М.Әуезов атындағы ОҚму-да «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Республикалық форумына



Дата09.07.2016
өлшемі58.26 Kb.
#186696
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 2014 жылдың 28-29 сәуір аралығында өтетін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Республикалық форумына қатысуға шақырады.


Жаңашыл педагогтардың 2-ші Республикалық форумы келесі бағыттарда жұмысты жүргізеді:

1 Әлемнің түрлі аймақтары мен елдеріндегі Білім дамуының стратегиялары: ұлттық, аймақтық және ғаламдық деңгейлер.

2 Қазіргі ғаламдық мәселелерді шешуге арналған білім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық: ғаламдық бәсекеден дүниежүзілік интеграциялануға.

3 Қазақстандық жоғарғы мектептің халықаралық білім беру жүйелеріне интеграциялануы.


Форумның мақсаты – ҚР жоғары оқу орындарында кәсіби тәжірибені насихатау және жинақтау, оқытушының шығармашылық әлеуетін арттыру, оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және сапасын көтермелеуге ықпал теу.
Форумның міндеті – жоғары оқу орындары арасында кәсіби тәжірибе алмасу мен қарым–қатынас түрін кеңейту, педагогтардың кәсіби деңгейінің өсуіне қолдау жасау.

Форум барысында төмендегідей байқаулар ұйымдастырылады:



  1. «Пәннің үздік оқу – әдістемелік кешені», «Үздік оқулық (оқу құралы)» «ПОҚ үздік дәріс», «Үздік кейс», «Үздік портфолио», «Пәннің электрондық үздік оқу – әдістемелік кешені» және «Үздік мультимедиялық презентация»;

  2. Педагогтардың инновациялық жұмыстарының көрмесі;

  3. «ЖОО бейне-дәрісті (теле-дәрісті) жасау мен қолдану әдістемелері» тақырыбы бойынша шеберлік-кластары;

  4. «ЖОО білім беру аумағында белсенді және интербелсенді әдістермен үйретуді қолдану» тақырыбы бойынша тренингтер.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылардың мақалалар жинағының материалдарын баспадан шығару жоспарланып отыр.

Педагогтардың инновациялық жұмыстарының көрмесі мен байқауларға қатысатын материалдары 2013 жылдың 26 сәуірінен 2014 жылдың 20 сәуірі аралығында жасалуы және баспадан шығарылуы керек.

Форум шеңберінде қашықтықтан бейнеконференция түрінде баяндамалар жасау және жаңа конкурстар ашылуы қарастырылған. Форум жұмысына қатысу үшін ҚР колледжі мен мектеп оқытушылары, ЖОО докторанттары мен магистранттары, жас ғалымдар, профессор – оқытушылар құрамы шақырылады.

Ұйымдастырушы комитетінің мекен- жайы:

160012 Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Тауке-хан даңғылы 5, ОҚМУ Академиялық мәселелер жөніндегі департамент, Әдістемелік бөлім - бас ғимарат, 2 этаж, 200 каб, форум координаторы –Тасыбаева Ш.Б

Әдістемелік бөлімнің телефоны: 8 (7252) 21-06-93

Электронды мекен- жайы: tasybaeva_s@mail.ru

Форумның еңбектер жинағын басып шығаруға ұйымдастырушылық жарна 3500 теңгені құрайды.

Форумға қатысушылардың жол, тамақ, тұратын жерінің шығындарын қатысушы өзі немесе жіберген ЖОО өздері төлейді.
Банк реквизиттері:

РГП на праве хозяйственного ведения ЮКГУ им. М. Ауезова

ЮКФ АО «Цеснабанк»

РНН 582100003432

ИИК KZ 81998STB0000109568

БИК TSESKZKA

Код 16

БИН 990240005557



ОКПО 39140473

Ескерту: «Назначение платежа» өрісте «2-ші Республикалық жаңашыл-педагог форумы» көрсету қажет

 Сұранымның үлгісі


«Ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім беру» атты жаңашыл педагогтардың 2-ші Республикалық форумына

Қатысуға сұраным

 


Қала 

 

ЖОО

 

Автордың аты жөні




Жұмыс орны




Қызметі




Ғылыми дәрежесі




Мақала аталуы (номер және бағыт аталуы)

 

Атаулар: 

 

- конкурстар

 

- On-lien ашық сабақты өткізу (сабақтың түрі, тақырыбы келтіріледі)




- көрмелерді қатысу




- Форум аясында мастер-класс жүргізу (қажетті жабдықтарды, тақырыпты көрсету және ұйымдастыру комитетпен алдынала байланысу) 

 

- бейнеконференцияларға қатысу (тақырыпты көрсету және ұйымдастыру комитетпен алдынала байланысу)




Байланыс телефон 

 

Электронды адрес (e-mail) 

 

Пошталық адрес)




Қонақ үйге алдын ала тапсырыс




 

Мақалаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақаланың көлемі кестелерді, әдебиеттер тізімі мен безендірулерді қоса алғанда 5-6 беттен аспауы тиіс.

Мақалалар MS WORD пішімінде электронды түрде (иілгіш дискіде немесе (attachment) файлмен қосылған электронды почта арқылы) және басылған көшірме түрінде ұсынылады.

Мәтін А4 (210×297 мм) пішіміндегі парақтарда дәлдігі жоғары принтерде (300-600 dpi) басылады, жиектері: үстіңгі жағы 20 мм, төменгі жағы 20 мм, сол жағы 30 мм, оң жағы 20 мм. Парақтарды көлденең орналастыруға болмайды.

Times New Roman қарпі қолданылады, биіктігі: жай мәтін 11 пт, тақырып атаулары 12 пт. Тақырып атауларына (1, 2 тақырып) стилін қолдануды және оны жай мәтінге, кестелерге және суреттердің астындағы жазуларға қолданбауды өтінеміз.

Мәтін бір жол аралығы арқылы басылады, азатжолдар арасында – бір бос азатжол немесе азатжол алдындағы аралық 1,27см.

Сол жақ жоғары бұрышта УДК индексі көрсетілуі тиіс. Мақаланың атауы төменде бас әріптермен жазылады. Атаудан кейін 1 жол аралығынан соң авторлардың аты-жөні, кейіннен 1 жолдан соң өздері жұмыс істейтін ұйымның атауы, қала жазылады. Бұдан кейін орыс тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және summary , қазақ тілінде жазылған мақалаларға резюме и summary , ал ағылшын тілінде жазылған мақалаларға түйіндеме және резюме курсивпен жазылады. Кейіннен бір жолдан соң негізгі мәтін басылады. Пайдаланылған әдебиеттер негізгі мәтіннің соңында бір жол тастап келтіріледі. Мақаланың соңында ұсыныстар келтірілуі тиіс.

Мақаланың мәтіні (беттердің номерлерін көрсетпей) және сұранымы tasybaeva_s@mail.ru электронды пошта адресіне немесе электронды түрде дискіде ұсынылады (файлдардың аталуында бірінші автордың аты-жөні тұру қажет және сұраныммен бірге бір файл боп беріледі). Авторлардың саны 3 адамнан аспау қажет. Еңбектердің жиынтығы тура көшіру әдіспен жинақталады. Көрсетілген мерзімнен кейін берілген немесе талаптарға сай емес материалдар баспаға ұсынылмайды және қайтарылмайды.



Сондықтан жоғарыда аталған талаптарға сай сарапталған материалдарға мұқият көңіл аударуыңызды сұранамыз, себебі аударылған төлем ақылар қайтарылмайды

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:


УДК (10 пт)
Инновационные подходы в обучении: теории и методики обучения

(11 пт)
Б. Асанов (11пт)

к.п.н, доцент (10пт)

ЮКГУ им. М. Ауезова, Шымкент, Казахстан (10пт)


Түйін (10пт)
Summary (10пт)
Основной текст доклада (11 пт)

-------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



Литература (11 пт)
1

2


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет