Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу



Дата28.06.2016
өлшемі100 Kb.
#163837
Аудан әкімдігінің

2011 жылғы « »______№___

қаулысына 8 қосымша
Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Негізгі ұғымдар
Пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамалары.

Кресло-арба-бұл мүгедектердің белсенді және еншар қозғалуы үшін техникалық көмек көрсетудің түрі, арнаулы құрал – жабдық.

Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі- әкімдіктің 2005 жылғы, қантардың 6-дағы №40 қаулысымен бекітілген “Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімі” ММ-і туралы Қағидасы негізінде міндетті іске асырушы заңды тұлға (бұдан әрі-уәкілетті орган);

мемлекеттік жәрдемақы алушы (бұдан әрі –тұтынушы) – мемлекеттік қызмет көрсететін жеке тұлға.


1.Жалпы ережелер.
1.1.Мемлекеттік қызметтің құқықтық –нормативтік анықтамасы.

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу – бұл мемлекеттік қызмет, кресло-арбамен қамтамасыз етуге – бағыттау ретті- Қазақстан Республикасы заңнамасында бекітілген.

1.2 Мемлекеттік қызметті ұсынатын үәкілетті органның мекенжайы:

Переметный ауылы, Гагарин көшесі, №82-үй, 5 кабинет, тел:871130-22-072, электрондық адресі:zelrozisp@mail.ru.

1.3 Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтырылмаған.

1.4 Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізі:

Мемлекеттік қызмет “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы” Қазақстан Республикасынын 2005 жылғы 13 сәуірдегі Занының 22- бабы 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдесіндегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді арнаулы жүріп тұру құралдарымен қамтамасыз ету ережесінің негізінде ұсынылады.

1.5. Тұтынушы алатын мемелекеттік қызметтің нәтижесі және берілетін нысаны: өтініш беруші алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі кресло- арба беру үшін құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелді жауап болып табылады.

1.6. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде мемлекеттік органдардың қатысуы қарастырылмаған:

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар.
2.1 Уәкілетті органның орналасқан орны мен жұмыс кестесі туралы ақпарат:

Уәкілет органының орналасқан осы “Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеуінде" мемлекеттік қызмет көрсету регламентінің № 1-ші қосымшасында көрсетілген.

Уәкілетті органының жұмыс кестесі: күн сайын сағат 900 тен 1800 ге дейін, түскі үзіліс сағат 1300 тен 1400 ке дейін, демалыс (сенбі, жексенбі) және мерекелер күндерден басқа.

Қабылдау алдын - ала жазусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз сағат 9 00-дан 1800-ге дейін жүргізіледі.

2.2 мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпарат алу тәртібі:

Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық мәлімет және қажет құжаттар Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министірлігінің интернет – қорында орналасқан: http://www.enbek.gov.kz., уәкілет органының ақпараттық қабырғасында, ресми мәліметтер деректемесінде.

2.3 Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде уәкілет органы қатысады.

Уәкілетті органның бас маманы тұтынушының барлық қажетті құжаттарымен өтінішті қабылдайды, көшірмесінмен түпнұсқасымен салыстыра тексереді, тіркейді және тұтынушыға тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алу күні көрсетілген талон береді сондай-ақ құжаттарды рәсімдеу туралы хабарлама хат дайындайды, немесе рәсімдеуден бас тартады.

Уәкілетті органының бастығы хабарландыру хатқа қол қояды.

Хабарландыру хатты бас маман уәкілетті органға тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

2.4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері осы регламенттің 3.2 тармағында белгілінген қажеті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күні ішінде;

Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілген мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уакыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады.

Тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат берілген ең көп уакыты 15 минуттан аспайды.

2.5 Мемлекеттік қызмет көрсетуден келесі негіздер бойынша бас тартылады.

1) тұтынушының мүгедектердің кресло-арбамен қамтамасыз етілуіне қарсы медициналық көрсетілімдері болғанда;

2) аталған мемлекеттік қызметті көрсету қажетті құжаттардың біреуі болмаған, құжаттарды рәсімдеуінде кателіктер анықталған кезде;

3) жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынылғанда бас тартылады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

2.6 Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алуға сұраныс алынғаннан оның нәтижесі берілгенге дейін мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңі:

1. қабылдау, құжаттарды тіркеу, талон беру

2. құжаттарды рәсімдеу, құжаттарды рәсімдеу немесе рәсімдеуден бастарту туралы хабарлама хат дайындау.

3. хабарлама хатқа қол қою.

4. тұтынушыға құжаттарды рәсімдеу немесе рәсімдеуден бастарту туралы хабарлама хат тапсырылады, уәкілетті органға тұтынушының өзі келгенде, сондай-ақ пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

2.7 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды жүргізетін тұлғалардың ең төменгі санын көрсету бойынша талаптар:

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдауды бір адам жүргізеді.


3. Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісіндегі іс-әрекеттердің

(өзара іс-қимыл) сипаттамасы.
3.1 Кіріс – корреспонденциясын рәсімдеу және оның мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуын (мәлімдемесін) қабылдау (тіркеуі) бойынша ақпаратар алу тәртібі.

Тұтынушының мемлекеттік қызметке тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі мен аты – жөні көрсетілген талон беріледі.

3.2 Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды:

1. жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерін көрсете отырып, белгіленген үлгідегі өтінішті, әлеуметтік жеке кодының нөмірін ( жеке сәйкестендіру нөмірі болғанда);

2. мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасын;

3. жұмыс беруші- жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлға таратылған жағдайда жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болғандар үшін-жазатайым оқиға туралы актінің көшірмесін және жұмыс берушінің –жеке кәсіпкердің қызметінің тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы құжатты ұсынады.

Құжаттардың көшірмелері мен салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары беріледі, кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Мүгедектің өзінің баруға мүмкіндігі болмаған жағдайда, нотариалды куәландыру талап етпейтін сенімхат негізінде кресло-арба беруге өтініш жасауға басқа адамдарға уәкілеттік бере алады.

3.3 Ақпараттық қауіпсіздік талаптары: ақпараттардың сақталуын, қорғалуын, құпиялылығын қамтамасыз ету.

3.4 Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінде қатысатын құрылымдық – функционалды бірліктердің саны және сипаттамасы (бұдан әрі – ҚФБ) (ҚФБ- бұл мүдделі органдардық жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелді немесе олардың ішкі жүйелері).

1. Бас маман-ҚФБ-1;

2.Басшы-ҚФБ-1;

3.5 Әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (үрдістер) мәтіндік кестелік сипаттамасы.ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» осы регламенттің 2-ші қосымшасының 1,2,3 кестелерінде келтірілген.

3.6 мемлекеттік қызмет көрсету үрдесіндегі ҚФБ өзара іс-қимыл схемасы және қисынды реттілігі,осы «Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенттің 4-ші тармағында сипаттамаға сәйкес 3-ші қосымшасында көрсетілген .
4. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды

тұлғалардың жауапкершілігі.
4.1.Уәкiлеттi лауазымды тұлғалардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдемдесетiн мемлекеттiк органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмiрлерi, электронды почтаның мекенжайлары, осы регламенттің 1 қосымшасында көрсетiлген.

4.2.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудi ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкiлеттi органның басшысының атына берiледi.

4.3.Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның көрнекi жердегi стендiлерiнде көрсетiлген уәкiлеттi орган басшысының атына берiледi, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректерi осы регламентте 1-қосымшада көрсетiлген. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi осы стандарттың 2.1.- тармағында көзделген жұмыс кестелерiне сәйкес белгiленедi.

4.4.Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4.5.Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, почталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиiс. Шағым берген кезде әрекетiне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтiнiш себебi мен талаптары көрсетiледi.

4.6.Жазбаша шағыммен жүгiнген тұтынушыға жауап алатын күнi және уақыты, өтiнiштi қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.

4.7. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мекен жайы Зеленов ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі 82, сонымен қатар интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz. ала алады.

«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшiн оларға құжаттарды ресiмдеу»  мемлекеттiк қызмет регламентіне 1-қосымша           

 

Уәкiлеттi органдардың мекенжайлары мен байланыс деректерi


Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5




Зеленов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Зеленов ауданы, Переметное ауылы, Гагарин көшесi, 82 zelrozisp@mail.ru

8-71130 2-20-70

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

“ Мүгедектерге кресло-арбаларды

беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу "

мемлекеттік қызмет көрсету

регламенті. 2-қосымша
1-кесте ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы.





1 іс-әрекетінің(барасы,жұмыс ағыны)

1

2

3

4




ҚФБ атауы

Уәкілет органының бас маманы

Уәкілет органының бас маманы

Уәкілет органының басшысы

Уәкілет органының бас маманы




Іс-әрекетінің (үрдістің,рәсімнің,операцияның атауы және олардың сипаттамасы)

барлық қажетті құжаттарымен арызын қабылдайды, түпнұсқасымен көшірмесін салыстырад, тұтынушыға құжаттардың түпнұсқасын қайтарат, мемлекеттік қызмет тұтынушының құжаттарын рәсімдейді және құжаттарды тіркеп, тіркелген күні мен талон нұсқауын береді

құжаттарды рәсімдейді. құжаттарды рәсімдеу немесе рәсімдеуден бастарту туралы хабарлама хат дайындау.


хабарлама хатқа қолқойылат

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге құжаттарын ресімдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген қағаз жеткізгіштегі жауап болып табылады.





Аяқтау нысаны ( мәліметтер ұйымдастыру-реттеу шешімі)

талон

хабарлама хат

хабарлама хат

хабарлама хат




Орындау мерзімі

15 минут

8 дней

45 минут

1 день




Келесі іс – әрекетінің нөмірі

2

3

4





2-кесте. Пайдалану нұсқасы.

Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды рәсімдеу " туралы шешім бекітілген жағдайда





Уәкілет органының бас маманы

Уәкілет органының басшысы

1 іс-әрекет

Барлық қажетті құжаттарымен арызын қабылдайды, түпнұсқасымен көшірмесін салыстырад, тұтынушыға құжаттардың түпнұсқасын қайтарат, мемлекеттік қызмет тұтынушының құжаттарын рәсімдейді және құжаттарды тіркеп, тіркелген күні мен талон нұсқауын береді



(15минут)

3 іс-әрекет
Хабарлама хатқа қолқойылад

(45 минут)

2 іс-әрекет

Құжаттарды рәсімдеу.Санатория-курортық емделуге құжаттарды рәсімдеу

туралы хабарлама хат дайындау.

(8 күн)





4 іс-әрекет

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі өтініш берушіге құжаттарын ресімдегені туралы хабарламаны өзіне немесе уәжделген қағаз жеткізгішінен жауап жіберіледі.



(1күн)





3-кесте. Пайдалану нұсқасы.

Балама үрдіс-“ Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды

рәсімдеу "- туралы шешім бекітілген жағдайда.


Балама үрдіс(барысы,жұмыс ағыны)

Уәкілет органының бас маманы

Уәкілет органының басшысы

1 іс-әрекет

Барлық қажетті құжаттарымен арызын қабылдайды, түпнұсқасымен көшірмесін салыстырад, тұтынушыға құжаттардың түпнұсқасын қайтарат, мемлекеттік қызмет тұтынушының құжаттарын рәсімдейді және талон береді ...



(15 минут)

3 іс-әрекет
Хабарлама хатқа қолқойылад
(45 минут)

2 іс-әрекет

Құжаттарды рәсімдеу.

Рәсімдеуден бастарту туралы хабарлама хат дайындайындайды()

(8 күн)





4 іс-әрекет

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің

нәтижесі өтініш берушіге құжаттарын ресімдеуден бас тарту туралы хабарлама хатты тұтынушының өзінен немесе уәжделген қағаз жеткізгішінен жауап жіберіледі.

(1күн)





“ Мүгедектерге кресло-арбаларды беру

үшін оларға құжаттарды рәсімдеу "

мемлекеттік қызмет көрсету

3-қосымша


Функционалдық диаграмманың өзара әрекетті

ҚФБ1,ҚФБ2,









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет