Гиперсілтемелер – Интернеттегі WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқы, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады.
Год(дата), Месяц(дата), День(дата), ДеньНед (Дата;2) – сәйкесінше, жыл, ай, күн, апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі – дүйсенбіден басталған апта күндерін есептеу үшін қажет. Мысалы: =ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті апта күнін шығару.
ГРАДУСЫ (угол) – радианды градусқа айналдырады;
Грамматиканы тексеру – бұл хаттардың грамматикалық және стилистикалық ережелерін тексеру.
ЕГЕР (ЕCЛИ) (логикалық _ұғым; 1 мән; 2 мән) – 1 мән шешімі болса,онда логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2 мән ақиқат болады. Мысалы: A1 ұяшығында 30000 саны енгізілген, ал B1 ұяшығында =ЕСЛИ(A1
Емлені тексеру (емле) – бұл құжаттағы сөздердің жазылуын тексеруге және түзетуге мүмкіндік беретін редактор құралы. Редактор тексерілетін құжаттағы сөздерді сөздікпен салыстырады, бұл ретте белгісіз сөздер бөлінеді.
ЖӘНЕ (И) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;....) – егер аргументтердің барлығы АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”),кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;
ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ функциялары күрделі шарттарды құруға арналған;
ЗНАК (число) – санның таңбасын анықтайды: 1 – егер жұп сан болса; 0 – егер сан 0-ге тең болса; -1 – тақ сан болса;
Колонтитул-бұл мәтін немесе сурет (беттің нөмірі, құжаттың басып шығарылған күні, құжаттың атауы, автордың тегі, сурет және т.б.), ол құжаттың әрбір бетінің төменгі жағында немесе жоғарғы жағында басылады. Орналасу орнына байланысты (беттің жоғарғы немесе төменгі жағында) колонтитулдар жоғарғы және Төменгі болады.
КОРЕНЬ (число) – квадрат оң түбірді анықтайтын функция;
Құжатты пішімдеу - оның сыртқы түрін өзгерту. WORD құжаттарды бес түрлі деңгейде пішімдеуді қамтамасыз етеді.
Мазмұны – құжат тақырыптары тізімі.