Сабақта мақсатты меңгерту үшін төмендегі форма ұсынылады:
Лекция, практикалық семинарлар, модельдеу, өзара оқыту сабақтары, жоба қорғау сабақтары.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар.
Оқушылардың курсты оқу барысында білуі тиіс:
-курстың негізгі жоспарындағы формулалар мен негізгі түсініктер;
-дәрежені төмендету формуласы, үш аргументті бұрыштың формуласы, универсалды ауыстыру;
-Безу теоремасы, Горнер схемасы;
-полярлық және тікбұрышты координата жүйесінде жазық фигуралардың беттері аудандарын есептеу формулалары;
-«күрделі экспонент» түсінігін беру;
-симметриялық, кері және біртекті теңдеулердің жалпы түрлері;
- параметрі бар теңдеулер тен теңсіздіктердің классификациясы;
-логарифмдік өрнектерді түрлендіруге қосымша формулалар.
Қолдана білу:
-функцияларды зерттеуге бірінші және екінші ретті туындылар;
- күрделі салуларға көмекші әдістер;
- функциялардың графиктері;
- күрделі экспонент немесе негізінде айнымалысы бар логарифмді теңдеулер тен теңсіздіктердің шешу әдістері;
- аркфункция белгісінің ішінде айнымалысы бар трансценденттік өрнектерді эквивалентті түрлендіру тәселдері;
- графиктік интерпретация әдісін кірістіре параметр, модуль белгісі бар теңдеулер тен теңсіздіктердің шешу әдістері;
- біртектес және қайтымды,симметриялы, жоғарғы дәрежелі теңдеулерді шешу әдістері;
- логарифмдік өрнектерді түрлендіруге стандарт емес әдістер және қосымша формулалар;
-тригонометриялық және иррационалдық өрнектері бар теңдеулердің түбірлерін іріктеу тәсілдері әдісі;
- интеграл табуда айнымалыны ауыстыру әдісі;
-логарифмдік және көрсеткіштік функциялардың монотондылық қасиеттері;
-логарифмдік және көрсеткіштік теңдеулер тен теңсіздіктердің шешудегі экстремалдық функциялар қасиеттері және интервалдар әдісіндегі стандарт емес ауыстырулар;
- полярлық және тікбұрышты координата жүйесінде жазық фигуралардың беттері аудандарын есептеуге анықталған интеграл , айналу денелерінің көлемін есептеу;
- геометриялық есептерді шешудің қосымша әдістері.
Пайдалана алу
Тапсырманы орындап білімді ары қарай жалғастыруда, өзіндік жұмыстар процесі мен практикалық іс-әрекетте білім мен білікті игеру
• Практикалық есептер және формула бойынша түрлендіру, кіргізілген формулалар, дәрежесі бар, радикалдар, логарифмдер, тригонометриялық функциялар, туынды, алғашқы функция, керек болған кезде қосымша формулаларды қолдану, курстың негізгі жоспарындағы тәсілдер, әдістер, анықтамалық материалдар және қарапайым есептеу құрылғылары;
• графиктік, графиктерді интерпретациялап көрсетуде әртүрлі байланыстарды функциялардың көмегімен беру;
• физикалық және әлеуметтік-экономикалық мағынадағы қолдаңбалы есептерді шешу; қарапайым математикалық моделді салу мен зерттеу. Және фигурлар қасиеттері мен оқып білген формулалар негізінде қиын емес практикалық ситуацияларды зерттеу(моделдеу);
• кеңістік денелерінің беттері аудандары мен көлемдерін есептеуге арналған практикалық есептерді шешуде қажет болса анықтамалық материалдар және қарапайым есептеу құрылғыларын пайдалану.
Білу:
- есеп шешудің стратегиясын немесе жемісті әдісін таңдау, есеп шешуді орындағанда өзіндік тексеруді іске асыру және толық негіздеуді жүргізу;
- әртүрлі моделдер (мысалы, диаграммалар, кестелер, схемалар немесе графиктер) пайдаланып математикалық ақпарат және берілгенін ұсыну;
- есеп шешуге сәйкес модель (мысалы , теңдеу, диаграмма, график) ойластыру;
- болжам жасау, сараптау, тарату;
- комбинация/нәтиже алуға әртүрлі әдістерді ұйғару;
-таза математикалық немесе нақты өмірдегі ситуациялармен байланысты стандарт емес есептерді шешу;
-қиын немесе таныс емес ситуацияларға математикалық әдістерді қолдану;
-Интернет және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалану.
Достарыңызбен бөлісу: |