Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер



бет4/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#132070
1   2   3   4   5   6   7   8   9

26. Тозаң тұту және газ тазалау
41. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

газогенераторшы;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;

желдеткіш аспирациялық қондырғы машинисі;

қайта жүк тиегіштер машинисі;

эксгаустер машинисі;

тозаң тұту қондырғысына қызмет көрсету операторы;

сынама алушы;

жұмыс істеп тұрған өндіріс учаскелерінде (жұмыс орындарында) орнатылған жабдықтарды жөндеумен айналысатын жұмысшы;

пневмокөлiкке қызмет көрсетумен айналысатын транспортерші;

металлургиялық тәсілмен алынған тозаңды буып-түюмен айналысатын буып-түюші;

тозаң тұту қондырғыларын, пештерді, газ қалдықтары мен оттықтарды тазалаумен айналысатын тазалаушы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

технолог;

электрик;

электромеханик;

учаске энергетигі.

27. Шламды қайта өңдеу
42. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

титан және сирек кездесетін металл өндірісіндегі аппаратшы;

сілтілеу аппаратшысы;

еріту аппаратшысы;

сілтілеумен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;

күйдіруші;

балқытушы;

жұмыс істеп тұрған өндіріс учаскелерінде (жұмыс орындарында) орнатылған жабдықтарды жөндеумен айналысатын жұмысшы;

түсті металл мен қорытпаны таратып құюшы;

кептіруші;

шикіқұрам, металл және концентрат тасымалдаумен айналысатын тасымалдаушы;

сүзгіші;

шикіқұрамшы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға).

28. Көмір тозаңын әзірлеу
43. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

уатушы;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;



диірмен машинисі;

қоректендіргіш машинисі;

скрепер машинисі (скреперші);

эксгаустер машинисі;

тозаң-газ тұту қондырғыларына қызмет көрсетумен айналысатын операторы;

сынама алушы;

майлаушы;

транспортерші;

аппаратура тазалаумен айналысатын тазалаушы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик.


29. Сирек кездесетiн металдарды, кальцийдi, магнийдi, титанды және танталды металлургиялық және химия-металлургиялық тәсiлмен алу
44. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

шикіқұрамды күйежентектеумен айналысатын агломератшы;

барлық атаудағы аппаратшы;

тиегіш жүргізушісі;

электр және автоарбаны жүргiзушi;

титан губкасын қағушы;

мөлшерлеуші;

тиеп-түсiрушi;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;

технологиялық пештiң от жағушысы;

брикет пресiнiң машинисi;

ауа бөлу қондырғысының машинисі;

компрессорлық қондырғының машинисі;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы);

диiрмен машинисi;

елеу қондырғысының машинисi;

ыстық уческеде жұмыс iстейтiн тельфер машинисi;

пештi жөндеу жұмысындағы монтажшы;

реакциялық аппараттардың монтажшысы;

ыстық жұмыста жұмыс iстейтiн отқа төтеп берушi;

эпитаксиальдық құрылымдар өндірісінен басқа жартылай өткізгіш материалдарды жетілдірумен айналысатын прецизиондық кесу операторы;

иодиодты рафинадтау пешшiсі;

титан және сирек кездесетін металдарды қалпына келтірудегі және дистиляциялаудағы пешші;

термиялық әдіспен қалпына келтіретін пешші;

титан құрамды және сирек топырақты материалды өңдеу жөніндегі пешші;

үш қышқылды сүрме өндірісі пешшісі;

барий электролитін балқытушы;

электронды сәулемен балқытудағы балқытушы;

балқытушы;

эпитаксиальдық құрылымдар өндірісінен басқа жартылай өткізгіш материалдарды қоспалаумен айналысатын жартылай өткізгіш материалдардың шикіқұрамын дайындаушы;

сынама алушы;

қыздырушы;

титан губкасын бөлуші;

слесарь-жөндеуші;

қатты қорытпа бұйымдарын біріктіруші;

ыстық жұмыс учаскелеріндегі ілмектеуші;

кептіруші;

тасымалдаушы;

буып-түюшi;

сүзгіші;

бүркуші;


хлораторшы;

центрифугалаушы;

шикіқұрамшы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

технолог;

электрик;

электромеханик;

электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер;

электр газбен дәнекерлеуші;

қолмен дәнекерлейтін электр дәнекерлеуші;

учаске энергетигі.



30. Түсті және бағалы металдарды өңдеу және қайта өңдеу
45. Балқыту өндірісіндегі жұмыс уақытының кемінде 80% жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

құйма майларын қайнатушы;

электр және автоарба жүргізуші;

металл құюшы;

шойынқалыпшы-құрастырушы;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;

түсті металл құюшы;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы);

кварц пен магнезитті ұсақтаумен айналысатын диірмен машинисі;

шлак пен сорларды елеумен айналысатын елегіш қондырғы машинисі;

пеш жөндеу монтажшысы;

санитариялық-техникалық жабдық монтажшысы;

ыстық жұмыста істейтін отқа төтеп беруші;

балқытушы;

металл сынықтары мен қалдықтарын престеуші;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін сынама алушы;

түсті металдар мен қорытпаларды құюшы;

ыстық металл кесумен айналысатын металды қайшымен және преспен кесуші;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін ілмектеуші;

қолмен қалыптайтын қалыптаушы;

ыстық құймақалыптарды өңдеумен айналысатын құймақалып фрезерлеуші;

ыстық құймақалыптарды өңдеумен айналысатын түсті металл жонушы;

пештің айналасындағы шикіқұрамшы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;


электрик;

энергетик (учаске, цех).

46. Жұмыс уақытының кемінде 80 % азотқышқылды күмiс, аффинаж өндiрiсiнде, химиялық таза қымбат металдарды алу және оларды өңдеуде жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

қымбат металл өндiрiсi аппаратшысы;

қатты қорытпа мен баяу балқитын металл өндiрiсіндегі аппаратшы;

диірмен машинисi;

тозаң мен газды тосқауылдап ұстайтын қондырғы операторы;

түсті металды күйдіруші;

балқытушы;

азот қышқылды күмiс және химиялық таза бағалы металдар өндiрiсiндегі жұмысшы;

кептіруші;

жоғарғы жиілікті ток қондырғысындағы термист;

шикіқұрамшы;

су ерiтiндiсiн электролиздеушi.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

механик.


47. Жұмыс уақытының кемінде 80 % мырыш шаңын және мырыш тотығын алуда жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

елеу қондырғыларының машинисі;

мырыш шаңын және мырыш тотығын ораумен айналысатын орап-салушы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик.


48. Жұмыс уақытының кемінде 80 % илектеу өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

суық металл біліктеуші;

фольганы сырлаушы-каширлеуші;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;

технологиялық пештің от жағушысы;

кран машинисi (краншы);

түстi металды қыздырушы;

илектерді реттеумен айналысатын технологиялық жабдық реттеушiсi;

түстi металды күйдiрушi;

бумаларды қайта ораушы;

бұйымдарды жалатушы;

қолмен түзетуші;

ыстық металды түзетумен айналысатын машина түзетушісі;

металл қалдықтары мен сынықтарын престеушi;

қорғасынды престеумен айналысатын гидропресс престеушiсі;

сынама алушы;

ыстық металл илектеушi;

ыстық металл кесушi;

ыстық металды кесумен айналысатын қайшы және престегі металл кесуші;

ыстық металды және қорғасынды кесумен айналысатын аралардағы, қол аралардағы және станоктардағы кесуші;

қорғасынды кесумен айналысатын салқын металды кесуші;

ілмектеуші;

фольганы уыттаушы;

транспортерші;

бүркуші;


металл щеткасымен металл тазалаумен айналысатын өнiм тазалаушы;

құрғақ ыспалаумен айналысатын ыспалаушы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;


электрик;

энергетик (учаске, цех).

49. Жұмыс уақытының кемінде 80 % құбыр-пресс, пресс және созу өндiрiсiнде жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

сым созушы;

ыстық созумен айналысатын түсті металл coзушы;

ыстық құбырларды қақтаудағы қаттаушы;

ыстық жұмыс учаскелерінде жұмыс істейтін түсті металлургия өнімдерін бақылаушы;

технологиялық пештің от жағушысы;

кран машинисi (краншы);

түстi металды қыздырушы;

суық штампылау жабдықтарын реттеушi;

ультрадыбысты қондырғы операторы;

түстi металл күйдiрушi;

алмастар мен аса қатты материалдар талшықтарын ажарлаушы;

гидропрестегi пресшi;

сынама алушы;

пiшiндеушi;

ілмектеуші;

ыстық илектеудегi құбыр илектеушi;

бүркушi;

түстi металл шабрлаушы;

алмастар мен аса қатты материалдарды ыспалаушы;

матрица мен жоғары бөліктердегі ыспалаудағы ыспалаушы;

эмульсия пiсiрушi.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

электрик;

энергетик (учаске, цех).

50. Жұмыс уақытының кемінде 80 % мырышты жылтыратумен айналысатын қызметкерлер:

шебер (аға);

табақтар мен таспаларды жылтыратушы;

мырышты сүргілеумен айналысатын сүргілеуші;

салушы-ораушы;

ажарлаушы.

31. Қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдар өндiрiсi
51. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

ұнтақтақтаумен және елеумен айналысатын металл ұнтақ өндірісіндегі аппаратшы;

вольфрам, кобальт, хром, молибден, никель және күкіртті натрий тұздарының өндірісінде жұмыс істейтін қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдар өндiрiсiндегі аппаратшы;

жасанды шеелит әзiрлеушi аппаратшы;

карбидизациялау аппаратшысы;

қоспалар және ерітінділерді дайындаудағы аппаратшы;

молибден қалдықтарын тотықтандырудағы аппаратшы;

айыру аппаратшысы;

қалпына келтіру пештерінің аппаратшысы;

электролиз аппаратшысы;

вольфрам, кобальт, хром, молибден, никель және күкіртті натрий тұздарының өндірісімен айналысатын аппаратшы-гидрометаллург;

шпур бұрғылаушы;

суық металл біліктеуші;

жарушы;

ыстық созумен (қатты созу) айналысатын түстi металдарды созушы;

мөлшерлеуші;

уатушы;


ыстық жұмыс учаскеде жұмыс iстейтiн түсті металлургия өнімдерінің бақылаушысы;

ротация машинасындағы ұста-штампылаушы;

ыстық жұмыс учаскеде жұмыс iстейтiн кран машинисi (краншы);

диірмен машинисi;

елеу қондырғысының машинисi;

күйдіруші;

қатты қорытпа бұйымдарын өңдеуші;

электронды-сәулелi балқыма балқытушы;

балқытушы;

алмастар мен аса қатты материал талшықтарын ажарлатушы;

қатты қорытпаны престеушi;

сынама алушы;

қыздырушы;

ыстық металды илектеушi;

сiңiрушi;

механикалық елеуiштерде ұнтақтарды елеуші;

баяу балқитын металл бұйымдарын дәнекерлеуші;

қатты қорытпаларды бұйымдарды жымдастырушы;

дайын бұйымдарды кептiретiн кептiрушi;

ұнтақтар мен қоспаларды кептiрушi;

машинамен қалып жасайтын қалыпшы;

қолмен қалып жасайтын қалыпшы;

центрифугалаушы;

шикіқұрамдаушы;

алмастар мен аса қатты материалдарды ажарлаушы;

қатты қорытпалар мен баяу балқитын металдарды ажарлаушы;

штампылаушы;

су ерiтiндiлерiн электролиздеушi;

балқытылған тұздарды электролиздеушi.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

электрик;

энергетик (учаске, цех).

32. Сынап, қарапайым күкiрт, ксантогенат, күшәла, хром тұздары, күкiрттi натрий, аммоний молибдаты, сталинит, олардың қоспалары өндiрiсi. Алтын, күмiс, платина, платина тобындағы металдар аффинажы, сондай-ақ бағалы металдар өндірісі
52. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

бағалы металдар өндірісіндегі аппаратшы;

жарушы;


оқшаулаушы-үлдірлеуші;

түстi металлургия өнiмдерiн бақылаушы;

матрицалық табақтарды өңдеуші;

балқытушы;

көмекші жұмысшы;

сынамалық, талдау, спектралдық, зерттеу, бақылау-өлшеу және басқа зертханалардағы қызметкер;

тұрмыстық комбинаттар, үй-жайлар, жуыну бөлмесiнің жұмысшысы;

арнайы киімдердi қабылдау, кептiру, жуу және жөндеудегi жұмысшы;

технологиялық процестерде және жабдықтарды жөндеуде жұмыс iстейтiн жұмысшы;

өндiрiстiк ерітінділер мен ағынды суларды өңдеумен, шикiзатты, қышқылдарды, жартылай дайын өнiмдерді, дайын өнімдерді тасымалдаумен, шикізатты, қышқылдарды, жартылай өнiмдер мен дайын өнiмдердi орап салумен айналысатын жұмысшы;

көрсетiлген өндiрiстерде қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшы;

шикiзат, жартылай дайын өнiмдер, дайын өнімдер мен қалдықтарды сынамалау және өңдеумен, әперу және қабылдаумен айналысатын жұмысшы;

техникалық көміртегі өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшы;

өнімді тазалаушы;

су ерiтiндiлерiн электролиздеушi.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

электрик;

энергетик (учаске, цех).

33. Жұмыс аймағының ауасында қауіптілігі 3 сыныптан төмен емес зиянды заттар болған кезде ұнтақ металлургия әдісімен бұйымдар өндіру
53. Жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:

катодшы;

конвертерші;

елеу қондырғыларының машинисі;

ұста-пресс жабдықтарын баптаушы;

электр машиналарды ораушы;

қорғасынды дәнекерлеуші (қорғасын дәнекерлеуші);

темір ұнтақтарды күйдіру пешшісі;

барлық атаулардағы престеуші;

сіңіруші;

ұнтақтарды елеуші;

араластырушы;

жымдастырушы;

транспортерші;

шикіқұрамдаушы.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

жабдықты жөндеу жөніндегі шебер (аға);

механик;


байыту технологі.

5. Металл өңдеу
34. Құю өндiрiсі
54. Жұмыс уақытының кемінде 80 %-нан жұмыс істейтін қызметкерлер:

Жұмысшылар:

арматурашы;

шойын балқытушы;

ыстық илек орнағының біліктеушісі;

құю майларын қайнатушы;

шикіқұрам ауласындағы жарушы;

автомобиль жүргізушісі, оның ішінде арнайы (өрт сөндіретіннен басқа);

сұйық металды тасымалдайтын жүк тиегiштi жүргiзушi;

құюшы;


резеңке қоспаларды ыстықтай вулканизациялайтын вулканизаторшы;

құйманы түсіруші;

газ шаруашылығымен айналысатын газшы;

прибыльдер мен летниктердi ыстық күйiнде кесу жұмыстарын орындайтын газ кесушi;

гальваншы;

шахта пештерiнiң көрiкшiсi;

доломиттi ұсақтаумен және күйдiрумен айналысатын уатушы;

шойын балқытқышта және пештерде шикіқұрам құлатушы;

металл мен қорытпаларды машиналарда қысым астында құятын құюшы;

металл құюшы;

қайрақшы;

жер өңдеушi;

құйылған каркастарды әзірлейтін каркас дайындаушы;

шөмішші;


шойын қалып жинаушы-құрастырушы;

балқыту учаскесінде металды құю (бөліп құю), құйманы шабу және қағумен айналысатын құю өндірісін бақылаушы;

қара металдар өндірісін бақылаушы;

копершi;


балқыту пештерiнің жанындағы технологиялық пештердiң от жағушысы;

ортадан тепкіш машиналарда ортадан тепкiш-вакуумдiк және вакуумдiк құюмен айналысатын құюшы;

металл және қорытпа құюшы;

қысыммен құю машиналарындағы құюшы;

ыстық тәсілмен қалайылаушы;

май қайнатушы;

құлату машинасының машинисі;

шикіқұрам ауласында шабу және тазалау, қалыптау, өзектеу, жер дайындау бөлімшелерінде жұмыс істейтін кран машинисі (краншы);

ыстық учаскелерде жұмыс істейтін кран машинисі;

магнезиттi ұнтақтаумен айналысатын диірмен машинисi;

миксершi;

балқытылатын үлгілерді үлгілеуші;

қара майды жағумен, себумен және кептiрумен айналысатын эпоксид қара майын үлгілеу жөніндегі үлгіші;

балқыту пештерiнің жанындағы санитариялық-техникалық жабдықтардың монтажшысы;

стопорларды терушi;

металды қыздырушы;

егеуші;


құйылған құю машиналардың автоматтық ағын желiлерiн және машиналарда қысым астында қысым-қалыптарын реттеумен айналысатын құю машиналарының реттеушiсі;

күйдіруші;

шөміштерді майлаушы;

металл бетіндегі ақауларды өңдеушi;

шабушы;

шөміштер мен пештердi ыстық күйiнде жөндейтін отқа төтеп берушi;



автоматтар және автомат желілерінде операторшы-құюшы;

фасонды құймаларды егеушi;

металл күкірт ұнтағымен қалыптарды тозаңдатушы;

балауыз, головакс балқытушы;

металдар мен қорытпаларды балқытушы;

фурмдарға қызмет көрсететін балқытушы;

болат құю арналарын дайындаушы;

металды отырғызушы;

құм елеушi;

сынауда сынама қондырғыларында авиациялық қозғалтқыштарды және табиғи құбырларды сынайтын қызметкер;

нысандарға фторлы тұнбалар бүркумен айналысатын жұмысшы;

прецизионды құйма жұмысшысы;

шикіқұрам ауласында металды бөлетін жұмысшы;

шикіқұрамды тасымалдаумен айналысатын жұмысшы;

болат құюшы;

қалып құрастырушы;

фторлы тұнбалар құрастырушы;

вакуумды пештердің болат қорытушысы және оның көмекшісі;

пештен тыс болатты өңдеу қондырғысының болат қорытушысы және оның көмекшісі;

электр пешінің болат қорытушы және оның көмекшісі;

машинамен қалыптаудың өзекшiсi;

қолмен қалыптаудың өзекшiсi;

шабу, қалыптау, өзектеу бөлiмдерінде және қаққылау алаңдарындағы ілмектеуші;

опоктан жүктерді түсiретін ілмектеуші;

опоктан қалыптау материалдарын және өзектердi, қалыптарды кептiрушi;



конвейерде ыстық топырақты тасымалдайтын транспортерші;

балқыту пештерінің қасында конвейерлерге қызмет көрсететін транспортерші;

шабу, қалыптау, өзектеу және қаққылау учаскелерінде жұмыс істейтін құю өндірісінің тасымалдаушысы;

құю цехтарында жинаушы;

қалыптаушы;



бүркуші;

металдарды, құймаларды, бұйымдарды және бөлшектерді тазалаушы;

шикіқұрам аулаларында жұмыс істейтін шикіқұрамшы;

металды қатарлап үюші.

Қызметшілер:

қорғасын мырышты, қорғасын штамптарды және бұйымдарды дайындаумен және өңдеумен айналысатын учаске шебері (аға);

турбинасының айналым саны минутына 17 мың айналым және одан да көп және қуаты 800 ат күшіне тең үрлегіші бар газ турбиналық дизель-генераторларды және кеме мен тепловоз дизельдерін және турбореактивті кеме қозғалтқыштарын сынаумен айналысатын шебер;

қолмен қағып соғу шебері.



6. Химия өндірісі
35. Төменде аталған өндiрiстер мен жұмыстарда өнеркәсiптiң химия және мұнай-химия салалары кәсiпорындарында жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер
55. Белсендірілген көмiр; алюмогель; аэрогель; альдегидтер және олардың туындылары; аминдер, олардың қоспалары; аммиак (газ шикiзатын қоса алғанда); белсендірілген пиролюзит; асбовенил; ақ күйе, бром, оның қосындылары; ванадийлi және сүрмелi қосындылар; алыну тәсiліне байланысты емес күкiрт құймалары; этиленнiң галоидотуындылары, олардың полимерлерi мен сополимерлерi; гератоль; гопкалит; графит-коллидты дәрі-дәрмектер; гуанидиндер және оның туындылары; марганецтің қос тотығы; детергенттер; диметилсульфат; дисульфуратор; дипроксид; ингибиторлар; ионауыспалы қарамайлар мен соларға арналған жартылай дайын өнiмдер; йод, оның қоспалары; каустикалық сода; капролактама; камфоралар; кальций карбиді; карбюризаторлар; катализаторлар; кетондар, оның туындылары; коагулянт; креолин; органикалық ерiткiштер қолданылатын лакбояу өнiмдерi; лактар мен олардың қосындылары; меркаптандар; металды натрий, калий, олардың қышқылдары; химиялық тәсiлмен алынған металл ұнтақтары; минералдық және органикалық қышқылдар, олардың қосындылары, туындылары оның iшiнде регенерациялар, денитрациялар және концентрациялар; минералдық тұздар; минералды тыңайтқыштар; мипоросепараторлар; несепнәрлер; күшәла және оның тұздары; өнбейтін құрамдар және оның токсиндері; нитроқоспалар; некаль, тиокол, күшәла, апатито-нефелиндi, күкiрттi кендерді байыту; органикалық және органикалық емес реактивтер; тотық және асқын тотық, гидроасқын тотықтар мен олардың қосындылары; этилен мен оның негiзіндегі өнiмдердің тотықтары; органикалық майлы, хош иiстi және гетероциклды шикізат негізінде синтезделетiн органикалық өнiмдер, соның ішінде бояулар, дақтар мен лактарды синтездеу өнiмдерi; оссеин; мұнай көмiрсутегi пиролизы; тазалау, компримирлеу, пирогаз бөліну, газ крекингi, табиғи газ; пластификаторлар; негiзi бар пласмассалартар; фенолдар, крезолдар, ксиленолдар, резорциндер, фенол қосындылары, меламин, анилин, фурфурол, тионесепнәрі, изоцианаттар, полиамидтер, полиуретандар, полиэфир қарамайы, жай және күрделi эфирлер целлюлозасы; үздiксiз және штапельды шыныталшықтары (жылу өткiзбейтiн шыныталшықтарын қоспағанда), сондай-ақ оның және шыныпластик өнiмдері; полидиен; поливинилпирролидон; акрилды және метакрилды қышқылдар және олардың туындыларының полимерлерi мен сополимерлерi; қарапайым винил эфирiнiң полимерлерi; полиэтилентерефтолатты, бутадиенді, полиизобутиленді, изопренді, латексті, үлдірлі және олардың басқа негiздегі материалдар; полифосфаттар; поликарбонат үлдірлері; поропластар; порофор; қысым материалдары; бензол, бензоил, нафталин, олардың гомолок туындылары; қарапайым, күрделi эфирлер; сынап аспаптары мен дәрі-дәрмектері; резеңке, резеңкетехникалық және дөңгелек цехтары; резеңкеге арналған желiм даярлау, шикiзат дайындау, вулканизациялау, әзiрлеу; жарық құрамдар; қорғасын, сынап, хром, олардың қышқылдары, қосындыларының өнiмдерi; селен, теллур, селендi, мысты, цинктi қосындылар; күкiрттi көмiртегi; силикогель; синтетикалық каучук; синтетикалық витаминдер (химия-фармацевтика саласы үшін).

56. Синтетикалық бояулар, дақтар, олардың ұнтағы, кептiру; синтетикалық қарамай, лактар; барий, титан қосындылары; спирттер, олардың туындылары; стирол, оның туындылары; полимерлер, сополимерлер; сульфокөмiр; сцинтиляциялық материалдар; жылусезгiш бояулар, қарындаштар; техникалық, жем-азықтық фосфаттар; техникалық көмiртегi, оның негiзіндегі материалдар; көмiрсутегiлер, оның қосындылары; уротропин; фенол, оның қосындылары; ферромагниттi, пеногенераторлы ұнтағы, флотореагенттер; формагликоль; фосфор, фосфор қышқылы, оның туындылары; барлық, сыныптағы фриондар; фригидтер; фтор, оның қосындылары; фторхлорлы органикалық қосындылар; химикаттар: резеңке үшін, каучук, ауыл шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы, медициналық препараттар, бензиндер, шаңмен күресу үшiн жағар, трансформатор майлары, флотореагенттер, пластикалық массалар, жасанды талшықтар, түрлi- түстi, қара-ақ кинофотоүлдірлер қағаздары, кинофотоөнеркәсiбiне арналған қағаздар, өсiмдiктердi қорғауға арналған химиялық құралдары, уландыратын, қорқытатын құралдар, солардың негiзіндегі дәрі-дәрмектер; химиялық сорғыштар, хлор, оның қосындылары; хлорвинил, оның полимерлерi, сополимерлерi; целлозольфтері; цианистi, роданистi қосындылар; ционадтар, диизоционаттар, олардың туындылары; экстралин; элементорганикалық қосындылар; эмальдары, бағалы металдардан, препараттар; майлы қосындылар эмульсиялары, олардың жұмсартушылары; этил сұйығы; улы химикаттар.

57. Асфальт, пісіру материалдары, асфальтпісіру массалары және оның бұйымдары; битум және битум материалдары; өнеркәсіптің тоқыма және басқа салаларына арналған қосалқы заттар; глинозем, декоративті, эмульсиялық, ұнтақталған, көркемдік, керамикалық, құрғақ сырлар, табиғи олифа сыры; иодбромды су (шығару және әзірлеу); полиэтиленнен жасалған бұйымдар, полиэтилен негізіндегі композициялар және олардан жасалған бұйымдар; фторхлорорганикалық құрам негізіндегі полимерлер және сополимерлерден жасалған бұйымдар; ыстық тәсілмен жасалған бұйымдар: пластикалық массадан, пластмасса, винипласт, полихлорвинилді пластикат негізіндегі композициялық материалдардан, фенолды және карбамидті пластикаттар, полиамидтер негізіндегі пластмассалар, полиметакрилді құрамалар, стирол және оның сополимерлері, органикалық әйнектен жасалған бұйымдар; ашудастар; синтетикалық корунд; минералды толтырғыштар; орағыш бұйымдар; акрилді және метакрилді құрама негізіндегі пластикалық массалар; пластикалық былғары мен талшықты негіздегі жасанды былғарылар, жасанды қозыелтірі: талшықты химиялық дайындау бөлімшесі; табиғи және тұнбалы сода (өндіру); маталарды сіңдіру және өңдеу, табиғи сульфат және тенардит өндіру; резеңкелік, техникалық және дөңгелектік резеңке:

1. Цехтарда (учаскелерде): каландрлық, жинақтаушы, тармақтық, тасымалдауыш таспалар, қайыстар, автокамералық, қалыптық және қалыптық емес техника (резеңкелік қалыптық және қалыптық емес бөлшектерді өңдеуді қоспағанда), резеңкелік аяқ киім (сұрыптау және буып-орау учаскелерін қоспағанда), пішіп-жағу, малу бұйымдары, эбонит және одан жасалған бұйымдар, ауамен жүзу және инженерлік мүлік, кеуек бұйымдар, химиялық қорғану құралдары, резеңкеленген маталар, жабық ыдыстар мен химиялық аппаратураларды, біліктерді және басқа заттарды, регенерат (ескі резеңке учаскелерді мен дайындау цехтарын қоспағанда) гуммирлеу, гуттаперча.



2. Учаскелерде: даярлау, шикізат дайындау, вулканизациялау, резеңке үшін желім әзірлеу; кизельгур тарту, кептіру; аяқ киім мен резеңке техникалық бұйымдардың резеңкелік бөлшектері; қорғасынды туба; күкіртті темір; қаттама пластиктер; қышқылдар мен рапалар тұздықтары; текстолит; полихлорвинилді, көксағыз, майлы және нитроқаптамалы техникалық және күртелік маталарға, мата даярлау, тоқылмаған негіз, трикотаж және басқа төсемелердің түрлерін; барлық тәсілмен алынған көмір қышқылдарын, целлулоидты жұмыстарын қоспағанда.

58. «Жерасты және ашық кен жұмыстарындағы, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 1 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – № 1 тізім) № 1 тізімде тізбектелген барлық өндірістердің қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтарын қайта өңдеу және қайта пайдалану цехтарында (бөлімшелерінде, учаскелерінде) күмісқұрамдас қалдықтары бар кинофотоматериалдарды регенерациялаудағы ерітінділерді рекуперациялау және ректификациялау; газгенераторлы цехтар мен технологиялық мақсаттағы станциялардағы жұмыстарда; № 1 тізімде санамаланған зиянды химиялық өнімдерден қайтарылатын ыдыстарды өңдеу мен жуу, цистерналарды, сыйымды ыдыстарды және химиялық аспаптарды тазалауда; өнеркәсіптік ағынды суды бейтараптандыру және тазалау, зиянды булар мен газдарды зиянсыздандыруда.



59. № 1 тізімде тізбектелген химиялық өнімдердің қағазбен қапталған (полиэтиленді) қаптарын уатуда, кептіруде, ауыстыруда, ерітуде, әзірлеуде, өлшеп-орауда, құюда, ыдысқа салуда, тиеуде, үйінділеп босатуда; жабық ыдыстар мен мұржақұбырларды гуммирлеуде; бензинді рекуперациялауда; № 1 тізімде санамаланған хлорлы баллондарды және өзге де зиянды химиялық өнімдерден босаған баллондарды жөндеуде, эвакуациялауда, сынақтан өткізуде.

60. № 1 тізімде және «Еңбек жағдайлары зиянды және ауыр жұмыстардағы өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдар мен көрсеткіштердің № 2 Тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 1930 қаулысымен бекітілген № 2 тізімде (бұдан әрі – № 2 тізім) санамаланған бақылау-өлшеу құралдары мен химиялық өндірістердің желдеткіштерін, № 2 тізімде тізбектелген өндірістердің технологиялық және электр құрал-жабдықтарын жөндейтін, алдын алу шараларын жүргізетін жұмысшы мен шебер, аға шебер, механик пен энергетик; кәсіпорындардың биік ғимараттарын жөндеу жұмыстарын арқанды тәсілмен жүргізетін жұмысшылар:

Жұмысшылар:

агломератшы;

дезактиваторшы;

оқшаулаушы;

қазаншы;

улы заттармен зарарсыздандырылған арнайы киімді жуумен айналысатын арнайы киім жуу және жөндеу жөніндегі машинисі;

құю станцияларының операторы;

технологиялық қондырғылар операторы;

тауар операторы;

сүзгіқысымшы;

тазалаушы.

Қызметшілер:



әскерилендірілген және басқа да газдан құтқару бөлімшелеріндегі газгенераторлы, аммиак-тоңазытқыш және сынапты-түзегіш қондырғыларының қызметкері;

өндірістер мен цехтар зертханаларының қызметкері;

жоғарыда санамаланған өндірістерде жұмыс істейтін техникалық бақылау бөлімінің қызметкері;

коррозияға қарсы құрамдар мен қаптау цехтарының, бөлiмшелерiнің, учаскелерінің қызметкері;

арнайы химиялық заттар зертханаларында және арнайы өндiрiстерде (цистерналарды, сыйымды ыдыстарды тазалау, жуу, улы заттардан босаған және арнайы өндiрiстiк ыдыстарды жөндеу және өңдеудi қоса алғанда) iстейтiн қызметкер;

қорғаушы бүркенгіштерді қаптағанда ауаны бақылайтын қызметкер;

баллондар мен контейнерлерге хлор толтыратын, сондай-ақ хлор өндiрiсіндегі хлорды құятын қызметкер;

технологиялық жабдықтарға және электр жабдықтарына (желдеткiштер мен бақылау-өлшеу құралдарынан басқасы), коммуникацияларға, жоғарыда көрсетiлген өндiрiстер мен бөлiмшелерді өндiрiстiк кәріздер мен тоннельдердi газсыздандыруға қызмет көрсетудің алдын алумен, жөндеумен айналысатын жұмыс уақытының кемінде 80 % цехтың жұмысшысы, шебері (аға шебері), механигі және энергетигі;

өндiрiсте ронгалит және сульфирленген май өнiмдерiн өндіретін жұмыс уақытының кемінде 80 % қызметкерлер;

резеңке, резеңке техникалық және дөңгелек өндiрiсіндегі, даярлау учаскелерінде шикiзат дайындау, вулканизациялау, резеңке үшін желiм дайындайтын жұмыс уақытының кемінде 80 % қызметкерлер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет