Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#131083
1   2   3   4

10-тарау. Пойыздар қозғалысы

1-параграф. Жалпы талаптар
405. Метрополитеннің барлық бөлімшелерінің жұмысын біріктіретін және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қарастыратын қозғалыс кестесі, жолаушыларды тасымалдау жоспарының орындалуы, локомотивтік бригадалардың белгіленген жұмыс ұзақтығының сақталуы пойыздар қозғалысын ұйымдастырудың негізі болып табылады.

406. Пойыздар қозғалысының кестесі:

1) пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін;

2) жолаушыларды тасымалдау жоспарының орындалуын;

3) жылжымалы құрам айналысының ксетесін есепке ала отырып, машинистердің (локомотивтік бригадалардың) үздіксіз жұмысының белгіленген ұзақтығының сақталуын қамтамасыз етеді.

407. Әрбір пойызға қозғалыс кестесімен белгіленген нөмір беріледі. Бірінші басты жол бойынша жүретін пойыздарға тақ нөмірлер беріледі, ал екінші басты жол бойынша жүретін пойыздарға-жұп нөмірлер. Қозғалыс кестесінде қарастырылмаған пойыздарға нөмірлер тағайындау кезінде беріледі.

408. Пойыздар қозғалысын тек бір жұмысшы басқарады-пойыздар қозғалысы кестесінің (пойыздарды қабылдауды, жіберуді, өтуін) және станциядағы маневрлік жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін пойыз диспетчері.

Пойыз диспетчерінің әрбір нұсқауы орындалу мерзімін көрсете отырып нақты, анық, қысқа айтылады. Пойыз диспетчерінің бұйрықтары олар желіде басқаратын пойыз қозғалысымен байланысты жұмысшылардың бұлжытпай орындалуына жатады.

409. Пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыспен байланысты барлық операциялар станция бойынша пойыздардын қауіпсіз және үздіксіз қабылдануы, жіберуілуі және жүруі, сондай-ақ меневрлік жұмыстың қауіпсіздігі регламенттелетін технологиялық регламенттердегі осы Талаптарды және Техникалық-басқарушылық кесімді орындаған кезде жүгізіледі.

2-параграф. Электр пойыздарын қабылдау және жіберу
410. Станция бойынша кезекшіге немесе пойыздарды қабылдау және жіберу бойынша кезекшіге пойыздың жүруге дайындығы белгісін беруге, машинистке пойызды жүргізу үшін кедергілердің жоқтығына көз жеткізбей пойызды жүргізуге болмайды.

411. Жүріп кеткен пойызда қозғалысқа немесе адамдардың өміріне қауіп төндіретін ақаулықтар немесе кедергілер анықтаған кезде станция бойынша кезекші осы пойызға тоқтау туралы белгі береді, осыдан кейін болған оқиға туралы дереу пойыз дисчпетчеріне хабарлайды.

Пойыздың соңын білдіретін белгілердің сөнгені анықталған кезде станция бойынша кезекші келесі пойыздың машинисін осы жөнінде ескертеді және пойыз дисчпетчеріне хабарлайды.

412. ЖАР-АЛД белгілері бойынша электр пойыздарының қозғалысы кезінде станцияда пойыздарды қабылдау АЛД рұқсат ететін көрсеткіші бойынша бос жолдарда жүргізіледі, ал станциядан пойыздардың кетуі-ЖАР рұқсат ететін көрсеткіші бойынша, ЖАР дабыл көрсеткіштерінде көрсетілген жылдамдықтан асырмай.

413. Автоблоктау белгілері бойынша электр пойыздарының қозғалысы кезінде станция бойынша пойыздардың жүріп өтуі және кетуі кірер (ол болған кезде), маршрутті (ол болған кезде) және шығар бағдаршамдардың рұқсат ететін көрсеткіші бойынша бос жолдарда жүргізіледі.

414. Жолдық дамусыз, кіру бағдаршамы жоқ станцияларда пойыздарды қабылдау алдағы станцияның кіру бағдаршамының рұқсат ететін көрсеткіші бойынша бос жолдарда жүргізіледі.

415. Жолаушыларды пойызға отырғызу тоқтатылады және кесте бойынша пойызды жібергенге дейін 5 секундта жабылады, бірақ жолаушыларды түсіру аяқталғаннан ерте емес.

3-параграф. Электр пойыздарының қозғалысы
416. Электр пойыздарының қозғалыс тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

417. Метрополитендегі электр пойыздарының қозғалысының рұқсат етілетін жылдамдығы технологиялық регламентте белгіленеді.

418. Электр пойыздары қозғалысының жылдамдығы 35 км/с асырылмай белгіленеді:

1) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда, ЖАР-АЛД қондырғылары сөніп қалған пойыз келе жатқан кезде және АЛД автономдық қондырғысын қайталаған кезде, локомотивтік бригадамен басқарған кезде, автоблоктау белгілері бойынша қырағылық тепкісін басқан кезде;

2) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда, автоблоктау белгілері бойынша қырағылық тепкісін басу кезінде жылдамдықты шектеу қондырғыларының басқаруындағы АЛД қондырғылары сөндірілген пойыздар келе жатқан кезде;

3) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда, автоблоктау белгілері бойынша локомотивтік бригаданың басқаруындағы ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған пойыздар келе жатқан кезде;

4) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы автотоқтауы және қорғау учаскелері бар автоматты блоктау болып табылатын желіде бұзылған пойызы бар қосалқы пойыз келе жатқан кезде;

5) вагондар арасындағы пойыздың басты бөлігінен пневматикалық тежеуіштерді жартысына дейін үшеуінің екеуін сақтай отырып, тежеу магистарлының соңғы крандарын жауып тастаған және вагондардағы қолданыстағы аялдама тежеуіштері болған кезде басты кабинадан пневматикалық тежеуіштер және ауыр қозғалтқыштармен басқарған кезде немесе пойызды локомотивті бригадамен басқарған кезде;

6) екі жақты қозғалыс ұйымдастырылған аралықта (учаскеде) локомотивтік бригада басқарған кезде дұрыс емес бағыттағы пойыз келе жатқан кезде;

7) ауытқыған немесе ауытқыған жолдан бағыт көрсеткіштері бойынша қозғалыс кезінде, сондай-ақ тас қараңғы қиылыстар бойынша;

8) станцияның платформасынан тоқтаусыз жүріп өткен кезде;

9) жолды туннельдегі рельс етегінің деңгейінде су басқан кезде;

10) тежеуіштер мен ауыр қозғалтқыштар пойыздың басқы кабинасынан басқарылмаған кезде;

11) жолаушылар пойызын маневрлік бағдаршамның айлы ақ отты кезінде қабылдау және жіберу кезінде;

20 км/с асырмай:

1) пойызды басқару кабинасында АЛД О, ЖЖ (ОЧ) дабылдық көрсеткіштері кезінде;

2) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда, ЖАР-АЛД қондырғылары сөніп қалған пойыз келе жатқан кезде және автоблоктау белгілері бойынша қырағылық тепкісін басқанда АЛД автономдық қондырғысын қайталаған кезде;

3) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда, жылдамдықты шектеу қондырғылары сөндірілген кезде және қырағылық тепкісін баса отырып, автожүргізу пойыздық қондырғыларында ЖАР-АЛД қондырғылары сөндірілген пойыздар келе жатқан кезде;

4) ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған, бұзылған ЖАР-АЛД қондырғылары бар пойыздар. Сондай-ақ ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған желіде, тыйым салатын көрсеткіштегі бағдаршамнан жүріп өткен кезде (қызыл от, бір қызыл және бір сары от, оттары сөнген, түсініксіз көрсеткіштер);

5) пойыздардың қозғалысы кезінде дабылқаққыштың негізгі құралы ЖАР-АЛД болып табылғанда желіде бұзылған пойызы бар қосалқы пойыз келе жатқан кезде;

6) дұрыс емес бағыттағы қозғалыс кезінде;

7) егер жазбаша ескерту және метрополитен бастығының бұйрығы жоқ болса, жылдамдықты кемітетін жылжымалы белгілермен қоршалған орындардан жүріп өткен кезде;

8) жер бетіндегі учаске жолын рельс етегі деңгейінде су басқан кезде;

9) бір немесе бірнеше станциялық есіктер ашық болса, жабық түрдегі станцияға кірер кезде;

10 км/с аспайтын:

1) жолаушылар платформасы шегінде станция жолына дұрыс емес бағыттағы пойызды қабылдау кезінде немесе дұрыс бағыттағы ішінара жұмыспен қамтылған станция жолына пойызды қабылдау кезінде;

2) бекітілген дөңгелек жұптары бар пойыздың (құрамның) қозғалысы кезінде;

3) жолдарды рельс бастары деңгейінен су басқан кезде;

5 км/ аспайтын:

1) бағдаршамдар, жолдар 10 м және одан кем емес қашықтықта көрінген кезде;

2) жолдық автотоқтатудың қоршайтын қапсырма шегелерінің тұратын орнынан жүріп өткен кезде;

3) электр жылжымалы құрамға, тұйық тіректерге немесе басқа кедергілерге 10 м қашықтықта жақындаған кезде.

Түгендеу паркінен шығарылып тастаған вагон құрамдарымен жылдамдықты көрсетілген вагондардың техникалық жай-күйіне байланысты қауіпсіздік бойынша тексерушінің келісімімен жылжымалы құрам қызметі белгілейді.

419. АЛД О, ЖЖ (ОЧ) белгілік көрсеткіштері және бағдаршамдардың рұқсат беретін көрсеткіштері кезінде жылдамдық АЛД рұқсат беретін көрсеткіші көрінгенге дейін басылған қырағылық тепкісі (кнопкасы) 20 км/с жылдамдықтағы пойызды тоқтатқаннан кейін рұқсат беріледі.

420. Бағдаршамның тыйым салатын (қызыл от, бірі қызыл және бірі сары от, сөнген оттар, түсініксіз көрсеткіштер) көрсеткіші кезінде бағдаршам алдында пойызды тоқтатқаннан кейін қозғалыстың автоматты іс-қимылы АЛД рұқсат беретін көрсеткіші көрінгенге дейін басылған қырағылық тепкісі (кнопкасы) 20 км/с аспайтын жылдамдықта жүргізіледі, ал ЖАР-АЛД бұзылған қондырғылары бар немесе ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған пойызда, сондай-ақ ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған желіде ескертетіннен басқа келесі бағдаршамға дейін 20 км/с аспайтын жылдамдықта.

421. Пойызды машинист, машинистің көмекшісі жүргізген кезде:

1) пойыздың келу кестесін нақты сақтай отырып, қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

2) жолдың, белгілердің, белгілік көрсеткіштердің және белгілердің бостығын, қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адам өміріне қауіп төнген кезде тоқтату шараларын қолдана отырып, аралас жолдардағы пойыздар қозғалысын және маневрлік құрамдардың жүру маршруты бойынша бағыттарының дұрыс тұруын қадағалайды;

3) метрополитен басшылығының бұйрығында көрсетілген көрсеткіштерді және жүру маршруты бойынша бағыттардың тұратын орнын дауыстап қайталайды, сондай-ақ бағдаршамдардың белгілерін және жылдамдықты тоқтатуды немесе азайтуды талап ететін басқа белгілерді, электрлік немесе пневматикалық тежеуіштерді қолдана отырып, олардың талаптарын орындауды, ал тоқтату белгісі кенет берілген және қозғалыс үшін кедергі туындаған кезде шұғыл тежеуді жүргізеді;

4) қысым және тежеу магистралдарындағы қысымның белгіленген нормаларға қарсы түсуіне және көтерілуіне жол берместен пойыздың тежеу қондырғыларын іс-қимылға дайын ұстайды;

5) АЛД және бағдаршамдардың тыйым салатын белгілік көрсеткіштері болған кезде, бағдаршамдардың және жолдардың қатты тұман, нөсер, жел, түтіндеуі кезінде көрінуі төмендегенде, жол учаскелерін су басып қалған кезде, жазбаша және ауызша ескертулер болғанда, дұрыс емес бағыттағы қозғалыста, қырағылық тепкісі (кнопкасы) басылған кездегі қозғалыстар және одан әрі жүру үшін кедергілер кездессе, пойызды дереу тоқтатуға дайын болуға ерекше назар және қырағылық танытады;

6) лауазымдық міндеттерін орындау бойынша іс-қимылдарды өзара бақылауды жүзеге асырады;

7) жылжымалы құрамның жай-күйін, оның үздіксіз жұмыс істеуін бақылайтын аспаптар көрсеткіштерін қадағалайды;

8) егер жолаушылар шектеу желісінің шеткі жағында болса, пойыздың кірер кезде жақындағаны және станцияның басты жолы бойынша келе жатқаны туралы хабарлау белгісін береді.

422. Келу жолында машинистке:

1) осы Талаптармен, метрополитен басшылығының бұйрығымен, белгі көрсеткіштерін, сондай-ақ берілген ескертулермен бекітілген жылдамдықты асыруға;

2) пойызды басқарудан, белгілерді қадағалаудан, жолдардың бостығы мен жай-күйін қадағалаудан алаңдауға;

3) пойызды (құрамды) машинистің командасы немесе белгісінсіз оның көмекшісімен жұмыс кезінде қозғалысқа келтіруге;

4) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ақаусыз қондырғыларды (ЖАР-АЛД, УАВА және басқа) сөндіруге, ЖАР-АЛД едендегі және пойыздық қондырғылар ақаусыз іс-қимылда болған кезде қырағылық тепкісін (кнопкасын) қажетсіз пайдалануға болмайды.

423. Ұйымның техникалық басшысымен белгіленген тәртіпте берілген рұқсаты бар, бірақ бір уақытта екі адамнан көп емес жұмысшылардан басқа локомотивтік бригада құрамына кірмейтін тұлғаларға (маневрлік құрамға) пойызды басқару кабинасында жүруге болмайды.

424. Электр пойызына:

1) ЖАР-АЛД қондырғыларымен жабдықталмаған желілерде;

2) ЖАР-АЛД қондырғылары пойызда болмаған кезде;

3) желілерде ЖАР-АЛД пойыздық қондырғылары бұзылғанда автоблоктау пойыздар қозғалысы дабылқаққышының негізгі құралы болып табылғанда кезде;

4) пойызды басты кабинадан басқармаған кезде;

5) екі жақты қозғалыс кезінде машинист және машинистің көмекшісі (локомотивтік бригада) қызмет көрсетеді.

425. Машиниске электр пойызына машинистің көмегінсіз ЖАР-АЛД қондырғылары жұмыс істеп тұрған кезде қызмет көрсетуге болады.

426. Машинистің көмегінсіз пойызға және маневрлік құрамға машинистің қызмет көрсетуінің тәртібі технологиялық регламентте көрсетіледі.

427. Машиниске электр жылжымалы құрамды оған қызмет көрсету ережесін білетін және оны тоқтуды білетін қызметкердің қадағалауынсыз жұмыс жағдайында қалдыруға болмайды. Машинистің жолға шығуын талап ететін жұмыстарды (құрамды тексеру, қосалқы пойызбен кездесу және сол сияқты) орындау үшін жол сұлбасынан және құрамның сырғып кетуіне тексеретін байланысты санда құрамның вагондарын аялдамалық, қол тежеуіштерімен тежегеннен кейін электр жылжымалы құрамды тастап кетуге болады.

428. Пойызға локомотивтік бригада қызмет көрсеткен кезде машинистің көмекшісі жолаушыларды отырғызу аяқталар алдында радиоақпараттандыру кнопкасын қосады және есіктерді жабу туралы ақпарат берілгеннен кейін пойыздың есіктерін жабады. Пойыздың жүруге дайындығы тексерілгеннен кейін көзбен шала отырып, пойыз есіктерінің жабылғанына және оның жүруі үшін кедергілердің жоқ екеніне көз жеткізіп, көмекші шығу бағдаршамының рұқсат ететін көрсеткіші болған кезде машиниске «Алға» командасын береді.

429. Пойыз жүріп кеткен соң жолаушылар платформасының шегінен тысқары басты вагонның кабинасы кеткенге дейін машинист (машинистің көмекшісі) пойыздық және станциялық айналар арқылы платформадан берілуі мүмкін белгілерді қабылдау дайындығымен пойыздың жүріп өтуін қадағалайды.

4-параграф. Қысылтаяң жағдайлардағы пойыздар қозғалысы
430. Пойыз қозғалысы кезінде маневрлік құрамға оның жүруіне ерекше жағдайды қамтамасыз ету қажет болған жағдайда машиниске жазбаша немесе ауызша ескерту беріледі.

431. Жазбаша ескертулер:

1) ұласқан рельс жолдары, жасанды және басқа құрылыстар бұзылған кезде, сондай-ақ жылдамдықты азайтуды немесе жолда тоқтатуды талап ететін жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде;

2) оларды тыйым салу көрсеткішіне келтіру мүмкін болмай бағдаршам бұзылған кезде;

3) жолдық автотоқтату бұзылған кезде;

4) бағдаршамдар, жолдар белгілерінің көрінуі төмендеген, жолдарды су басқан кезде;

5) жүк тиеу габаритінен тысқары шығып тұрған жүк тиелген шаруашылық пойызы жүрген кезде, сондай-ақ оның соңынан жүретін шаруашылық пойызына;

6) аралық және станция жолдарын тазартқаннан кейін;

7) жылдамдықты азайтуды талап ететін басқа барлық жағдайларда, сондай-ақ машинисті пойыздың ерекше жағдайда келе жатқанын ескерту қажет болған кезде беріледі.

432. Ауызша ескертулер:

1) ЖАР-АЛД жол қондырғыларының бұзылғаны туралы;

2) станциядан тоқтаусыз жүріп өту туралы;

3) жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін жабық станцияларда пойыздарды тоқтату жөнінде;

4) аралықта тоқтату себебін көрсете отырып, пойызды тоқтату жөнінде;

5) алдыда және артта келе жатқан пойызға электр жылжымалы құрамның жүргізіп жаттықтыруы, айдауы келе жатқандығы туралы;

6) артта келе жатқан пойызға пойыздың соңын білдіретін белгілері сөнген пойыздың келе жатқаны туралы;

7) электр пойызы қозғалысы кезінде аралық жолдарда, станциялық жолдарда метрополитен жұмысшыларының немесе бөгде тұлғалардың бары туралы;

8) пойыз диспетчерінің нұсқауы бойынша басқа жағдайларда беріледі.

433. Жүріп кеткен пойыздан қозғалысының қауіпсіздігіне немесе адам өміріне қауіп төндіретін ақаулықтар мен кедергілерді анықтаған кезде станция бойынша кезекші осы пойызға тоқтату белгісін береді, осыдан кейін болған жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлайды.

Пойыздың соңын білдіретін сөнген белгілерді анықтаған кезде станция бойынша кезекші келесі пойыздың машинисін осы жөнінде ескертеді және пойыз диспетчеріне хабарлайды.

434. Құрамда қозғалысының қауіпсіздігіне (тұтану, түтіндеу, вагон астында қатты соққы және тағы басқа) немесе адам өміріне қауіп төндіретін (жолаушының жолға құлауы, жолаушының дене мүшесін немесе киімін пойыз есігі қысып қалса және тағы басқа) ақаулықтар анықталған кезде егер басты вагонның кабинасы жолаушылар платформасынан тысқары кетпесе, пойыз диспетчеріне болған оқиға туралы дереу хабарлайды және осыдан кейін оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

435. Пойыздың соңын білдіретін сөнген белгілер (екі қызыл фонарь) анықталған кезде станция бойынша кезекші жеке ауызша осы жөнінде келесі келе жатқан пойыздың машинисін ескертеді және пойыздық радиобайланыс арқылы оның пойызында белгілердің сөнгені туралы машинисті ескертетін пойыз диспетчеріне хабарлайды. Осындай ақпаратты қабылдаған машинист ақаулықтарды жою бойынша шаралар қабылдайды, ал бұны орындау мүмкін болмаған кезде-ақаулықтарды жою үшін нұсқаушы машинисті шақыруға немесе электр депосына баруға тапсырыс беруге.

436. ЖАР-АЛД қондырғылары бұзылған кезде машинист АЛД қондырғысын сөндіреді, ақаулықтар туралы пойыз диспетчеріне баяндайды, машинист көмекшісін шақыртуға тапсырыс береді және желілік бекет орналасқан станцияға дейін-бағдаршамдардың белгілік көрсеткіштерін басшылыққа ала отырып, басылған қырағылық тепкісінде қозғалысты жалғастырады. Машинистің көмекшісі келгеннен кейін локомотивтік бригада құрам жоспарлы тоқтауға кіргенге дейін жұмысты жалғастырады. Егер машинистің көмекшісі құрамға келмесе, электр депосына қарай жүреді.

437. ЖАР-АЛД пойыздық қондырғылары бұзылған кезде:

1) пойызды (құрамды) тоқтату;

2) пойыз диспетчеріне ақаулықтар туралы хабарлайды, автоблоктау бағдаршамдарын қосуды және пойызды желіден алып тастауды талап ету, нұсқаушы машинисті шақырту;

3) қосылған қырағылық тепкісінде (кнопкасында) жолдық дамудағы жақын станцияға дейін 20 км/с аспайтын жылдамдықпен жүруге;

4) жолаушыларды жақын орналасқан станцияда түсіру қажет.

Электр пойызын депоға қарай айдау 35 км/с аспайтын жылдамдықтағы локомотивтік бригаданың басқаруымен жүзеге асырылуы қажет.

438. Пойызда үштен бір немесе одан көп пневматикалық тежеуіштер сөндірілген кезде осы пойыз станциядан жолаушыларсыз кетеді.

Пойызда жартысынан артық пневматикалық тежеуіштер сөндірілген кезде оның одан әрі қосалқы пойыздың көмегімен жүруіне рұқсат етіледі.

439. Электр пойызын басқаруды жоғалтып алған кезде машинист басқаруды орнына келтіру шараларын қабылдайды, егер пойызды басқару 5 минут ішінде орнына келтірілмесе, қосалқы пойызды шақырады.

440. Аралас жолдардағы қозғалыс үшін кедергілер анықталған кезде қарсы пойызды тоқтату шаралары қабылданады.

441. Жолдың көрінуі шектелетін тұман, нөсер, жел, түтіндеу кезінде және басқа жағдайларда машинист пойызды туындаған кедергіге дейін пойызды тоқтатуды қамтамасыз ететін жылдамдықта жүргізеді.

442. Егер жолдың көрінуі 10 м аспаса, осы уческедегі пойыздар қозғалысы тоқтатылады. Қозғалысты тоқтатқанға дейін осы учаскелерге жіберілген пойыздар оны 10 км/с аспайтын жылдамдықта жүріп өтеді.

443. Жолдарда судың бары туралы ескертуді алған немесе жеке анықтаған пойыз машинисі осы учаске бойынша пойызды мынадай жылдамдықтардан асырмай жүргізеді:

1) жол туннельдегі рельс етегі деңгейіне дейін суға толған кезде-35 км/с, ал жердегі емес учаскеде-20 км/с асырмай;

2) жолдарды рельс басының деңгейіне дейін су басқан кезде-10 км/с. Су басу деңгейі туралы машинист пойыз диспетчеріне хабарлайды.

444. Жолды рельс басының деңгейіне дейін немесе жоғары су басқан кезде осы учаскедегі пойыздар қозғалысы тоқтатылады.

445. Жолдарда адамдарды анықтаған кезде электр пойызының машинисі хабарландыру белгісін бере отырып, пойызды тоқтату шараларын қабылдайды және қалыптасқан жағдайға байланысты әрекет жасайды.

Жолдарда адамдарды анықтаған және қабылданған шаралар туралы пойыз диспетчеріне хабарлайды. Егер жолдарда анықталған адамдар пойызға отырғызылса, оларды жақын жердегі станция жұмысшыларына немесе полиция жұмысшыларына тапсырады.

446. Жолдарда адамдарды анықталғаны туралы машинистен немесе метрополитеннің басқа жұмысшысынан хабар алып, пойыз диспетчері: осы аралықтағы екі жол бойынша туннельдегі жұмыстық және авариялық жарықтандыруды қосу туралы нұсқау береді; екі жол бойынша келе жатқан пойыздардың машинистерін адамдардың бары туралы ескертеді; пойыздарды аралықты шектейтін станциялық жұмысшылар немесе полиция жұмысшылары күтіп алуын ұйымдастырады.

447. Егер станциялық жолдарда жолаушылар платформасы шегінде адам (адамдар тобы) анықталатын болса, станция бойынша кезекші: станцияға келген пойызды тоқтату шараларын қабылдайды; болған жағдай туралы пойыз диспетчеріне хабарлайды және қажеттілігіне қарай ұласқан рельстен кернеуді алып тастауды талап етеді; кесілген есік арқылы адамды (адамдар тобын) станция платформасына шығарады.

448. Парк жолдарында бөтен тұлғаларды анықтаған кезде орталықтандыру бекетінің кезекшісі ұласқан рельске қол тигізудің қауіптілігі туралы дауыс зорайтқыш хабарлағыш бойынша ескертеді және маневрлік құрамның (шаруашылық пойыздарының) машинистеріне жолдарда бөтен адамдардың бары туралы хабарлайды.

Электр депосы бойынша кезекші және орталықтандыру бекетінің кезекшісі бөтен адамдарды шығару шараларын қабылдайды.

5-параграф. Пойызды еріксіз тоқтатқан кездегі қауіпсіздік талаптары
449. Пойызды еріксіз тоқтатқан кезде:

1) жолдың тура учаскесіндегі алаңда пойызды тоқтату;

2) жағдай туралы пойыз диспетчеріне баяндау;

3) пойызды аялдамалық тежеуіштермен тежеу;

4) одан әрі жүру мүмкіндігін анықтау;

5) қозғалыс үшін туындаған кедергіні жою шараларын қабылдау;

6) кедергілерді жойғаннан кейін пойыздың жүруін жалғастыру;

7) қозғалыс үшін кедергілерді жою мүмкін болмаған кезде жолаушылардың туннельден станцияға шығуын қамтамасыз ету.

450. Қосалқы пойызды талап еткеннен кейін машинист тіпті ол ақаулықты тауып және басты кабинадан қосалқы пойыз келгенге дейін оларды басқаруды қалпына келтірсе немесе одан әрі қозғалыстың тәртібі туралы пойыз диспетчерінен нұсқау алғанға дейін өзінің пойызын қозғалысқа келтіруге құқығы жоқ.

451. Қосалқы пойыз ретінде жолшыбай бағыттағы артта келе жатқан пойызды немесе дұрыс емес бағытта жіберілген пойызды тағайындауға болады. Пойыздарды ажырату кезінде екі қосалқы пойыз тағайындалады. Дұрыс емес бағыттағы қосалқы пойыз тек станцияда тағайындалады.

452. Бұзылған пойызға жақындаған кезде қосалқы пойыздың машинисі өзінің пойызын бұзылғаннан кемінде 25 м қашықтықта тоқтатады, ал 0,030 асатын-кемінде 50 м төмен түскенде тоқтату дыбыстық дабылын береді және бұзылған пойыз машинисінің белгісі бойынша өзінің пойызын қозғалысқа келтіреді, оны бұзылған пойыздан 1,5-2 м қашықтықта тоқтатады, жалғастырылған пойыздың қозғалысқа дайындығы туралы пойыз диспетчеріне хабарлайды.

453. Электр пойызы бұзылған және тоқтап тұрған кезде қосалқы пойызбен сүйрегенде, шығарғанда бұзылған пойыз тұрған аралықтағы барлық пойыздар бөгеледі, жұмыстық және авариялық жарықтандыру қосылады, пойыздың өздігінен кетіп қалуын болдырмайтын шаралар қабылданады, қажеттілігіне қарай одан жолаушылар түсіріледі.



6-параграф. Шаруашылық пойыздарының қозғалысы
454. Басты жолдардағы шаруашылық пойыздарының қозғалысына электр пойыздарының қозғалысы тоқтағаннан кейінгі түнгі уақытта рұқсат етіледі.

455. Түнгі уақытта желіде тұрған барлық шаруашылық пойыздары тұрақ орнына келеді немесе ұласқан рельске кернеуді беретіндігі туралы екінші ескерту белгісіне дейін басты жолдарды босатады.

456. Шаруашылық пойыздарында:

1) туннельге кіру құқығы бар;

2) орындықтармен қамтамасыз етілмеген локомотивтер мен платформалардың алаңдарында;

3) табалдырықтар мен борттарда;

4) габаритсіз жүгі бар платформаларда адамдарды (машинист көмекшісінен басқа) алып жүруге болмайды.

457. Шаруашылық пойызы қозғалысы уақытында адамдарды отырғызуға және түсіруге, жүктерді тиеуге және түсіруге және адамдарды бір жылжымалы бірліктен екіншісіне ауыстыруға болмайды.

458. Шаруашылық жүктерін тиеу, орналастыру, бекіту, тасымалдау және түсіру (сонымен қатар габаритті емес) метрополитен басшылығымен бекітілген белгіленген нұсқау тәртібінде жүргізіледі.

459. Құбырларды, арматуралар мен басқа жабдықтарды, материалдарды және құралдарды тасымалдау олардың электр өткізгіштерге, байланыстырғыш сымына тию мүмкіндігін болдырмайтындай етіп жүргізіледі.

460. Инженерлік коммуникацияларды төсеу және қайта орнату кезінде қозғалыстың қауіпсіздігін және метрополитеннің қолданыстағы құрылыстарының сақталуын қамтамасыз ету үшін келесі талаптардың сақталуы қарастырылады:

1) инженерлік коммуникациялар метрополитен құрылыстарын 90º бұрышта қиып өтеді. Қиылысу бұрыштарын азайтуға болады, бірақ 60º дейінен км емес;

2) метрополитен құрылыстарының үстінен немесе астынан төселген құбырлар жоспарда және сұлбада түзу сызықты және бір жаққа қарай көлбеу болады;

3) метрополитен құрылыстарының астынан төселген қысымдағы құбырлар (канализация, су құбыры, жылу желісі, газ құбыры), болат құбырлардан орындалады.



11-тарау. Құрылыстар мен қондырғыларды тексеру және жөндеу
461. Ғимараттың құрылыстары, қондырғылары және қызметтік техникалық үй-жайлары ұйымның техникалық басшысымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде қаралады және жөнделеді.

Ғимараттың құрылыстары, қондырғылары және қызметтік техникалық үй-жайларын қарау тікелей оларға қызмет көрсететін жұмысшыларға және олардың қарамағында тұрған станция, учаске, қашықтық, электр депосы, қызметтер бастықтарына жүктеледі.

462. Ғимараттың құрылыстары, қондырғылары және қызметтік техникалық үй-жайларын қарау, метрополитен бөлімшелеріндегі технологиялық тәртіптің және қозғалыс қауіпсіздігінің орындалуын тексеру:

1) қозғалыс қауіпсіздігі бойынша басты тексерушіні есепке ала отырып, ұйымның техникалық басшысымен, қызмет бастықтарымен жүргізіледі-кемінде жылына бір рет;

2) ) қозғалыс қауіпсіздігі бойынша басты тексерушіні есепке ала отырып, ұйымның техникалық басшысының орынбасарларымен, қызмет басшыларымен-жылына екі рет жүргізіледі.

463. Станцияның құрылыстары мен қондырғылары кемінде айына екі рет қаралады, аспалы қондырғылар-станция бастығының төрағалық етуіндегі комиссиямен кемінде тоқсанына бір рет. Комиссия құрамы ұйымның техникалық басшысының бұйрығымен белгіленеді.

Тексеру нәтижелері және анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті іс-шаралар кемшіліктерді жою және белгіленген іс-шараларды орындау жолдары тіркелетін журналға енгізіледі.

464. Метрополитеннің негізгі құрылыстары мен қондырғылары үшін пайдалану, құрылымы және басқа ерекшеліктеріне байланысты ұстау нормалары және кезеңді жөндеулерді жүргізу мерзімдері белгіленеді.

465. Құрылыстың жеке құрылымдарының элементтерін күрделі жөндеудің кезектілігі, сондай-ақ жұмыстың мерзімдері мен көлемі әр жеке жағдайда құрылысты детальдық тексерудің негізінде анықталады.

Негізгі құрылыстар мен қондырғыларды жүйелеуді, жөндеулер кезеңділігінің мерзімдері мен ұстаудың нормаларын ұйымның технологиялық басшысы бекітеді.

466. Құрылыстар мен қондырғыларды жөндеу қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілген кезде және пойыздар қозғалысының кестесін бұзбай жүргізіледі.

467. Аралықтар мен станцияларда құрылыстарды, жолдарды, ұласқан рельсті, ДОБ және байланыс қондырғыларын, электр жабдықтарын және басқа қондырғыларды жөндеу негізінен түнгі уақытта электр пойыздарының қозғалысы аяқталғаннан және ұласқан рельстен кернеу алынғаннан кейін жүргізіледі.

468. Метрополитеннің пайдалануға тапсыратын құрылыстарында басқа ұйымдармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібі және метрополитеннің құрылысынан 10 м дейінгі қашықтық жүргізілген жұмыспен метрополитенді пайдалануға тапсыратын ұйымның техникалық басшысымен келісіледі.

469. Жөндеу жұмыстарын бастау және аяқтау мерзімін:

1) оларды жүргізу қиын жағдайлардағы үлкен көлемдегі жұмыстар үшін-метрополитенді пайдалануға тапсыратын ұйымның техникалық басшысы;

2) аралық, станция жолдарын жабуды талап ететін жұмыстар үшін-пойыз диспетчерінің келісімі бойынша жұмыс басшысы;

3) шаруашылық пойыздарының өтуіне рұқсат беретін жұмыстар үшін-жұмыс басшысы береді.

Аралық, станция жолдарын жабуды талап ететін жұмыстар басшысы, сондай-ақ оларды жүргізу уақытында кенет туындаған ақаулықтарды жою бойынша жұмыстар басшысы пойыз диспетчерімен байланысты ұстанады.

470. Аралықтағы және станциядағы қозғалыс үшін кез келген кедергі (тоқтауды талап ететін орындар), қозғалыс үшін қауіпті, тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін орындар пойыздың (құрамның) келу-келмеуіне қарамастан екі жағынан белгілермен қоршалады.

471. Мыналарды:

1) кедергілер және қозғалыс үшін қауіпті жұмыстарды жүргізетін орындарды белгілермен қоршағанға дейін жөндеу жұмыстарына кірісуге;

2) кедергілерді және кедергілерді жойғанға, жұмыс толық аяқталғанға, жолдардың, ұласқан рельстің және габариттің жай-күйін тексергенге дейінгі жұмыстарды жүргізу орындарынан шектеу белгілерін алып тастау.

Кедергілерді және жұмыстарды жүргізу орындарын шектеу тәртібі дабылқаққыш бойынша технологиялық регламентте белгіленеді.

472. Қозғалыс үшін жабық басты жолға шығу пойыз диспетчерінің бұйрығында көрсетілген жабық жол шекаралары орындарында орнатылатын тоқтатудың жылжымалы белгілерімен барлық бағыттарынан қоршалады.

Жолаушылар платформасының торцында осы белгілерді станция бойынша кезекші немесе жолдарға өту құқығы бар қозғалыс қызметінің жұмысшысы, ал басқа барлық орындарда жұмыс басшысы орнатады.

473. Станциялық жолдарда пойыз диспетчерімен, орталықтандыру бекеті бойынша кезекшінің, ал жолдық дамусыз станцияларда-станция бойынша кезекшінің және жұмыс басшысы Тексеру журналына алдын ала жазбайынша тоқтату немесе жылдамдықты азайту белгілерімен шектеуді талап ететін жұмыстарды жүргізуге болмайды.

474. Жұмыстың аяқталу бойынша қондырғыларды іске қосуды жұмыс басшысының Тексеру журналындағы жазбасының негізінде орталықтандыру бекеті бойынша кезекші, ал жолдық дамусыз станцияларда-станция бойынша кезекші жүргізеді.

Кенет туындаған ақаулықтарды жою бойынша жұмыстарды орындау кезінде жұмыстың басталу немесе аяқталуы туралы жазба Тексеру журналында тіркелген телефонхатпен ауыстырылуы мүмкін.

475. Жұмыстарды жүргізуге байланысты желідегі пойыздар қозғалысын толық және ішінара тоқтату ұйымның техникалық басшысының бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

476. Жұмыс басшысы аралық, станциялық жолдарды жабу туралы бұйрықты пойыз диспетчерінен алғанға дейін және жұмыс орындарын тоқтатудың жылжымалы белгілерімен қоршағанға дейін жөндеу бойынша жұмысқа кірісуге болмайды.

477. Электр пойыздарының қозғалысы алдындағы желідегі жұмыстар:

1) аралық, станция жолдарын жабумен байланысты-пойыз диспетчерімен келісілген мерзімнен кешіктірмей;

2) аралық, станция жолдарын жабумен байланысты емес-ұласқан рельске кернеуді беру туралы бірінші ескерту белгісінің уақытынан кешіктірмей аяқталады.

478. Барлық жөндеу жұмыстарын аяқтағаннан кейін оларды жүргізу орындарын жұмыс басшысы тексереді, ұласқан рельске кернеуді беруді, үздіксіз және қауіпсіз пойыздар қозғалысын және жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіріледі.

479. Туннельдерде немесе жер учаскелерінде түнгі уақытта жұмыстарды жүргізетін барлық жұмысшылар станцияға ұласқан рельске кернеуді беру туралы екінші ескерту белгісі уақытына дейін шығады. Туннельдерден немесе жер учаскелерінен адамдардың станцияға уақытында шығуын жұмыс басшылары қамтамасыз етеді.

480. Пойыз диспетчерінің жолды жабу туралы бұйрығын алғанға дейін және тоқтату белгілерімен жұмыс орындарын шектегенге дейін туннельдерде жұмыс істеуге болмайды.

481. Жұмыс аяқталғаннан кейін олар жүргізілген орындар ұласқан рельске кернеуді беруді, үздіксіз және қауіпсіз пойыздар қозғалысын және жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін жағдайға келтіріледі.

482. Ақаулы құрылыстардың артына сипаттамасын қызмет бастығымен тағайындалған комиссия анықтайтын бақылау орнатылады. Осы комиссиялардың жұмысына қатысуға ғылыми-зерттеу институттарының, метро құрылысын жүргізетін мекеменің, жобалау ұйымдарының, туннельді тексеретін сынақ станциясының және басқа мамандар тартылады.

483. Ерекше бақылауды қажет ететін құрылыстардың тізбесін (зақымдануы бар құрылыстар, өздерінің одан әрі дамуында пойыздар қозғалысының қауіпсіздік дәрежесін кемітуі мүмкін дефектілер немесе деформациялар), оларды бақылаудың тәртібі, жер қабатының деформацияланған және қиын инженерлік-геологиялық жағдайларындағы учаскелерін бақылау тәртібін метрополитенді пайдалануға тапсыратын техникалық басшы бекітеді.

484. Электр энергиясын беру кенет тоқтатылған кезде механизмдерге қызмет көрсететін персонал оларды қозғалысқа келтіретін электр қозғалтқыштарды сөндіреді.



12-тарау. Өрт қауіпсіздігі
485. Метрополитеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңға, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы № 35 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде 2006 жылғы 20 наурызда № 4126 тіркелген) бекітілген Өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына және осы Талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

486. Өрттердің алдын алу және өрттерді сөндіру бойынша өрт сөндіру-алдын алу жұмыстарын, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуына бастапқы кезеңді және метрополитенде өрт сөндірудің алғашқы құралдарының дайындығын ұйымдастыру үшін метрополитен объектілерінің өртке қарсы жай-күйіне тәуліктік бақылауды қамтамасыз ететін өрт сөндіру бөлімшелері ұйымдастырылады.

487. Метрополитен объектілері мен құрылыстарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуді олардың қарауында қорғалатын объектілер кіретін метрополитен, дистанция және қызмет басшылары жүзеге асырады.

488. Метрополитенге жұмысқа түскен барлық жұмысшылар қызмет көрсетілетін өндірістің технологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өтеді.

489. Өртті байқаған метрополитеннің әрбір жұмысшысы қаланың мемлекеттік өрт сөндіру қызметіне және метрополитеннің өрт күзетіне өрт туралы дереу хабарлайды және адамдарды хабарландыру және эвакуациялау және объектіде бар өрт сөндіру құралдарымен өртті сөндіру бойынша шараларды қабылдайды.

490. Өрт туындаған кезде метрополитеннің әкімшілік және өрт күзетінің іс-қимылы ең бірінші адамдарды қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз етуге бағытталады.

491. Метрополитеннің әрбір объекті, ғимарат, құрылыстарына арналған аварияларды жою жоспарында (бұдан әрі-АЖЖ) өрт болған жағдайда әрбір жұмысшының міндетін, өрт туындаған кезде адамдарды құлақтандырудың тәртібін анықтайтын өрт қауіпсіздігінің шаралары әзірленеді.

492. Метрополитеннің әрбір станциясы үшін АЖЖ құрастырылады: Өрт сөндірудің жедел жоспары, өрт қауіпсіздігінің шаралары, Жолаушыларды эвакуациялау жоспары, Метрополитенде түтіндеу, жану немесе өрт болған жағдайда жұмысшылардың іс-қимылының тәртібі және туннельдік желдету жұмысының режимі.

493. Метрополитеннің жер асты құрылыстары өрке қарсы, шаруышылық-ауыз су және технологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін біріктірілген сумен қамтамасыз ету жүйесімен жабдықталады.

Сумен қамтамасыз ету жүйесі кез келген су құбыры желісін екі жағынан қоректендіруді қамтамасыз ететін сақиналық сызба бойынша жөнделеді.

494. Метрополитендердің вестибюльдер, станциялар және өтпе жолдарының өрт сөндіру крандарының жобалау санымен жабдықталған ішкі өрт сөндіру құбырлары болады.

495. Өрт сөндіру жеңдерінің ұзындығы кемінде 20 м (станцияның әрбір кесіктің екі жолы бойынша, станциялар арасындағы коридордың соңында, сондай-ақ тұйықтың басында, ортасында және соңында-кемінде 40 м немесе екі жеңнен 20 м) және өрт сөндіру крандары мен оқпандарына жалғанады. Өрт сөндіру крандарының кішкентай шкафтары жабылады және пломба қойылады. Кішкентай шкафтарының есіктері оңай ашылады және желдетуге арналаған саңылаулары және «ӨСК N», «Өрт кезінде хабарлаңыз» (қалалық және ведомстволық бағынысты өрт күзетінің телефон нөмірі) белгілері болады.

Өрт сөндіру кранының айналым съездарында және жылжымалы құрам тоқтайтын орындарда сәулелік көрсеткіштері болады.

Өрт сөндіру крандары люктарының қақпақшалары тиісті нышандар және жазулармен таңбаланған.

496. Егер қалалық су құбыры мөлшерлі су көлемімен және ішкі өрт сөндіру құбырының өрт сөндіру краны қажетті судың тегеурінің қамтамасыз етпесе, сорғылар-жоғарылатқыштар орнатылады, өрт сөндіру крандарына орнатылған кнопкадан қашықтық жерден іске қосылады.

Туннельді телімдерден су құбыры жүйелі станцияларын, станцияның телімінде ысырманы қайта жауып өшіруге болмайды. Апатты жағдайларда ысырманы уақытша қайта жабуға рұқсат етіледі.

497. Ішкі өрт сөндіру су құбыры пайдалануға енгізілгенде, су беру жөндеу жұмыстарынан кейін, сонан соң бес жылда бір рет сынаптан өтіледі.

498. Жарық көрсеткіштер өрт сөндіру гидранттардың және су қоймалардың жанында орнатылады. Су қоймалардың кіре берісін қоқыстауға болмайды.

499. Өрт сөндіру гидранттары және су қоймалардың су бөгеуі қысқы кезеңге жылытылады, ал құдық қақпалары жүйелі түрде қардан және мұздан тазаланып турады.

500. Белгіленген жобаға сәйкес барлық құрылыстар, метрополитен объектілері және жылжымалы құрам өрт сөндіру алғашқы құралдармен қамтамасыз етіледі. Тасымалданатын өртсөндіргіштерді сақтау үшін мөлшері 9,9х0,9х0,3 м жәшіктер құрастырылады. Еркін кіруге мүмкіндігі бар жәшіктерде үлкен көлемді өрт сөндіргіштер сақталынады. Жәшіктер мен қуыстардың есіктерінде нұсқасы белгіленген көрсеткіштер орнатылады.

501. Апаттарды жою немесе өртті сөндіруге байланысы болмаса, өрт сөндіру құрал жабдықтарды шаруашылық, өндірістік және басқа мақсаттарда, пайдалануға болмайды.

502. Жобаға сәйкес, метрополитен құрылыстары және ғимарат жайлары өрт сөндіру автоматикалық құрал жабдықтармен және автоматикалық өрт сөндіруші дабыл қаққышпен жабдықтанады. Өрт сөндіру автоматикалық жүйелермен жабдықталған ғимараттарда, оларды іске қосу тәртібі ілініп тұрады.

503. Жылжымалы құрамдардың айналым жолдары және тұрағы өрт сөндіру жабдықтармен және түтінді жою жүйесі мен қамтамасыз етіледі.

504. Метрополитен объектілерінде:

1) от жағуға, өндірістік қалдықтарды және қоқысты өртеуге болмайды;

2) шылым тарту үшін жабдықталмаған жерлерде;

3) өткелдерді, сенектерді, баспалдақ торыларын және адамдарды көшіретін басқа жолдарды дыбыстауы;

4) ашық отпен қатып қалған суды, канализацияны, тағы басқа құбырларды жылыту;

5) (стационарды құрастырылған жылыту электро құралдардан басқа) тоққа қосылған электр құралдарды бақылаусыз қалдыруға;

6) қыздырылғанда улы заттарды бөліп шығаратын материалдарды, жанатын және қиын жанатын материалдарды эвакуациялық жолдардың қабырғаларын, төбесін каптағанда қолдануға;

7) белгіленбеген орындарда жанатын және тез тұтанғыш сұйықтықтарды, сілтілерді, қышқылдарды және жарылу қаупі бар заттарды сақтауға;

8) технологиялық үрдісімен қарастырылғаннан басқа, құрылымдардың детальдарын сүрту, жуу, майсыздандыру үшін жанатын және тез тұтанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

9) маймен қапталған, жаңадан боялған, жанатын құрылымдар мен агрегаттардың жаңында аппаратурасы маймен толтырылған жабдықта отты жұмыстарды өткізуге болмайды

505. Регламентті жұмыстарды өткізу үшін қажетті жанатын-жағылатын материалдарды, тез тұтанғыш және жанатын сұйықтықтарды (бояу, лак, майлар, мастика және тағы басқа) қақпағы тығыз жабылатын жабық металдық қобдиларда, сынбайтын герметикалық жабық ыдыста сақталады.

Сүртетін материалдарды сақтау үшін қақпалары тығыз жабылатын металл жәшіктері құрастырылады. Материалдарды жинау үшін арналған жәшіктердің «Майланған сүртетін материалдар» деген жазбалары болады.

506. Тез тұтанғыш және жанатын сұйықтықтарды сақтайтын ыдыстарды метрополитен ғимараттарында ұшқынның пайда болуынан және электрлік коррозиядан сақталынады.

507. Қолданылған майларды металл бөшкеде арнайы бөлмеде немесе ЖЖМ қоймаларында сақтайды.

508. Қоқыс жинау үшін станциялардың платформаларында және вестибюльдарында өртенбейтін урналар орнатылады.

509. Өрт сөндіру автомобильдеріне барлық ғимараттарға және құрылыстарға еркін кіре беріс қамтамасыз етіледі. Ғимараттардың және құрылыстардың арасында өртке қарсы ара қашықты қоқырсытуға болмайды.

510 Барлық эвакуациялық шығыстардың есіктері еркін ашылады, ал адамдар бөлмеде болған кезде бекітілмейді.

511. Ұйымның техникалық басшысының өкімімен орындалатын, авариялық сипаттағы жұмыстардан басқа, метрополитеннің жер астындағы құрылыстарында өрт жұмыстары тек түнгі уақытта жүргізіледі, қосылған рельстен кернеуін түсіргеннен кейін.

512. Өртті жөндеу жұмыстары өткізілетін орындар өртті сөндіру жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Метрополитеннің өрт күзетімен бірлесіп өртті сөндіру жабдықтарының түрлері мен саны анықталады.

513. Дәнекерлеу және басқа отты жұмыстарды өткізуінің алдында өндіріс аймағы шаңнан және жанатын заттардан тазаланады.

514. Метрополитеннің желдетпе дүңгіршектерінен 25 м жақын өртенетін құрылымдардың, автотұрақтардың, гараждардың орналасуы, қоқыс және жанатын материалдарды жинап қою, от жағу, түтін немесе жанатын газдар бөлінетін жұмыстарды өткізуге болмайды.

515. Желдетпе жүйелерінде сүзгілерді, ауа өткізгіштерді, шу басқыштарды құру үшін жанатын материалдарды қолдануға болмайды.

516. Технологиялық процеске сәйкес жөндеу жұмыстарын өткізу үшін қажетті материалдардың қорынан басқа, шпалдарды, өртенетін қораптарды, қалқандарды және басқа жанатын материалдарды жұмыс істейтін туннельдерде жинауға болмайды. Материалдардың көлемі, оларды сақтау мерзімі және орындары метрополитеннің өрт күзетімен бірге келісіп шешіледі.

517. Бағыттағы электр пойыздың өрт қауіпсіздігі поезд жүргізушісіне жіктеледі.

518. Локомотивті бригадаға:

жолдарда және станцияларда темекі тұқылын, оттықтарды және өртенетін қоқыстарды лақтыруға;

электр пештердің сақтану қабын ашуға;

нормаларға сәйкес ақаусыз алғашқы өрт сөндіру жабдықтарынсыз бағытқа шығуға;

жолаушылар вагондарында тез тұтанғыш және жанатын сұйықтықтарды, жарылатын, ащы және улы заттарды, сонымен қатар қысылған және сұйытылған жанатын газдармен баллондарды тасымалдауға тыйым салынады.

519. Жүргізушілер кабинасында орнатылған электр пештер, тәуелсіз электр қорғанысы болады және бекітіледі. Пештерде және жақын арада жанатын материалдарды орналастыруға болмайды.

520. Кабинада және вагонның салонында өрт сөндіргіштер қол жетімді жерлерде арнайы бекіткішпен бекітіліп ілінеді. Бекітілген орын сілтеуіш белгімен белгіленеді.

521. Тез тұтанғыш және жанатын сұйықтықтарды эскалаторларда, сонымен қатар метрополитеннің жұмыс уақытында қысылған және сұйытылған жанатын газдармен баллондарды тасымалдауға болмайды.

522. Эскалаторлардың қозғалтқыш және кері станцияларының бункерлерін және түптерін жанатын қалдықтардан және басқа бөлінулерден тазарту күніге өткізіледі.

523. Эскалаторларға арналған майлайтын материалдар және жуатын сұйықтықтар металды, герметикалық түрде жабылатын ыдыста, ерекше желдетпесімен және жарық түсіруімен жеке жанбайтын бөлмелерде сақталады.

524. Эскалаторлардың машиналы залдарындағы кабельді жолдары жанбайтын тақталармен жабылады және уақытылы шаңнан, жанатын қоқыстан тазаланады. Әлде бір заттарды және материалдарды сол жерде сақтауға болмайды.

525. Ғимараттарда, құрылыстарда және жылжымалы құрамда өрт туралы хабарлауға пайдаланатын, хабарлау және байланыстың барлық түрлері, өрт сөндіретін дабыл қаққыштары және өртке қарсы қорғаныс жабдықтары ақаусыз жай күйде ұсталады және сәйкес актілер құрастырылып үнемі тексеріледі. Оларды пайдалану мүмкіндігі тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етіледі.

526. Өрт күзетін шақыру және дабыл беру тәртібі туралы барлық байланыс құралдарының қасында кестелер ілінеді. Станция кезекшісінің кабинасында орнатылған, өрт дабыл қаққыш қабылдау аппараттарының іске қосылуы туралы дыбыстық дабылы, станция платформасында қайталанады. «Істен шыққан» деген кестелер ақаулық телефон аппараттарына және өрт дабыл қаққыштары аспабына ілінеді. Әр станцияда және станция бойынша кезекшінің кабинасында ақаусыз жай күйдегі мегафон орнатылады.

527. Қысқа мерзімді тұйықталуының, сымдардың қызуының, электр ұшқынның пайда болуына ықтимал электр жүйелеріндегі ақаулары тез арада жойылады. Ақау жойылғанша электр жүйесі өшіріледі.

528. Кабельді коллекторларда оттың таралуын сақтап қалатын құрылымдар және автоматикалық өртке қарсы қорғаныс жабдықтары ақаусыз жай күйде пайдаланады.

529. Іске қосылмаған электр жүйелері өшірілген соң бірден қайта монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

530. Әрбір электро депосында және мото депода өрт болған жағдайда жылжымалы құрамның эвакуация жоспары құрастырылады.

531. Жылжымалы құрамның бояу жұмыстарын, қауіпсіздікті қамтамасыз етілетін іс-шаралардың әзірлемесі бойынша, тікелей көтермелі жөндеу цехында атқаруға болады.

Цехта сақталған, лак және бояу шығару материалдар көлемі, ауысым қажеттілігінен аспайды.

532. Жылжымалы құрамның тұрақ орындарында байқау орлары және едендері жүйелі түрде жанатын қоқыстан, құйылған жанатын және майлайтын материалдардан тазаланады. Төгілген жанатын және майлайтын материалдар құм арқылы тазаланады.

533. Қолданған майлар арнайы бөлмелерде металды бөшкелерде немесе ЖЖМ қоймаларында сақталады.

534. Өрт сөндіру жүйелерінің сөндіруге байланысты барлық жөндеу жұмыстары және өрт туралы хабарлама метрополитеннің өрт күзеті, объект жетекшісі, станция бойынша кезекші, кезекші диспетчерлер және пойыз диспетчеріне хабарланады.

13-тарау. Метрополитеннің объектілерін жою және консервациялау
535. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарының жойылуы немесе консервациясы 2009 жылдың 5 ақпанынан № 109 Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген метрополитендердің қауіпсіздігіне Техникалық регламенті Талаптарына сәйкес және осы күнгі Талаптарына, арнайы жобаның негізінде, жүзеге асырылады.

536. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарының жою немесе консервациялау жобасы жөнінде талаптар қарастырылады:

1) жер астындағы консервацияланған немесе жойылған құрылыстың кеңістігінің ішкі ортамен байланысын болғызбауы;

2) тұрғындардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етілуі, ғимараттар мен құрылыстардың консервация және жойылудың зиян әсерінен сақтап калуы;

3) судың инфильтрациясын, топырақтың шығарылуын, залалы химиялық қоспаларын болғызбау;

4) консервацияланған немесе жойылған кеңістікке бөгде адамдардың және жануарлардың кіруге мүмкіндігін болғызбау;

5) жер астындағы консервацияланған немесе жойылған құрылыстардың алып жүретін құрылымдарын тұрақтылығын қамтамасыз етілуі, әрбір нақты жағдай үшін ең жоғарғы жүктемені қабылдайтын, жұмыс істейтін құрылыстармен байланыс бөгеттерін бекіту;

6) консервіленген объектілердің өрт қауіпсіздігін, тұрақтылығын, ұзақ мерзімділігін, мықтылығын, қамтамасыз етіп шахталарды, құдықтарды, туннельдерді, ұңғымаларды қайта жабу;

7) жердің опырылуын, жер астындағы тау қазбаларының қиратылуын болдырмау жөнінде іс-шараларды атқару.

537. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарының жойылуы және консервациялауы құрылыста жұмыс тоқталғаннан кейін жүргізіледі және жұмыс істейтін метрополитеннен оқшауланады.

538. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарын консервациялағанда, қажетті кезде пайдалануға болатын жағдайға келтіру мүмкіндігін ескеру керек.

539. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарын толық немесе бөлшек консервациясынан кейін, қай мақсаттарда болса да тау қазбаларын уәкіл органдарының аймақтық бөлімшесінің келісімінсіз пайдалануға болмайды.

540. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарын консервациясы және жою жұмыстары аяқталғаннан кейін, осы құрылыстардың жағдайын бақылауы жүзеге асырылады. Бақылау құрамы, олардың әдістемесі, мерзімділігі, есеп беру және журнал түрлері жою және консервациялау жобасымен анықталады.

541. Қауіпті өндіріс объектісінің жобамен қарастырылған консервациясы мерзімінен асып немесе асқан жағдайда, тұрғындардың денсаулығына немесе өміріне, мүлікке, қоршаған ортаға қауіп төніп немесе төнетін жағдайларда, қауіпсіздіктің қосымша шарттары жүзеге асырылады.

542. Метрополитеннің жер астындағы құрылыстарының консервациядан кейін жұмысының қайта басталуы жоба бойынша орындалады.

Қолданылған қысқартулар
АЛД-автоматикалық локомативтік дабыл қаққыш;

ЖАР-жылдамдықты автоматты реттеу;

ПАТҚ-пойыздардың автоматика және телемеханика қозғалысы;

АЖЖ-апаттарды жою жоспары;

ЖТБ-жедел техникалық байланыс;

ААТҚС-аралас ауыр-тартылыс қосалқы станциясы;

ОТС-жедел технологиялық байланыс;

ТЖҚ-туннельдік желдеткіш қондырғысы.



_____________________


Бөлім, тарау,

параграф

Мазмұны


Беті

1-тарау

Жалпы талаптар




2-тарау

Жол шаруашылығы




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Жолдың жоспары мен сұлбасы




3-параграф

Жолдардың жоғарғы құрылысы




4-параграф

Бағыт көрсеткіштер




5-параграф

Метрополитен желілерінің қиылысуы және оларға жапсарласу




6-параграф

Ұласқан рельс




3-тарау

Жолаушылар станциялары




4-тарау

Дыбылқаққыш және байланыс




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Бағдаршамдар




3-параграф

Автоматты локомотивті дабыл қаққыш және блоктау




4-параграф

Жолдық автоматты блоктау




5-параграф

Орталықтандыру және автоматты басқару жүйелері




6-параграф

Байланыс




7-параграф

Автоматика жүйелері және ДОБ




8-параграф

Шектейтін дабылдар




9-параграф

Сақтандыру дабылдары




10-параграф

Дыбыстық дабылдар





11-параграф
Дабыл белгілері




5-тарау

Метрополитенді электрмен жабдықтау




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Қосалқы станциялар




3-параграф

Электр механикалық қондырғылар




4-параграф

Тартылыс желісі




5-параграф

Кабельдік желі




6-параграф

ДОБ-ны электрмен жабдықтау




7-параграф

Электр қондырғыларын, трансформаторлар мен электр желілерін қорғау




8-параграф

Жарықтандыру




9-параграф

Жерге қосу




6-тарау

Эскалаторлар




7-тарау

Жылжымалы құрам




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Дөңгелек жұптары




3-параграф

Тежеуіш және автотізбек жабдықтары




4-параграф

Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу




5-параграф

Электр депосы




8-тарау

Техникалық жабдықтар мен қондырғылар




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Желдеткіш




3-параграф

Сутөкпе




4-параграф

Канализация




9-тарау

Станцияның техникалық жұмысын ұйымдастыру




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Бағыт көрсеткіштерін басқару




3-параграф

Маневрлік жұмыс




10-тарау

Пойыздар қозғалысы




1-параграф

Жалпы талаптар




2-параграф

Электр пойыздарын қабылдау және жіберу




3-параграф

Электр пойыздарының қозғалысы




4-параграф

Қысылтаяң жағдайлардағы пойыздар қозғалысы




5-параграф

Пойызды еріксіз тоқтатқан кездегі қауіпсіздік талаптары




6-параграф

Шаруашылық пойыздарының қозғалысы




11-тарау

Құрылыстар мен қондырғыларды тексеру және жөндеу




12-тарау

Өрт қаіпсіздігі




13-тарау

Метрополитеннің объектілерін жою және консервациялау







Қолданылған қысқартулар







Мазмұны




______________





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет