Мұғалім: Мусина Д. Б. Сынып: 5 а 2022-2023 оқу жылы Тақырыбы


Жүрісті реттеп отыратын адам?



бет2/3
Дата15.06.2023
өлшемі180.84 Kb.
#475091
1   2   3
Жол белгілері және олардың қолданысы

1.Жүрісті реттеп отыратын адам?
(жол реттеуші)
2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек?
(келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)
3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)
4.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?
(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)
5.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)
6.Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол
арбамен қалай жүру керек?
(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)
7.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?
(103 – жедел жәрдем шақырып,1 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)
8.Транспорт құралы дегеніміз не?
(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)
9.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?
(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған машинаға мән бермейді)
10.Қандай жол белгісі велосипедпен жүруге тыйым салады?(қызыл дөңгнлектің ішінде велосипедтің суреті бар)
Сөйлейтін белгілер
Ескерту белгісі: Қып-қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.
Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет