Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет104/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
83 
АБАЙ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН 
 
 «Абай жəне қазіргі заман» - Абай 
ғылыми-зерттеу институтының 2011-1015 
жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарының жобасы (бағдарламасы). Жоба-
аның авторы – Ж.Дəдебаев. 
Жобаның зерттеу пəні - Абайдың ұлттық 
жəне жалпыадамзаттық рухани қағидаларының 
қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуындағы 
əлеуметтік маңызы мен мəні 
Жобаның мақсаты – Абайдың ұлттық жəне 
жалпы адамзаттық рухани қағидаларының 
қазіргі Қазақстанның тұрақты дамуындағы 
əлеуметтік маңызы мен мəнін ғылыми негіздеу.
Жобаның басты міндеттері. Жобаның 
мақсаты аясында мынадай міндеттерді шешу 
көзделеді: 1) Абайдың суреткерлік ұстаным-
дарының ұлттық жəне жалпыадамзаттық мəнін 
пайымдау; 2) Абайдың ұлттық жəне жалпы-
адамзаттық қағидаларының туып, қалыптасуына 
ықпал еткен əлеуметтік фактор-ларды анықтау
3) Абайдың ұлттық жəне жалпыадамзаттық 
қағидаларының жүйесінде елдің ынтымағы мен 
бірлігі, адамнің кемелдігі, елдің мемлекеттік 
тəуелсіздігі туралы ұстанымдардың көркемдік 
жəне идеялық мазмұнын ашу; 4) Абайдың 
ақындық даналығын оның шығармашылығын-
дағы антропологизм, психопоэтика, лингво-
поэтика, хронотоп, дəстүрлі дүниетаным кате-
горияларының жүйесінде зерттеу; 5) Абайдың 
мəдениетаралық байланыстарын пайымдау; 
6)Абайдың əдеби мұрасын эстетикалық қабыл-
дау теориясын негіздеу: түсіну (герменевтика), 
пайымдау (интерпретация), бағалау (оценка); 7) 
Зерттеу нəтижелерінің инновациялық сипатын, 
бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, ком-
мерциализациялау жəне ғылыми еңбектер ры-
ногына шығарудың инновациялық техно-
логиясын жасау; 
8) 
зерттеу 
нəтижелерін 
коммерциа-
лизациялау жəне рынокқа шығару. 
Жобаның өзектілігі мен жаңалығы. Жоба-
ның өзектілігі оның орындалуына деген əлеу-
меттік сұраныстың пісіп жетілуінде. Абайдың 
ұлттық жəне жалпы адамзаттық рухани қағида-
ларының шынайы мəні күні бүгінге дейін 
ашылмай отырғаны рас. Бүгінгі күнге дейін 
жасалған жұмыстарда бұл мəселе арнайы да, 
ішінара да шешімін тапқан емес. Мұндай іргелі 
мəселені арнайы зерттеу, зерттеу нəтижелерін 
коммерциализациялау жəне ғылыми өнімдер 
рыногына шығару жобада алғаш рет негізделіп 
отыр. Зерттеу нəтижелері отандық жəне əлемдік 
абайтану ғылымындағы жəне ұлттық жəне 
жалпыадамзаттық құндылықтар қорындағы 
жаңа, инновациялық білім болмақ. Жобаның 
орындалуының қазіргі Қазақстанның тұрақты 
дамуындағы əлеуметтік маңызы өлшеусіз зор. 
Жобаның өзектілігі мен жаңалығы оның 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.А.Назарбаев алға қойған ағымдық жəне стра-
тегиялық бағдарламалармен сабақтастығынан 
анық көрініс табады. Ғылыми жобаны жүзеге 
асыру Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ə.Назарбаевтың əдеби-мəдени мұраға көр-
сетіп отырған қамқорлық саясатын ел ішінде 
жəне еларалық кеңістікте насихаттауға, ұлттық 
құндылықтарымызды жалпыадамзаттық маңы-
зын ашуға, оларды əлем халықтарының 
игілігіне айналдыруға жол ашады, Қазақстан-
ның тұрақты дамуына үлес қосады. 
Жобаның болашағы мен зерттелу деңгейі. 
Жобаның болашағы онда қойылап отырған мə-
селенің өзектілігімен, зəрулігімен, пəнаралық 
болмысымен, жаңашыл сипатымен, респуб-
ликалық, өңірлік жəне əлемдік маңызының 
жоғарылығымен байланысты. Республиканың 
басқа ұйымдары мен мекемелерінде Абайдың 
ұлттық жəне жалпы адамзаттық рухани қағида-
ларының Қазақстанның əлеуметтік дамуының 
қазіргі кезеңдегі заңдылықтары мен қағида-
ларына, талаптарына сай зерттелуі жоба автор-
ларын қанағаттандыра алмайды. Жобада негіз-
делген тақырыптың зерттелу деңгейін əл-
Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 
жүргізілген жəне жүргізіліп келе жатқан 
зерттеулер циклдары анықтайды. Университет 
ғалымдары жобада белгіленген ғылыми мақсат 
пен міндеттерді Абай ғылыми-зерттеу инсти-
туты базасында жеткілікті негіздеді, респуб-
ликалық ғылыми басылымдарда бірнеше проб-
лемалық зерттеулер жариялады, кандидат-тық, 
магистерлік, докторлық диссертациялар көле-
мінде қарастырылды. Сөйтіп, конкурсқа ұсыны-
лып отырған жобаның барлық кезеңдері нақты 
анықталды, жобаны жүзеге асыру кезеңдері 
коммерциаланған, тұтынуға дайын өнімді ғылы-
ми өнімдер рыногына шығарумен аяқталады. 
Жобаны осылай аяқтау оны тектес тақырып 
бойынша жаңа бағытта, жаңа деңгейде, жаңа 
масштабта бастауға негіз болады. Ғылыми
зерттеудің əдіснамасы
. Жобада негізделіп 
отырған тақырыпты зерттеу оңай емес. Күткен 
нəтижеге жету де қиын. Зерттеу пəні күрделі, 
қойылған мақсат пен міндеттер өзекті. 
Сондықтан пайдаланылатын əдістерді дұрыс 
таң-дау қажет. Зерттеу пəнін, зерттеудің 
мақсаты мен міндеттерін дəл анықтау қажетті 
əдістерді де дұрыс таңдауға мүмкіндік береді. 
Біріншіден, зерттеу тақырыбы тарихи-салыс-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет