Мұғалімнің жобалау зерттеу іс-әрекеті Жоспар


Жобалау әрекетінің нәтижесін талдау



бет2/5
Дата24.02.2022
өлшемі33.31 Kb.
#455718
1   2   3   4   5
Мұғалімнің жобалау зерттеу іс (2)

Жобалау әрекетінің нәтижесін талдау.
Білім саласындағы кез келген жобалау әрекеті адамдарға және олардың қарым- қатынастарына әсер етеді. Осыған байланысты бағалаудың көрсеткіштерін таңдаудың қиыншылықтары пайда болады. Осы мәселелерді төмендегідей қарастырайық:
1. Жобалау іс-әрекетін бағалауға кімдер қатысады?
Ең алдымен, оны жүзеге асырушы тұлғалар. Бірінші жағдайда - оқушылар; студенттер, біліктілігін жоғарылату жүйесін тыңдаушылар; Екіншісінде – білім менеджердері. Үшіншісінде – педагогтар, методистер, ғалымдар. Жобалау нәтижесінде олар үшін не қажет, не қызық жасқа , тәжірибеге және қызметке тәуелсіз бе? Әрине, нәтиже сапасы және жаңа дағдылар, ептіліктер, алынған білімдер.
Бұл жобалау іс- әрекетінің қатысушылары. Олар үшін педагогикалық мақсатқа жету маңызды.
Сонымен қатар, тәуелсіз эксперттер, бақылаушылар да жатқызылады. Олар жобалаудың нәтижесін , жобалау қатысушыларының қарым-қатынасындағы өзгерістерді кәсіби бағалауға қабілетті болады. Соңында оған қолданушылар мен тұтынушылар жатады. Оларға оқушылар, студенттер, ата аналар және жобалау аймағына енген тұлғалар жатады. Олардың бағалауы эмоционалдық-талғамдық сипатта болады, дегенмен ол да өте маңызды, себебі бұл жобалаудың нәтижелерінің әлеуметтік сұранысқа ие екендігін дәлелдейді. Желілік нәтижеге жеткен кезде, мысалы кері байланыс жүйесі веб- сайтты енгізу барысында, оны көптеген «кезедйсоқ» тұтынушылар бағалайды, яғни өзіндік плебисцитті енгізу.
Бағалудың әр түрлі тенологиялық варианттары болғандықтан жобалаудың ішкі, сыртқы, қоғамдық экспертизасына негізделеді.
Ғылыми- педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық жобалау нәтижелерін бағалайтын мамандарды таңдаудың болу көрсеткіштері қарастырылады. Б.С.Гершунскийдің көзқарасы бойынша арнайы әдістер арқылы анықтауға болатын біліктілік эксперт үшін маңызды сипаттама. Біліктіліктіліктің көрсеткіштеріне: жалпы эрудиция деңгейін, мәселеге байланысты білім тереңдігі, белгілі бір мөлшердегі хабардарлық, объективтілік, коммуникацияға қабілеттілік, жаңалыққа қызығушылықты және т.б., жатқызды.
Сонымен қатар, эксперттердің компетенттілігін олардың өзіндік қабілеттіліктерін, тәжірибесін, хабардарлылығын, өзін бағалау негізінде анықтауға болады. (В.М. Полонский).
Кейде эксперттерді жобаға қатысушылардың қалаулары бойынша таңдайды. әр түрлі нұсқалықтар бар, дегенмен сарапшылардың топтық құрамы құрылымдық сипаттамаға ие болуы керек. Осы топтың
2. Нені бағалаймыз және сараптаймыз?
Жобалаудың басында нені бағлау керектігін анықтау керек. Олар аралық немесе соңғы нәтижелер болуы мүмкін. Бағалау тек жобалау нәтижесімен байланысын анықтау керек.
3. Жобалаудың нәтижесін бағалау үшін қандай іс-әрекеттер жасалынуы керек?
Ең алдымен рефлексивті және бағалау әрекетімен байланысты әрекеттер ( сараптамалық бағалау, өзара бағалау, өзін- өзі бағалау, рейтингтік бағалау) бағалауға қатысушылар осы әрекеттерді меңгеруі керек.
Нәтижені бағалаудан бұрын оның әлеуметтенуі жүреді, яғни бұқаралық жариялануы. Бұл жағдай міндетті, себебі жобалау әрекеті сипатқа ие.
Жоба әрекеттің нәтижесі ретіндетематикалық баяндама, компьютерлік презентация, шығармашылық есептеме, семинар жобаны қорғау, жарнамалық акция түрінде түсіндіріледі.Ең алдымен, аудиторияның рөлдік бағыты мен құрамын, масштабын анықтау қажет. Сонымен бірге, жоба түрі, нәтижені көрсету формасы және оны бағалау әдістері құрылымдық- мәндік байланыста сәйкестелуі керек. Мысалы, театр жобасы бес балдық жүйе бойынша, қатысушылардың эмоционалдық сезімін бейнелейтін түрлі түсті тест негізінде бизнес жобаны бағалау дұрыс емес.
4. Жобалау әрекетін бағалаудың көрсеткіштеріне нені жатқызамыз?
Нәтижені талдаудың келесідей көрсеткіштер тізбегін бөлуге болады:
Жобалау мақсатының жүзеге асуы. Осы көрсеткіш алынған нәтиженің күтілген нәтижеге сәйкестілігін, сапасының талаптарға сай болуын, барлық мәселелердің шешілгендігін бағалауға мүмкіндік береді.
Жобалау контекстіне сәйкестілігі. Бұл көрсеткіш жоба нәтижесін объективті «енгізілетін» ортаның, кеңістіктің табиғатын сәйкестендіру үшін керек. Алынған нәтиже қоршаған ортаға, адамдардың денсаулығына және іскерлік қарым-қатынастарға зиян келтірмеуін анықтау керек, яғни нәтиженің қаншалықты «экологиялық» екендігін анықтау қажет.
Егер бағалау «жобалау контекстіне сәйкестілік» шарты бойынша жүзеге асырылса, онда көрсеткіштер осы контекстің алғашқы таңдаулардың негізінде алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет