Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)



Pdf көрінісі
бет13/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
 
* * * 
С.Ізтілеуова 
АБАЙ МЕН ШƏКƏРІМ МҰРАЛАРЫ – ҰЛТ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ТІРЕГІ 
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Абай мен Шəкəрім арасындағы 
шығармашылық байланыстар. Ақындық ұстанымдағы ортақ жəне дара ерекшеліктер. 
Ақындық дүниетаным. 
Тірек сөздер. Абай, Шəкəрім, шығармашылық, байланыс, ортақ жəне дара ерекшеліктер, 
ақындық, дүниетаным. 
 
 
 
 
 


 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
10 
С.Изтлеуова 
ЛИТЕРАТУРНОЕ НАСЛЕДИЕ АБАЯ И ШАКАРИМА КАК ОСНОВА
НАЦИОНАЛЬНОГО МИРОВОСПРИЯТИЯ 
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье.Творческие связи Абая и Шакарима. 
Общее и особенное в творческих принципах. Ақындық дүниетаным.
Ключевые слова: Абай, Шакарим, творчество, связи, оющее, особенное, поэтическое, 
мировоззрение. 
S.Iztleuova 
LITERARY HERITAGE OF ABAI AND SHAKARIM AS THE BASIS OF NATIONAL 
WORLDVIEW 
Absrtract The issues dealt in this article.Abai and Shakarim’s creative communications.General and 
particular issues in the creative principles.
Key words Abai, Shakarimcreativity, communication, general, special, poetic worldview
 
Абай, Шəкəрім шығармашылығының заман 
өткен сайын маңыздылығы, қоғам үшін, адам 
үшін тəрбиелік мəні, құндылығы арта түсуде. 
Қазақ елінің дамуы мен рухани өркендеуі үшін 
адамның жетілуі, адамның рухани дамуы 
мəселелері мемлекеттік дəрежеде қолға алынуға 
тиісті. Себебі адамның рухани жетілуі мəселесі 
- елдің өркендеуіне, бостандықта өмір сүруіне 
ықпал ететін күш. 
Əрбір 
ұлттың, 
халықтың 
ғасырлар 
қойнауынан келе жатқан қорғаныс қабілеті, 
қорғаныс механизмі болады. Мəселе, тек эко-
номикалық жəне əскери қуатқа ғана байланысты 
емес. Ұлтты ұлт ететін - оның рухани, дүние-
танымдық, тілдік жəне дəстүрлік бірліктері. 
Соңғы жылдары осы құбылысты ұлттық
этникалық бірегейлену(национальная иденти-
фикация) деп атап жүр. Ұлттық бірегейленуге 
жетіскен жұрт ортақ мақсаттар мен құндылық-
тарды түсінген, сезінген жұрт болып табылады. 
Міне, осы ұлттық бірегейлену этностың 
қорғаныс қабілетін нығайтушы маңызды фак-
торлардың бірі болып табылады. Ал ұлттық 
бірегейленуді жасайтын, ұлтты топтастыратын 
аса мəнді рухани күш - осы ұлттың ұстаз-
дарының шығармашылық мұрасы. Жалпы-
халықтық тəлімдік мəні бар, ұлттық идеяларды 
ұсынған ғұламалар өз ойлары мен пікірлері 
арқылы ұлтты топтастыра білген. Олар ұсынған 
рухани құндылықтар ұлттың қорғаныс қабілетін 
күшейтіп, оның ішкі жəне сыртқы қауіптерге 
қарсы күрескерлік мүмкіндіктерін арттырады. 
Өз ұстаздарының шығармалары рухында тəр-
биеленген халық мемлекет алдындағы мақсат 
міндеттерді жақсы түсіне алады, ұлттық мұрат-
тар төңірегінде тоқталуға жетіседі.
Абай мен Шəкəрімнің рухани жəне 
адамгершілік мұралары осындай ұлтты ұйыс-
тырушы жəне топтастырушы қабілетке ие. 
Қазақ халқы Абай мен Шəкəрім ұсынған идея-
лық қағидалар төңірегінде біріге алады жəне 
бірігуде. Олар ұсынған құндылықтар халыққа 
қажетті жəне түсінікті. Қазақ ұлтының қазақ 
тілін жетік меңгерген бөлшегі өзінің рухани 
ұстаздарының ұсынған құндылықтарын мең-
геруге ұдайы ұмтылса, біртіндеп қазақ тілін 
білмейтін бөлшегін де өзіне тартып, ұлттық 
бірегейленуге əкелетіндігі даусыз. Ол үшін ру-
хани ұстаздардың шығармаларында ұсыныл-ған 
құндылықтарды уағыздау, насихаттау арқылы 
оларды басшылыққа алу дəрежесіне көтері-
луіміз міндет. Ұлт ұстаздары елдің тағдырлық 
мəселелерін терең талдай білген. Ұлт мəселесін 
елдің рухани өмірінің құрамдас бөлшегі ретінде 
қарастырады. 
Шəкəрім «Абай» журналының 3-санында, 
1918-ж. «Ұлтшылдық туралы» атты мақаласын 
жариялаған. Онда: «Абай» журналының екінші 
нөмірінде жарияланған ардақты Мəнен бауыры-
мыздың «Ұлтшылдық» деген мақаласына 
бірауыз сөз айтқымыз келеді.» - деп мақаласы-
ның жазылуы себебін білдіреді. Осы мақалада 
Шəкəрімді толғандырған мəселе: ұлт, ұлт-
шылдық, ұлтты мəдениетке, адамгершілікке 
тəрбиелеу.
Мəнен Туғанбай «Ұлтшылдық» деген ма-
қаласында: «Қысқасы, ұлтшылдардың мақсаты 
əрбір ұлттарға мəдениет кіргізіп, бақыт таңы-
ның атуына себепші болмақ. Мəдениет кү-
шейген соң өздері-ақ кісішілдік пікірін тауып 
алады. Ұлтшылдар əр жұртты шиеленістіріп, 
қы-рылыстыру, өз ұлты үшін басқаларды құр-
бан қылу деген ойдан жырақ», - деп жазады. 
Шəкəрім Мəнен Туғанбайдың мақаласына сын 
ретінде жəне «ұлтшыл» қандай болуы керек 
дегенге былайша анықтама береді: «Менің 
ұғуымша, ол кісі: «Ұлтшылдықтан мəдениет, 
мəдениеттен адамшылық туады», - дейді. Бұған 
дəлел керек қой!? Көріп отырмыз, ұлтшылдық 
пен мəдениеттің ең жоғарғы басқышындағы 
Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? 
Менің ойымша, əлі күнге шейін, асса ұлт, қалса 
өзімшілдіктен оза алған жоқ. Себеп не? Ұлт-
шылдық мəдениетті туғызса да, ақ жүрек туғыза 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет