Сусло-агарда өсуі. Мукор – зигомицеттер класының өкілдері. Ол сусло-агарда қоңыр түсті үлпілдек қатпар тәрізденіп, өсуі бірінші тәулікте байқалады. Аспергил – дейтеромицеттер класының өкілі. Бұл мукорға қарағанда баяу өседі. Өсуі екінші тәулікте байқалады. Конидиялары қара (Aspergillus niger), сары (Aspergillus flavus), сары-жасыл (Aspergillus fumigatus), жасылтым сары (Aspergillus orizae) түсті болуы мүмкін. Пеницилл – дейтеромицеттер класының өкілі. Олар қоректік ортада жұмсақ сұрғылт-жасыл немесе ашық жасыл түсті үлпілдек қатпар құрайды. Қатпарлардың перифериясы ақ жиекті болып келеді.
Препараттарды дайындау. Зең саңырауқұлақтарын «қысылған тамшы» әдісімен препарат дайындап, зерттейді. Ол үшін материалды препарат инесінің көмегімен зат шынысының бетіндегі бір тамшы физиологиялық ерітіндіде таратады.
Мукордан препаратты бір тәуліктік өсіндіден, ал пеницилладан екі тәуліктік өсіндіден дайындайды. Зерттеуге мукор мен аспергилланың өсінділерінен сұр бүршіктері, пеницилланың сүр және жасыл шеңберлерінің ортасы алынады. Сұр конидиялары бар аспергилланың стеригмалары күнбағыстың жапырақшалары тәрізді болады. Мукорды микроскоптың аз ұлғайтуымен (объектив х8) қарайды, аспергилланың конидия сақтаушысының ұлғайған жерін әуелі микроскоптың орташа ұлғайтумен (объектив х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа ұлғайтуымен (объектив х8), сосын оны орташа ұлғайтумен (объектив х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа ұлғайтуымен (объектив х40) табады. Зең саңырауқұлақтардың споралары арқылы көбейетінін есте ұстаған жөн. Сондықтан препарат дайындағанда материалдың шашырауының алдын алу керек. Препарат инелері жұмыс аяғында жалын үстінде мұқият зарарсыздандырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |