Метрология, стандарттау


Өлшеу құралдарының топтастырылуы және метрологиялық сипаттамалары



бет30/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

3.10 Өлшеу құралдарының топтастырылуы және метрологиялық сипаттамалары

Қазақстанның Мемстандартымен бекітілген өлшеу құралдары өлшеу құралдарының мемлекеттік Тізілімінде тіркеледі, сәйкестік сертификаттарымен куәландырылады және тек осыдан кейін ғана Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жіберіледі.


Анықтамалық басылымдарда өлшеу құралдарына сипаттама жасау келесі құрылым қабылданған: тіркеу нөмірі, атау, өлшеу құралдарының типін бекіту туралы сертификаттың нөмірі және әрекет ету мерзімі, жасаушының мекен-жайы және негізгі меторологиялық сипаттамалар. Соңғылары өлшеу құралдарының белгілі дәлдігі бар ауқымдағы өлшемге жарамдылығын бағалайды.
Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын қамтамасыз ететіндер:

  • өлшемнің дәлдігін анықтау мүмкіндігі;

  • өзара ауысымдылыққа қол жеткізу және өлшеу құралдарын өзара салыстыру;

  • дәлдігі және өзге де сипаттамалары бойынша қажетті өлшеу құралдарын таңдау;

  • өлшеу жүйелерінің және қондырғыларының қателіктерін анықтау;

  • өлшеу құралдарын тексеру кезінде олардың техникалық жағдайын бағалау.

Құжаттармен анықталған метрологиялық сипаттамалар іс-жүзінде жарамды деп есептелінеді. Тәжірибеде өлшеу құралдарының келесі метрологиялық сипаттамалары ең көп таралған :

  • өлшем ауқымы — өлшенетін шама мәнінің аумағы, ол үшін қателіктерінің шекті шегі нормаланған;

  • өлшем шегі — өлшем ауқымының ең көп немесе ең аз мәні. Өлшем үшін – бұл алынатын шаманың номиналды мәні.

Мысалы, межеліктің (3.10.1 - сурет) бастапқы бөлігі (20 %) қысыңқы, ал оған есептеу жүргізу ыңғайсыздық туғызады. Сондықтан межелік бойынша өлшем 50 бірлікті, ал өлшем ауқымы – 10-50 бірлікті құрайды.



3.10.1 Сурет - Өлшеу құралының бірқалыпты емес межелігі.


Өлшеу аспабының межелігі — өлшенетін шаманың бірізді мәндерінің қатарына сәйкес келетін, өлшеу құралының есептеу құрылғысындағы белгілер мен сандардың градуирленген жиынтығы. Бірқалыпты және бірқалыпты емес межеліктерді ажыратады.


Межеліктің бөлік құны — межеліктің екі жақын орналасқан белгілеріне сәйкес келетін шамалар мәндерінің түрлілігі. Бірқалыпты межелігі бар аспаптарда тұрақты бөлік құны, ал бірқалыпты емес межелігі бар аспаптарда тұрақсыз бөлік құны бар. Бұл жағдайда минималды бөлік құны нормаланады.
Сезгіштік — сигналдың S кіру кезіндегі өзгерісі ∆y мен сигналдың ∆x өлшеу құралының шығуына өзгеріс қатынасы:


(3.10.1)

Мысалы, бағытты өлшеу құралдары үшін бұл - қозғалыстың dl қатынасы өлшенген шаманың өзгеріс кезіндегі бағыт көрсеткішінің dx шамасына қатынасы:




(3.10.2)

Х және У параметрлері әр түрлі бірліктерде көрсетілген, мысалы, миллиметрмен және ампермен, градуспен және вольтпен. Сондықтан, dl шамасы, мысалы [мм/А] , [º/В], [мм/В] және т.б. өлшемдеріне сай келуі мүмкін. Сезгіштікті шекті сезігіштікпен салыстыруға болмайды, бұл – құрал көрсеткішінің байқалынатын өзгерісіне әкелетін өлшеніп тұрған шаманың ең аз мәні. Сезгіштіктің қарама-қарсы шамасын – аспаптық тұрақтылық деп атайды:




(3.10.3)

Өлшеу құралының шығу сигналына өлшем шамасы бірлігінің көрсеткіші жатады. Бұл жағдайда аспаптың тұрақтылығы «С» бөлік құнына тең. Сондықтан бірқалыпты емес межелігі үшін сезгіштік ауыспалы шама.


Өлшеу құралының негізгі нормаланатын метрологиялық сипаты – бұл қателік, яғни физикалық шамалардың шынайы мәндері мен өлшеу құралдарының көрсеткіштері арасындағы айырмашылық. Барлық көрсеткіштер сыртқы жағдайларға қарай негізгі және қосымша деп бөлінеді.
Негізгі қателік – бұл пайдаланудың қалыпты жағдайларындағы қателік. Әдетте пайдалану кезіндегі қалыпты жағдайлар болып табылады: 293 ± 5 К немесе 20 + 5 °С температура, 20 °С температура кезіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 ± 1,5 %, 50 Гц ± 1 % жиілікті қоректендіру желісіндегі кернеу 220 В ± 10 %, 97,4 - 104 кПа дейінгі атмосфералық қысым, электрлік және магнитті өрістердің (кезеушіліктер) болмауы.
Негізгі қателікті нормалаудың үш тәсілі бар:

  • өлшемнің барлық ауқымдарында тұрақты болатын, рауалы абсолютті (±∆) немесе келтірілген (±γ) қателіктердің шектерін нормалау;

  • өлшенетін шама функциясындағы рауалы абсолютті (±∆) немесе салыстырмалы (±δ) қателіктердің шектерін нормалау;

  • бір немесе бірнеше бөліктерді өлшеудің барлық ауқымы үшін әртүрлі рауалы негізгі қателіктің тұрақты шектерін нормалау.

Тәжірибеде әсер ететін шамалардың кең ауқымы бар кезінде өлшеу құралдарының қосымша қателігі де нормаланады.
Рауалы қателіктің шегі - әсер ететін шаманың өзгерісімен туындайтын ең үлкен қателік, ол бойынша өлшеу құралы техникалық талаптарға сәйкес қолданысқа жіберіледі. Бұл қосымша қателіктерге де қатысты. Мұнда олар келесі ережелерден шығады:

  • қосымша қателік негізгі (абсолютті, салыстырмалы, келтірілген) сияқты түрге ие;

  • әртүрлі факторлармен туындаған қосымша қателіктер бөліктеп нормалануы қажет.

Әсер ететін факторлар кезінде өлшеу құралдарының сомалы абсолютті қателігі жалпы түрде келесі өрнекпен анықталынады:


(3.10.4)

мұндағы ∆0 — өлшеу құралдарының негізгі қателігі; ∆i , — і-нші әсер ету факторымен туындаған қосымша қателік.


Қосымша қателікті номиналды мәннің ауытқуы кезінде қателіктің «қанша» немесе «қанша рет» екенін көрсететін коэффициент түрінде нормалайды. Мысалы, +1 % вольтметрдің температуралы қателігі 10 °С құрайды, бұл ортаның өзгеруіне қарай әрбір 10 °С қосымша 1 % қателіктің қосылуын білдіреді. Қосымша және негізгі қателіктерді бөлу күрделігінің салдарынан өлшеу құралдарын тексеруді тек қалыпты жағдайларда ғана орындайды, яғни қосымша қателіктерді жоққа шығарады. Кейбір өлшеу құралдарының келтірілген қателіктерінің мәндері 3.1-кестеде келтірілген.
Әртүрлі әсер ететін тұрақсыздандыру факторлары есепке алынбағанда техникалық өлшемдерде өлшеу құралына белгілі бір дәлдік класын беру – ең дөрекі нормалауда қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет