Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011
58
мерейін тасытқан айрықша асыл қасиетті осы
арнадан іздеген дұрыс: Софы Сматаев өзінің
шығармашылық өмірінде жазар сөзі мен айтар
ойын «ұлы мəртебелі тарих алдында адал
көңіл, таза жүрекпен жүгініп» [3, 390], «жүрек
қанының ыстық ағысынан» шығарып [3, 393]
алған соң, əділет пен ақылға сынатады да, оқу-
шыларына солардың сынынан өткенін ғана
ұсынады. Мұны біз жазушының əділет пен
ақыл алдындағы адалдығы ғана емес, оқушы
һəм жебеуші жұртының, қамқоршы һəм қол-
даушы халқының ақылы мен ойына, ары мен
ожданына, абыройына деген құрметі деп те
білеміз. Əділет пен ақыл алдындағы адалдық,
оқушы һəм жебеуші жұртының, қамқоршы һəм
қолдаушы халқының ақылы мен ойына, ары
мен ожданына, абыройына деген құрмет,
біздіңше, таланттың кемелінде ғана болмақ.
Софы Сматаев таланттың кемелі бола жүріп
тарлан тартқан, таланттың тарланы бола жүріп
кемел тартқан, қазақ əдебиетінің дамуына зор
үлес қосқан құрыштай қайратты қаламгер.
Жазушы елінің игілігіне тоғыз роман, он
үш повесть, он төрт пьеса, он екі дастан, үш
киносценарий, бес либретто, əңгімелері мен
өлеңдерінің, публицистикалық шығармалары-
ның қалың қатарын ұсыныпты. Олардың
ішінде он төрт елдің тіліне аударылып, əлем
халықтарының рухани байлығына айналған
туындылары да аз емес. Қаламгердің аудар-
машылық еңбегінің жемістері өз алдына бір
сала. Сан, есеп деген өмірдің қай саласы үшін
де маңызды. Қандай байлықтың да есебі
болады. Ал автордың шығармашылық ойы-
ның, эстетикалық сезімінің, ақылы мен пара-
сатының қуатынан туған қазынаның қасиетін
есепке салып анықтай алатын сан да, мөлшер
де, көлем өлшемі де жоқ.
Орыстың небір келісті, керемет жазу-
шыларын өзінің «Шинелінен» шығарып жетіл-
дірген Н.В.Гоголь отандастарына қалдырған
«Өсиет сөзінде» (1845) «Қоштасу повесі»
(«Өлі жандардың» екінші томы) туралы: «Ант
етемін: мен мұны жазғым келгеннен жазғаным
жоқ, ойдан да шығармадым. Жаратқан өз
сынақтарымен,
азап-қайғысымен
шынық-
тырған көнбіс жанымнан бұл өзінен-өзі əн са-
лып шықты, ал оның əуені біздің бəрімізге ор-
тақ орыс болмысының қасиетті күш-қуа-тынан
өніп өсті» [4, 221], деген екен. Лев Толстой
Н.В.Гогольдің осы сөзінен от алып, шығар-
маның жазушы жанынан осылай тууы қажет-
тігіне мəн берді [5, 38]. «Үйленбеуге мүмкін-
шілігім қалмағанда ғана үйленгенім сияқты
жазбауға мүмкіншілігім сарқылып біткенде
ғана жазсам...» [6, 282],- деп, берік те берен
шығармашылық ұстаным тапты. Суреткердің
шығармашылық еңбек үстіндегі осын-дай
халін Абай: «Көкірек толған қайғы кісіні өзіне
де билетпей, бойды шымырлатып, буынды
құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз
болып ағады» [7, 135],- деп, мей-лінше анық,
дəл сипаттап берді. Шынайы көр-кем шығарма
суреткердің «жүрегін тербеп», «бойын шы-
мырлатып, буынын құртқан» шындық құбы-
лыстың əсерінен туады. Бұл - нағыз сурет-
кердің ғана басында болатын құштарлы күй.
Мұндай күйді бастан өткеру шығармашылық
еңбектің удай ащы азабы мен балдай тəтті
рақатын бірдей татумен барабар болса керек.
«Елім-ай» трилогиясының шығар-машылық
тарихында автордың осындай халі көрініс тап-
қан. Расында, «Елім-ай» - қазақ халқының
«көкірек
толған
қайғысынан
бойын
шымырлатып, буынын құртып, көзінен жас бо-
лып, тілінен сөз болып аққан» əні. Жазу-
шының жүрегін тербеп, жанын тебірентіп, бо-
йын шымырлатқан, сөйтіп, болашақ туын-
дысының шығармашылық ой өзегінің тууына
себепкер болған осы əннің өзегіндегі біздің
бəрімізге қасиетті ұлттық рухтың жарық күші.
«Елім-ай» əні, осылайша, жазушыға халқының
қазыналы тарихының сындарлы сырын сез-
діреді, «жүрегінің қанымен жазылар міндет
артады» [3, 389]. Іргелі тақырып, ірі идея
осылай туады.
«Елім-ай» əні дүниеге келгелі де бірнеше
ғасырдың жүзі болды. Мемлекеттің тəуелсіз-
дігін, елдің егемендігін жоқтаған халықтың
осы əнін тыңдап өскен ұрпақтың бірнеше
буыны өтті. Неше алпауыт жазушылар да
болды. Қанша көш, қанша керуен көңілін
толқытып айтып өткен осы əннің өзегінен өз
шығармашылығы үшін аса бағалы мəн табу,
сөйтіп, халықтың еркіндігі, тəуелсіздігі, Отаны
үшін қаһармандық күресін суреттейтін тұтас
бір тарихи трилогия жазып шығу біздің заман-
дасымыз Софы Сматаевтың талант табиғатын
ілгеріде өткендерден де, өзімен замандас
қаламгерлерден де ерекше көрсетеді: жазу-
шының көзі көреген, көңілі жүйрік, танымы
терең. Турасын айтсақ, жазушы жазар шығар-
масының тақырыбы мен идеясын халық тари-
хынан, адам тағдырынан, ұлт рухының қа-
сиетті күш-қуатынан іздейді де, «жүрегіне
сүңгіп, түбін көздеп» [2, 267], шын асылды
содан табады.
Қазақ сөз өнерінің ежелгі дəуірден бүгінге
дейінгі даму тарихында көптеген өзгерістер
болғаны белгілі. Бір құбылыстар өшті. Екінші
бір құбылыстар өзгерді. Енді бір құбылыстар
өшпеді, өзгермеді. Осылардың басында адам
өзгергенде көнермеген, заман құбылғанда бұ-
зылмаған, ұлттың санасында сақталған, рухы-
|