Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
27
З. Оразбекова
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ КӨРКЕМ ПРОЗАСЫНДАҒЫ АБАЙ ОБРАЗЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мəселелер. Қазіргі қазақ прозасындағы Абай образы. Абай
образын жасаудағы М.Əуезов дəстүрі. Абай образын жасаудағы қазіргі жетістіктер.
Тірек сөздер: қазақ прозасы, қазіргі, Абай образы, М.Əуезов, дəстүр, жалғастық, жетістіктер.
З. Оразбекова
ОБРАЗ АБАЯ В СОВРЕМЕННОЙ КАЗАХСКОЙ ПРОЗЕ
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Образ Абая в современной казахской прозе.
Традиции М.Ауэзова в создании образа Абая. Достижения современной казахской прозы в создании
образа Абая.
Ключевые слова: казахская проза, современность, образ Абая, М.Ауэзов, традиции,
преемственность, достижения.
Z.Orazbekova
THE IMAGE OF ABAI IN MODERN KAZAKH PROSE
Abstract. The issues dealt in this article.
The image of the Abai in modern Kazakh prose. M.Auezov’s
tradition in creating the image of Abai. The achievement of modern Kazakh prose in creating the image of
Abai.
Академик
Рахманқұл
Бердібаевтың:
«Абайдың шығармалары қайта-қайта басылып,
халыққа кеңінен тарағанын, өзге тілдерге де
аударылғанын, М.Əуезовтің «Абай жолы»
роман-эпопеясы арқылы ұлы ақын өмірі мен
еңбегі əлемдік көлемге таныс болғанын жұрт-
шылық біледі. Дегенмен Абай сынды алып
тұлғаның қызметі мен дəстүрін түсіну, наси-
хаттау, оның өнеге алған рухани негіздерін то-
лық елестету үшін бұл аталған істермен шек-
теліп,тоқталып қалуға тіпті болмайды», - деген
пікірін негізге ала отырып, бүгінгі қазақ əде-
биетінде, оның ішінде қазақ прозасында атал-
мыш дəстүрдің жағдайы қай деңгейде екендігіне
жауап іздеу барысында, ең алдымен беткеұстар
дүниеміз, əрине, классик Мұхтар Əуезовтің
əлемге əйгілі эпопеясы. Мұхтар Əуезов халық-
тың тұрмысы, моральдық институттарының
өмірлік материалдары негізінде қатал реализм,
сұлулық, əсемдік талап-тарына дөп келетін
тарихи роман тудыру арқылы қазақ əдебиетінің
деңгейін биік əлемдік дəрежеге көтеріп, жаңа
эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік
ерлік көрсете білген. Роман бірінші бетінен
бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал
шындығына суарылған. Əуезовтің қаламынан
туған рубасылары, билер, мансап ұстаған адамдар
кескін-келбеттерімен, мінез қалыптарымен, сөйле-
ген сөздері мен арғы-бергі замандардағы небір
іргелі елдердің басшыларынан, патшалардан,
корольдерден, хандардан, дипломаттардан асып
түспесе, кем соқ-пайды. Аспанзəулім, биіктік,
шыңырау - терендік. Іштерінде алтын ер-тоқымды
арғымақ жатса да титтей сыр бермейтін берік-
тікке, бір ауыз əділ сөзге тоқтайтын мəрттікті,
қажет жерінде руымен у ішетін ынтымақты
косыңыз. Қас-қабақ, ым-жым, емеурін, жүріс-
тұрыс, киім киіс, сөз саптау, билік-айту, ел бас-
қару мұның бəрінде мыңжылдық көшпелі мəдениет
қалып-тастырған тапжылмайтын, əбден орнық-
қан берік салт-дəстүр бар. Дүниежүзінде болып
жатқан ұлы əлеуметтік езгерістер, отаршылық
атты алапат қозғалыстар, Батыс пен Шығыстың
мəңгілік шарпысуы, темір құрсанған болат тұяқ
капитализмнің қанды шеңгелі сияқты ғаламат
дүмпулер көшпелілер əлемін де іріте бастаған.
Бұрынғы игілік, кəсіп амалдары, тіршілік қалпы,
адамгершілік мұраттары енді басқа арнаға түсіп,
өзгере бастаған. Жаңа өріс, соны нысана, өзгеше
байлық тумақ. Мұны көш-пелілердің ескі қауымы
түсінбейді, келешекпен туыса табысатын жаңа
буын енді өсіп келе жатыр. М.Əуезов осындай
планеталық мəн-мағынаға ие, қауымдар, мəде-
ниеттер ауысуы тұсындағы сан-алуан отбасылық,
əулеттік, ру-тайпалық, халықтық қақтығыс, шай-
қас, тар-тыстар үстінде адамдық мінез қалып-
тарымен ашылатын ондаған əдебиетіне исі түркі-
лік, шынайы қазақылық исі аңқыған əрі тың, əрі
ғажап көркем каһармандары бар тұтас сұлулық
əлемін алып келді. Бұл жұлдызды аспанның қақ
төрінде темір қазықтай болып, бойына халқының
ғасырларда сұрыпталып екшелеген барлық асыл
қасиеттерін жиған, əрі ақын, əрі дана, əрі қай-
раткер, əрі ойшыл Абай тұлғасы тұр. Абай бей-
несін жасауда акын өмірінің белгілі оқиғалары
кеңінен суреттеледі, оның шығар-маларындағы
əуез-сарындар, мотивтер, идеялар пайдаланады.
Бірақ жеке өлеңдерге иллюстра-ция, жалаңаш
еліктеу, қайта баяндап беру дегеніңіз атымен жоқ,
Абай сөздері, диалогтағы, монологтағы лебіздер
түп-түгел ақын лексикасын, синтаксисті ескере
отырып, тыңнан жасалған.
Көшпелі мəдениетке тəн этно-графиялық,
тұрмыс-салттық, сенім-нанымдық, хұқықтық,
əскери-саяси, адамгер-шілік моральдық көрініс-
тердің барлық белгілерін толық та кең, терең де
|