3 мин
15-05
|
Сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырып,
қызығушылықты ояту.
«Көрінбейтін сиқыршы» деген ертегі тыңдап көрейік!
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайыңда екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. Ол не? (ауа)
«Бұл сұрақ болса, жауап қайсы» әдісі бойынша оқушыларға бірнеше сұрақ қоя отырып, сұрақтың жауабы ауа екенін таптырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын айтып, оқушылармен бірге сабақтың мақсатын шығарып таныстару.
Мақсаты: жұмбақ шешкізу арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау. Сабақтың тақырыбы: «Ауасыз тіршілік жоқ». Осы тақырыпты меңгеру үшін қандай мақсат қояр едіңдер? Сабақ мақсатын шығару.
«От шашу» әдісі арқылы бағалау
|
|
«Көрінбейтін сиқыршы» ертегісі
|