Метрология, стандарттау


Метрологияның мәні және қолданылуы. Метрология және олардың қатысушылары



бет22/57
Дата27.01.2023
өлшемі7.48 Mb.
#468816
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері (средства измерения лаб)

3.1 Метрологияның мәні және қолданылуы. Метрология және олардың қатысушылары


Метрология (грек тілінен μέτρον — өлшем, өлшеу құралы) — өлшеулердің, әдістердің және құралдардың біртұтастығын қамтамасыз ету мен қажетті дәлдікті алу тәсілдері туралы ілім.
Метрология пәні берілген дәлдігі және анықтылығымен объектілер қасиеті туралы мөлшерлі ақпаратты алу.
Метрология құралы қажетті дәлдікті қамтамасыз ететін өлшемдер мен метрологиялық стандарттардың жиынтығы.
Құқықтық негіздер (заңнамалық метрология) бірліктерге, өлшем әдістеріне, өлшем құралдарына және өлшем зертханаларына қатысты мемлекеттік талаптардан тұратын және уәкіл органмен орындалатын қызметке қатысты метрология бөлігі.
Теориялық (іргелі) метрология осы ілімнің іргелі негізін әзірлейді. Қолданбалы (тәжірибелік) метрология теориялық әзірлемелердің және метрологияның заңнамалы ережелерін тәжірибеде қолдану сұрақтарын қарастырады.
Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету үшін келесі шарттар орындалады:

  • Ережелермен заңдастырылынған өлшем бірліктері ғана қолданылады;

  • Өлшемдердің шекті қателіктері мен олардың берілген ықтималдықтан ауытқымау шектері көрсетіледі.

  1. Маусым 2000 ж. ҚР «Өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету туралы» Заң метрологияның негізгі құжаттары болып табылады және келесі топтарға біріккен өлшемдердің біртұтастығын қамтамасыз ету мемлекеттік жүйелерінің стандарттары:

– Стандартты анықтамалық мәліметтер;

  • Стандартты үлгілер;

  • Физикалық шамалар бірліктері;

  • Геометриялық, механикалық, электрлік және өзге де шамаларды (мысалы, көлем, материалдың физика-химиялық құрамы мен қасиеттері) өлшеу;

  • Тексеру, мөлшерлеу, және аттестаттау әдістері.

Қазіргі уақытта өнімнің әртүрлі түрлеріне бақылау және сынақ жүргізу әдістерінің 3 мыңнан аса мемлекеттік стандарттары қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет