Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл- өндірілетін өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
Ескерту: Аталған қисықты нарықтық
Сұраныс қисығы мен шатастыруға болмайды. Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі
Тұрақты Po бағамен сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім MR нарықтық бағаға тең болады, яғни MR=Po.
P D = MR
Q
Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға белгіленген Po бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің нәтижесі екендігін көрсетеді.
Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы.
Шекті және графиктік талдау.
Пайда дегеніміз – жалпы түсім (TR) мен жалпы шығындар (TC) арасындағы айырма ;
П=TR – TC
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың мақсаты – белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады. Қысқа мерзімді кезенде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да, ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді, осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді. Енді қысқа мерзімді кезенде нарықтық баға мен өз шығындары туралы ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай қабылдайтындығын көрсетейік.
Бәсекелес өндірушінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
-
өндіру қажет пе ?
-
егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде ?
-
алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады ?
Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандығы шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға (FC) тең болады.
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC – тан кем зиян шегетін болса, онда өз өнімін қысқа мерзімді кезенде өндіруге тиіс болады . Сонымен, бірінші сұраққа былай жауап беруге болады: егер бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе TFC – кем зиян шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды : фирма мейлінше көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін өнім көлемін өндіреді .
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір өндіріс стртегиясын тандап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру қажет. Барлығыда өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық :
П =Р: Q – АС : Q = ( P –АС ) : Q .
Бірінші жағдайды қарастырайық – пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа жалпы шығындардын ен төменгі денгейінен жоғары делік, яғни
Р > АС MIN.
Онда ( 2 ) формула бойынша есептесек фирма экономйкалық пайда алады. Оны мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігінің жалпы түсімге (R) Қосатын өсімі оның жалпы шығындарға ( ТС ) қосатын өсімнен артық немесе тен болғанша ұлғайтуы қажет : MR MC немесе жетілген бәсеке жағдайында Р МС, өйткені MR=P.
Сондықтан фирма менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай тендік орындалған жағдайда шығарылған өнім көлеміне Q сәйкес келеді.
Р=МС.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасын ең жоғары денгейде жеткізетін шарт болып табылады.
Пайданы мейлінше арттырудын графиктік талдауы төмендегі суретте көрсетілген.
2-суретте фирманың шекті ( МС ) және орташа (АС)шығындарының қисықтары мен сұраныс қисығы Р = МR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі – Q.
АВСД - тік төртбұрышының биіктігі өнім клемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі көрсеткіштердің айырмасына тең
( Р-АС ).Оның ені -өндірілген таурлар саны. Сонымен фирманың жалпы пайдасы АВСД тіктөртбұрышының ауданына тең болады. Мейлінше көп пайда өнім шығару көлемі Q-ға тен болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың ен аз мөлшерінде болуы міндетті емес.
Р,АС
A В Р=MR
Р
AC min
D
Q
2- суретте, Жетілген бәсекелес фирманың пайдасын мейлінше арттыру.
Бәсекелес нарықты талдауда тұтынушы мен өндірушілер ұтымы концепциясын қолдану.
Жетілген бәсеке нарығындағы теңдестік баға мен тауардың теңдесдік мөлшері тұтынушылар мен өндірушілердің жалпы экономикалық арттыруын көрсетейік. Бұл үшін тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымын қарастырамыз. Тұтынушының ұтымы ( СS ) дегеніміз- оның тауарға төлеуге даяр бағасы мен төлеген бағасы арасындағы айырмаға тең болатын тұтынушылардың таза пайдасы. 8-суретте сұраныс қисығы мен нарықтық баға сызығы арасындағы аудан көрсетілген.
Р
S
CS E
Ро
PS
D
Qо Q
3-суретте Тұтынушы мен өндірушінің ұтымдары көрсетілген.
Өндірушілер де осындай пайда көреді ол өндірушінің ( РS ) берілген тауарды сатудан алатын ұтымды деп аталады. Тауардың әр бірлігі үшін бұл- нарықтық бағамен оның өндірісті барысындағы шекті шығындар арасындағы айырма. Жалпы нарық үшін-бұл пайда мен өндіріс факторларына жиналатын кез келген рентаның қосындысы. РS график түрінде былай көрсетіледі-ұсыным қисығының жоғары жағынаң басталып, нарықтық баға сызығына дейін келіп тірелетін аудан. (8-сурет).
Тұтынушылар мен өндірушілердің ұтымының қосындысы(CS + PS) қоғамды сипаттайды. Қосынды жоғары болған сайын, қоғам жағдайы солғұрлым жақсы болады.
Қайталауға арналған сұрақтар
-
Нарық құрылымын анықтайтын сипаттамалар қандай?
-
Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар қаншалықты тиімді әрекет етеді ?
-
Жетілген бәсеке жағдайында фирмалар қай кезде өз қызметін тоқтатады ?
-
Бәсекелес фирманың өнімінің бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2 тең.
а) Қандай өнім көлемін шығарғанда фирма шығынға ұшырайды?
ә) Тең дәрежеде шығарылатын өнім көлемін және ең жоғарғы табыс мөлшерін табыңыз.
Тақырып 8. МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БИЛІК
8.1. Монополияның негізгі белгілері
8.2. Монополия жағдайында баға және өндіріс көлемін анықтау
8.3. Монопсония ұғымы.
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бәрі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады.Монополистің үлкен билікке ие болуына оның тауардың ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді..
Берілген тауарды өндіретін тек т ек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлыр жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық- монополия, ал фирма- монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтыңсұраныс қисығы болып табыладыжәне ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейдіжәне де бәсекелс фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерті арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістердің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
Монополияны тек қана экономикалық шектулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патен алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады: патентің болса- құқығың бар, ал патент жоқ болса- құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жыңылықтардың көбінің мемлекетаралық патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі- демпинг- бісекелесім ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар- олар мүмкіндігі мол монополисттер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:
-
Жабық монополия. Ол бәсекелестен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.
-
Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру.
-
Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін бір фирма және оның бәскелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Монополисттің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты- пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайы толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополист өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. өндіруші тауардың арықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігі анықталады. Монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады:
L= P-MC/ P
Нақты өмірде фирманың басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отыр. Соған қарамастан, олар MR=MC болғандығы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс.
Бәсекелес нарықпен салыстырғанда монополист- өндірушілер тауардың бағасын жоғары деңгейде белгілейтінін және өнімді бәсекелес фирмада аз көлемде ұсынатынын өткен талдауда байқадық.
Монополист жетілген бәсеке саясатын жүргізу нәтижесінде тұтынушы ұтымын түгелдей иемденіп алады. Бірде бір тұтынушы ұтым ала алмайды, себебі монополист сатып алушынң арқайсысына төлей алатын жоғары деңгейдегі бағаны белгілейді. Сондықтан тұтынушы ұтымы түгелімен монополистке пайда ретінде келіп түседі. Мемлекеттік басқару ұжымдары бағалық дискриминация саясатына өте қатаң қарамайды, себебі монополисттер бұндай саясат жүргізе отырып өнім шығару көлемін ұлғайтады.
Қайталауға арналған сұрақтар
-
Монополиялар неге бағалық дискриминация практикасын жүргізеді?
-
Қазақстан Республикасының экономикасынан монополия және монопсония үлгілері бойынша мысалдар келтіріңіз.
-
Бағалық дискриминация бойынша өз мысалдарыңызды келтіріп, түсінік беріңіз.
-
Бәсеке жағдайында жаңа тауарларға жоғары бағаның бекітілуін және оның белгілі уақыт өткен соң төмендеуін немен түсіндіруге болады?
-
Қандай жағдайларда монополия пайда болады
Тақырып 9. МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ
9.1. Монополиялық бәсекенің сипатты белгілері
9.2. Монополиялық бәсеке кезінде пайданы барынша жоғарылату шарттары
9.3. Монополиялық бәсеке шығындары
Нарықтың осы құрылымы нақты өмірде кездеседі. Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері жетілген бәсекемен монополияға тән кейбір қасиеттерге сәйекс келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі, жиһаз жасау, кітап басып шығару, қызмет көрсетудің басқа да көп түрлері монополиялық бәсеке нарығының іс-әрекеті.
Нарық құрлымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқамерзімін кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай белгілейтінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.
Монополиялық бәсеке нарығы төмендегідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:
1. Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны көп болады. Тауарды өндіруде, сатуда көбінесе ұсақ фирмалар жұмыс істейді, тіпті ірі фирмалар жоқ деп атауға да болады. Болған кнде де ұсақ фирмалардың жұмысына кедергі келтірмейді:
а) монополиялық бәсеке саласына кіруге жаңа фирмаларға тосқауыл
оншалық қойылмайды және бұл саладан шығып екту де оңай.
Мысалы , шаштараз немесе жиһаз жасайтын шағын шеберхана
салуға өте көп қаражат қажет емес, сондықтан бұндай кәсіпкер –
лікпен кез келген фирма айналысуы мүмкін, ал осы фирма саладан
кете қалса , онда бұл ісі жалғастырушылар әр уақытта табылады.
б) нарықтағы өнім көлемі , баға және басқада жағдайлар туралы
деректер ашық белгілі болады:
в) өндірілетін тауарлар біртектес емес , олардың әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері болады. Бұл тауарлар бірін – бірі ауыстыра
алады. Бірақ әр фирма өзінің тауарына ерекшелік беруге
тырысады, мысалы тіс жуғыш пасталардың дәмінің, химиялық құ-
рамының өзгешеліктері және т. б. Сонымен қатар фирмалардың
сату маркалары, тауарды көрнекті орап – бууы, жарнама жасауы да
олардың тауарларына өзгешелік қасиет береді.
Қысқа мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын талдауды 1-сурет бойынша түсіндіреміз.
Бірінші көңіл аударатын жағдай, монополиялық бәсекелес фирманың сұраныс қисығы (D). Бұл қисық бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне паралелді емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелесфирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы.
МС
MC
AC
P P
АС
O
О
D
MR
Po Po
D
MR
Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q
A Б
1-сурет Монополиялық бәсекелес фирманың қысқы мерзімдегі кезеңі:.
А. Фирманың пайдасын барынша көбейту жағдайы.
Б. Фирманың шығынын төмендету жағдайы.
Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма – тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.
Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.
MC=MR.
Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирмаөнім өндіруін жалғастырады. Графиктен MC пен MR-дің қиылысу нүктесі Q өнім көлеміне сәйкес келіп тұр. Фирма Po бағасын тағайындай отырып, өз пайдасын барынша көбейтеді (1.1.а – суретте көрсетілгендей) немесе (1.1.б – суретте көрсетілгендей шығынын азайтады).
Графиктен көріп тұрғанымыз Q2 > Q1 .
Егер дәл осы баға Po таза бәсекелес жағдайында қалыптасса, фирма онда Q2 өнімі көлемінөндірер еді.
Қорыта айтқанда, қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс - әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.
Монополиялық бәсеке нарығының ұзақ мерзімді кезеңін талдағанда, бұл нарықтық құрылымныңерекшеліктері айқын көрінеді.
Материялды түсіндіруге ыңғайлы болу үшін шығындарқисығы өзгермейді деп жорамалдайық. D1 сұраныс қисығы AC қисығының ең төменгі деңгейінен жоғары орналасқан. Осы жағдайда фирма экономикалық пйда алады деп жорамалдаймыз. Егер бұл жағдай монополия жағдайында қалыптасса, монополист басқа фирмалардың нарыққа кіруге мүмкіндік бермей, осы жағдайды ұзақ мерзімді кезеңде ұстап тұруға тырысар еді.
Ал моноолиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.
Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисығы төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының D3 жағдайына келіп, орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нольге тең болады (суретте O нүктесі).
Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алатындығының нәтижесінде болып отыр.
Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік нүктесінің (O нүктесі) тағы бір ерекшелігі ол AC ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір – біріне дәл келмейді? Өйткені AC ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизантальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды. (Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы өте икемді емес екенін еске түсіру керек). Егер сұраныс қисығы орташа шығын қисығына жанама болып өтпей, оның ең төменгі нүктесінқиып өтетін болса, онда сұраныс қисығының белгілі бір бөлігі шығын қисығынан жоғары орналасады. Бұл кезде экономикалық пайда болатын аудан болады. 2. – суретте орташа шығын қисығының ең төменгі нүктесін қиып өтетін D2 сұраныс қисығы көрсетілген. Бұл қисықты сұраныстың D1 – ден D3 – ке дейін, яғни тұрақты жағдайға дейін жылжығандағы арадағы тұрақсыздықты түсіндіру үшін сызып көрсеттік.
Ұзақ мерзімдегі тепе – теңдік нүктесінің орташа шығынның ең төменгі нүктесімен дәл түспеуі негізгі себептің шығуына алып келеді. Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе – теңдік баға ұзақ мерзімдегі бәсекелестік бағадан жоғары болады.(бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екенін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін «артық» ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.
Егер жетілген бәсеке нарығындағы заңдылықтар монополиялық бәсекеде бекітілсе, онда өндірілген өнімді арзан бағаға сатуға болар еді.
P D1
о
AC
P1
D2
D3
Pс
Q1 Qс Q
2 – сурет. Монополиялық бәсекелес фирманың ұзақ мерзімдегі тепе – теңдігі.
Қайталауға арналған сұрақтар
-
Монополиялық бәсеке шығындарына түсінік беріңіз.
-
Бағалық емес бәсеке дегеніміз не?
-
Жарнаманың бәсекелесудегі орны қандай?
-
Монополиялық бәсеке нарығына төмендегілердің қайсысыларын жатқызуға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |