Мұғалімнің жеке тұлғасы – кәсіби қызметінің негізі өзегі



бет2/2
Дата06.12.2022
өлшемі23.41 Kb.
#466584
түріБағдарламасы
1   2
пед шеберлік №1

Қызығушылықтарын ояту.
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады. Мысалы: "Шаттық шеңбері", "Тілекті тізбек", немесе қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды өтілетін сабаққа тарту.
Бұл әдістер дәстүрлі оқыту жүйесіндегі "Кім кезекші?", "Сабақта кім жоқ, неге жоқ?", "Бүгін қай күн?" сияқты қатаң сұрақтарды алмастырып, керісінше, сыныптың тынысын бірқалыпты жайландыруға, жағымды ахуал туғызуға бағытталады.
Қазіргі заманғы мұғалім үшін оның мамандығы - өзін-өзі іске асыру мүмкіндігі, қанағаттану мен жұртшылықтың тану көзі.
Қазіргі заманғы мүғалім - жадырап күле алатын және төңірегіндегінің бәріне қызыға қарайтын адам. Өйткені әзірше бала мұғалімге қызыға қарайды, сондықтан да мектеп өз тұғырынан түскен жоқ, әлі де өз орнында, әлі де жасай береді.
Бүгінгі мектепте оқытудың жаңа моделінің алдына қойылып отырған басты міндеттер:

  • оқушыны «дайын білімді алушы» енжар қалпынан оны танымдық процестің белсенді субьект күйіне көшіру;

  • жалпы орта білім берудің құрылымы мен мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне әрі белгілі бір білім деңгейіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келтіру;

  • оқу-тәрбие процесінің көмегімен оқушыларды жаппай әлеументтендіруді қамтамасыз ету;

  • мектеп бітірген түлектердің жеткен деңгейін, олардың дара қасиеттерін құзырлықтар түрінде болжау т.т.

Қазіргі заманғы жағдайларда жұмыс істеу үшін оқытушы не білуге тиіс? Санамалап айтсақ, келесі бес құрал педагогтың бес қаруы десе де болғандай:

  1. Менеджмент ғылымы (басқару ғылымы);

  2. Психология (білім беру - оқыту және тәрбиелеу процесін психологияландыру жүріп жатыр);Егер біз оқушының субъектісін, жеке тұлғасын нысаналасақ, біз оны жақсы білуге тиіспіз;

3. Экономика (экономиканың қажеттіліктерінбілу; мектепте қандай адам даярлау керекекенін білу);
4. Информатика (дербес компьютердіпайдалану);
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны сабақта кеңінен қолдану (Internet желісін пайдалана және іздей білу, электронды оқулықтарды қолдану, флипчарттарды игеру)
Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:«Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізудің негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат ғылыми технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асуы мүмкін»деген сенімі жай айтылған сөз емес.
Қазіргі таңда техниканың дамыған заманында барлық мекемелер, мемлекеттік органдар, коммерциялық ұйымдар, оқу орындары, мектептер толықтай компьютерлік техникалармен жабдықталған десем, артық болмас. Бастапқыда компьютердің қай жағынан келуді білмей жаңа техниканы жатырқап жүргендер қазір оның құлағында ойнайтын болды. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында тағы да: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі -тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз», - деп атап көрсетті. Бұл биік мақсатқа жету үшін біз дәстүрлі оқытудағы оқу сапасын тек қана білім, білік және дағдыға біріктіріп бағалаудан бас тартуымыз керек. Осы ескіше үрдіспен білім сапасы деңгейінің кейбір бөліктерін толығымен анықтай алмағандықтан, оқушының іс-әрекетін дұрыс бағаламау туындайды. Ал бұл өз кезегінде оқушының оқуға деген қызығуының төмендеуінің бір себебіне айналады.
Үнемі жаңару үстіндегі педагогикаға мұндай өзгеріс қалыпты болса керек. Өмір өзгереді, балалар өзгереді, педагогика өзгереді. Ескісі немесе жаңасы болсын, әрбір әдістеме өз шегіндегі жағдайларда жақсы, сол шекті жағдайлар өзгерсе, педагогиканың әдіснамасы да өзгереді, ал жақсарулардың шегі жоқ екені белгілі.
Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отаңдық, әрісі әлемдік педагогика мектептері мен бағыттарының жаңашыл ізденістерге толы тың үрдістерінен оқып үйренеміз. Өйткені, қоғам дамуының ең басты шарты шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек, сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесінде адам факторы және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемасын күрделендіріп отыр. Осыған байланысты қазіргі заманғы мұғалімге жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыруда талмай іздену мен жаңалықтан қалмау.
Қорыта келгенде жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет