Метрология, стандарттау



бет51/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

9.1 Жұмыстың мақсаты

БМИ үлкен құралды микроскоптың құрылысы мен іс-әрекет принципін меңгеру;сыртқы бұранданың параметрлерін өлшеуде және параметрлерінің өлшеу нәтижелері бойынша бұранданың жарамдылығы туралы қорытынды жасауда дағды алу.




9.2 Өлшегіш құралдар мен құрылғылар тізімі

9.2.1 БМИ Микроскобы.


9.2.2 Бұрандалы тығын.


9.3 Бұрандалы қосылыстар. Жалпы мәліметтер

Бұрандалы қосылыс деп, екі бөлшектің бұранда арқылы қосылуын атайды, яғни бір немесе бірнеше бірыңғай түзу жатқан цилиндрдің немесе конустың шеткі бетінде пайда болған тұрақты қиманың бұрамалы шығулары бар, бөлшектің элементтері.


Бұрандалы бұрандама деп аталатын сыртқы, және сомын деп аталатын ішкі болып бөлінеді.
Жазықтықтағы арықтар (шұңқыр) мен шығулардың бұранданың осі арқылы өтетін, сыртқы және ішкі бұрандаға ортақ қима контуры, бұранданың профилі деп аталады.
Бұранда, оның мөлшерлерін анықтайтын бірнеше шамалар көмегімен бірмәнде беріледі. Бұл шамаларға анықтығы мен қолдануға тиімді болу үшін, бірыңғайлы анықтамалар мен әріптік таңбалар берілген.
Бұрандаманың бұранда мөлшерін белгілеу үшін кішкентай әріптер(кішкентай бөлшек), ал сомын бұрандасының сол мөлшерлеріне үлкен әріптер(қамтитын – үлкен бөлшек) қолданады.
Бекітетін бұрандалар бөлшектерді тыныштық күйінде біріктіреді, жиі пішіннің жұмсақ өзгеруслерді тудыратын, алдын ала тартумен қосылады.
Сыртқы бұранда негізінде бір-біріне бірен-сараң тәуелді келесі бес параметрмен бақыланады (9.3.1-сурет):



  • қадаммен Р;

  • профиль бұрышымен а;

  • ыртқы диаметрмен d;

  • орташа диаметрмен d2;

  • ішкі диаметрмен d1.






9.3.1-Сурет – Сыртқы бұранда параметрлері (бұрандаманың).

Бұранданың қадамы Р – бұл бұранданың осіне параллель орналасқан, профиль орамдарының біртектес көрші шет жақтарының арасындағы қашықтық (9.3.1-Сурет), немесе бұранданың осіне параллель сызық бойынша, бұранда осінен бір жағында бір осьтік жазықтықта жатқан, профильдің жақын біртекті шет жақтарының орта нүктелерінің арасындағы қашықтық; метрлі цилиндрлі бұрандаларда ірі және кіші қадамдары болады( бұранданың қадам шамасымен номиналды диаметрдің қатынасының тәуелділігіне байланысты: ірі қадам 0,25 мм-ден 6мм-ге дейін – диаметрі 1-ден 68 мм-ге дейін, кіші қадам 0,25 мм-ден 6 мм-ге дейін – диаметрі 1-ден 600 мм-ге дейін). Бұранданың тереңдігінің аз болуының арқасында кіші қадам жұқақабырғалы бөлшектерге, біліктерде тек аз ойық болуы кезінде жақсы, немесе діріл болғанда бұрандалы қосылыстың жақсы өзін-өзі тоқтатуы қажет жағдайда, және де бұралудың ұзындығына қатысты шектелген мүмкіндікте қолданылады.


Бұранданың а профиль бұрышы – бұл остік жазықтықта профильдің шет жақтарының арасындағы бұрыш (9.3.1-сурет), басқаша айтқанда, а – бұл бір арықтың немесе бір орамның шет жақтарының арасындағы бұрыш. Машинажасау мен аспап жасауда нормалау үшін а профиль бұрышының орнына оның жартысын а/2 қолданады – бұранда профилінің шет жағымен бұранда осінің перпендикуляры арасындағы бұрыш. Бұл құралды орнатудың дәлсіздігі кесірінен бұранданың киғаштығын табу үшін орнатылған.
d бұрандамасы мен D сомынның бұрандасының сыртқы диаметрі – бұл сыртқы бұранданың шығуларының немесе ішкі бұранданың шұңқырының айналасымен сипатталған, елестетілген цилиндрдің диаметрі. Берілген бұрандаға сыртқы бұранданың мөлшері номиналды мөлшер болып келеді.
d2 бұрандамасы мен D2 сомынның бұрандасының орташа диаметрі – бұл жасаушысы бұранданың профилін арықтың(шұңқырдың) ені орамның қалыңдығына тең болатын сатыда қиятын, елестетілген цилиндрдің диаметрі.
d 1 бұрандамасы мен D1 сомынның бұрандасының ішкі диаметрі – бұл сыртқы бұранданың(бұрандаманың) шұңқырларына немесе ішкі бұранданың (сомынның) шығуларына сыйған, елестетілген цилиндрдің диаметрі.
Бұралу ұзындығы l – осьтік бағыттағы сыртқы және ішкі бұрандаларының өзара қосылыстарының ұзындығы. Стандартпен бұралу ұзындығының үш тобы бекітілген, олар латынның бас әріптерімен белгіленіп, келесідей аталады: N – қалыпты, S – қысқа, L – ұзын.
Бекітетін бұрандалар – көбінесе өткірбұрышты бұрандалар, бұранда орамдарының ұштары әдетте бұралуға кедергі келтірмеу үшін, оларды мұқалтады немесе дөңгелектейді.
Стандартталған бұрандалар сызбаларда орнатылған шартты белгілер көмегімен көрсетілуі керек; стандартталмаған бұрандалар үшін сызбада профильдің барлық мөлшері берілуі керек. Шартты белгілер:

  1. профильдің әріптік символынан, мысалы М – метрлік бұранда, S – ара тәрізді бұранда;

  2. бұранданың номиналды мөлшерінен,ол көп жағдайда бұрандаманың бұрандасының сыртқы диаметріне тең;

  3. қадам мөлшерінен, ол тек берілген бұранданы басқа бір түрлі бұрандалардан айыру кезінде ғана көрсетіледі, мысалы кішілерді;

  4. шақтама өрісінің шартты белгісінен, мысалы бұрандамаға 7g6h немесе сомынға 5H6H;

  5. жүріс бағытынан, ол егер бір сызбада оң және сол жақ бұрандалар қолданғанда, тек қана сол жақ бұрандаларға беріледі;

  6. көп кірмелі бұрандалардың жүріс сандарынан құралады.

Бұранданың белгіленуі бұранданың түрін, номиналды диаметрін, қадамын(егер бұранда кіші қадамды болса), бұранданың бағытын(егер ол сол жақ болса), шақтама өрістерін және бұралу ұзындығын(егер ол N болмаса) көрсетеді. Сызбада бөшектер бұрандасының ұзақ және қысқа белгіленуі кезігуі мүмкін:
ұзақ: – М24х2LH-7g6h-18 бұрандамасы, M24x2LH-5H6H-18 сомыны.
Оқылуы: метрлік бұранда (М), номиналды диаметрі d=24 мм, қадамы Р= 2 мм, сол жақ (LH) бұрандама бұрандасының шақтама өрісі 7g6h, сомын бұрандасының шақтама өрісі 5H6H, бұралу ұзындығы үлкен (N емес) – 18 мм;
қысқа: М24-6g бұрандамасы, М24-5Н сомыны, құрастыру сызбасында – М24-5Р/6g. Оқылуы, метрлік бұранда d=24 мм, Р=3 мм, оң жақ, бұрандама бұрандасының шақтама өрісі 6g (d мен d2 бұрандама бұрандасының дәлдік сатысы мен негізгі ауытқуы бірдей), сомын бұрандасының шақтама өрісі 5Н (D2 мен D1 –дің дәлдік сатысы мен негізгі ауытқуы бірдей), бұралу ұзындығы N.
Майда элементтерге сияқты, бұрандалы қосылыстың дәлдігін белгілеуде санауышта түйісетін ішкі беті бар элемент көрсетіледі, яғни ішкі бұранданың дәлдігі – сомын, ал бөлгіште элементтің сыртқы бетпен түйісу дәлдігіне талаптар қойылады, яғни ішкі бұранданың дәлдігі – бұрандама көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет