Методические указания к практическим работам


қадам – ADO технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу



бет3/7
Дата21.06.2016
өлшемі1.52 Mb.
#151556
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6   7

3 қадам – ADO технологиясы бойынша Ms-Access МҚ-на қосылу





  1. Формаға DataAccess бетінен DataSource компонентін және ADO бетінен ADOQuery компонентін орналастырыңыз. DataSource компоненті үшін оның DataSet қасиетін ADOQuery1 мәнінде бекітіңіз.

  2. ADOQuery1 компонентін бөліп көрсетіңіз және объектілер инспеукторында ConnectionString қасиеті жанында көп нүктесі бар батырманы шертіңіз.

  3. Экранда төменде көрсетілген терезе пайда болады. Онда радиобатырманы Use Connection String басасыз және Build –ті шертесіз.



  1. Біздің алдымызда қосылу қасиеттері таспырмаларының көп бетті терезесі ашылады. «Мәліметтерді жіберуші» (Provider) бетінде Microsoft Jet 4.0 OLE DB Provider пунктісі бойынша шертіңіз. Содан кейін «Қосылу» (Connection) бетіне өтіңіз, немесе «Әрі қарай» батырмасын басыңыз.

  2. Қандай жағдайда болсын сіз төменде көрсетілген терезеге шығасыз:



  1. Көп нүктесі бар батырманы шертіңіз, ашылған терезеде сіз құрған MyWorld мәліметтер қорын таңдаңыз және Ашу батырмасын басыңыз.

  2. Қосылуды тексеру батырмасының көмегімен тексеруді өткізіңіз. Егер тексеру табысты өтсе, онда OK басыңыз.

  3. OK батырмасын басыңыз.

  4. ADOQuery1 компоненті үшін объектілер инспекторында оның SQL қасиетін SELECT * FROM СТРАНЫ мәнінде бекітіңіз.

  5. ADOQuery1 компоненті бойынша екі рет шертіңіз және пайда болған өрістер редакторында тышқанның бірінші батырмасын басыңыз, содан кейін шыққан менюден «Add all fields» пунктін таңдаңыз. Сіз бізбен құрылған «ЕЛДЕР» кестесінің өрістерінің толық тізімін көру керексіз.

  6. ADOQuery1 компонентінің Active қасиетін True мәнінде бекітіңіз.

  7. RxDBGrid1 және DBNavigator компоненттері үшін DataSource1 мәніндегі DataSource белгілеңіз. Осыдан кейін RxDBGrid1 «Елдер» кестесінен мәліметтер пайда болуы керек..

  8. RxDBGrid1 компоненті бойынша екі рет шертіңіз және пайда болған өрістер редакторында тышқанның бірінші батырмасын басыңыз, содан кейін шыққан менюден «Add all fields» пунктін таңдаңыз. «Атау» өрісі үшін объектілер инспекторында Width қасиетін 120 мәнінде бекітіңіз.

  9. Жобаны орындалуы үшін іске қосыңыз. Бас форманың түрі төмендегі суретте көрсетілгендей болуы қажет:



Тәжірибелік жұмыс №3. Сұрауларды құру. Іздеу және фильтрация.

Енді бағдарлама Access МҚ – ның кестесінен жазуларды олардың кестеге енгізілу тәртібімен шығарады. Егер қолданушы кесте жазуларын сұрыптаудың, мысалы бағана атауы бойынша тышқан батырмасын шерткеннен кейін, тәртібін белгілеу және өзгерту мүмкіндігіне ие болса, қолайлы болушы еді. TRxDBGrid компоненті Grid-тың бағана атаулары батырма ретінде қолданыла алатындығын анықтайтын TitleButtons қасиетіне ие. Оның мәні = False. True мәнінде бұл қасиетті бекітуде мұндай батырманы басуды өндеу үшін және атауда батырма қасиеттерін бекіту үшін OnTitleBtnClick оқиғаны қолдануға болады .


Қадам 1 – TRxDBGrid бағана атауларының батырмаларымен жұмыс


  1. RxDBGrid1 компонентін қысқаша болуы үшін DBGrid1 (Name қасиетін өзгерту) атауын өзгерту.

  2. Объектілер инспекторында DBGrid1 үшін True мәнінде TitleButtons қасиетін белгілеңіз.

  3. unMain модуліне төменде қара шрифтпен көрсетілген екі ауыспалының хабарламасын қосыңыз:

……………………………

var


fmMain: TfmMain;

NameSortField:string; Desc:boolean;

implementation

……………………………

NameSortField ауыспалысы әрі қарай сұрыптау өткізілетін кесте өрісін анықтау үшін, ал Desc өсу немесе кему сұрыптау тәртібін анықтау үшін. қолданылады.



  1. fmMain формасы үшін төменде көрсетілген оқиға өндеуші OnCreate құрыңыз:

procedure TfmMain.FormCreate(Sender: TObject);

begin

NameSortField:=DBGrid1.Columns[0].FieldName;

Desc:=False;

end;


  1. DBGrid1 компонентінің төменде көрсетілген OnGetBtnParams және OnTitleBtnClick оқиғалар өндеушілерін құрыңыз: procedure TfmMain.DBGrid1GetBtnParams(Sender: TObject; Field: TField; AFont: TFont; var Background: TColor; var SortMarker: TSortMarker; IsDown: Boolean);

begin

if (Field <> nil) and (Field.FullName = NameSortField) then begin

if Desc then SortMarker:=smUp

else SortMarker:=smDown;

end;

end;
procedure TfmMain.DBGrid1TitleBtnClick(Sender: TObject; ACol: Integer; Field: TField);

begin

if (Field <> nil) then begin

if NameSortField=Field.FullName then Desc:=Not(Desc)

else begin

Desc:=False;

NameSortField:=Field.FullName;

end;

end;

end;


  1. Бағдарламаны орындау үшін іске қосыңыз және бағаналар атауларында батырмалардың жұмысын тексеріңіз – бағананың жаңа атауын шерткенде батырма осы бағана атауында пайда болуы қажет, ол орналасқан бағана атауын шерткенде батарма өзінің сыртқы түрін өзгерту керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет