналдырық мойынтіректерінің қателіктеріне байланысты айналдырықтың радиаль ауытқымасы пайда болады, бұл көлденең қимада өңделетін тетіктің формасын бұрмалайды (дөңгелектіктен ауытқу пайда болады). Сырғанау бағыттаушыларының түзусызықтық еместігі құралкүймешіктің немесе білдек үстелінің орын ауыстыру траекториясының бұрмалауына әкеледі, бұл өңделген беттің формасын анықтайды (мысалы, жону білдегінде өңдеу кезінде тетіктің бойлай қимасының ойыстық немесе дөңестік формасы). Үстел мен айналдырық осінің өзара орналасуы, яғни олардың перпендикулярлық еместігі тетікті өңдеген кезде сәйкес қателіктерді тудырады.

Білдектің екі жұмыс мүшелерінің өзара орналасу дәлдігі (мысалы, айналдырық пен үстелдің) осы түзілімдерді байланыстыратын өлшем тізбесінің дәлдігіне байланысты болады. Мысалы, координатты-кеңейжону білдегінің айналдырық өсі үстелдің жұмыс бетіне қатысты перпендикулярлықтан ауытқуы Δ (сурет 1.1) білдек түзілімдерінің жанасу беттерінің сәйкес ауытқуларына αί байланысты болады

мұнда α1 – үстел жазықтығы мен тұғыр бағыттаушыларының параллельдіктен ауытқуы;

α2 – тіреуіш пен тұғыр бағыттаушыларының беттерінің параллельдік еместігі;

α3 – тұғырмен қосылу үшін тіреуіш бетінің және айналдырық басшасының бағыттаушы жиынтығына беттің перпендикулярлық еместігі;

α4 – бағыттаушы басшасы мен жиынтықтың тіреу бетінің параллельдік еместігі;

α5 – айналдырық өсі мен бағыттаушы басшасының параллельдік еместігі.

Білдектің геометриялық параметрлерінің жіберілетін ауытқулары және оларды өлшеу әдістемесі «Дәлдік нормалары» деп аталатын стандарттармен ережеленген.



1.1 сурет
Зертханалық жұмыста МЕСТ 18097-72 «Жону және жону-бұрамакескіш білдектері. Дәлдік және қатаңдық нормалары» сәйкес 1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегі мен МЕСТ 370-81 «Вертикаль-бұрғылайтын білдектер. Дәлдік және қатаңдық нормалары» сәйкес 2А135 модельді вертикаль-бұрғылайтын білдектің геометриялық параметрлерінің ауытқуларын өлшеу қарастырылған. Мұнда нақты ауытқулар МЕСТ бойынша талап етілетін ауытқулармен салыстырылады және геометриялық дәлдіктің қандай да бір параметрі бойынша білдектің жарамдылығы туралы қорытынды жасалады.

3 Тапсырма және әдістемелік нұсқаулар
3.1 Тапсырма
1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегі мен 2А135 модельді вертикаль-бұрғылайтын білдектің геометриялық параметрлерінің ауытқуларының өлшеулерін жүргізу, алынған мәндерді МЕСТ 18097-72 және МЕСТ 370-81 сәйкес ережеленген стандарттарымен (берілген білдектердің типөлшемдері үшін көрсетілген стандарттардан алынған) салыстыру және білдектердің жарамдылығы туралы қорытынды жасау.
3.2 1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегінің геометриялық параметрлерінің ауытқуларын өлшеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тексеру 1. Горизонталь жазықтықта құралкүймешіктің бойлық орын ауыстыруының түзусызықтығы (сурет 2.1).

2.1 сурет
Тексеру әдісі. Алдыңғы 1 және артқы 2 тұғырдың центрлерінде цилиндрлі өлшеу беті бар құралбілікті орнатады. Бұл жағдайда кескішұстағыш білдек осіне жақын орналасу қажет. Құралкүймешікте 4 тіреуіш 5 көмегімен индикаторды 6 орнатады, оның өлшеу ұштығы құралбіліктің бүйір жасаушысына тиіп, жасаушыға перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс.

Құралбілік ұштарында индикатор көрсеткіштері бірдей болуы қажет. Бұны арнайы бұрамалардың көмегімен артқы тұғырды ығыстыру жолымен алады.

Құралкүймешік жүрістің барлық ұзындығына бойлық бағытта орын ауыстырады. Ауытқуды индикатор көрсеткіштерінің ең үлкен алгебралық айырмасы ретінде анықтайды.

Құралкүймешік жүрісінің ұзындығы 1250 мм-ге дейін дәлдік класы Н (қалыпты дәлдік) білдектер үшін жіберілетін ауытқу – 20мкм.

Тексеру 2. Вертикаль жазықтықтағы тұғыр бағыттаушыларына қатысты алдыңғы тұғыр айналдырығының айналу осі мен артқы тұғыр сүйеутөлкесінің тесігінің осінің бірбиіктілігі (сурет 2.2).

2.2 сурет
Тексеру әдісі. Алдыңғы 1 және артқы 2 тұғырдың центрлерінде индикатор 5 орнатады, оның өлшеу ұштығы құралбіліктің өлшеу бетіне тиіп, жоғарғы жасаушысына перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс.

Құралкүймешікті 630 мм ұзындыққа орын ауыстырады. Бірінші өлшеуден кейін айналдырықты 180° айналдырады.

Ауытқуды екі көрсетілген өлшеулердің орташа арифметикалық нәтижесі ретінде анықтайды, оның әрбіреуі құралбілік ұштарындағы индикатор көрсеткіштерінің алгебралық айырмасы ретінде анықталады.

Өңдеу диаметрі 400 мм-ге дейін дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу 40мкм.

Сүйеутөлке осі тек айналдырық осінен ғана биік болуы мүмкін.

Тексеру 3. Алдыңғы тұғыр айналдырығының айналу осінің құралкүймешіктің бойлық орын ауыстыруына параллельдігі (сурет 2.3):

- горизонталь жазықтықта;

- вертикаль жазықтықта.

Тексеру әдісі. Айналдырық тесігіне 1 цилиндрлі өлшеу беті бар бақылау құралбілікті 2 орнатады.

Құралкүймешікте 3 (кескішұстағышта) индикатор 4 бекітеді, оның өлшеу ұштығы құралбіліктің өлшеу бетіне тиіп, жасаушыға перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс.



2.3 сурет
Құралкүймешікті бойлық бағытта L= 200 мм ұзындыққа орын ауыстырады.

Өлшеуді құралбіліктің екі диаметрлі қарама-қарсы жасаушысы (айналдырықты 180°-қа айналдырған кезде) бойынша жүргізеді.

Ауытқуды әрбір жазықтықта екіден кем емес өлшеулердің арифметикалық нәтижелері ретінде анықтайды, оның әрбіреуі құралкүймешіктің орын ауыстыруы кезінде индикатор көрсеткішінің ең үлкен алгебралық айырмасы ретінде анықталады.

Өңдеу диаметрі 400 мм-ге дейін дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу құрайды:

- горизонталь жазықтықта – 8 мкм;

- вертикаль жазықтықта – 16 мкм.

Құралбіліктің бос ұшы жоғарғыға және кескіш бағытына қарай ауытқуы мүмкін.

Тексеру 4. Алдыңғы тұғыр айналдырығының конустық тесігінің осінің радиаль ауытқымасы тексеріледі:

- бүйіржағында;

- L = 200 мм ұзындықта.



2.4 сурет
Тексеру әдісі. Айналдырық тесігіне цилиндрлі өлшеу беті бар бақылау құралбілігін орнатады.

Білдектің қозғалмайтын бөлігінде индикатор орнатады, оның өлшеу ұштығы құралбіліктің өлшеу жазықтығына тиіп, жасаушыға перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс. Айналдырықты жұмыс бағыты бойынша айналымға (қолмен) келтіреді. Әрбір өлшеу кезінде айналдырық екіден кем емес айналым жасау тиіс.

Ауытқуды индикатордың әрбір жағдайындағы оның көрсеткішінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Өңдеу диаметрі 400 мм-ге дейін дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу:

- бүйіржақта – 10 мкм;

- L = 200 мм ұзындықта – 16 мкм.

Тексеру 5. Алдыңғы тұғыр айналдырығының осьтік ауытқымасы (сурет 2.5).

2.5 сурет

Тексеру әдісі. Алдыңғы тұғыр айналдырығының тесігіне шарикке арналған центрлі тесігі бар бақылау құралбілігін орнатады.

Білдектің қозғалмайтын бөлігінде индикатор орнатады, оның жазық өлшеу ұштығы құралбіліктің центрлі тесігіне орнатылған шарикке тиюі қажет.

Айналдырықты жұмыс бағыты бойынша айналымға келтіреді.

Өлшеу кезінде айналдырық екіден кем емес айналым жасау тиіс. Ауытқуды өлшеу нәтижелерінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Қалыпты дәлдікті білдектер үшін жіберілетін осьтік ауытқыма – 10 мкм.

Тексеру 6. Айналдырық ернемегінің центрлейтін белдеушесінің радиаль ауытқымасы (сурет 2.6).

2.6 сурет
Тексеру әдісі. Білдектің қозғалмалы бөлігінде индикатор бекітеді, оның өлшеу ұштығы белдеушенің центрлейтін конустық бетінің жасаушысына перпендикуляр болып, белдеушенің сол жазықтығына тиюі қажет.

Айналдырықты жұмыс бағыты бойынша айналымға келтіреді. Өлшеу кезінде айналдырық екіден кем емес айналым жасау тиіс.

Ауытқуды индикатор көрсеткіштерінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Өңдеу диаметрі 400 мм-ге дейін дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу – 10 мкм.

Тексеру 7. Алдыңғы тұғыр айналдырығының тіреуіш белдемесінің бүйіржақ ауытқымасы (сурет 2.7).

Тексеру әдісі. Білдектің қозғалмайтын бөлігінде индикатор орнатады, оның өлшеу ұштығы айналдырықтың тіреуіш белдемесіне (центрден неғұрлым үлкен қашықтықта және оған перпендикуляр орналасып) тиюі қажет.




2.7 сурет
Айналдырықты жұмыс бағыты бойынша айналымға келтіреді.

Өлшеулерді екі өзара перпендикуляр жазықтықта және диаметрлі қарама-қарсы нүктелерде рет ретімен жүргізеді. Әрбір өлшеу кезінде айналдырық екіден кем емес айналым жасау қажет.

Ауытқуды индикатордың әрбір жағдайындағы оның көрсеткішінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Қалыпты дәлдікті білдектер үшін жіберілетін ауытқу – 20 мкм.

Тексеру 8. Артқы тұғыр сүйеутөлкесінің конустық тесік осінің құралкүймешіктің орын ауыстыруына параллельдігі (сурет 2.8):

- вертикаль жазықтықта;

- горизонталь жазықтықта.


2.8 сурет
Тексеру әдісі. Артқы тұғырды тұғыр бағыттаушыларында бастапқы жағдайға орнатып бекітеді. Сүйеутөлкенің тесігіне цилиндрлі өлшеу беті бар бақылау құралбілігін орнатады. Құралкүймешікте индикатор орнатады, оның өлшеу ұштығы құралбіліктің өлшеу бетіне тиіп, жасаушыға перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс. Құралкүймешікті бойлық бағытта 200 мм ұзындыққа орын ауыстырады.

Ауытқуды құралкүймешіктің көрсетілген жағдайларындағы индикатор көрсеткіштерінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Қалыпты дәлдікті және ең үлкен диаметрі 400 мм-ге дейін білдектер үшін жіберілетін ауытқу:

- вертикаль жазықтықта – 20 мкм;

- горизонталь жазықтықта – 20 мкм.

Құралбіліктің бос ұшы жоғарғыға және кескіш бағытына қарай ауытқуы мүмкін.

Тексеру 9. Артқы тұғыр сүйеутөлкесінің орын ауыстыруының құралкүймешіктің орын ауыстыруына параллельдігі (сурет 2.9) тексеріледі:

- вертикаль жазықтықта;

- горизонталь жазықтықта.

Тексеру әдісі. Құралкүймешік пен артқы тұғырды тұғыр бағыттаушыларында (оң немес сол) бастапқы жағдайға орнатып бекітеді.

Сүйеутөлкені 0,2 жүріске шығарып, бекітеді. Құралкүймешікте индикатор орнатады, оның өлшеу ұштығы сүйеутөлкенің артқы тұғырына тиіп, жасаушыға перпендикуляр болып оның осіне бағытталу тиіс. Құралкүймешік пен артқы тұғырды біруақытта артқы тұғырдың барлық жүріс ұзындығына орын ауыстырады, оны өлшеу кезінде артқы тұғырды бекітіп 0,3 жүріс ұзындығынан кейін өлшеу үшін тоқтатады (орын ауыстыру кезінде құралкүймешік пен артқы тұғырдың арасындағы қашықтық тұрақты болуы тиіс).

2.9 сурет
Ауытқуды артқы тұғыр мен құралкүймешіктің бастапқы және келесі жағдайлары кезінде индикатор көрсеткішінің ең үлкен алгебралық айырымы ретінде анықтайды.

Дәлдік класы Н, құралкүймешік жүрісінің ұзындығы 500ден 2000 мм-ге дейінгі білдектер үшін жіберілетін ауытқу:

- вертикаль жазықтықта 40 мкм;

- горизонталь жазықтықта 25 мкм.

Білдектің аталған геометриялық параметрлерін тексеруден басқа білдекте өңделген үлгінің цилиндрлі және бүйіржақ беттерінің геометриялық формаларының дәлдігін, сонымен қатар білдекте қиылған бұрама қадамының дәлдігін бағалайды. Бірақ еңбексыйымдылығы үлкен болғандықтан көрсетілген тексерулерді зертханалық жұмыста орындау қарастырылмаған.
3.3 2А135 модельді вертикаль-бұрғылайтын білдегінің геометриялық параметрлерінің ауытқуларын өлшеу бойынша әдістемелік нұсқаулар
Тексеру 1. Үстелдің жұмыс бетінің жазықтылығы.

Тексеру әдісі. Өлшеуді бөлек қималарда өткізеді, олардың санын жалпы жағдайда тексерілетін беттің өлшемі мен дәлдігіне байланысты таңдайды. Тексерілетін қималардың орналасу сұлбасы сурет 2.10 көрсетілген және онда үштен кем емес бойлық, үштен кем емес көлдеңен және екіден кем емес диагональді қималар болу керек.



2.10 сурет
Тексерілетін бетке 1 (сурет 2.11) берілген қиманың екі нүктесінде екі тіреуіш 3 орнатады, мұнда жұмыс бетімен тексеру сызғышын 2 орнатады, бұл жағдайда тексерілетін беттен сызғыштың жұмыс бетіне дейін оның ұшында тең болуы қажет.

Көрсететін аспапты 4 тексерілетін бетке орнатады, оның өлшеу ұштығы сызғыштың жұмыс бетіне тиіп, оған перпендикуляр болуы керек.

Көрсететін аспапты сызғыш бойымен тексерілетін бет бойынша орын ауыстырады. Жазықтылықтан ауытқу көрсететін аспаптың көрсеткіштерінің ең үлкен алгебралық айырымына тең болады.

2.11 сурет
Өлшеу ұзындығы 630 мм-ге дейін дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу – 30 мкм.

Тексеру 2. Айналдырық осінің үстелдің жұмыс бетіне перпендикулярлығы:

- білдек симметриясының вертикаль жазықтығында;

- білдек симметриясының жазықтығына перпендикуляр вертикаль жазықтықта.



2.12 сурет
Тексеру әдісі. Берілген ұзындықта иінді құралбіліктің 1 (сурет 2.12) иінінде орналасқан көрсететін аспапты 2 айналдырыққа 3 бекітеді, айналдырықтың айналу осінің жағдайын тексереді. Көрсететін аспапты оның өлшеу ұштығы жазықтыққа 4 орнатылатын тегіспараллельді ұзындықты өлшейтін тақташаларға 5 тиетіндей етіп бекітеді. Құралбілігі бар айналдырықты толық айналымға бұрады. Көрсететін аспаптың көрсеткіштерін әрбір 90° сайын орнықтырады. 2 ұзындықта осьтің жазықтыққа перпендикулярлықтан ауытқуы екі диаметрлі орналасқан нүктелерде көрсететін аспаптың көрсеткішінің ең үлкен алгебралық айырымына тең.

Үстел бетінің ені 630 мм-ге дейін, ұзындығы 2= 300 мм және дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу – 40 мкм.

Айналдырық осінің көлбеулігі білдек бағанасына ғана жіберіледі.

Тексеру 3. Айналдырықтың конус осінің радиаль ауытқымасы:

- айналдырық бүйіржағында;

- арақашықтығында.

Тексеру әдісі. Айналдырықтың тексерілетін тесігіне 1 (сурет 2.13) бақылау құралбілігін 2 орнатады. Көрсететін аспапты 3 білдектің қозғалмайтын бөлігінде орнатады, өлшеу ұштығы құралбіліктің цилиндрлі бетіне тиіп, оның жасаушысына перпендикуляр болуы керек.

Айналдырықты баяу қозғалысқа келтіреді. Радиаль ауытқыма бір айналым кезінде көрсететін аспап 3 көрсеткішінің алгебралық айырымына тең. Өлшеуді айналдырық бүйіржағы мен арақашықтығында өткізеді. Радиаль ауытқыма ретінде өлшеу нәтижелерінің ең үлкенін алады.

Бұрғылаудың шартты диаметрі 20 мм-ден астам және дәлдік класы Н білдектер үшін жіберілетін ауытқу тең деп алады:

- айналдырық бүйіржағында – 16 мкм;

- = 300 мм арақашықтықта – 25 мкм.

Зертханалық жұмыста бұйым-үлгіні өңдеу жону-бұрамкескіш білдек үшін сияқты себептерге байланысты қарастырылмаған.



2.13 сурет
4 Қауіпсіздік шаралары
4.1 Тәжірибелік бөлікті орындау алдында әдістемелік нұсқаумен танысу.

4.2 Білдек токқа қосылмағанына көз жеткізіп, оқу шеберінің немесе оқытушының рұқсатымен тексерулерді орындауға кірісу (қауіпсіздік мақсатында барлық тексерулерді токсыздандырылған білдекте орындау).

4.3 Кейбір тексеру құралдары маңызды салмаққа ие, олармен жұмыс жасаған кезде ерекше абай болу керек.

4.4 Тексеру құралдарын бүлдірмеу үшін соғулардан сақтау.

4.5 Жұмыс аяқталған соң құралбіліктерді сүртіп, жинақтап, оқу шеберіне тапсыру.
5 Есептің мазмұны
5.1 Жұмыс атауы.

5.2 Жұмыстың мақсаты.

5.3 1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдектің дәлдігін бағалау:

- тапсырма мазмұны;

- нөмір, тексеру атауы, сұлбалар, геометриялық параметрлердің жіберілетін аутқулары мен ауытқулардың өлшенген мәндері, білдектің жарамдылығы туралы қорытынды (барлық тексерулер үшн жасалады);

- 2А135 модельді вертикаль-бұрғылау білдегінің дәлдігін бағалау:

- тапсырма мазмұны;

- нөмір, тексеру атауы, сұлбалар, геометриялық параметрлердің жіберілетін аутқулары мен ауытқулардың өлшенген мәндері, білдектің жарамдылығы туралы қорытынды (барлық тексерулер үшн жасалады).


6 Бақылау сұрақтары
6.1 Білдектің геометриялық дәлдігі дегеніміз не?

6.2 Білдекте өңдеу кезінде қателіктердің пайда болу себебі неде?

6.3 Білдектің геометриялық дәлдігі неге байланысты?

6.4 Геометриялық дәлдік параметрі бойынша білдек жарамдылығы туралы қорытынды неге негізделеді?

6.5 Жону-бұрамакескіш білдегінің геометриялық параметрлерінің дәлдігін тексеруді атаңыз.

6.6 Вертикаль-бұрғылау білдегінің геометриялық параметрлерінің дәлдігін тексеруді атаңыз.

6.7 Құралкүймешіктің бойлық орын ауыстыруының түзусызықтықтан ауытқуы тетік қателігінің қалыптасуына қалай әсер етеді?

6.8 Алдыңғы тұғыр айналдырығының айналу осінің құралкүймешіктің бойлық орын ауыстыруына параллельдігінен ауытқуы тетік қателігінің қалыптасуына қалай әсер етеді?

6.9 Жону-бұрамакескіш білдегінің айналдырық осінің радиаль ауытқымасы тетік қателігінің қалыптасуына қалай әсер етеді?

6.10 Айналдырықтың тіреуіш белдемесінің бүйір ауытқымасы тетік қателігіне қалай әсер етеді?

6.11 Вертикаль-бұрғылау білдегінің айналдырық осінің үстелдің жұмыс бетіне перпендикулярлығынан ауытқуы тетік қателігіне қалай әсер етеді?

6.12 Вертикаль-бұрғылау білдегінің айналдырығының конус осінің радиаль ауытқымасы тетік қателігіне қалай әсер етеді?



Әдебиет
1 МЕСТ 18097-72 «Жону және жону-бұрамакескіш білдектері. Дәлдік және қатаңдық нормалары». Стандарттар баспасы, 1972. – 22 б.

2 МЕСТ 370-81 «Вертикаль-бұрғылайтын білдектер. Дәлдік және қатаңдық нормалары». Стандарттар баспасы, 1981. – 14 б.

3 МЕСТ 22267-76 «Металкескіш білдектер. Геометриялық параметрлерді өлшеу сұлбалары мен тәсілдері». Стандарттар баспасы, 1976. – 23б.

4 Проников А.С. және басқалары. Металлорежущие станки и автоматы. М. : Машиностроение, 1982. 470 б.

5 Пуш В.Э. Конструирование металлорежущих станков.  М. : Машиностроение, 1986.  495 б.



Мазмұны


1

Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті

3

1.1

Зертханалық жұмыстың мақсаты

3

1.2

Зертханалық жұмыстың міндеті

3

2

Білдектердің дәлдігі туралы жалпы мәлімет

3

3

Тапсырма және әдістемелік нұсқаулар

6

3.1

Тапсырма

6

3.2

1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегінің геометриялық параметрлерінің ауытқуларын өлшеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

6


3.3

2А135 модельді вертикаль-бұрғылайтын білдегінің геометриялық параметрлерінің ауытқуларын өлшеу бойынша әдістемелік нұсқаулар

13


4

Қауіпсіздік шаралары

17

5

Есептің мазмұны

17

6

Бақылау сұрақтары

17

7

Әдебиет

19


Лист утверждения к методическим Форма

указаниям Ф СО ПГУ7.18.1/08




            БЕКІТЕМІН

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың


                Оқу ісі жөніндегі проректор

_____________Н.Э. Пфейфер

«___»_____________200_ж

Құрастырушылар: т.ғ.к, профессор______________ Шумейко И.А.

магистр, преподаватель_________ Искакова Д.А.

инженер______________________ Тышканова А.

Машина жасау және стандарттау кафедрасы
050712 - Машина жасау мамандығының студенттерге арналған «Металл кескіш білдектері» пәні бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Осы әдістемелік нұсқаулар 050712 - Машина жасау мамандығының жұмыс оқу жоспары негізінде С. Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесінде бекітілген «____» _________200_ж., хаттама №_____ жасалған
Кафедра отырысында ұсынылды «___»_________________200_ж.

Хаттама №_____


Кафедра меңгерушісі_______________ И.А. Шумейко


Металлургия, машина жасау және көлік факультеттің әдістемелік кеңесімен мақұлданған «_____»______________200_ж. Хаттама №____



ӘК торағасы_____________________ Ахметов Ж.Е



            КЕЛІСІЛДІ
            Факультет деканы _________________ Т.Т.Тоқтағанов «____»__________200_ж.



СМБ нормобақылау_____________ Г.С. Баяхметова «___»____2007 ж.
МАҚҰЛДАНДЫ

Ж


жӘҚБ бастығы_________________ Головерина Л.Т. «____»___________200_ж.
Рецензия

Шумейко И.А., Искакова Д.А., Тышканова А. «Металлкесу білдектері» пәні бойынша «Жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің дәлдігін бағалау» № 2 зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауына

Әдістемелік нұсқауда өңдеу қателіктерінің қалыптасу себептерінің сипаттамасы берілген. МЕСТ 18097-72 «Жону және жону-бұрамакескіш білдектері. Дәлдік және қатаңдық нормалары» және МЕСТ 370-81 «Вертикаль-бұрғылайтын білдектер.

Дәлдік және қатаңдық нормалары» істегі стандарттарының негізінде жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің мысалында металкескіш білдектердің геометриялық параметрлерін өлшеу әдістері мен құралдарының сипаттамасы келтірілген.

Берілген зертханалық жұмыста білдектің қандай да бір қателіктері өңдеу қателіктерінің қалыптасуына қандай шамамен әсер етуін сипаттайтын геометриялық дәлдігі бағаланады.

Білдектің геометриялық параметрлерінің жіберілетін ауытқулары және оларды өлшеу әдістемесі «Дәлдік нормалары» деп аталатын стандарттармен ережеленген.

Зертханалық жұмыс «Металкескіш білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрамдық бөлігі болып табылады.

Рецензент

магистр, аға оқытушы Е.К. Тастенов


Рецензия

Шумейко И.А., Искакова Д.А., Тышканова А. «Металлкесу білдектері» пәні бойынша «Жону-бұрамакескіш және вертикаль-бұрғылайтын білдектердің дәлдігін бағалау» № 2 зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқауына

Әдістемелік нұсқауда өңдеу қателіктерінің қалыптасу себептерінің сипаттамасы берілген. МЕСТ 18097-72 «Жону және жону-бұрамакескіш білдектері. Дәлдік және қатаңдық нормалары» және МЕСТ 370-81 «Вертикаль-бұрғылайтын білдектер.

1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегі мен 2А135 модельді вертикаль-бұрғылайтын білдектің геометриялық параметрлерінің ауытқуларының өлшеулерін жүргізу, алынған мәндерді МЕСТ 18097-72 және МЕСТ 370-81 сәйкес ережеленген стандарттарымен (берілген білдектердің типөлшемдері үшін көрсетілген стандарттардан алынған) салыстыру және білдектердің жарамдылығы туралы қорытынды жасау.

Зертханалық жұмыс «Металкескіш білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрамдық бөлігі болып табылады.

Рецензент



К.т.н., профессор Р.О. Олжабаев



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет