Мұғалімнің аты-жөні


Оқылым алдындағы тапсырма



бет2/2
Дата10.04.2023
өлшемі85.43 Kb.
#472029
1   2
Баяндама Ыбырай ізбасарларыСагиева Айгуль Кадировна

Оқылым алдындағы тапсырма: Оқушылар әңгіме атауына қарап, мәтіннің не туралы екенін болжайды. Ы.Алтынсарин. «Салақтық» әңгімесі.
Мәтіннің мазмұны мен жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу тәсілі арқылы сұрақтарға жауап беріп, басты тірек сөздерді табады. Бір оқушы дауыстап оқиды, оқушыларға қиын сөздердің мағынасын түсіну үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудартады.(мешер, тұла бойын, былғаныш, душар болмас едің, сияқты сөздердің мағынасын түсінеді).
1. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу тәсілі арқылы дұрыс жауабы бар сөйлемді табады. Мазмұн бойынша сұрақтар:
- Мәтіндегі кейіпкерлерді атаңыз.
-Кәрім кім?
-Қасында жүргендер Кәрімге қандай ақыл айтты?
-Кәрім ауруханаға не үшін жатты?
-Ауру қалса да, әдет қалмайды дегенді қалай түсінесің?
2. Мәтін мазмұнындағы басты идеяны көрсететін тірек сөздерді табыңыз:
А. Жұмысқа тәуір, өзі мешер Кәрім.
В. Қасындағы жолдастары.
С. Ақылды тыңдамаған Кәрім.
D. Қотыр мен шиқаннан құрысып қалған Кәрім.
Е. Жаман әдет. (Кәрімнің өлімі).
3. Дұрыс жауабы бар сөйлемді көрсетіңіз:
А.Кәрім деген мешер, өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, таза жүреді.
В. Кәрім деген мешер, өзі жұмысқа тәуір жігіт те болса, жуынып, кірсіз көйлек киіп, таза жүрумен ісі жоқ еді.
С. Ауруханада жатып емделіп, жуынып жүретін болды.
D. Емделіп шыққаннан кейін, басқа зауытқа жұмысқа тұрады. Сол зауытта қолын жумай, бұрынғы әдетінше нан жеді. Нанға у жағылып, Кәрім көп ұзамай жан тапсырды.
4. Мәтіннен мына сөздердің синонимін табыңыз: жан тапсырды- былғаныш - үнемі –...........
(Жан тапсыру, дүниеден озу, о дүниелік болу,қайтыс болды, демі үзілді), (Былғаныш –кір, лас, арам), (Үнемі, әрдайым, күнде).
Оқылымнан кейінгі тапсырмалар: Тапсырмалар мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары ретінде құрастырылды. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай етіп ұйымдастырылды. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алады. Қазіргі пандемия кезіндегі талап етілетін тазалықтың бастысы-қолды үнемі сабындап жуу. Осы арқылы короновирустан сақтанудың алғы шарты қалыптасатындығын да оқушылар айтып өтеді. Оқушылар жұптарға бөлінеді. (Мұғалім сөздік қоры аздау оқушы мен сөздік қоры молдау оқушыны жұптастырады. Жұпта сұрақтарды өзара талдайды).
Сондықтан қазақ тілі сабағында оқылым дағдыларын дамыту үшін тапсырмаларды жүйелі құрастырудың маңызы зор. Оқылым дағдыларының ерекшеліктерін меңгеру –оқушылардың оқу сауаттылығын арттырады.
Баяндаманы қорытындылай келе, Ыбырай Алтынсарин мұрасының өлмес, өшпес мұра екендігін айтқым келеді. Қараңғы қазақ көгінде шырақтай жанған, білім мен ғылымның, тәрбие мен өнердің шамшырағы атанған Ыбырай Алтынсариннің мұраларын сақтап, құрметтеп, ұрпақтан ұрпаққа жалғастыру – біздің тарих алдындағы, әдебиет алдындағы азаматтық, һәм адамзаттық парызымыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. «PISA халықаралық зерттеуін жүргізу аясында оқушылардың фунционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктіліктігін арттыру курсы бойынша типтік оқу бағдарламасы

  2. ҚР БҒМ «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ. PISA-2018 / Компьютерлік формат халықаралық зерттеуі құралдары. Астана, 2016 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет