Мəліметтер Базасы
Кез келген құрылымданған мəліметтер жинағы. Бұл терминмен
Maplnfo-да жеке файл немесе Maplnfo кестесі аталады.
Базалық карта
Əдетте бұл ең маңызды немесе картаның растрлық қабаты. (Maplnfo- да база рөлін жеке өнім ретінде ұсынылған мəліметтер қабаты атқарады). Тұтынушылар əдетте өз мəліметтерін базалық картаға «салады», сондай- ақ базалық картаны геокодтау немесе жаңа қабат құру үшін қолданады.
Базалық кесте
Тұрақты кесте, запрос кестесінен ерекшелігі осында. Базалық кестелерді редакциялауға жəне құрылымдарын өзгертуге (сипаттамасын жəне колонка реттілігін өзгертіп, колонка жəне графикалық нысандарды өшіреді) болады. Запрос терезесін қараңыз.
BITMAP растрлық картасы
Нүктелер немесе бит массивінен тұратын экрандық бейне. Компьютерлік бағдарламалар биттік файлдарды (растрлық) не нысандық- бағдарланған (векторлық) файлдарды қолданады. Maplnfo екі файл типтерімен де жұмыс жасай береді.
Буфер
Нысандардың кеңістік жақындығын талдау типтерінің бірі, онда картаның таңдалған нысаны айналасында зона құрылады, тұтынушы буфер формасын атрибуттар жинағы көмегімен анықтайды. Құрылған буфер таңдалған нысан айналасында берілген көлемде жолақты қамтиды.
Векторлық бейне
Графикалық нысандарды ұсыну үшін қолданатын координат мəндерінің жиынтығы. Əр нысан Х жəне Y координат жинағымен ұсынылады. Оның үстіне, нысан түрлі атрибуттармен салыстырылуы мүмкін. Растрлық бейнені қараңыз.
Орта өлшенген
Есептегенде түрлі индивидуалды мəндер түрлі коэффициентпен
(салмақпен) алынатын орта мəндер.
Таңдау
Көрсетуге не талдауға арналған мəліметтер жинағы. Дəл қазір қандай терезе ашық тұрғанына тəуелсіз таңдауды Таңдау командасы көмегімен жəне Сұрау менюінде SQL-сұрау арқылы жасауға болады. Тізім жəне Карта терезесінде таңдауды қосуға болады. Карта терезесінде кеңістік сипаттама негізінде нысанды таңдауға мүмкіндік беретін бірнеше құралды пайдалануға болады.
Формула
Екі бөліктен тұрады: I) колонка атауы немесе констант (яғни мəліметтер мəні) жəне 2) функциялар (мысалы, area) немесе операторлар (+, -, >), оларды қолдану нəтижесінде мəндердің мəліметтер базасы негізінде жаңа мəн алу болып табылады. Формула таңдау, SQL сұрау, Колонканы жаңарту, Шартты түрде белгілеу жəне Колонка бойынша жазу командаларында жұмыс жасайды.
Есептелінетін колонка
SQL-сұрауда жасалған кесте түріндегі колонкаларды атаймыз. Олар есептелінетін деп басқа кестеден тек қана көшіріліп қоймай, бірнеше формула мəндерін де қамтиды.
Есептелінетін өріс
Есептелінетін колонка сияқты.
Генерализация
Мəліметтерді қабылдау мен өңдеуді жеңілдету үшін жалпылау процесі. Мысалы, өзенде көптеген иілімдер болады, үлкен территорияны қамтитын шолу карталарында мұндай өзендер тік сызықпен белгіленуі мүмкін. Осыған ұқсас аудандық нысан болып табылатын қалалар шолу карталарында нүкте болып көрінеді.
Геоақпараттық жүйе (ГАЖ)
Географиялық немесе кеңістікте орналасқан мəліметтердің барлық типтерін тиімді құруға, өңдеуге, көрсетуге жəне талдауға арналған бағдарламалық жəне ақпараттық жүйе. ГАЖ басқа жүйелерде орындалуы күрделі кеңістікте талдаудың операцияларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Геокодтау
Х жəне Y координаттарын мəліметтер базасынан салыстыру процесі, яғни бұл жазбаларды картада графикалық түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Басты құралдар панелі
Негізгі құралдарды таңдауға арналған батырмалары, Maplnfo-ның басқа да басқару терезелеріне жəне маңызды диалогтарына шығуға жолы бар терезе.
Градустар (ондық)
Градустар (ендіктер жəне бойлықтар) – жер бетіндегі нүктелердің орналасуын көрсететін координаттар. Бойлық немесе X координаты бастапқы меридианнан батысқа қарай теріс мəнге ие болатын батыс- шығыс осін көрсетеді. Ендік немесе Y координаты экватордан оңтүстікке қарай теріс мəнге ие болатын солтүстік-оңтүстік осін көрсетеді.
Декарт координаты
Жазық бетте Х жəне Y координатын қолданатын координаттар жүйесі. Көптеген САПР аталған жүйені нысанды сипаттау үшін (мысалы, сызбаларда жəне қабаттық пландарда) қолданады. Ереже бойынша декарт координатының бір бұрышы 0,0 координатына сай келеді.
Ондық градус
Градус үлесінің ондық бөлігі. Көптеген қағаз карталарда координаттар градус, минут жəне секунд (мысалы, 40"30'10") түрінде көрінеді, минут пен секунд градус бөлігі болып табылады. 30 минут градустың бір бөлігі, ал 30 секунд – жарты минут. Maplnfo тек қана ондық градустарды (72.558 градус) қолданады, градус үлесі ондық бөлшек түрінде жазылады. 40 градус жəне 30 минут бойлық Maplnfo-да 40.5 градус болады.
Мəліметтерді детальдау
Картада нысандарды құрамдас бөліктерге бөлу кезінде орындалатын процедура. Maplnfo ұсақ нысандарды да олардың мөлшеріне қарай мəндерін есептейді.
Карта диапазоны
Тұтынушының енгізген диапазонына сай келетін мəндер түрлі шартты белгілермен бейнеленетін тақырыптық картаның типі.
Дигитайзер, планшет
САПР немесе ГАЖ пакетінде қағаз карталарды сандауға мүмкіндік беретін электрондық құрылғы. Дигитайзер қағаз карта жабыстырып қоятын планшет. Сандау тышқанды жылжыту көмегімен немесе тышқан
батырмасын басу көмегінмен іске асырылады. Сандаудың нəтижесі векторлық мəліметтер болып табылады.
Бойлық
Бойлық дегеніміз 0-ден (экваторда) 90 градусқа дейін (Солтүстік полюсте +90.0, Оңтүстік полюсте -90.0) мəндер салыстырылып қойылатын картадағы вертикальды сызықтар. Нысандардың орнын белгілеу үшін батыс-шығыс осінде қолданылады, орны градуспен белгіленеді.
Жазба
Бір нысан жайында кесте немесе мəліметтер базасы түріндегі ақпарат жинағы. Бір жазбаға тізім терезесіндегі бір қатар сай келеді.
Өзгеретін аудандар
Ары қарайғы əрекеттер орындалатын Аудандастыру терезесіндегі белгіленген аудандар.
Импорт
Басқа бағдарламамен жасалған ақпаратты файлдан бір бағдарламамен алу процесі.
Картаның индивидуалды мəндері
Тақырыптық ауыспалы жазбалар түрлі шартты белгілермен көрсетілген тақырыптық картаның типі.
Құралдар панелі
Түрлі батырмалары бар Maplnfо-ның арнайы терезесі, ол құралды тез таңдауға немесе команда орындауға мүмкіндік береді. Үш түрлі құралдар панелі бар:
негізгі құралдар бар басты панель (мысалы, Лупа, таңдау, Ақпарат, т.б.); сурет салу құралдары бар редакциялау панелі; өңдеу панелі, мұнда MapBasic бағдарламасын іске қосу жəне MapBasic терезесін Көрсету/Жасыру. Панелді жабуға жəне оның формасын өзгертуге болады.
Кадастрлық карта
Кейбір аудандарда жердің таралуын көрсетуге қолданылатын карта. Кадастрлыққа мысалы салық картасы жəне мүлікті бағалау картасы жатады.
Картография
Карта жасау əдістерін зерттейтін ғылым. ГАЖ-да бұл терминмен мəліметтерді визуалды көрсететін терминді атайды.
Команда
Менюдегі сөз немесе фраза, оны басқан кезде бірнеше диалогтар пайда болады немесе бірқатар əрекеттер орындалады.
Бақылау нүктелері
Растрлық бейне нүктелері, координаттары əлемдік координат пен карта координаттарын салыстыру үшін қолданылады. Тіркеуді қараңыз.
Координаттар
Декарттық жүйедегі Х жəнеY мəндері немесе əлемдік координаттар жүйесіндегі ендіктер мен бойлықтар. Координаттар картада нысандардың кейбір бастапқы нысандарға қатысты орналасуын көрсетеді. Əлемдік координаттар жүйесінде есептеудің басталуы ретінде экватор немесе Гринвич меридианы қолданылады. Жазық жүйелерде Х жəне Y коорди- наттар жүйесі кейбір бастапқы нүктелерден қашықтықты көрсетеді, əдетте барлық нысандар бірінші квадратта жатады, сондықтан барлық координаттар оң мөлшерде болып келеді.
Косметикалық қабат
Карта терезесіндегі ең жоғарғы қабат, мұнда Maplnfo автоматты түрде жазбаларды орналастырады. Бұл қабатқа басқа да графикалық нысандар орналасады, мысалы, Карта атауы. Косметикалық қабат əрқашан көрінеді жəне онда орналастырылған нысандардың барлығы жаңа немесе ондағы қабаттардың біреуін сақтауы тиіс.
Картаның шеңберлік диаграммасы
Базалық кестеден алынған тақырыптық ауыспалы мəндер шеңберлік диаграммамен бейнеленетін тақырыптық картаның типі.
Картографиялық легенда
Шартты белгілер, түстер мен штрихтарды түсіндіретін картаның құрамдас бөлігі. Легендада масштаб болуы мүмкін. Катографиялық легенда Картаның барлық қабаттарындағы нысандар жайлы ақпаратты көрсетуі мүмкін, растрлықтан басқа.
Сызық, сызықтық нысан
Координаттар жұбы бірізділігін анықтайтын картадағы нысан
(мысалы, көшенің остік сызығы, темір жолдар, кабель трассасы). Maplnfo-
да көшелер картасы мыңдаған сызықтар жинағынан тұрады.
Сынық сызық
Бірнеше сызықтық қималардан (сегменттерден) тұратын нысан. Екіден көп түйіннен тұрады. «Сынық» құралы көмегімен жасалады. Сызық құралының одан ерекшелігі ол тек тік сызықтар салады.
Маркер
Карта немесе Есеп беру терезесіндегі өзгермелі қабатта сол сəтте редакцияланып жатқан нысанның айналасындағы минимальды тікбұрыш бұрышындағы кішкентай квадраттар.
Карта масштабы
Нысандар ұзындығының картада жəне жер бетіндегі қатынасы. Əдетте, 1:10 000 түрінде беріледі. Бұл картадағы ұзындықты өлшеу бірлігі (бір сантиметр) жер бетіндегі осындай 1:10 000 бірлікке сай келетінін білдіреді. Масштаб терминін ұқыпты пайдалану қажет. Техникалық тұрғыда қала кварталының картасы ірі масштабты (мысалы, 1:12 000), ал барлық мемлекеттің шолу картасы ұсақ масштабты (мысалы, 1:1 000 000) деп есептеледі. 1:1 000 000 масштабы ұсақ болып есептеледі, себебі 1-ді 1 000 000-ға бөлгенде аз мəн шығады.
Масштабтық сызғыш
Масштабты графикалық бейнелейтін карта элементі (мысалы, 0-5-10
км).
Масштабтық эффект
Бейненің көлемін анықтайтын Орнатулар, аталған қабат Карта терезе- сінде көрінеді (мысалы, 0,3 км, 2,5 км).
Меридиан
Солтүстік полюсті оңтүстікпен не оның бөлігімен қосатын сызық.
Тұрақты бойлық сызығы.
Минимальды сипаттаушы тікбұрыш
Берілген нысанның айналасын сипаттайтын минимальды тікбұрыш.
Көпбұрыш
Қарапайым аудандық нысан. «Қарапайым» дегеніміз ол жалғыз тұйық фигурадан тұратынын білдіреді. Мұндай нысандар жасау үшін Көпбұрыш құралы қызмет етеді.
Олардың қиылысу облысын талдау немесе жаңа көпбұрыштар жасау үшін бір-біріне көпбұрыштарды біріктірудің кеңістік операциясы.
Облыс, аудандық нысан
Бір немесе бірнеше көпбұрыштардан тұратын тұйық нысан. Егер облыс бірнеше аудандардан тұрса, онда əр арал жеке көпбұрыш болып табылады.
Мəліметтерді жалпылау
Картада бірнеше нысандарды бір жаңа нысанға біріктіру барысында орындалатын процедура. Maplnfo жазба өрісіндегі мəндерді жиынтығын шығару немесе мəндері негізінде орта мəнін есептейді.
Біріктіру
Екі кесте (мəліметтер базасы) арасындағы реляциондық байланыс жасау процесі.
Терезе
Maplnfo-да ақпаратты көрсету үшін Карта, Тізім, График, Есеп беру терезелері қолданылады. Оның үстіне, қосымша функциялы құралдар панелі, Легенда, Ақпарат жəне басқа да терезелер атқарады.
Графика терезесі
Сандық мəліметтер график түрінде көрсетілетін терезе.
Карта терезесі
Ақпарат географиялық картада көрсетілетін терезе.
Аудандастыру терезесі
Аудандармен жұмыс жасағанда қолданылатын Тізім терезесінің ерекше түрі. Ол кəдімгі терезелерден келесі атрибуттар арқылы ажыратылады: уақыттың əр сəтінде тек қана бір жазба таңдалады, мұндай жазба өзгеретін ауданды білдіреді, оған нысандар қосылады.
Есеп беру терезесі
Maplnfo-ның бір немесе бірнеше терезелерінде ақпарат баспаға дайындалатын терезе.
Тізім терезесі
Maplnfo мəліметтер қабатындағы (сондай-ақ сыртқы мəліметтер база- сында, электронды кесте немесе текстік файлда) кестелік терезе.
Ось
Бірдей аралықта бөлінген шектеуші сызықтардың графикада қолда- нылуы. Графиктегі мəндер оське бөлумен анықталады. Келісімге сəйкес горизонтальды ось X координатынан, ал вертикальды ось Y координатынан тұрады.
Таңдауды болдырмау
Таңдау жасауға кері процесс. Нысан немесе нысандар белгіленуіне болдырмау жасалатын болса, ол ары қарай өңделмейді. Болдырмау таңдауы басқа нысандарды таңдау жолымен, картадағы бос жерді таңдау не Болдырмау командасы арқылы іске асырылады.
Геокодтауды болдырмау
Геокодтау нəтижесінде Х жəне Y координаты мəліметтер базасынан жазбаларды жою процедурасы.
Редакциялау панелі
Maplnfo терезелерінің бірі, 12 батырмасы мен Карта жəне Есеп беру терезесіндегі графикалық нысандарға сурет салу мен редакциялау құралдары бар
Пиксел
picture element қысқартылған түрі. Компьютер бетіндегі қарапайым бірлік. Егер экранның дəлдігі 1024 х 768 болса, онда горизонталь 1024 пиксел, жəне 768 – вертикаль бойынша. Экрандағы əр əріп не сызық бірнеше пиксельден тұрады.
План
Нысандар жер бетінде орналасуына байланбаған карта түрі. Мысал ретінде қабаттық планды айтуға болады.
Карта нүктелерінің жиынтығы
Ақпараттың бірнеше бірліктері нүкте түрінде көрініс беретін тақырыптық картаның типі. Мысалы, халықтың орналасу картасында əр нүкте 10 000 тұрғынды көрсетуі мүмкін.
Аудандық нысан
ГАЖда аудандық нысан деп тұйық шекарасы бар картадағы облысты атайды. Мысалы, Ресейдегі Мəскеу облысы картада аудандық нысан түрінде көрсетіледі. Бір аудандық нысан бірнеше көпбұрыштардан тұрады.
Бет
Ауыспалы карта тікелей растрлық бет (grid) түрінде көрінетін тақырыптық картаның типі. Мұнда (*.mig) түрінде кеңейтілген беткі файл жасалады.
Өріс (алаң)
Тізім терезесінде бір колонкаға сай келетін жазбаның атауы бар бөлігі. Өрісте нысан жайлы ақпараттың белгілі бір түрі болады, мысалы, атау, мекенжай, баға, халықтың саны жəне т.б. мəліметтер базасында əр нысан жайлы жазба бір немесе бірнеше өріс мəндерінен тұрады.
Координаттарды қайта құру
Бір координат жүйесінен келесіге бағдарламалық ауысу процесі. Мысал ретінде план координатының əлемдік координатқа ауысуы болып табылады.
Қолданбалы бағдарламалар
Белгілі бір класты мəселелерді шешуге арналған компьютерлік бағдарлама, мысалы тексті редакциялау.
Проекция
Географиялық нысандардың жазық бетте орналасуын көрсететін математикалық модель. Барлық карталар сферитикалық нысанның (Жер) жазықтағы бейнесін көрсететін болғандықтан əр проекцияның өзіндік бұрмалануы болады. Проекциялар ауданды, қашықтықты, форманы жəне нысандардың бағытын сақтайды, бірақ тек шарда барлық атрибуттар бірдей сақталмайды. Кейбір проекциялар (мысалы Меркатор) навига- циялық карта жасауға арналған. Басқалары (Ламберттің теңаудандық проекциясы) визуальды талдау жасауға қолайлы.
Айналма
Əр терезенің оң жақ жəне төменгі бөлігінде терезедегі мəліметтердің жылжуын қамтамасыз ететін арнайы қатар
Аралық таңдау
SQL-сұрау диалогы шартымен терезеде жасалған Таңдау. Maplnfo алдымен осы аралық таңдауды жасайды, сонан соң оның нəтижелерін SQL-сұраудың негізгі бөлігін орындау барысында қолданады.
Жұмыс жинағы
Maplnfo ашық терезе мен кестелерінің сипаты, оны файлға сақтауға болады.
Аудандастыру
Картада нысандарды аудандарға біріктіру процесі. Maplnfoда бір ауданның нысанын игеру сəтінде автоматты түрде жиынтық көрсеткіштері есептелінеді жəне барлық мəндері шығады. Аталған процесті кейде территориялық жоспарлау деп те атайды.
Картаның көлемдік символдары
Түрлі көлемдегі символдар (нүктелік нысандар) түрлі сандық мəндерді бейнелейтін тақырыптық картаның бір түрі.
Растрлық бейне
Растрлық бейне – бұл графикалық материалдың нүкте жиынтығы түріндегі (қатар жəне бағана) компьютерлік көрінісі. Растрлық бейнені кейде биттік карталар (bitmaps) деп атайды. Ғарыштық жəне аэрофотосуреттерді ГАЖ-да растрлық бейнеде кеңінен қолданылады. Сканерлеу. Векторлық бейнені қараңыз.
Тіркеу
Сандауға дайындауда алғашқы қадам болып табылады жəне Maplnfoда растрды ашқанда бірінші пайда болады. Бəрінен бұрын растрлық бейнемен не қағаз картамен жұмыс жасағанда бірнеше бақылау нүктелерін қою қажет жəне оларға координат беру керек. Тіркеуден соң Maplnfo бейнелері географиялық координаттарды қағаз немесе сканерлеген картаның кез-келген нүктесімен салыстыруға келеді; ара қашықтығы мен ауданын өлшеуге, сонымен қатар векторлық қабатты растрлық қабат үстіне қоюға болады. Тіркеу процесі ГАЖ-бен қатар САПР-да қолданылады. Бақылау нүктелерін қараңыз.
Сегмент
Көшелер картасында сегмент деп көше бөлігін атаймыз. Қалада бір сегмент əдетте екі көрші қиылыс арасындағы көшеге сай келеді. Көше жайлы адрестік ақпарат сегментке дейін дəлдікпен сақталады.
Градустық тор
Горизонтальдық (ендік) жəне вертикальдық (бойлық) сызықтардың жиынтығы, əлемдік картада тең аралық бойымен (əр бес немесе он бес градус бойынша) орналасады. Координат қолдануды ыңғайлы ету үшін қолданылады.
Символ
Үлкен емес, салыстырмалы түрде қарапайым фигура (мысалы, квадрат, шеңбер, жұлдызша), нүктелік нысанды графикалық бейнелеуде қолданылады.
Синоним
SQL-сұрау диалогы колонкасын таңдау терезесімен жұмыс жасағанда колонкаға қойылатын атау. Мұндай атау Тізім терезесінде қолданылады.
Синхронды көрініс
Maplnfo технологиясында қолданылады, белгілі бір терезеге өзгеріс енгізілсе автоматты түрде басқа ашық тұрған терезелерге де қолданылады. Мысалы, егер Карта терезесінен бір нысан таңдасақ, онда бұл нысан Карта терезесі мен барлық Тізім терезелерінде қолданылады.
Координат жүйесі
Координат жүйесі геометриялық нысандарды сандық көрсеткіштер көмегімен көрсетуге арналған. Геометриялық нысанның əр нүктесі жұп сандық мəннен тұрады. Картографияда координат жүйесі проекциямен тығыз байланысты. Координат жүйесі кейбір проекция параметрлерін көрсету жолымен жасалады. Декарттық координаттар, Проекция, Сферикалық координаттарды қараңыз.
Сканерлеу
Оптикалық құрылғы көмегімен графикалық ақпаратты растрлық форматқа айналдыру процесі.
Қабат
Maplnfo картасының құрылымдық бірлігі. Maplnfoда карта бірінің үстіне бірі қойылған бірнеше қабаттардан тұрады. Кесте Карта терезесінде көрсетілсе, онда оның үстіне Карта терезесінде жеке қабат қойылады. Барлық қабаттар ашық кестеге сай келеді (косметикалық қабатты қараңыз).
Өзіндік проекция
Карта нысандарының координаттары сақталған проекция. Maplnfo карталарды кез келген проекцияда көруге мүмкіндік береді, бірақ карта экранда өзіндік проекциясында жылдамырақ салынады.
Түйіндерді қосарлау
Картадағы нысандарға сурет салу жəне жылжытуға арналған режим.
Ортаквадраттық ауытқулар
Көрсетілген жинақтан орта мəнмен ауытқу шарасы.
Стандарттық мəн
Тұтынушы нақты мəн не режим бермегенде қолданатын мəн не режим.
Терезе статистикасы
Белгіленген барлық нысандардың сандық өрістерінің жалпы жиынтығы мен орта мөлшерін көрсететін терезе. Сондай-ақ таңдалған жазбалар да көрінеді. Таңдау өзгерсе статистикалық мəліметтер автоматты түрде есептелінеді.
Карта бағаналық диаграммасы
Базалық кестедегі тақырыптық ауыспалы мəндер бағаналық диаграм- мамен бейнеленетін тақырыптық карта типі.
Хабарлама қатары
Экранның астыңғы бөлігіндегі қатар, онда Maplnfo жұмысын жеңіл- дететін хабарламалар көрсетіледі. Хабарлама қатары Карта терезесімен жұмыс жасауды оңайлатады. Карта терезесі белсенді болғанда хабарлама қатары қандай қабат өзгергенін, терезедегі бейнелер көлемін, Түйіндерді қосарлау жəне Сандау режимдері қосулы ма жоқ па көрсетеді.
Кесте қатары
Кестедегі бір элементтің барлық ақпаратын сақтайды. Бір қатар кестедегі бір жазбаға сай келеді.
Шар бетінде нысандар орнын көрсететін ендік пен бойлықтың мəні.
Кесте
Maplnfo мəліметтер базасы кесте түрінде жасалған. Кесте қатар мен бағаналардан тұрады. Əр қатарда нысанның белгілі бір сипаттамасы жайлы ақпарат бар. Əр бағанада кестенің барлық элементтері жайлы белгілі бір деректер бар. Кестелерде графикалық нысан жайлы дерек болуы мүмкін. Мұндай кестелерді картада көрсетуге болады. Базалық кесте жəне Сұрау кестесін қараңыз.
Сұрау кестесі
Таңдау, SQL-сұрау, Карта терезесінде нысандарды таңдау немесе Тізім терезесінен жазба таңдау командаларын орындаудың нəтижесінде жасалатын уақытша кесте. Мұндай кестені Карта, Тізім жəне График терезесінен көруге болады. Запрос кестесіне өзгерістер енгізуге немесе
оның құрылымын өзгертуге болмайды. Таңдау жəне Негізгі кестені қараңыз.
Текстік курсор
Текст қайда енгізіліп жатқанын не қайда редакцияланып жатқанын көрсететін жарқырап тұратын вертикальды сызба.
Тақырыптық карта
Шартты белгілеу көмегімен (мысалы, түс жəне штрихтау) картада кейбір мəліметтердің таралуын көрсететін карта типі. Тақырыптық картада сатып алушылар көп территория ашық қызыл түспен, ал сатып алушылар аз болса қызғылт түспен белгіленеді.
Ауыспалы тақырыптық
Тақырыптық картада шартты белгілермен бейнеленген мəліметтер.
Тақырыптық ауыспалы өріс атынан немесе формуладан тұруы мүмкін.
Тақырыптық растрлық беттер
Тікелей түрлі түсті растрлық сурет түрінде мəліметтерді бейнелейтін тақырыптық картаның түрі. Тақырыптық картаның бұл түрі кестедегі мəліметтерді интерполяция жасағанда пайда болады. Мұнда беттік файлдар генерализацияланады.
Нүкте, нүктелік нысан
Ол Х жəне Y жалғыз жұбы арқылы анықталатын графикалық нысан. Əр нүктеде символдың өзіндік түрлері салыстырылады (мысалы, дөңгелек, квадрат жəне т.б.).
Трассировка
Бейнені сандау əдісі, мұнда тұтынушы векторлық нысанды растрлық бетке белгі қою жолымен (трассировка) жасайды. Сондықтан да трассировкаға планшеттің қажеті жоқ.
Түйін
Сызықтық нысанның соңғы жəне кез келген нүктесі, не сынық сызықтың немесе көпбұрыштың басқа жағы.
Тышқан көрсеткіші
Тышқан қозғалысымен бірге жылжитын экрандағы бағыттауыш немесе басқа да бейне.
Жинақтау
Maplnfo кестелерді сығатын процесс, дискіде кестелердің орнын қысқартады.
Файл
Магниттік лента немесе диск сияқты электрондық таратушыда сақталатын атауы бар мəліметтер жинағы. Файлда мəліметтер (құжат) немесе бағдарлама болуы мүмкін.
Жалауша
Екі күйі бар диалог терезесі – орнатылған немесе орнатылмаған. Жалаушаны орнату немесе алып тастау үшін оған тышқанмен көрсету қажет. Жалаушалар бірнеше режимдер болған жағдайда қолданылады, оларды бір-біріне тəуелсіз қосуға не өшіруге болады.
Центроид
Картадағы графикалық нысанның орталығы. Көптеген нысандар үшін центроид сипатталған тікбұрыш нысанының орталығымен сай келеді. Кейде сипатталған тікбұрыштың орталығы нысанның сыртында жатады, мысалы, доғал емес көпбұрыштарда. Центроид əрқашан нысан ішінде жатуы керек, ал бұл жағдайда центроид сипатталған тікбұрыш орталығы ие емес. Картадағы жазбаларды жылжытқанда немесе бағаналы график пен шеңберлі диаграммалар қолдану арқылы тақырыптық карта жасағанда жазбалар мен диаграммалар нысан центроидына жақын жылжиды. Геокодтау кезінде нəтижелі нүкте де сəйкес нысанның центроидына жақын жылжиды.
Ендік
Ендік дегеніміз 0-ден (экваторда) 90 градусқа дейін (Солтүстік полюсте +90.0, Оңтүстік полюсте – 90.0) мəндер салыстырылып қойылатын картадағы горизонтальды сызықтар. Нысандардың орнын белгілеу үшін солтүстік-оңтүстік осінде қолданылады, орны ондық немесе экваторға қатысты градуспен белгіленеді.
Ендік/Бойлық
Maplnfo-да географиялық нысандарды көрсету үшін қолданатын стандарттық проекция.
Шрифт
Текстік жазбалар жасалатын белгілі бір өрістің символдар жинағы.
Штриховка (сурет)
Тұйық нысандарды бояуда қолданатын сурет пен түс.
Экспорт
Басқа бағдарламада қолданатын файлдағы ақпаратты бір бағдарламамен сақтау процесі.
Құрылымданған сұраулар тілі (SQL)
Реляциондық мəліметтер базасынан ақпаратты талдауға қолданатын стандартты тіл. Maplnfo мəліметтер базасын басқаратын жүйе стандарттық SQL-тілге негізделген.
ASCII
American Standard Code for Information Interchange сөзінен қысқартып алынған (ақпаратпен алмасуға арналған американдық стандартты код). ASCII стандартты кодтау болып табылады. Ол символдарды көрсету үшін көптеген микрокомпьютерлерде, компьютерлік терминалдарда жəне принтерлерде қолданылады. Бұл кодтауға əріптер, сандар жəне басқа да графикалық белгілер ғана қолданылады.
MapBasic
Maplnfo-да жұмыс жасауды автоматтандыру үшін қолданатын бағдарлама тілі. MapBasic қосымшасын жасау үшін MapBasic тілінің компиляторы қажет.
SQL-сұрау
Берілген атрибут жəне нысандар қатынасы бойынша мəліметтер базасынан ақпарат алу əдісі. Maplnfo-да запросты SQL-сұрау командасымен жəне Таңдау арқылы қалыптастыруға болады, сондай-ақ MapBasic тілі командасымен немесе MapBasic терезесінде.
Достарыңызбен бөлісу: |