Microsoft Word Хабаршы№2 2011(2)


Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011



Pdf көрінісі
бет85/133
Дата18.10.2023
өлшемі4.03 Mb.
#480964
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   133
Abai habarshysy 2(8) 2011(2)

 
Абай институтының хабаршысы. № 2(8) 2011 
67 
жазбақ түгілі айтуға болмайтын «жабық» 
тақырыптарға қалам тарту мүмкіндігі туды.
Алдымен, халқымыздың ұлттық танымын
рухын көтеретін, өткеніне көз салған тарихи 
романдармен қоса қазақы ұлттық мінезімізді, 
салт-дəстүрімізді əспеттеген əңгіме, повестер 
пайда болды. Қаншама жылдар бойына қазақы 
болмысымызды кеңес адамының көлеңкесі 
көлегейлеп келген əдебиетте енді қазағым, 
елім, жерім деп еңіреген ерлердің бейнесі 
келді. Сонымен қатар, еліміздің əлеуметтік 
өмірінде қоғамдық-саяси шешуші рөл атқарған 
қазақ тарихының ақтаңдақ беттері – 1986 
жылғы 
«Желтоқсан», «Семей-полигон», 
«Ауған» тақырыптарына қазақ жазушылары-
ның еркін шабыттала жазуының арқасында 
біраз сүбелі еңбектер дүниеге келді.
XX ғасырдың соңғы ширегі – ұлттың сана-
ның барынша оянып, ұлттық идеологияның 
қайта жаңғыра бастаған кезеңі. Ұлттық негіз-
дерге оралу, ұлттық рухани болмысты түлету, 
ұлттық тұтастықты нығайту мақсатында ке-
шегі кеңестік дəуір тарихына үңіліп, көркем ой 
елегінен өткізу – қазақ əдебиетінің дамуын-
дағы ерекше құбылыс. Осы тақырыпқа алғаш 
қалам тартқан жазушының бірі – Смағұл 
Елубаев.
Əйгілі қаламгер Смағұл Елубаевтың «Ақ 
боз үй» трилогиясы – қазақ халқының басынан 
өткен дүрбелең дəуірі туралы шығарма.
Трилогияда қазақ елінің зұлмат пен 
қасіретке толы тарихы кең далаға саяси тота-
литарлық жүйе орнатумен ұштастырылады. 
Сонымен қатар, тоталитаризмның қазақ тари-
хындағы көрінісі Ресей империясы мен сол им-
перияның тікелей мұрагері болып табылатын 
КСРО тарихымен тығыз байланыста қарас-
тырылады.
Трилогияның жазылу тарихы туралы 
автордың өзі былай дейді:
« — Біріншіден, бұл тарихи шындық
əрине, бізге тарих оқулығынан ашаршылық 
болған жоқ, тек 30-шы жылдары асыра сілтеу 
болды деп қана оқытты. Коммунистік партия 
бастаған жүйе осы бір ұлттың басынан өткен 
қасіретті бүркемелеп, жоққа шығарып, архив 
деректерін жойып, халықтың сөзін сөйлейтін 
қаламгерлердің аузын жабуға, бұл трагедияны 
ұмыттыруға тырысты. Оның себебі 1921 
жылғы да, 1932 жылғы да ашаршылық осы 
Коммунистік партияның қолдан ұйымдас-
тырған ашаршылығы болатын. 
Қолдан жасады дейтініміз, Голощекин 
басқарған Қазақстан Коммунистер партиясы 
əртүрлі жоспарларды орындауды сылтау етіп, 
халықтың қорасындағы малын, қамбасындағы 
дəнін, тіпті асып отырған қазанын төңкеріп 
алып кетіп, елге зорлық-зомбылық көрсетті. 
Мен оны көз көрген куəгерлерден өз құла-
ғыммен естігенмін. Коммунистік партия 
халықтың басынан өткен осындай ұлы қасі-
реттің ұлы шындығын жасырмақ болды. 
Бірақ біз бұл шындықты бала кезімізден 
біліп өстік, себебі біздің ауыл сол заманда өз 
жерінен үдере көшіп Қарақалпақстанға, одан 
əрі Түркіменстанға өтіп кеткен болатын, мен 
сол жерде дүниеге келдім. Кейін Алматыға 
көшіп келдік, мен №12 мектепте оқыдым, 
сонда тарихты ашып қарасам, осынау ұлттық 
қасірет туралы ештеңе ашып айтылмапты, бəрі 
керемет болғандай көрсетілген. 
Үлкендердің, ата-аналарымыздың басы-
нан өткен осы бір зұлматтың тарихын күнде 
естіп өскендіктен біз ресми тарихқа сенбедік, 
сол себепті де 30-шы жылдардың шындығын 
айтқым келді». 
«Трилогия тақырыбы мен мазмұны ұш-
тасқан «Ақ боз үй», «Мінəжат», «Жалған 
дүние» романдарынан құралады. Кеңес өкіме-
тінің қазақ даласында орнығуы, кəмпескелеу, 
ұжымдастыру 
шаралары, 30-жылдардағы 
ашаршылық зардаптары «Ақ боз үй» (1982-
1985 жж.) романында айтылса, «Мінəжат» 
(1990-1992жж.) романында – сталиндік зоба-
лаң, қуғын-сүргін оқиғалары, «Жалған дүние-
де» (1997-2000 жж.) кеңестік жүйенің дағдары-
сы, 80-жылдардағы рухани тоқырау кезеңі 
белгіленеді.
Тарихтан белгілі жайт: қазан көтерілісі, 
кеңестік дəуір қазақ халқының басынан көш-
кен үлкен сын болды. Осы орайда, «Ақ боз үй» 
– авторлық идея мен көркемдік өрнек біртұтас 
біткен шығарма.
Смағұл Елубаев шығармасында өз заманы-
ның ғана шындығын бейнелеп қоймай, қазақ 
халқының 70 жылға созылған кеңестік тари-
хына терең үңіліп, көркемдік шеберлігімен 
дəуір келбетін көрсетеді. Сонымен қатар, 
қаламгер өткен ғасырдың саяси-əлеуметтік 
мəселелерін шынайы суреткер зердесінен 
өткізіп, табиғи көркемділікпен өрнектейді.
Қ.Жұмаділовтің шетелдерде тұратын қазақ 
халқының тарихи шежіресін шерткен «Таңға-
жайып дүние» атты тарихи романының əде-
биетімізде орны ерекше демекпін. Бұл роман 
тарихи шежіре. Шежіре деп отырғаным жазу-
шы осы шығарма арқылы бүкіл қазақ 
халқының ешкімге ұқсамайтын ерекшелігін
өзіндік қасиетін танытқан. Шежіре тарату дəс-
түрі қазақтың тектілігін, тарихи жадының 
мықтылығын, бүкіл тіршілік тынысы мен бітім 
болмысын білдіреді. Қ.Жұмаділов өз өмірін 
суреттей отырып ұлттық тарихты танытқан. 
Ұлттық тарих дегеніміз – қазақтың ру-тайпа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   133




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет