Мұхтар Омарханұлы Әуезов



бет4/5
Дата07.12.2022
өлшемі2.3 Mb.
#466721
1   2   3   4   5
3dd0fe98-a4de-405a-a8d9-48650f1bc606

Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: ауыл өмірі («Хат», «Бақыт кілті», «Қаскелең», «Өмірге жол», «Агроном көктемі»т. б.); елімізге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған («Батыр Әли», «Ақын тағдыры», «Кремль сақшысы» т. б.); елді, жерді қорғау, отансүйгіштік, ерлік тақырыбы («Ажалды жеңген алыптар», «Батырлар дастаны», «Уборщица» т. б.); халықтардың достығы тақырыбы («Берлин көшесінде», «Испания», «Қараңғытүнде», «Рейн жағасында» т. б.).

Ақын поэмаларында қазақ халқының күрес жолындағы өмірі («Қара қыз», «Қанды жазу», «Терең толқын») мен кеңес адамдарының тыныс-тіршілігі («Күзетте», «Дария сыры», «Балдақты Оспан», т.б.) суреттелген. «Ақын тағдыры» поэмасын Сәкен Сейфуллиннің азаматтық, ақындық келбетін ашуға арнаған. Ақынның «Біздің Сәуле», «Тап қорғаны», «Буденный маршы», «Бір, екі, үш», «Қош аман бол», «Күт мені», «Сүйген жарға», тағы басқа лирикалық өлеңдері әнге арналған. Таңдамалы шығармаларының жинақтары жарық көрген.

Асқар Тоқмағамбетов ақындығының жемісті саласы - оның сатиралық туындылары. Ол қазақ әдебиетіндегі сатиралық поэзияның негізін қалаушы, оны қалыптастырып, дамытушылардың бірі болды. Оның өткір тілді сықақөлеңдері, фельетоңдары, мысалдары қоғамдағы, адам бойындағы қайшылықты құбылыстарды сынап, әшкереледі. «Күлкі-сықақ» жинағы, «Ұйықтаған бастық», «Соқа мен Қостамбаев», «Бір мылжыңның баяндамасы», «Мылжыңның бет-аузы», «Желіккен жеңгейлерге», «Кәрі жезде», «Бидай мен қаңбақ», «Сауысқан», «Мысық пен шыбын», тағы басқа туыңдыларында ақын адам бойындағы ұнамсыз қылықтар мен өмірдің көлеңкелі тұстарын дөп басып, бейнелеп суреттеуде шеберлік танытты. Асқар Тоқмағамбетов проза жанрында да жемісті еңбек етті. Ыбырай Жақаев өмірін бейнелеген «Қыран тұғырдан ұшады» ( О.Бодықовпен бірге), Сыр өңірі қазақтары тұрмысынан жазылған «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», Қазан төңкерісі қарсаңындағы ауыл өмірін суреттеген «Ақмоншақ» повестерін жазды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет