Microsoft Word Урок Программы кредитования ао «Аграрная кредитная корпорация» docx



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата02.11.2023
өлшемі194.79 Kb.
#482242
1   2   3   4
«АГРАРЛЫҚ НЕСИЕ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ. «ҚАЗАГРОҚАРЖЫ» АҚ ЛИЗИНГТІК ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ (3)

«Агробизнес» бағдарламасы 
— ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге айналым 
қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға жəне несие берешегін қайта 
қаржыландыруға кредит беру. 
2) 
«Кең дала» бағдарламасы 
— ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жəне АӨК 
субъектілерін көктемгі егіс жəне егін жинау жұмыстарын жүргізуге Кредиттеу. 
3) 
«Іскер» бағдарламасы 
— ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге жəне қайта өңдеуге; 
ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ет, сүт жəне жеміс-көкөніс өнімдері бойынша сервистік-
дайындау қызметтерін ұйымдастыруға, ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығына жатпайтын 
бизнесті дамытуға кредит беру. 
«АКК» АҚ өнімдерімен толығырақ сілтеме бойынша танысуға болады: 
https://agrocredit.kz/ 
Ауылдық елді мекендерде жəне шағын қалаларда Бағдарламаға қатысушыларға кредит 
беру жəне микрокредит беру. Соңғы қарыз алушыларға кредит беру «Аграрлық кредит 
корпорациясы» АҚ қорландыруды жүргізетін МҚҰ (микроқаржы ұйымдары) жəне КС 
(Кредиттік серіктестіктер) арқылы жүзеге асырылады. «Микроқаржы ұйымдары туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңы (МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге 
асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, микроқаржы ұйымдарының құқықтық 
жағдайының, құрылуының, қызметінің ерекшеліктерін белгілейді, сондай-ақ микроқаржы 


ұйымдарын мемлекеттік реттеудің, олардың қызметін бақылаудың жəне қадағалаудың 
ерекшеліктерін айқындайды. 
Кредиттік серіктестік (КС) 
– Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкінің лицензиясынсыз банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 
коммерциялық ұйым. Нысаны-ЖШС құрылтай шарты негізінде жəне өз Жарғысына сəйкес. 
Кредиттік серіктестікке кіру үшін қатысушы міндетті салымның ең аз мөлшерін енгізеді. 
Кредиттік серіктестіктің ұлттық валютадағы ақшамен қалыптастырылатын жəне төленетін 
бастапқы жарғылық капиталы қатысушылардың міндетті салымдарының сомасына тең жəне 
уəкілетті орган белгілеген сомадан кем болмауға тиіс. Əрбір қатысушының міндетті салымының 
кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталының жалпы сомасына қатынасы қатысушының 
кредиттік серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесі болып табылады. Сіздің ауданыңыз 
бойынша несие алатын МҚҰ жəне КС мекен-жайлары мен байланыстарын сіздің бизнес 
жаттықтырушыңыздан, аудандық «Атамекен» ӨКП-нен анықтауға болады. Толығырақ 
https://www.agrocredit.kz/how-to-get-a-loan/. «АКК» АҚ байланыс орталығы 5115.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет