Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет73/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
оқырмандық талғаудағы ассо-циация, «қосыла 
толқу» эффекті осы болса керек. Əлбетте, Абай 
өлеңдері тағылымының энергетикасы тек 
осылармен ғана түгесілмейді, оның журна-
листика жанрын қалыптас-тырушы мол қасиеті 
өз алдына. Анығына келсек, өлеңмен жазылған 
романды, өлеңмен тіл қатқан очеркті, өлеңмен 
жауаптасқан 
драманы 
қазір 
ешкім 
жат 
санамайды. Ендеше, Абай тағылымынан бастау 
алған өлең-репортаждар, өлең-сұхбаттар қазақ 
публи-цистика жанрларының қатарынан өз 
орнын əлі-ақ алар деп ойлаймыз.
Күні бүгінге дейін публицистика жанр-
ларының объекті – адам жəне оның түрлі-түрлі 
қызметі, сан салалы қоғамдық процестер деп 
келдік. Бұл пікірлер де, біздіңше, қайта қаралуы 
керек. Очерк, суреттеме, репортаж жанрлары 
өсімдіктер 
мен 
жан-жануарлар 
дүниесін, 
табиғат құбылыстарын «басты кейіпкер» ретін-
де ала алады. Оған күш-қайраты, технологиялық 
мүмкіндігі əбден жетеді. Ұлы Абайдың табиғат 
лирикасы бізге солай қарай адастырмас бағыт-
бағдар, дұрыс жөн-жоба сілтейді. 
ƏДЕБИЕТ 
1. Кəкішев Т.К. Жанр жайлауы. 1-кітап. – Алматы: 
Қазақ университеті, 2007. 376 б. 
2. Қамзин К.Е.П. Михаэлистің журналистік қызметі. –
Алматы: Қазақ университеті, 2002. 34-35 бб. 
3. Құнанбаев А.Шығармаларының бір томдық толық 
жинағы. – Алматы, 1961. 444 б. 
4. Лулудова Е. М. Архетипы в художественном 
тексте. – Алматы, 2000. С. 4. 
5. Ким М.Н. Жанры современной журналистики. – 
СПб: издательство Михайлова В.А., 2004. С. 88. 
6. Васильев П.Н. Охота с беркутами // Весны 
возвращаются. – М.: Правда, 1991. С. 277.
7. Моруа А. Олимпио или жизнь Виктора Гюго. – Алма-
Ата: Өнер, 1988. С. 314.
8. Ким М.Н. Жанры современной журналистики.- СПб: 
С. 89. 
9. Мұхамедханов Қ.Көп томдық шығармалар жинағы. 
3 том –Алматы:Алаш, 2005. 208 б.
10. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар 
жинағы. 3 том. 212 б.
АБАЙ ИНСТИТУТЫНЫҢ ЖАҢА КІТАПТАРЫ 
Дəдебаев Ж.
Д12 Əдеби компаративистика жəне көркем аударма: оқу құралы . – Алматы: Қазақ университеті, 
2011.-182б. ISBN 9965-29-721-5 
Оқу құралында «Əдеби компаративистика жəне көркем аударма» 
атты таңдау пəнінің мазмұнын түзетін басты қағидалар 
жинақталған. Аударматану, көркем аударманың теориясы мен 
тарихы,көркем аударма теориясы мен əдеби компаративистка 
саласы бойынша жарық көрген оқулықтар, оқу құралдары жоққа 
тəн. Сондықтан осы олқылықтардың орнын толықтыру 
бағытындағы мақсатты іс-шаралардың бірі ретінде 
ұсынылып отыр. 
Оқу құралы инновациялық зерттеулердің нəтижелері негізінде 
жазылған жəне пəнаралық мазмұнымен ерекшеленген. Бұл тұрғыда 
оқу орындарының студенттері жəне магистранттары үшін 
пайдалы болмақ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет