Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет15/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
12 
пайдалануы жастардың болашағына балта шабу 
деп есептейміз. Өз жеріңнің немесе өз руыңның 
дарынсыз да, қолынан іс келмейтін баласын 
билікке іліккен соң бауырына тартып, оған 
басқаларға билік айтқызып, жөн сілтеткізіп, 
шірендіріп қою, өкінішке орай, біздің қазіргі 
өмір сүріп отырған қоғамымызда жиі кездесіп 
отырғаны анық.
Міне, осыдан барып, қазақтың жақсыға 
ұмтылған баласының жолына бөгет болып, бо-
лашағына кедергі болатыны сөзсіз. Қазақтың 
талай жақсысы мен жайсаңын күмілжітіп, 
жолын кес-кестейтін де осындай дарынсыз, 
қарақан басының қамы үшін жүргендер екені 
айғақ. Ал елінің, ұлтының мүддесіне қызмет жа-
сайтын деңгейге көтеріліп, ел ертеңін ойлайтын 
азаматтарымыздың ішкі адами сапаларының 
жетілдіріп, еліне сүйіспеншілікпен қарауына 
«ақ жүрек» қажет. Жоғарыда келтірген 
Шəкəрімнің мына пікіріне тағы да назарымызды 
аударайық: «Ұлтының кемшілігін толтыру, ар-
тықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу ақ жүрек 
(ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар?» 
Шəкəрім «ақ жүрекке» мынандай анықтама 
береді: «Ақ жүректің керектігі - мейірімділік, 
махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен 
шығады». Ұлт болашағын ойлаған кез-келген 
адамның бойында осы сапалардың болуын 
Шəкəрім ақын нақты көрсетіп отыр. Жалпы, 
адамның ішкі мазмұны, адам тəрбиесі деген 
мəселені күн тəртібіне қойып, осы мəселеге 
ұлттың болашағы жарқын болуы қажет деген 
ұстанымға айналдыру - маңызды іс. Мəселенің 
барлығы осы іске келіп тіреліп тұрғаны айғақ. 
Абай мен Шəкəрім бұл маңызды іске айрықша 
мəн берген. Біз ғұламаларымыз айтқан пікір-
лерге ден қоюымыз қажетті.
ХХ1 ғасырдағы нəпсі жайлап, құлқынның 
құлдығы дендеген дəуірде ұлт болашағына кері 
əрекет ететін істерді тоқтататын бірден-бір 
құрал ұлт ұстаздарының адам тəрбиесі жөнінде 
айтқандарын ұлтымыздың рухани тазаруын 
жандандырып, оны ұстанымға айналдыру меха-
низмін іске асыру маңызды. Абай, Шəкəрім 
мұраларын ұлттық идеологияға айналдыру үшін 
мемлекеттік дəрежеде бағдарлама керек. Мем-
лекет басында отырған арлы азаматтарымыз 
осы істі қолға алуға тиісті. Өйткені бұндай істі 
атқаратын адамдарды, яғни бұл жерде Шəкəрім-
нің мына пікіріне жүгінуге тура келіп тұр: «Ол 
үшін көптің қалауымен əкімшілік басына арлы, 
ақылды адамдарды қойып, сол адамдардың 
бұйрығы, ақылы бойынша туған, туашақ 
адамдарды, жастарды қазына қарауына алуға 
заң шығаруға керек те, ол заңды бұзғандарды 
жазалау керек. Оларға еңбек өнерін үйрету 
керек, онымен қабат оқу-білімге жетілдіру 
қажет. Жоғарғы айтылған жаман əдеттерді 
жоюға бұлар жеткіліксіз болғандықтан, сол адал 
еңбек, білім үйренумен қабат «Ар ілімі» деген 
білім оқытылуға керек. Бұл ғылымды ақылды 
адамдар ойластырып, пəн ретінде жазып, 
нəпсіні жойып, адам бойында жеке ардың қожа 
болып қалу жағын көздеу керек.
Адам бойындағы нəпсі кеселі кетсе, өзгерісі 
оңай». Шəкəрімнің бұл пікірі қазіргі кезеңде 
қоғамды, адамды, ұлтымыздың рухани серпі-
лісіне демеу бола алатын сұраныста тұр деп 
есептейміз. Ал «Ар ілімін» қалыптастырудың ең 
басты тірегі «ақ жүрек» феномені. Шəкəрімнің 
шығармашылығының дені ақ жүрек ұғымымен 
байланысты. Адам-ның ішкі əлемінің рухани 
тазаруын қалайтын да - осы «ақ жүрек». «Ақ 
жүрек» қоғам өмірін жақсартуға ықпал ете 
алатын қасиетке ие. Адамның барлық іс-
əрекетінде ақ жүректің маңызды орны бар. 
Шəкəрім: «Бізше, адам өмірін түзеуге, барлық 
адамдар тату тұруға негізгісі - адал еңбек, ақ 
жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл 
үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық 
өмір сүруге мүмкіндік жоқ». Шəкəрімнің бұл 
концепциясы 
қоғамның 
жəне 
адамның 
жетілуіне тікелей ықпал ете алатын зор бағдар 
деп ұққанымыз жөн болар. Абайдың, Шəкə-
рімнің «толық адам», «Ар ілімі» ұлт өркеніне
адамның рухани жетілуіне қажетті. Қазіргі біз 
өмір сүріп отырған кезеңде рухани деградацияға 
ұшырағанымызда, əлемді нəпсі кеселі жайлап, 
ынсапты нəпсі зынданында байлағанымызда ұлт 
ұстаздарының айтқан ойлары мен пікірлері бізге 
демеуші болатыны айғақ. Ұлтымыздың өркен-
деуіне, қоғамның дамуына, адамның рухани 
жетілуіне «ақ жүректің» ықпалы,əсері зор. 
Ендеше, «ақ жүректің» араласпайтын жері жоқ. 
«Ақ жүрек» бар жерде ілгерлеу бар. Сондықтан 
Шəкəрім «ақ жүрекке» рухани құндылылықтың 
тірегі ретінде айрықша мəн береді: 
Ақ жүрек пен таза ақыл, 
Қылсаң Адал еңбек, 
Бəрінен де сол мақұл. 
Артқыға жол бермек [2, 280] 
Қарап отырсақ, «ақ жүрек» ұғымының 
араласпайтын жері жоқ. «Ақ жүрек» - адам 
өмірін жақсартатын рухани күш. Шəкəрім 
дəріптеген «ақ жүрек», Абайдың «толық адам» 
кон-цепциясындағы «жылы жүрек» ұғымымен 
сəйкес, сабақтасып жатыр. Бір бағыттағы бұл 
ұғымдар - адамды түзу өмір сүруге бағыттайтын 
рухани құндылықтар. 
ƏДЕБИЕТ 
1. Абай. Қара сөздері. – Алматы, 2010. 
2. Шəкəрім. - Алматы, 2008. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет