Microsoft Excel бойынша бастапқы курс



жүктеу 351.88 Kb.
бет1/8
Дата14.06.2016
өлшемі351.88 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Microsoft Excel бойынша

бастапқы курс

Мазмұны
1 бөлім. Сандар мен мәтінді енгізу



1 бөлім. Сандар мен мәтінді енгізу 3

Microsoft Office батырмасы 3

Тез қолжетімділік тақтасы 3

Атаулы тақта 3

The Ribbon (сызық) 3

Жұмыс беттері 4

Ұяшық 4

Формулалар жолы 5



Қалып-күй жолы 5

Беттер бойынша ауысу 5

Мекен-жай аймағы 6

Ұяшықтарды таңдау (ерекшелеу) 6

Ұяшықтарға мәліметтерді енгізу 6

Ұяшықтағы мәтінді бөлу 7

Құжаттарды сақтау 7

Құжатты жабу 8

2 бөлім. Ұяшықтарға формулалар енгізу және форматтау 10

Қосу 10


Алу 11

Көбейту 11

Бөлу 11

Автоқосынды 12



Автоматты есептеу 12

Ұяшықтарға мәліметтерді орналастыру 13

Математикалық есептеулерді орындау 14

Көшіру, қиып алу, қою және ұяшықтарды адрестеу 15

Жолдар мен бағандарды қою және өшіру 20

Жиектерді құру 21

Орта бойынша біріктіру және түзету 22

Ұяшықтарды бояу 23

Қаріпті, оның өлшемін және түсін өзгерту 24

Жаңа бетке ауысу 26

Ұзақ мәтінмен жұмыс 28

Бағанның ұзындығын өзгерту 28

Сандар пішіні 29

3 бөлім. Функцияларды қолдану, ұяшықтарды толтыру және басып шығару 30

Функциялар 30

Ұяшықтарды автоматты түрде толтыру 33

Колонтитулдарды құру 35

Басып шығару параметрлері 36

Басып шығару 38

1 бөлім. Сандар мен мәтінді енгізу


Microsoft Excel – бұл электрондық кесте. Осы бағдарламаны қолдана отырып, мәліметтерді жолдар мен бағандар түрінде жасауға болады. Сонымен қатар, математикалық есептеулерді жүргізу үшін қолдануға болады.

Осы сабақта Excel терезесімен таныс боламыз. Сабақты бастау үшін Microsoft Excel 2007-ні қосыңыз. Бағдарламаның жұмыс терезесі төмендегі суретте көрсетілгендей болады.



1 сурет. Бағдарламаның жұмыс терезесі


Microsoft Office батырмасы


Бағдарламаның жұмыс терезесінің сол жақ жоғары бұрышында Microsoft Office батырмасы орналасқан. Оны басқан кезде мәзірді көруге болады. Осы мәзірді қолдана отырып, жаңа құжаттың құрылуын, қолданыста бар құжаттың ашылуын, ағымдағы құжаттың сақталуын және көптеген тағы да басқа қызметтерді орындауға болады.

Тез қолжетімділік тақтасы


Тақта көп орындалатын командаларға қолжетімділік береді. Олар көбіне: құжатты сақтау, әрекетті кері қайтару және қайталау командалары.

Атаулы тақта


Атаулы тақтада бағдарлама ағымдағы құжаттың атауын көрсетеді.

The Ribbon (сызық)


Сызық бағдарламаның жұмыс терезесінің жоғарғы жағында орналасқан. Оған әртүрлі белгілері бойынша көптеген командалар бөлек-бөлек орналастырылған. Командалардың біреуін орындау үшін тышқанның белгісін жақындатып, сол жақ батырмасын басыңыз. Стандартты командалардан басқа, сызықта мәзірді шақыру және диалогтік терезе командалары да бар. Ол белгі әр бөліктің оң жақтағы төменгі бұрышында орналасқан (суретті қараңыз).


Закладка



Командалар



Туралау

Диалогтар терезесі

Жұмыс беттері



Microsoft Excel бағдарламасында құрылған құжат – жұмыс кітабы деп аталады және ол беттерден тұрады. Әрбір бетте бағандар мен жолдар бар. Бағандар А-дан Z-ке дейінгі, одан кейін АА, АВ, АС және т.б. әріптермен, жолдар 1-ден 1 048 576-ға дейінгі сандармен белгіленген. Бағандар мен жолдар саны сіздің компьютеріңіздің жадымен және жүйе ресурсымен шектелген.

Ұяшық


Ұяшық – бұл бағандар мен жолдардың қиылысы (А1 – бұл А бағаны мен 1 жолдың қиылысу орны). Бағанжар мен жолдар координаталарының қосындысы ұяшықтың адресін береді, сонымен қатар ол ұяшықтың атауы деп аталады. Мысалы, сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан ұяшықтың адресі А1 болады. F13 ұяшығы F бағаны мен 13 жолдың қиылысу орнында болады. Жоғарыдағы суретке қараңыз.

Формулалар жолы


Егер формулалар жолы көрсетілсе, онда оң жақтан сіз ағымдық ұяшықтың адресін көре аласыз. Ұяшықтың құрамы формулалар жолының оң жағында көрінеді. Егер формулалар жолы көрсетілмесе, онда келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Түр жиынтығын таңдаңыз;

  2. Формулалар жолы командасының алдына түртпе қойыңыз.

Қалып-күй жолы


Қалып-күй жолы жұмыс терезесінің ең төменгі жағында орналасқан және сандар қосындысы, таңдалған ұяшықтар шегіндегі орташа, ең төменгі және ең жоғарғы мәндер секілді ақпараттарды береді. Сіз қалып-күй жолында көрсетілген ақпараттарды тышқанды сол жерге бағыттап, оң жағын басу арқылы шыққан мәзір ішінен қажетін таңдай отырып реттей аласыз. Қажет әрекеті таңдағаннан кейін оның алдында түртпе пайда болады, ол таңдалынған әрекеттің сол уақытта жұмыс жасап тұрғандығын білдіреді. Қайталап басқан уақытта түртпе жоғалып кетеді.


Беттер бойынша ауысу


Көрсеткіштері бар пернелер арқылы сіз беттер бойынша ауыса аласыз. Жоғарыны көрсететін перне арқылы курсорды бір ұяшық жоғары көтеруге болады және сол секілді тағы басқа бағыттарға да жылжытуға болады.

Оң бағытқа ауысу үшін [Tab] пернесін қолданыңыз, ал сол бағытқа ауысу үшін [Shift]+[Tab] пернелерін қатар басыңыз.

Бет бос болған кезде [Ctrl]+[→] пернелерін қатар басу арқылы курсорды жолдың ең соңғы бағанына, ал [Ctrl]+[↓] пернелерін қатар басу арқылы бағанның ең соңғы жолына апаруға болады.

  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет