«Микроэкономика» пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін



бет4/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#131472
1   2   3   4   5

А) автомобильдер нарығын;


В) сабын, тiс пастасы нарықтарын;

С) ауыл шаруашылық өнімдері нарығын;

D) шикiзаттар нарығын;

Е) энергетикалық нарықты;

F) тұрмыстық техника өндіру;

G) кондитерлік бұйымдар өндірісі.


Тақырып 11. ОЛИГОПОЛИЯ
11.1. Олигополиялық нарық ерекшеліктері

11.2. Олигополия жағдайында баға түзу варианттары

11.3. Дуополия үлгілері.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:

а) бұл нарықта көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес

бірнеше фирмалар болады;

ә) жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе басым (лидер) фирмалар деп

атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің

өзгеруіне едәуір ықпал етеді;

б) олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс

әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес

фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.

Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирманың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.

Олигополияның бір ғана моделі болмайды. Фирманың әр түрлі нақты жағдайдағы іс-әрекетін көрсететін бірнеше моделдері бар. Олардың әрқайсысы жеке фирмалардың өз бәсекелестерінің іс-әрекеті мен олардың таңдап алған стратегиялық реакциясына байланысты белгілі болжамына негізделеді.
Картельдің құрылуы.

Жоғарыда айтылғандай егер фирмалар жоғары деңгейдегі бағаны ұстап тұруға келіссе, онда олар бақталас пен бәсекелестерден гөрі жоғары пайда алады. Картель құрған уақытта өндірушілердің белгілі бір тобы тауардың бағасы мен өнім өндіру көлемі туралы келісімге келеді, соның нәтижесінде пайдаларын жоғары деңгейге жеткізеді. Олигополиялық фирмалар бірігіп, бір монополия сияқты әрекет жасайды: олар тауардың бағасын жоғарылатады, ал өнім көлемін шектеп, бір деңгейде ұстап отырады. Сондықтан картельдің әрбір мүшесіне белгілі бір квота тағайындалады. Картель кезінде пайданы неғұрлым жоғары деңгейге жеткізу мақсаты қалай орындалатынын график түрінде көрсетейік. (10.3-сурет):



10.3 – сурет. Картель.

Әуелі барлық фирмалар жетілген бәсеке жағдайында әрекет жасайды деп ұйғарамыз. Онда Рк, Qк – бәсеке бағасы және саладағы өнім шығару көлемі. Фирмалардың экономикалық пайдасы нөлге тең. Е нүктесі – бәсекелестік кезіндегі тепе-теңдік нүктесі. Енді, фирмалар картель құрып, бірікті делік. Онда пайданы барынша көбейту есебі монополия жағдайындағыдай болып шешіледі. Рм және Qм - монополия бағасы және жалпы өнім шығару көлемі. Сондықтан өнім көлемі, Qк – ден МR = МС болатын Qм деңгейіне дейін қысқарады. Енді, бұл өнім шығару көлемі фирмалар арасында өзара бөлінеді. Мұндағы басты мәселе әр фирманың өнім көлемі квотасын белгілеп және оларды бақылау. Пайда қуған кейбір фирмалар өз пайдасын барынша көбейту үшін квотасын асырады. Егер салада көптеген фирмалар келісім шартын бұзса, онда ұсыныс (Q * - Qк) көбейеді және баға Рк деңгейіне дейін төмендейді. Сондықтан картель бағасын ұстап тұру үшін әрбір фирма өзінің квота мөлшерінен, яғни Qm – нен өнім көлемін асырмауы керек. Іс жүзінде картельдер монополиялық баға жайлы келісу және квотаны енгізу мәселелерінде қиындыққа кездеседі.)

Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Олигополиялық нарықта баға қалай түзіледі?

  2. Картель, синдикат , консорциум ұғымдарына түсінік беріңіз.

  3. Төмендегі кәсіпорындардың қайсысы олигополиялық нарық жағдайында әрекет етеді:

А) «Қазақмыс» корпорациясы;

В) «LG» фирмасы;

С) ЖШС «Восток»;

D) «Microsoft» компаниясы;

Е) ЖШС «Роза».

4. Олигополия теориясын зерттеген экономисттерді атаңыз.



Тақырып 11. ӨНДІРІС ФАКТОРЛАРЫ НАРЫҒЫ
11.1. Еңбекке сұраныс және еңбек ұсынысы

Орташа жалақыны анықтау

11.2. Еңбек нарығындағы кәсіподақтың рөлі

11.3. Капитал нарығы. Қарыз пайызы

11.4. Жер нарығы және рента

Өндіріс факторлар нарығындағы сұраныс және ұсыныс тұтынушылық тауарлар және қызмет көрсетулер нарығы ықпалымен қалыптасады. Сондықтан ресурстарға сұраныс туынды (тәуелді) сұраныс ретінде жүреді, ал ресурстар ұсынысы тұтынушылық игіліктерді ұсынуға байланысты. Бұдан айтарлық ресурстарға сұраныстың өзгеруі дайын өнім сұранысы өзгерісіне тәуелді шама болып табылады. Сонымен қатар ресурстарға сұраныс қозғалысына еңбек өнімділігі де әсер етеді: егер ол артса, ресурстар да көп қажет етіледі. Ресурстардың әрбір қосымша бірлігі өнімдердің өсімшесі – шекті өнімді (ақшалай мәнде шекті табысты) береді. Бұл кезде қосымша ресурстар фирма шығындары – шекті шығындарының өсуіне әкеледі. Соңдықтан олар ресурстарды шекті табыс шекті шығындарға тең болғанша дейін көбейтеді. Егер шекті табыс шекті шығыннан артық болса, ресурстарға сұраныс артады, керісінше жағдайда кемиді.

Жалақы мөлшері алдымен жұмысшы күшіне сұраныс және ұсыныс ықпалымен қалыптасады. Еңбекке сұранысты келесі сурет сипаттайды.

Психологиялық тұрғыда еңбекке сұранысты тәуелді сұраныс деп атайды.

Еңбек ұсынысы психологиялық тұрғыда жұмысшының тілегін білдіреді. Еңбектің нарықтық ұсыныс қисығы әдетте оң сипатта болады. Ол жалақы көбейген кезде жұмыстың көп көлемін орындауға тырысатын жұмысшыны суреттейді . Сонымен қатар, қисық кері бағытта иілген түрде болады , жалақының анықталған деңгейнде қисықтың оң иілуі теріске ауысады. Бұл жұмысшының демалыс және жұмыс уақыттары арасында таңдау жүргізуіне байланысты. Еңбек ақы мөлшерінің өсуіне қарай уақыт бағасы да жоғарылайды. Жалақының төменгі ставкасында алмасу әсері жұмысшыларды бос уақытты жұмыспен алмастыруға итермелейді. Жоғары ставка кезінде табыс әсері алмасу эффектісіне қарағанда күштірек бола бастайды.

Бұл жұмысшыны демалысқа көп уақыт бөлуіне және өзінің еңбегін ұсынуды қысқартуға әкеледі.

Еңбек нарығына жетілген бәсекемен қатар жетілмеген бәсеке де тән. Оның бір түрі - монопсония. Мұндай жағдай көбіне қала экономикасы тұрғындардың көпшілігін жұмыспен қамтитын бір ірі фирмаға тәуелді болатын шағын қалаларда кездеседі. Осы кезде фирма жергілікті еңбек нарығындағы басты сатып алушы ретінде болғандықтан жалақы деңгейіне ықпал ету мүмкіндігіне ие. Бұл жалданатын жұмысшылар санын қысқарту жолымен жүреді. Жұмысшылар арасында бәсекенің күшеюі нәтижесінде олардың жалақысы тепе-теңдік деңгейден төмендейді.

Еңбек нарығында маңызды рөлді кәсіподақтар атқарады.



Кәсіподақ – бұл өзінің мүшелері атынан және нұсқауы бойынша кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу құқығына ие жұмысшылар бірлестігі. Кәсіподақтың мақсаты - өз мүшелері жалақысын барынша жоғарлату, олардың еңбек жағдайын жақсарту және қосымша төлемдер мен жеңілдіктерді алу.

Бәсекелес еңбек нарығында кәсіпорындар екі жақты әрекет етеді. Олар еңбекке сұранысты жоғарылатуға, не еңбек ұсынысын шектеуге тырысады.

Еңбекке сұранысты жоғарылату алдымен өнімге сұранысты арттыру жолымен (жарнама№ т.б.) жүзеге асады. Еңбекке сұранысты жоғарлатуына сонымен қатар еңбек сапасы мен тиімділігі өсуі ықпал етеді.

Кәсіподақ мүшелерінің жалақысын арттыруға еңбек ұсынысын шектеу жолымен де жетуге болады. Еңбек ұсынысын шектеу кәсіподақпен берілген мамандықты лицензияланатын кәсіптер тізіміне енгізу нәтижесінде жүреді. Лицензиялау практикасы дамыған елдерде кеңінен тараған.

Капитал және капиталдық активтер нарығы – бұл өндіріс факторлар нарығының құрамдас бөлігі. Капиталдық активтерге құрылыс,ғамарат, өндірістік машиналар мен техника, құрал-жабдық, саймандар, шикізат – материалдар, энергия т.б. жатады.

Өндіріс факторлар нарығында әрекет ететін сұраныс пен ұсыныс заңдары капиталдық активтердің кез келген түрінің бағасын қалыптастырады.

Капиталдың жерден айырмашылығы ол қайта – қайта өндіріледі, ал жер қоры тұрақты шамада болып, тез көбеюі мүмкін болмайды.

Алдымен капиталдың физикалық (машиналар, құрылыс, ғимараттар, шикізат т.б.) және адамға тән (жалпы және арнаулы білімі, еңбек дағдысы, өндірістік тәжірибесі т.б.) түрлерін қарастырайық

Физикалық нақты активтер және өндірістің әрбір циклі үшін заттар (еңбеқ, шикізат) сатып алуға жұмсалатын айналмалы капиталдан тұрады.

Негізгі капитал бірнеше жыл қызмет етеді және табиғи және рухани тозуына байланысты ауыстыруға жатады.

Айналмалы капитал өндірістің бір циклы ішінде толықтай тұтынылады және оның кұны толықтай өндіріс шығындарына енеді.

Капиталды қалыптастыру және көбейту үшін ақша салымдары - инвестициялар қажет. Инвестициялау – бұл капитал запасын толтыру немесе қалыптастыру процесі. Жалпы және таз инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестиция – капитал запасының жалпы көбеюі. Таза инвестиция – жалпы инвестициядан тозған негізгі капиталды ауыстыруға кеткен қаржыларды шегерумен есептелінеді.

Инвестициялау жөнінде сұрақты шешу үшін жобаны іске асырумен байланысты шығындарды оны жүзеге асырғаннан кейін алынатын кіріспен салыстыру қажет. Қарыз құралдарын қолдану кезінде өтеу нормасын және қарыз пайзын салыстыру қажет.

Қарыз пайызы – бұл белгілі уақыт аралығында оның ақшалай қаржыларын қолданғаны нәтижесінде капитал иесімен алынатын табыс.

Қарыз беруші мен қарыз алушының арасындағы келісім сатушы мен сатып алушының арасындағы келісім, ал қарыз капиталы сырттай қарағанда тауар іспетті. әрине, мұндай айырмашылық жоқ емес, бар. Әдетте, тауар сатылғанда сатушы оның иесі болудан қалады, ол құқық сатып алушыға тиеді. Ал қарыз капитал сатылмайды, керісінше, белгілі бір уақытқа беріледі. Сондықтан капиталдың иесі оны меншіктену құқығын сақтап қалады. Несие мерзімі біткен кезде, капитал пайзымен қоса иесіне қайтарылып беріледі. Сөйтіп пайыз капитал – тауарға төленетін төлем түрінде көрінеді. Пайыз мөлшері сонымен бірге қарыз капиталының сұранысы мен ұсынысына байланысты. Егер ұсыныстан сұраныс асып түссе, пайыз мөлшері артады, ал керісінше болған күнде пайыз мөлшері кемиді.

Пайыздың тепе-теңдік ставкасы ақшаға сұраныс және ақша ұсынысы қисықтарының қиылысуымен анықталды.

Пайыздық ставка шамасына қарыз беру кезіндегі тәуекел деңгейі, мерзімділік, қарыз мөлшері, салық салу жүйесі ықпал етеді. Номминалды және пайыздық ставканы ажыратады.
Нақты номиналды инфляция

пайыздық = пайыздық - қарқыны

мөлшерлеме мөлшерлеме
Қазіргі кезде кәсіпкерлердің көпшілігі қарызға ақша беруді барған сайын өздерінің негізгі кәсібіне айналдырады. Мұндай кәсіпкерлерді рантье деп аталады.

Жер көлемі қатаң шектеулі өндіріс факторы болып табылады, осыған байланысты жер ұсынысы өте икемсіз. Жер сұранысына әсер ететін факторлар болып жер құнарлығы мен орналасуы табылады. Сондықтан жердің шектеулігі туралы айтқан кезде біз белгілі бір орындағы, анықталған сапасы бар бар жерді айтамыз.

Жерге сұраныс біртекті емес. Ол екі негізгі элементтен – ауыл шаруашылықтық сұраныс және ауыл шаруашылықтық емес сұраныстан тұрады.

Экономикалық рента жерді және басқа қатаң шектеулі ресурстарды қолданғаны үшін төлем. Жер рентасы ауыл шаруашылығында тікелей өндірушілер шығаратын қосымша үстеме өнімнің бір бөлігі, ол табысты жер қожасы иемденеді. Жақсы жерлерден алынған, тауарлар арзанға түседі, сондықтан ол орта пайдадан тыс үстеме пайда алуға мүмкіндік береді. Сөйтіп жер иесі иемденетін осы үстеме пайда дифференциалдық рентаға айналады. Дифференциалдық рентаның екі түрі бар: дифференциалдық рента І, бұл жер участоктерінің құнарлығы мен орналасу айырмашылықтарына байланысты рента, және дифференциалдық рента ІІ, бұл өндіріске ұтымды технологияны енгізу, жаңа техниканы, тыңайтқыштарды және басқа химиялық заттарды көптеп пайдалану – интенсивтендіру жолдарымен жерді дұрыс пайдалану нәтижесінде тапқан қосымша табыс.

Абсолютті рента – жер иелерінің жердің құнарлы не құнарсыздығына қарамастан барлық учаскеден бірдей алатын рентасы.

R S

(мың тг) _ __ __ __ __

R1

R0 _ __ __ __ __ _ D1


R2__ __ __ __ __ _ D0

0 D2


Q Q(акр)



Сурет. Жер нарығындағы тепе-теңдік:

жер рентасының өзгеруі.

D0 сұраныс қисығының S ұсыныс қисығымен қиылысуы жер нарығындағы тепе –теңдікті анықтайды. R 0 бір акр жердің айлық рента деңгейін білдіреді. Жердің икемсіз ұсынысы жағдайында жердің бағасы мен абсолютті рента сұраныстың өзгеруіне тәелді болады. Жердің бағасы рентаны капиталдандыру жолымен анықталады.


PL = R / I
Мұндағы , PL – жердің бағасы

R – жылдық рента

I – қарыз пайызының нарықтық ставкасы.


Қайталауға арналған сұрақтар


  1. Номиналды және нақты жалақы арасындағы айырмашылық неде?

  2. Кәсiподақпен бақыланатын еңбек нарығында жалақы ставкасы қалай қалыптасады?

  3. Жалақыны диференциациялауды түсiндiру кезiнде қолданылатын негiзгi факторлар қандай?

  4. Инвестициялық шешiмдердi қабылдау кезiнде номиналды және нақты пайыздық ставкалардың қайсысы көп дәрежеде есептелiнедi?

  5. Инвестиция және дисконтты құнға анықтама берiңiз

  6. Арендалық төлемнiң жер рентасынан айырмашылығы неде?

  7. Ауыл шаруашылық өнiмдерiне сұраныстың өзгеруi жерге сұранысқа қалай әсер етедi?


Тақырып 12 . ЖАЛПЫ ТЕПЕ-ТЕҢДІК , СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР ЖӘНЕ АССИМЕТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТ

12.1. Жалпы тепе-теңдік талдауы

12.2. Сыртқы әсерлер

12.3. Экономикалық әл-ауқат. Ассиметриялық ақпараттар нарығы.
Тауар және ресурстардың жеке нарықтарында тепе-теңдік баға мен сату көлемі жекелеме тепе-теңдік талдауы негізінде анықталады. Барлық жее нарықтар өзара тығыз байланысқан. Бір нарықтағы нарықтық жағдайларының өзгерісінің басқа нарықтарға ықпалы жалпы тепе-теңдік талдауы көмегімен карастырылады. Бұл кезде барлық нарықтарда кері байланыс әсерін ескерумен бір уақытта баға және сату көлемі анықталады. Экономикалық болжау және жоспарлауда шығындар мен нәтижелер кестесі негізінде жүзеге асырылатын жалпы тепе-теңдік талдауының практикалық мәні бар.

Жалпы тепе-теңдікті талдаудың карапайым түрі кем дегенде төрт кезеңнен тұруы қажет.

1) алғашқы өзгеріс;

2) өзара алмастырылатын тауарлар нарығы;

3) өзара толықтырылатын тауарлар нарығы;

4) кері байланыс әсері.

Автомобильге бағаның жоғарлауымен байланысты мысалды қарастырайық. Айталық, автомобиль бағасы 5000 доллардан 7000 долл. көтерілді. Бұл сату көлемінің жылына 15 млн. автомобильден 10 млн. кемуіне әкеледі (сурет 6-а). Автомобильге сұраныстың төмендеуі бензин сұранысына ықпал етеді. Ол күніне 10 млн. литрден 8 млн. түседі. Осы жағдай бензин бағасының 50 тенгеден 45 тенгеге түсуіне әкеп соқтырады (сур.6-б). Автомобильге бағаның өсуі көптеген адамдарды жаңа автомобиль сатып алудан бас тартуға мәжбүр етіп, назарларын

тауаралмастырғышқа немесе ескі келіктерін жөндеуге аудартады (сурет 6-в, 6-г).

Сонымен, жалпы тепе-теңдік талдауы ұсыныстың төмендеуі және кейбір нарықтағы бағаның жоғарлауы толықтырғыш тауарға сұраныстың төмендеуіне және оның тауар-субститутқа өсетінін көрсетеді.

Біздің мысалда тек төрт нарықтың өзара байланысы талданған. Ал шындығында осы сияқты өзара байланыстардың құрылымы неғұрлым күрделірек. Алайда, келтірілген мысал тепе-теңдік баға мен көлем кері байланыс әсерін ескерумен анықталғанын көрсетеді.






Сурет 1. Экономикадағы нарыктардын өзара байланысы: кері байланыс

әсері
Экономикалық әл-ауқат

Нарықтық қызметтің әрекет етуі экономикада тек жалпы тепе-теңдік жағдайына жетуді ғана емес, сонымен қатар экономикалық жүиенің оңтайлы қызметін қамтамасыз ету, қоғамдық әл-ауқатты барынша жоғарлатуға жетуге мүмкіндік береді. Ол экономиканың Парето-оңтайлы1 жағдайымен сипатталады. Парето-оңтайлы жағдай - бұл біреудің әл-ауқатын төмендетпей, басқа біреудің әл-ауқатын жақсарту мүмкін еместігін көрсететін игіліктерді өндіру және тарату.

Экономиканың Парето-оңтайлы жағдайының үш шарты бар.

Бірінші шарт- айырбастағы тиімділік. Ол жеке түлғалар арасындағы игіліктерді еркін айырбастаудың өзара тиімділігін көрсетеді және барлық тұтынушылар үшін кез келген тауар жұптары арасындағы алмасудың шекті нормаларының теңдігімен сипатталады.


МRSА=МRSВ

1 - тиімділік критериін ұсынған итальян экономисі Вильфредо Парето (1848- 1923) атымен аталады.

Екінші шарт - өндірістегі тиімділік. Оған кез келген бір тауардың өндірісін кысқартпай басқа бір тауарды өндіруді көбейту мүмкін емес жағдайда жетуге болады және ресурстардың технологиялық алмасуының шекті нормалары теңдігімен белгіленеді.


МRTSА = МRТSВ
Үшінші шарт - өнімдер нарығындағы тиімділік. Өнімдер нарығындағы тиімділікке барлық тұтынушылар үшін МRТ = МRS шарты орындалған кезде жетуге болады. Мұндағы, МRT - трансформацияның шекті нормасы, ол өндірістік мумкіндіктер қисығымен жүре отырып балама тауардың қосымша бірлігін алу үшін қандай да бір тауардың қанша бірлігінен бас тарту қажеттігін көрсетеді. Оны екі тауардың шекті өндіріс шығандары қатынасымен көрсетуге болады.
Асимметриялық ақпаратпен нарықтар
Асимметриялық ақпарат бизнестің көптеген жағдайларынан мағлұмат береді. Сатушының тұтынушыдан гөрі сатқан өнімінің сапасын жақсырақ біледі. Жұмысшылар өздерінің қабілеті мен іскерлігін кәсіпкерден жақсы біледі. Ол фирманың басқарушысы өзінің мүмкіншілігін фирма қожайынынан артық біледі. Асимметриялық ақпарат қоғамдағы институционалдық ережелерден мәлімет береді. Бұл түсінік неліктен авто. компаниялар өздерінің жаңа моделдері үшін ұсынатын кепіл мен қызметін, фирма мен жұмысшы не үшін ынта мен сыйақыны көрсететін шартқа отыруы, неліктен корпорация акциясын ұстаушылары басқарушыны бақылап отыратыны жайында түсінік береді. Енді біз сатушының сататұғын өнімінің сапасы туралы нақты ақпаратты тұтынушыдан артық білетіні хақындағы жағдаяттан бастайық.

Өнімге берілетін кепіл, егер тұтынушының өнім жайлы ақпараты толыққанды болмаса икемді болады. Керісінше жағдайда бұл сатушы үшін үлкен соққы.

Сонымен, асимметриялық ақпарат келісімге қатысушылардың бір бөлігі басқа қызығушылық білдірген тұлғалар білмейтін маңызды мәліметке ие болғандағы жағдай.

Сапаның белгісіздігі және «лимон» нарығы.

Ойлаңызшы, сіз 10.000 долларға жаңа автомобиль сатып алдыңыз делік те, кейін 100 миль жүргеннен кейін кенеттен бұл машина сізге керек емес екенін түсіндіңіз. Автомобильде мін жоқ , ол жұмыс істеп, сіздің көңіліңізге қонып тұр. Тек сіз автомобиль сатып алмай-ақ орынына басқа зат сатып алғаныңызда ұтатыныңызды сезіндіңіз. Сонымен сіз автомобильді сатуды ұйғардыңыз. Сіз одан қанша табыс табуыңыз мүмкін? Бұл автомобиль жаңа маркалы , бар болғаны 100 миль ғана жүрген және сіздің машинаны басқа адамға беруге болатындығы жөнінде құжатыңыз болса да, сіз автомобильді тек 8000 долларға ғана сата алуыңыз мүмкін. Сіз де егер мүмкінді сатып алушының орынында болсаңыз автомобиль үшін 8000 доллардан артық бермейсіз.

Неге тек бір фактіге байланысты автомобильді екінші қолға сатуда ол өзінің бағасын айтарлықтай төмендетеді? Бұл сұраққа жауап беру үшін сіз өзіңізді потенциалды сатып алушының орынына қойып көріңіз. Неліктен автомобиль иесі өзінің шешімін өзгертті, әлде автомобольдің сапасына күмән келтіруіңіз кәдік. Тіпті бұл автомобиль «лимон» шығар.

Қолданылған автомобильді сату барысында ол жаңасына қарағанда арзанға өтеді. Себебі оның сапасы туралы ақпарат асимметриялық болады: яғни автомобиль сатушы потенциалды сатып алушыға қарағанда ол жайында көп және нақты біледі.

Әрине сатып алушы оның сапасын тексеру үшін механик жалдағанымен де, сатып алушы оны қолдану барысындағы тәжірибе есебінен одан да көп біледі. Сату жөніндегі фактінің өзі автомобиль «лимон» болуы мүмкін деген күмән туғызады, әйтпесе сенімді автомобильді сатудың қажеттігі қанша?

Соның нәтижесінде потенциалды сатып алушы әр уақытта да ұстанылған автомобильдің сапасына күмән келтіреді және ол негізсіз де емес.

Өнімнің сапасы жөніндегі асимметриялық ақпаратты Джордж А. Акерлоф тауар жасады. 1970 жылы Джордж А. Акерлоф экономикалық ғылымда «Лимондар» нарығы мақаласын жариялап мини-сенсация жасады. Акерлоф тауарды ұсталынған автомобильдерді сату шеңберінен де ауқымды. Сақтандыру, несие нарығының сапасын асимметриялық ақпаратпен сипаттайды.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Кері байланыс әсері дегеніміз не? Оның нарықтық экономикадағы рөлі қандай?

2. Екі тауар айырбасы қатысушылары Парето-тиімді таратуға қалай қол жеткізеді?

3. Экономиканың Парето-оңтайлы жағдайына түсінік беріңіз.

4. Оң және теріс сыртқы әсерлерге мысалдар келтіріңіз.

5. Асимметриялық ақпарат мәні неде?

6.Сақтандыру адамдарды тәуекел салдарынан қалай қорғайды?

7.Сақтандыру бизнесі алдында қандай ақпараттық мәселелер тұрады?

8.Неге спекулянттар тәуекелге барады?

9.Экономикадағы аукционның рөлі қандай?

3. САРАМАНДЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ




Сарамандық сабағының тақырыбы, олардың жоспары

Сағат

саны

1

2

3

1

Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

  1. сабақ

  1. Микроэкономика пәні, әдістемесі

  2. Ресурстардың шектеулігі, нормативті және позитивті экономика




1

2

Сұраныс және ұсыныс теориясы.

1-сабақ

1. Сұраныс және ұсыныс функциялары, бағалық емес фактор әсері

2. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеруі: мемлекетпен бағаның төменгі және жоғарғы шегін бекіту

2-сабақ

3. Нарықтық тепе-теңдіктің өзгеруі: салық және дотация әсері

4. Тұтынушы және өндіруші ұтымдарын анықтау.


2

3

Икемділік түсінігі

1-сабақ

1. Сұраныстың бағалық икемділігі: нүктелік және доғалық

2. Сұраныстың қиылысқан және табыс бойынша икемділіктері

3. Ұсыныстың бағалық икемділік формуласы



1

4

Тұтынушы тәртібінің теориясы

1-сабақ

1. Шекті пайдалылық теориясы

2. Тұтынушы қалауы және талғаусыздық қисығы

3. Тұтынушының тепе-теңдігі

4. «Табыс-тұтыну» қисығы және Энгель кисықтары , «Баға-тұтыну» қисығы



1

5

Өндіріс теориясы

1-сабақ

1. Өндірістік функция қасиеттері. Изокванта

2. Өндіріс стадиялары . Шекті өнімнің кемімелі заңы

3. Изокоста . Өндірушінің тепе-теңдігі




1

6

Өндіріс шығындары

1-сабақ

1. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар

2. Орта, шекті өнім және орташа , шекті шығындар арасындағы байланыс

2-сабақ

3. Ұзақ мерзімдегі шығындар

4. Өндірісті кеңейту. Ауқым әсері


2

7

Жетілген бәсекелестік нарықтағы ұсыныс

1-сабақ

1. Пайданың түрлері.

2. Пайданы тарату және салық салу

3. Пайданы барынша арттыру ережесі



2-сабақ

1. Жетілген бәсекелестік шарттары

2. Жетілген бәсеке нарығындағы ұсыныс

3. Жетілген бәсеке нарығында пайданы барынша жоғарлату және фирманың жабылу жағдайы



2

8

Монополия

1-сабақ

1. Таза монополия нарығы белгілері және монопсония

2. Монополия нарықтарында өндіріс көлемін , бағаны анықтау

3. Бағалық дискриминация түсінігі

4. Монополияны үкіметпен реттеу


1

9

Монополиялық бәсекелестік

1-сабақ

1. Монополиялық бәсеке нарығы белгілері. Бағалық емес бәсеке

2. Монополиялық бәсеке нарығында өндіріс көлемін, бағасын анықтау


1

10

Олигополия

1-сабақ

1. Олигополия нарығында бағаның түзілу варианттары

2. Курноның дуополия үлгісі


1

11

Өндіріс факторларының нарығы

1-сабақ

1. Ресурстарға сұраныс және ұсыныс. Фактордың шекті табыстылығы

2. Еңбек нарығындағы монопсония. Нарықтағы кәсіподақ ролі

3. Қарыз пайызын анықтау және кәсіпорын дамуындағы инвестиция

4. Жер нарығы және рента


1

12

Жалпы тепе-теңдік, қоғамдық игіліктер және сыртқы әсерлер. Ассиметриялық ақпарат

1-сабақ

1. Жалпы тепе-теңдік талдауы

2. Экономикалық әл-ауқат

3. Қоғамдық игіліктің бәсекесіздігі және жалпылығы.

4.Сыртқы әсерлер: оң және теріс әсерлер. Коуз теоремасы

5. Ассиметриялы ақпараттың маңызы. Сапа анықсыздығы.



1


7.4.Тақырып бойынша қолданылатын әдебиет (Қосымша)

Тақырыптар

Әдебиет

1.Қазіргі микроэкономика және оның методологиясы

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 6—16 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 20-37 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 5-11 бет.

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


2. Сұраныс және ұсыныс теориясының негiзi,

икемдiлiгi.

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 30-84 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 40-55 бет,74-87 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 12-29 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


3. Сұраныс және ұсыныс

икемдiлiгi.

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 30-84 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 40-55 бет,74-87 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 12-29 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


4. Тұтынушы iс-әрекетi

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 111—124 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 96-112 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 30-41 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


5. Өндіріс теориясы

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 163—180 бет, 215-223 бет.

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 135-138 бет, 141-152 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 42-56 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


6. Өндiрiс шығындары

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 163—180 бет, 215-223 бет.

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 135-138 бет, 141-152 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 42-56 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


7. Жетілген бәсеке нарығындағы ұсыныс.


1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 252-280 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 155-189 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004,

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007



8.Монополия және монополиялық билік


1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 306—386 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 191-226 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004,

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


9.Монополиялық бәсекелестік

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 306—386 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 191-226 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004,

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


10. Олигополия

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000, 306—386 бет

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 191-226 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004,

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


11. Өндiрiс факторлар нарығы

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000,

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 271-338 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 56-67 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


12. Қоғамдық игiлiктер және сыртқы әсерлер.

Ассиметриялық

Ақпарат.

1.Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000,

2. Фишер С., Дорнбуш Р., Шмалензи Р. Экономика- Москва,2002, 231-247 бет, 342-355 бет

3.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004, 71-79 бет

4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007



4. “МИКРОЭКОНОМИКА” ПӘНІ БОЙЫНША КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Курстық жұмыс студенттердің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге негізделген. Ұсынылған тақырыптар арасынан студент курстық жұмыс тақырыбын өзі не оқытушы-жетекші кеңесімен таңдайды. Курстық жұмыс бойынша студенттің тақырыпты терең зерттеу шеберлігі, экономикалық талдау жасай алуы, салыстыруы, жалпылау, өз пікірін дәлелді білдіруі, әдебиеттермен жұмыс істей алуы бағаланады.

Студент оқытушыдан жүйелі түрде кеңес алып , істелінген жұмысы жөнінде есеп беріп отыруы тиіс. Курстық жұмыс көлемі егер қолжазба болса 35 беттен, ал компьютерде терілсе 25 беттен (жол арасы -1,5 интервал) кем болмауы қажет. Титулдық бет, жоспар және әдебиеттер тізімі міндетті түрде терілуі керек. Курстық жұмыс таза, түсінікті жазылуы тиіс. Беттердің нөмірлері оң жағында көрсетіледі.. Мұнда мәтіннің сол жағынан -3,0 см, оң жағынан – 1,0 см, жоғары , төменнен -2,0 см. қалдыру керек. Қурстық жұмыста сөздер қысқартылып жазылмайды, тек жалпы қабылданған сөздер ғана жазылады. Әдебиеттер тізімі тақырыпқа сай болып, ол тек оқулықтармен ғана емес мерзімді басылым материалдарымен толықтырылып отыруы қажет.

Қолданылған цитаталарға сілтеме жазылуы керек.

Қурстық жұмыс жоспары тақырыптың негізгі мазмұнын көрсетуге тиіс және онда қаралған сұрақтар жүйелі, ретті болу керек. Курстық жұмыс бекітілген жоспар бойынша орындалады. Жалпы курстық жұмыста кіріспе, үш бөлім, қорытынды қарастырылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15-20 болуы қажет. Курстық жұмыстың бөлімдері бір-бірімен ұштасып отыруы қажет. Пайдаланған әдебиеттер тізімі заңдар, қаулылардан басталады, ал автордың аттары алфавиттік ретпен жазылуы керек.



ҮЛГІ

ЖОСПАР

бет


Кіріспе 3-4

1-бөлім. Тұтынушылық тәртіп теориясы 5-15

1.1. Тұтынушылық сұраныс ерекшеліктері

1.2 Тұтынушылық қалаулар әлемі

2-бөлім. Бюджеттік шектеулік шеңберінде пайдалылықты барынша жоғарлату 16-24

2.1 Тұтынушылық тепе-теңдік жағдайы

3-бөлім. Тұтынушы құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілер 25-36
Қорытынды

Әдебиеттер тізімі 39-40



Үлгі

Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Қаржы-экономикалық факультет
“Микро және макроэкономика” кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: “Нарықтық экономикадағы тұтынушының

рационалды тәртібі ”

Орындаған: студент Ахметов А.А. ЭК-224 тобы

Жетекші: доцент Айдарханов М.Х.

Семей қаласы 2009

Микроэкономика бойынша курстық жұмыс тақырыптары


  1. Нарықтық және нарықтық емес қызмет. Микроэкономикадағы үлгілердің рөлі.

  2. Шектеулі ресурстар қағидаты, экономикалық таңдау.

  3. Нарықтық механизм жүйесіндегі сұраныс және ұсыныс заңдары.

  4. Нарықтық экономикадағы тұтынушының рационалды тәртібі.

  5. Тауар пайдалылығын талдаудың реттік және мөлшерлік бағыттары.

  6. Қазақстандағы нарықтық сұраныс сипаты мен ерекшеліктері.

  7. Нарықтық тепе-теңдікті талдау және тепе-теңдіктегі өзгерістер.

  8. Икемділіктің өзгеру облысы, оны микроэкономикалық талдауда қолдану.

  9. Сұраныс икемділігінің практикалық мәні.

  10. Жанұялық бюджет, оның қалыптасу көздері.

  11. Фирма нарықтық қатынастар субъектісі ретінде және оның ұйымдастырушылық –құқықтық формалары.

  12. Қазақстанның экономикалық ресурстарына (өндіріс факторларына) сипаттама.

  13. Өндірістік функция түрлері мен қасиеттері.

  14. Кәсіпорын шығындары және оның түрлері.

  15. Экономикалық пайда және оның фирманың тиімді әрекетіндегі рөлі

  16. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс пен ұсыныс.

  17. Ресурстардың оңтайлы комбинациясы және өндірістің оңтайлы өсу жолы.

  18. Таза монополия жағдайындағы фирманың тәртібі.

  19. Қазақстан Республикасының антимонополиялық заңнамасы.

  20. Олигополиялық тәртіп формаларының алуан түрлілігі.

  21. Монополиялық бәсеке жағдайында өндіріс көлемі мен бағасын анықтау.

  22. Еңбек нарығындағы ұсыныс және жалақыны анықтау.

  23. Еңбек нарығындағы кәсіподақтың рөлі. Ең төменгі жалақы.

  24. Капиталды инвестициялау. Активтерді пайдаланудан табыстар ағыны.

  25. Қазақстандағы инвестициялау процесінің ерекшеліктері.

  26. Капитал нарығындағы тепе-теңдік. Қарыз пайызы.

  27. Жер өндіріс факторы ретінде

  28. Сыртқы әсерлердің пайда болу себептері және рөлі.

  29. Теріс сыртқы әсерлердің пайда болу себептері және қоршаған ортаны қорғау бойынша органдардың қызметі.

  30. Қоғамдық игіліктер.


5. ОЖСӨЖ және СӨЖ үшін тапсырмалар

5.1. Коллоквиумға арналған бақылау сұрақтары


  1. Сұраныс және ұсыныстың өзара байланысы.

  2. Бағалық емес факторлардың әсері.

  3. Нарықтық тепе-теңдік.

  4. Егер бағаның 18%-ға дейін азаюы, ұсыныс көлемін 18%-ға дейін төмендетсе, онда берілген ұсыныстың икемділігі қандай болады.

  5. Микроэкономика нені оқытады.

  6. Позитивті экономиканың сипаты.

  7. Нормативті экономиканың сипаты.

  8. Толықтырылатын тауарлардың сипаты.

  9. Алмастырылатын тауарлардың сипаты.

  10. Х және У тауары бар. Қиылысқан бағалық икемділігі Еху= -3. Бұл нені білдіреді.

  11. Сұраныстың бағалық икемділігі.

  12. Сұраныстың қиылысқан икемділігі.

  13. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі.

14.Кесте бойынша тепе-теңдiк баға мен тепе-теңдiк көлем мәнiн таңдаңыз:

Баға (тенге)

Сұраныс көлемi

Ұсыныс көлемi

500

300

150

700

250

200

1000

220

220

1200

180

250

1300

150

300

  1. Тұтынушы қалауы және талғамсыздық қисықтары.

  2. Транзитивтік және толымдылық аксиомасы.

  3. Алмастырудың шекті мөлшері.

  4. Тұтынушының бюджеттік шектеулігі.

  5. Бюджет сызығының көлбеуі.

  6. Тұтынушы тепе-теңдігі.

  7. Тепе-теңдік шарты.

  8. Тең пайдалылық қағидасы.

  9. Велосипед бағасының 3%-ке төмендеуi сұраныс көлемiнiң 12%-ке артуына әкелдi. Баға бойынша сұраныс икемдiлiгi коэффициентiн анықтаңыз.

  10. Сұраныс функциясы QD=10-2Р берілген, мұндағы Р - товар бағасы, QD – сұраныс көлемі. Баға нешеге тең болған кезде, сұраныс көлемі ноль болады.

  11. Сұраныс Qd=20-P пен ұсыныс Qs=10+P функциялары берілген. Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады.

  12. «Табыс-тұтыну» қисығы.

  13. «Баға-тұтыну» қисығының сипаты.

  14. Нарықтық сұраныс қисығы жеке сұраныс қисығының көлденең жиынтығы ретінде. Алмасу әсері және табыс әсері.

  15. Жалпы пайдалылық.

  16. Шекті пайдалылық.

  17. Экономикалық ресурстардың сипаттамасы.

  18. Өндірістік функцияның көмегімен технологияны сипаттау.

  19. Изокванта карталары, және оларды құру.

  20. Технологялық алмастыру нормасы.

  21. Изокоста.

  22. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар.

  23. Ресурстың баламалы құны. Баламалы шығындар.

  24. Қысқа және ұзақ мерзімді шығындар.

  25. Орташа және шектік шығындар арасындағы байланыс.

  26. Шығындар теориясы.

  27. Экономикалық пайда. Қалыпты бухгалтерлік пайда.

  28. Орташа және шектік табыс.

  29. Жетілген бәсекелестік шарты.

  30. Бәсекелік нарықта фирма пайдасын барынша арттыру немесе шығындарын барынша азайту ережесі.

  31. Қысқа және ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке.

  32. Олигополиялық нарық.

  33. Дуополия.

  34. Монополияның экономикалық салдары.

  35. Бағалық дискриминация. Нарықты сегменттеу.

50. Ресурсқа фирма сұранысының қисығы.


5.2. «Микроэкономика» пәні бойынша реферат тақырыптары
1. Микроэкономика пәні, әдістемесі: модельдер және теориялар.

  1. Ресурстардың шектеулігі мәселесі және таңдау мәселесі.

3. Сұраныстың мәні, заңы, әсер ететін факторлары, графигі.

  1. Ұсыныстың мәні, заңы, әсер ететін факторлары, графигі

  2. Пайда фирма қызметінің мақсаты ретінде.

  3. Капитал қозғалысы және капитал қорлары.

  4. Рента жер бағасы ретінде.

8. Жалпы тепе-теңдік талдауы.

9. Еңбек жағдайы және еңбек ақы.

10. Бәсекелес емес нарықтардың даму ерекшеліктері.

11. Өндіріс факторлары нарығының ерекшеліктері.

12. Жеке меншік игілік және қоғамдық игілік.

13. Мемлекет рөлі: салықтық түзетулер және субсидиялар.

14. Шекті пайдалылық теориясы.

15. Өндіріс шығындары.



5..3. ОЖСӨЖ арналған таратпа тапсырмалар үлгілері
1-Вариант

Есептерді шығарыңыз

  1. Қандай да бір тауардың сұраныс және ұсыныс функциялары келесі теңдеумен сипатталады:

Qd = 600-25P,

Qs = 100+100P

а) Осы тауар нарығындағы тепе-теңдік парметрлерін анықтаңыз.

б) Мемлекет берілген тауар бірлігіне 2,5 ақша бірлігі мөлшерінде салық бекітті.Осы кезде сатушы қанша, сатып алушы қаншаға ұтылатынын табыңыз.




  1. Х тауарына сұраныс функциясы келесідей: Qd = 10-2P+P . Х тауарының бағасы 1 а.б ., ал У тауарының бағасы 8 а.б.

Сұраныстың баға бойынша нүктелік және қиылысқан икемділік коэффициенттерін анықтаңыз.
3. Тұтынушы жиынында екі тауар бар.


Х тауар саны

1

2

3

4

5

6

Жалпы пайдалылық

10

18

24

28

31

33

У тауар саны

10

20

30

40

50

60

Жалпы пайдалылық

5

12

18

22

25

27

Х тауарының бағасы 10 долл., У тауарының бағасы 50 цент. Тұтынушының жалпы табысы 25 долл. Тепе-теңдік жағдайда рационалды тұтынушы қанша Х және У тауарларын сатып алады?



2- вариант

Есептерді шығарыңыз.

  1. Қандай да бір тауардың сұраныс және ұсыныс функциялары келесі теңдеумен сипатталады:

Qd = 600-100P,

Qs = 150+50P

а) Осы тауар нарығындағы тепе-теңдік парметрлерін анықтаңыз.

б) Мемлекет берілген тауар бірлігіне 1,5 ақша бірлігі мөлшерінде салық бекітті.Осы кезде сатушы қанша, сатып алушы қаншаға ұтылатынын табыңыз.



  1. Х тауарына сұраныс функциясы келесідей: Qd = 10-P+0,1P . У тауарының бағасы 8 а.б .болған кезде, 6 бірлік Х тауары сатып алынды.

Х тауарына сұраныстың баға бойынша нүктелік және қиылысқан икемділік коэффициенттерін анықтаңыз.
3.

Асқардың айранды тұтынуының жалпы пайдалылығы кестеде көрсетілген:



Айран мөлшерi (стакан)

1

2

3

4

5

Жалпы пайдалылық (ТU)

18

26

31

34

35

Егер ол 3 стакан айран тұтынса, ол қанша қосымша пайдалылық (MU) алады?

3- вариант

Есептерді шығарыңыз.

1.Күріштің бағасы 80 тенге/кг болған кезде, сұраныс көлемі 50 кг , ал 50 тенге/кг кезінде сұраныс көлемі 100 кг. тең. Сұраныстың баға бойынша доғалық икемділігін анықтаңыз:

2.Оқу құралы бағасы 450 тг. , қалың дәптер бағасы 50 тг. Егер студент үшiн дәптердiң шектi пайдалылығы 10 U тең және студент оқу құралы мен қалың дәптердi сатып алудан қанағатты барынша жоғарлатқысы келсе, онда оқу құралының шектi пайдалылығы қандай:

3.Егер үй шаруашылығының табысы 800 тг, ал У тауарының ең жоғарғы тұтыну көлемі 16 бірл., ал Х тауарынікі сәйкесінше 8 бірл. болса, онда Х және У тауарларының бағалары қандай?



5.4. Микроэкономика» пәні бойынша тесттар

1-нұсқа

1.Көрсетілгендердің қайсысын микроэкономика пәні оқытпайды :


A) пайданы жоғарылату және бағалық дискриминация

B) жетілген және жетілмеген нарық қызметі механизмі

C) баға, сұраныс және ұсыныс


D) ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі

E) жалпы ұлттық өнім.

2.Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығында бiр өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуi сәйкесiнше сипатталады:

A) басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң кемуiмен


B) басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң өсуiмен

C) басқа өнiм түрi өндiрiсiнiң тұрақты көлемiмен

D) көрсетiлген варианттардың кез келгенi болуы мүмкiн

E) басқа өнiм түрi өндiрiсiне әсер етпейдi.

3.Экономикалық жүйеде жеке үй шаруашылығы мен фирманың қызметi мына курста оқылады:

А) микроэкономика;

В) макроэкономика;

С) менеджмент;

D) экономикалық статистика;

Е) бухгалтерлік есеп.

4.Төменде көрсетілген түсініктердің қайсысының микроэкономика пәні анықтамасына қатысы жоқ:

А) ресурстарды тиімді пайдалану;

В) өндірістік ресурстардың шексіз болуы;

С) қажеттіліктерді барынша қанағаттандыру;

D) пайданы барынша жоғарлату;

Е) ресурстардың шектеулігі.

5.Графикте көрсетілген К интервалы білдіреді:

Р K
Р1 S

D Q



A) тепе-теңдікті;

B) тапшылықты;

C) артықшылықты;

D) тепе-теңдік көлемді;

E) нарықтық бағаны..

6.Қай сурет табыс өскен кезде сұраныстың өзгергенiн көрсетедi:


P


D1

D
Q



P

D
D1 Q


P D


D1
Q

P

D

D1



Q




P

D=D1
Q


A) B) C) D) E)

7.Сұраныс қисығының орнын ауыстыруына әкелетiн факторлар қалай аталады:

A) бағалық;

B) бағалық емес;

C) негiзгi;

D) тәуелдi;

E) тәуелдi емес.

8.Графиктегi К интервалы нені сипаттайды:

Р
S

Р1 D

Q

K


A) тапшылықты;

B) артықшылықты;

C) профицит;

D) тепе-теңдік бағаны;

E) нарықтық тепе-теңдiктi.

9.Сұраныс функциясы QD=10 – 2p берілген, мұндағы р- товар бағасы, QD – сұраныс көлемі. Баға нешеге тең болған кезде , сұраныс көлемі ноль болады:

A)5;


B)1/2;

C) -5;


D) 10;

E) 2


10.Егер тауардың бағасы қымбаттаса , онда:

A) тұтынушының теңдестік жағдайы өзгереді

B) алмастырушы тауарға деген сұраныс кемиді
C) толықтырушы тауарға деген сұраныс қисығы өседі
D) әдетте тауардың сұраныс көлемі артады
E) сұраныс көлемі өзгермейді.

11.Қай ұйғарым дұрыс емес:

А) талғамсыздық қисығындағы әрбір нүкте екі тауар комбинациясын білдіреді

В) талғамсыздық қисығындағы барлық нүктелер пайдалылықтың тең деңгейін білдіреді

С) бюджеттік сызықтағы барлық нүктелер пайдалылықтың тең деңгейін білдіреді

D) талғамсыздық қисығы иiлуi тұтынушы үшiн пайдалылық деңгейiн өзгертпей бiр игiлiктi басқасымен алмастыру нормасын көрсетедi

Е) бюджеттiк сызық екi тауар комбинациясын алу үшiн берiлген табыс мүмкiндiгiн көрсетедi.
12.Табыс бойынша сұраныс икемділігі 0<Еi<1 теңсіздігімен берілген. Бұл қандай тауарларға сәйкес?


  1. күнделікті қолданылатын тауар

B) сән-салтанат тауары

C) сапасыз тауар

D) икемді тауар


  1. бірлік икемді тауар.

13. Күріштің бағасы 80 тенге/кг болған кезде, сұраныс көлемі 50 кг , ал 50 тенге/кг кезінде сұраныс көлемі 100 кг. тең. Сұраныстың баға бойынша доғалық икемділігін анықтаңыз:

А ) - 13/9;

В) - 3;


С) 6 ;

D) 3/4 ;

Е) - 9/13.
14.Тауар бағасының 4%-ке төмендеуi сұраныс көлемiнiң 16%-ке артуына әкелдi. Баға бойынша сұраныс икемдiлiгi коэффициентiн анықтаңыз:

А) –4;


В) 4;

С) 0,25;


D) –0,25;

Е) 9;
15.Оқу құралы бағасы 250 тг. , қалың дәптер бағасы 50 тг. Егер студент үшiн дәптердiң шектi пайдалылығы 10 U тең және студент оқу құралы мен қалың дәптердi сатып алудан қанағатты барынша жоғарлатқысы келсе, онда оқу құралының шектi пайдалылығы қандай:

А) 45 U

В) 300 U


С) 240 U

D) 50 U


E) 60 U.

16.Сұраныс бағаның өзгеруіне икемді болса, онда бағаның төмендеуі:

А) жалпы табысты өсіреді

В) жалпы табысты кемітеді

С) жалпы табысты өзгертпейді

D) пайданы кемітеді

Е) орта табысты кемітеді.

17.Сұраныс бағаның өзгеруіне икемсіз болса, онда бағаның төмендеуі:

А) жалпы табысты өсіреді

В) жалпы табысты кемітеді

С) жалпы табысты өзгертпейді

D) пайданы кемітеді

Е) орта табысты кемітеді.
18.Сұраныстың бағалық икемділік коэффициенті 1-ге тең болғанда , бағаның төмендеуі:

А) жалпы табысты өсіреді

В) жалпы табысты кемітеді

С) жалпы табысты өзгертпейді

D) пайданы кемітеді

Е) орта табысты кемітеді.

19.Игiлiкке сұраныс баға бойынша икемсiз, егер сұраныстың бағалық икемдiлiгi:

A) 2 - ден үлкен болса;


B) 1 - ден артық, 2 - ден кем болса;

C) 1 - ден кем болса;

D) 0 - ден кем болса;

Е) 1 - ге тең болса.


20.Тауарлар –субституттар деген нені көрсетеді?

А) бағалары бірдей тауарлар

В) бірін –бірі толықтыратын тауарлар

С) бірін-бірі ауыстыратын тауарлар

D) бірінші қажеттілікті тауарлар

Е) шетелде өндірілген тауарлар.



2-нұсқа

1.Қай қисық негiзiнде тауарға жеке сұраныс қисығын анықтауға болады?

А) “Баға-тұтыну” қисығы

В) «Табыс-тұтыну» қисығы

С) Бюджет сызығы

D) Энгель қисығы

Е) талғамсыздық қисықтары.

2.Тұтынушылық қалау (ұнату) анықталады:

А) өндірістік мүмкіндіктер қисығымен

В) бюджеттік шектеуліктер сызығының жағдайы мен иілуімен

С) табыс әсері және алмасу әсерімен

D) талғамсыздық қисығы жағдайы мен иілуімен

Е) тауарлар бағаларымен.

3.Бюджеттік сызық нүктелерінің координаттар осімен қиылысуы сипатталады:

А) қиылысу нүктелерінде тұтынушы өзінің барлық табысын жұмсамайтынымен

В) қиылысу нүктелерінде тұтынушы өзінің барлық табысын тек бір тауарды тұтынуға жұмсайтынымен

С) қиылысу нүктелерінде тұтынушы ешқандай табысын жұмсамайтынымен

D) олардың жағдайы тауар бағасына байланысты емес

Е) А және С жауаптары дұрыс.

4.Тауардың тұтынушыға әкелетін шекті пайдалылығы деп атаймыз:

A) әрбір қосымша пайдаланылатын тауардың әкелетін қосымша пайдалылығын

B) тауарлардың жалпы пайдалылығын


C) тауарлардың жалпы пайдалылығын олардың санына бөлгенде пайда болатын көрсеткішті
D) тауарлардың санын жалпы пайдалылыққа бөлгенде пайда болатын көрсеткішті
E) баға және өнім көлемінің көбейтіндісін.

5.Жалпы пайдалылық мәндерінің қайсысы кемімелі шекті пайдалылық заңын сипаттайды?

A) 200 , 300 , 400 , 500

B) 200 , 450 , 750 , 1100

C) 200 , 400 , 1600 , 9600

D) 200 , 250 , 270 , 280

E) 200 , 350 , 450 , 600.

6.Жалпы пайдалық артады, егер шекті пайдалық:

A) төмендесе

B) жоғарыласа

C) баяу қарқында артса

D) жоғарылайды немесе төмендейді, бірақ оң шама болып табылады

Е) жоғарылайды не төмендейді, бірақ теріс шама болып табылады.

7.Кофе және сигаретке Аскар күнделiктi 1000 тенге жұмсайды. Аскардың бюджеттiк сызық теңдеуiн анықтаңыз, егер сигарет қорабы Px= 70 тенге, ал кофе кесесi – Py=50 тенге тұрса, Х – сигарет; Y- кофе.

А)70X+50Y=1000;

В) 70X- 50Y=1000;

С) 70X- 50Y>1000;

D) 70X+ 50Y>1000;

Е) 120(X+Y)=1000;
8.Энгель қисығы қандай экономикалық айнымалылар арасындағы байланысты көрсетеді?

А) баға мен көлем арасындағы кері байланысты

В) баға мен көлем арасындағы тура байланысты

С) табыс пен сатып алынатын көлем арасындағы тура байланысты

D) табыс пен шығындар арасындағы байланыс

Е) баға мен табыстар арасын


9.Көрсетілген ұйғарымдардың қайсысы дұрыс болып табылады:

A) талғамсыздық қисықтары ешқашан қиылыспайды


B) баға неғұрлым төмен болса, тауардың ұсыну көлемі соғұрлым жоғары
C) тепе-теңдік баға сатушыны емес сатып алушыны қанағаттандырады
D) шекті пайдалылық кеміген кезде жалпы пайдалылық өзгермейді
E) фирма шығындарын мейлінше төмендетуге және өз өнімін сатқаннан түскен жалпы түсімін жоғарлатуға тырысады.
10.Жоғарғы табыс тауарға деген сұранысты өсірсе, онда ол:

A) кәдімгі (қалыпты) тауар

В) қымбат биологиялық қажеттілік

C) сән-салтанат заты

D) қосымша қолданылатын товар

E) тауар-алмастырғыш




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет