Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен олардың пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер



бет5/9
Дата13.06.2016
өлшемі0.66 Mb.
#132070
1   2   3   4   5   6   7   8   9

36. Бейорганикалық химия, тыңайтқыштар, полимерлер, пластикалық массалар (композициялық материалдар, шыныпластиктер мен полеуритан, соның iшiне бүрку әдiсiн қосқанда), каучуктер, лакбояулар, тұрмыстық химия, органикалық синтез, синтетикалық бояулар, мұнай-химиялық, резеңкетехникалық және асбестік, химиялық реактивтер, жекелеген цехтарда, бөлiмшелерде, учаскелерде тазалығы жоғары заттар, қондырғылардың жұмыс аймағының ауасында қауiптiлiгi 1 және 2 сыныптық зиянды заттар, сондай-ақ канцерогендер өндірісі
61. Технологиялық процесте жұмыс уақытының кемінде 80 % iстейтiн қызметкерлер:

Жұмысшылар:



дезактиваторшы;

оқшаулаушы;

техникалық бақылау бөлімінің бақылаушысы;

шатыршы;

технологиялық қондырғылар операторы;

тауар операторы;

бақылау-өлшеу құралдарына және автоматикаға қызмет көрсететін аспапшы;

аталған өндiрiстердегi технологиялық жабдықтарын және электр жабдықтарын жөндейтін және қызмет көрсететін жұмысшы мен шебер;

төмендегі цехтардағы, учаскелердегі және бөлімшелердегі дайындау (әзірлеу), тоқыма, иіру, тоқу, құралдау, баспасуреттеу, автотракторлар бөлшектері, автоқалыпталған бөлшектер, спираль тәріздес оралған төсемдер, картон және сүзгілер, паранит, вальцтаспалар (эластикалық материал), сынақ-тәжірибелі, өнеркәсіптік техниканың, бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика мен коммуникациялардың профилактикасымен, жөндеумен және оларға қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшы:

сүзгіпрестеуші;

тазалаушы.

Қызметшілер:

жабдықтарды (бақылау-өлшеу құралдарынан және желдеткiштен басқасын) жөндейтін шебер (аға);

жоғарыда көрсетілген цехтарда, учаскелерде және бөлімшелерде жұмыс істейтін энергетик.

37. Жарылғыш, бастамашы заттар, оқ-дәрілер мен ату жарақтарының өндірісі
62. Күкiрттi, азот қышқылдары, олардың тұздарының, күштi азот қышқылы негiзіндегі сұйық ракета отындарының тотықтырғыштары, селен, өңделген қышқылдардың денитрациясы мен концентрациясы, жарылғыш заттар мен оқ-дәрi өндiрiсіндегі қышқылдарды рекуперациялау өндiрiсi:

аталған өнiмдердi өндіру мен өңдеу кезіндегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

63. Жарылғыш заттарды, өнеркәсiптiк жарылғыш заттарды қоса алғанда өңдеу мен жасау:

жаңа жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылғыш заттардың барлық түрiн өндiрісте өндіру мен өңдеу кезіндегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

64. Оқ-дәрiлердiң, қатты отын зарядтарының, газсыз және аз газды пиротехникалық құрамдардың, от қоспаларының, от жеткізушi және тұтату пiлтесiнiң, зарядтардың, жанғыш гильзалардың, күштi азот қышқылы негiзіндегі сұйық ракета отынының тотықтырғыштарын, сондай-ақ олардың негiзіндегі жартылай фабрикаттар мен композициялардың жаңа түрлерiн әзiрлеу мен барлық түрлерiн өндiру:

аталған өнiмдердi (тұтанғыштар үшiн металл қабықша әзiрлеумен айналысатын қызметкерлерді қоспағанда) өндіру мен өңдеу кезіндегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

65. Мақта целлюлозасын, пироксилин және коллоксилин өндiру:

1. Коллоксилин өндiрiсiнiң технологиялық процесiндегі линттi ағартатын, кептiретін, жуатын, суларды бейтараптандыратын және суды жұмсартқыш ерiтiндiлердi әзiрлейтін жұмысшылардан басқалары, жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

2. Пироксилин, гипохлорид ерiтiндiсiн әзiрлеуде, жуу, ағарту және кептiрудегi өндіру мен өңдеу кезіндегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

66. Күкiрт айдау және күкiрт балқыту өндiрiсi:

аталған өндiрiстегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

67. Эфир, коллодий өндірісі, ерiтiндiлердi рекуперациялау және ректификациялау:

аталған өндiрiстегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % қызметкерлер.

68. Барлық әскери жабдықтарды, әскери бөлшектерді, қатты отынмен жабдықталған ракета қозғалтқыштарын, пиротехникалық бұйымдарды, жарылуға түрткi болатын құралдарды 63 және 64-тармақтарда көрсетiлген өнiмдері бар басқа да құрастырушыларды жинау, бөлшектеу, жабдықтау, қайта жабдықтау және жөндеу.

69. Ракеталарды, әскери жабдықтарды және қатты отынмен, оқ дәрiмен, жарылғыш заттармен және пиротехникалық құралдармен жабдықталған олардың элементтерiн кәдеге жарату және жою:

1. Жаңа жарылғыш заттарды, сондай-ақ жарылғыш заттардың барлық түрiн өндiрісте өндіру мен өңдеу кезіндегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер;

2. Ракеталарды, әскери жабдықтарды және олардың қатты отынмен, оқ дәрiмен, жарылғыш заттармен және пиротехникалық құралдармен жабдықталған элементтерiн кәдеге жарататын және жоятын қызметкерлер.

70. Метол, селективтiк ерiтiндi, натрий және аммоний динитрокрезоляторы өндiрiсi:

аталған өндiрiстегі технологиялық процесте және жөндеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

71. Оқ-дәрілердің барлық түрлерін, ракеталардың жойғыш бөліктерін, снарядталған (оқ-дәрілі, реактивті сұйық, қатты отынды) ракеталық қозғалтқыштарды, олардың агрегаттарын, ракеталардың қозғалтқыш қондырғыларын және блоктарын, пиротехникалық бұйымдарды, бастамашы құралдарды және басқа да жинақтаушыларды, сондай-ақ осы кіші бөліктің 63 және 64-тармақтарда көрсетілген өнімдерді сынақтан өткізу:

полигондарда, сынақ станцияларында және стенділерде сынақтарға дайындалатын және оларды өткізетін қызметкерлер.

38. Фосфор, термиялық фосфор қышқылы, оның туындыларының өндірісі
72. Фосфор, термиялық фосфор қышқылы өндірісіндегі бақылау-өлшеу құралдарын және автоматика мен коммуникацияларды жөндейтін, алдын алатын және қызмет көрсететін жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер:

Жұмысшылар:

агломератшы;

барлық аталымдағы аппаратшы;

автотиегiш жүргiзушiсi;

жүкшi-жүк түсiрушi;

уатушы;

кәбілшi-дәнекершi;



шикiзаттың, өнiмнің сапасын және өндiрiс қалдықтарын бақылаушы;

қазаншы;


бульдозер машинисi;

конвейер машинисі;

кран машинисi;

сорғы қондырғысының машинисі;

тиегiш машина машинисі;

эксгаустер машинисі;

экскаватор машинисі;

санитариялық-техникалық жабдық монтажшысы;

пісіру және газды жабдықтарды жөндеушi;

кiр жуатын орын операторы;

электротехникалық бұйымдарды сіңдіруші;

механизм жинайтын жұмыстар слесарі;

тракторшы;

шикіқұрамшы;

телефондық байланыс, телекоммуникация құрылымдары мен оның желілеріне қызмет көрсететін және жөндейтін электромонтері;

электромашиналардың оқшауларын және орамдарын жөндейтін электромонтері;

электромашиналарға қызмет көрсететін және жөндеу жөніндегі электрослесарь.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

технолог.



39. Экстракциялық қышқыл және оның негізінде минералдық тыңайтқыштың өндiрiсі
73. Бұл өндiрiсте жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін қызметкерлер:

Жұмысшылар:

буландыру аппаратшысы;

бейтараптандыру аппаратшысы;

шикiзатты дайындау, жартылай дайындалған өнімді және дайын өнiмді жіберу аппаратшысы;

жiктеу аппаратшысы;

себу аппаратшысы;

кептіру аппаратшы;

бункерші;

термооқшаулаудағы оқшаулаушы;

қышқылға төзімдетуші гуммирлеуші;

компрессорлық қондырғылардың машинисі;

сорғы қондырғысының машинисі;

химия және мұнай-химия өнеркәсiбі жабдықтарының монтажшысы;

отқа төтеп беруші;

кiр жуатын орын операторы;

экстракциялық фосфор қышқылы және минералдық тыңайтқыштар өндірісіндегі бақылау-өлшеу құралдарына және автоматика және коммуникацияларды жөндейтін, алдын алатын және қызмет көрсететін жұмысшы;

қорғасын дәнекерлеуші;

авариялық-қалпына келтіру жұмыстары слесарі;

футерлеуші (қышқылға төтеп беруші);

телекоммуникация құрылымдары және телефондық байланыс желілерін қызмет көрсететін және жөндейтін электромонтер;

электромашиналардың орамдарымен оқшаулануын жөндейтін электромонтер.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;


технолог.

40. Жемшөп фторсыздандырылған фосфат өндiрiсі
74. Бұл өндiрiсте жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер:

Жұмысшылар:

абсорбция аппаратшысы;

түйiршектеу аппаратшысы;

күйдiру аппаратшысы;

шикiзатты дайындау, жартылай дайындалған өнімді және дайын өнiмді жіберу аппаратшысы;

қазандық машинисi;

диірмен машинисі;

сорғы қондырғысының машинисі;

қайта жүктелгiш машинисі;

сутегі алу жұмыстарында және вакуумдеу жұмыстарында, бұйымдарды күйдiру және эмальдаудағы қызметкерлер;

технологиялық және электр жабдықтарына жөндейтін, алдын алатын және қызмет көрсететін жұмысшы;

технологиялық жабдықты жөндейтін және қызмет көрсететiн слесарь.

Қызметшілер:

Бөлімшелердің, учаскелердің, цехтардың қызметін бақылауды және оған басшылық етуді қамтамасыз ететін қызметкерлер, оның ішінде:

шебер (аға);

механик;

технолог.




41. Карбоксиметилцеллюлоза, бризол және релин өндірісі
75. Целлулоид және одан ыстық нығыздау арқылы бұйым жасау, жасанды былғары, нитромастика, нитролак, нитроэмаль, құрғақ жаншылған паста, нитролинолеум және нитроклетчатка негізіндегі басқа да өнімдер өндірістеріндегі технологиялық процесінде жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін қызметкерлер.

42. Негізгі және тәжірибелі жарылғыш заттар, оқ-дәрілер, пиротехникалық, түтіндегіш және бастамашы заттар өндірісінің жалпы кәсіптері
76. Өндіріс цехтарында (учаскелерінде) ракеталық-ғарыштық техникаға сұйық ракеталық отын құрауыштарын құятын жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

77. Улы өнімдерден босаған сыйымдылықтарды, химиялық құралдарды және жабдықтарды тазалайтын, қайтымды сыйымды ыдыстарды жуу және өңдеуде жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін жұмысшылар.

78. Өнеркәсіптік суды бейтараптандыратын және тазалайтын, қатты, сұйық және газ түріндегі қалдықтарды кәдеге жарататын, сондай-ақ газдан құтқаруда жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін жұмысшылар.

43. Кәсіпорындар және ұйымдардың зертханалары (бөлімдері). Жою базалары, ракеталық-ғарыштық құралдарға май құю цехтары (учаскелері, зертханалары, станциялары), сұйық ракеталық отын бөлшектерімен ластанған ракеталық қару-жарақтарды бейтараптандыру және демонтаждау
79. Ракеталық отын құрамы бөліктерімен ластанған ракеталық қару-жарақтарды, ракеталық-ғарыштық техниканы және жеке қорғану құралдарын демонтаждау, бейтараптандыруда жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.


7. Атом өнеркәсібі
44. Құрамында радиоактивтi заттары мен берилийi бар шикiзат өндiру
80. Шахта үстіндегі жұмыстар:

1. Радиоактивтi заттармен және берилийi бар шикiзаттарды тиейтін, түсiретін, кептiретін, сұрыптайтын және буып-түйетін жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін жұмысшылар.

2. Радиоактивтi заттары мен берилиймен ластанған кенiштер мен шахталардың жабдықтарын үнемі жөндейтін жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін жұмысшылар мен қызметшілер.

81. Ашық кен жұмыстары:

ашық тәсiлмен құрамында алтын кенi бар радиоактивтi, берилий шикiзатын ашық әдiспен, сондай-ақ радиоактивтi зияндылық жағдайында радиоактивтi шикiзатты жер астында және қолмен сiлтiсiздендiру әдiсiмен үнемi қазып алатын жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

82. Радиоактивтi шикiзатты байыту:

радиациялық зиянды жағдайда, радиоактивтi шикiзатты тиейтін және түсiретін, аталған шикiзатты байытудың технологиялық процестерiнде радиоактивтi заттармен ластанған (оның iшiнде шетелдегi осы салалас кәсiпорындарда) жабдықтарды үнемi жөндейтін жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

83. Радиоактивтi заттар өндiрiсi; радиоактивтi заттар мен оның қосындыларынан бұйымдар жасау:

радиоактивтi заттар өндiрiсiнiң технологиялық процесiнде, радиоактивтi заттар мен олардың қосындыларынан бұйымдар әзiрлейтін, сондай-ақ радиоактивтi заттармен ластанған жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

84. Сынап әдiсiмен құю өндiрiсi:

технологиялық процестерде, өндiрiстiк зертханаларда, жабдық жөндейтін, сондай-ақ жабдықтарды, өндiрiс орындары мен қорғау құралдарын ұдайы газсыздандыратын жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс істейтін қызметкерлер.

85. Радиоактивтi және берилий шикiзатынан фторлы қышқыл өндiру; радиоактивтi немесе берилий қосындыларынан сiрке қышқылын регенерациялау:

радиациялық немесе берилийлiк зиянды жағдайдағы жұмыстарда, сондай-ақ берилиймен немесе радиоактивтi заттармен ластанған технологиялық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

86. Өнеркәсiптiк атом реакторларындағы, атом электр станциялары мен атом жылу станцияларындағы жұмыстар:

технологиялық жабдықтарды, желдеткiштердi, басқару жүйесiн, технологиялық және радиациялық бақылау приборларын пайдаланатын, жөндейтін және реттейтін, түрлi қолданыстағы атом реакторлары мен атом станцияларын радиациялық зиянды жағдайларда пайдаланудан ұдайы шығарылатын жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

87. Плутонийдi радиохимиялық өндiру:

плутоний өндiрiсiнде, сондай-ақ радиациялық зиянды жағдайларда технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

88. Плутоний металлургиясы және оны механикалық өңдеу:

радиациялық зиянды жағдайлардағы жұмыста, сондай-ақ радиоактивтi заттармен ластанған технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

89. Уранның фторлы қосындылары өндiрiсi:

радиациялық зиянды жағдайларда уранды, фторидтердi фторлы қосындыларын өндiретін және қайта өңдейтін, технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

90. Уран-235 ортадан тепкiш және диффузионды өндiрiсi; радиоактивтi газбен жұмыс iстейтiн уранның радиоактивтi изотоптарын бөлетiн ортадан тепкiш және диффузионды машиналарды сынақ стендтерінде жөндеу жұмыстары; радиоактивтi изотоптарды бөлетiн электромагниттi жабдықтардағы жұмыстар:

уран-235 өндiрiсiнде, машина тексеру цехтарында химия және тәжiрибе цехтарында, пайдаланатын, сынайтын, жабдықтарды, стендiлер мен машиналарды, бақылау автоматика және бақылау құралдарын зиянды радиациялық жағдайларда реттейтін және ұдайы жөндейтін жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

91. Радий мен полоний өндiрiсi және олардан бұйымдар жасау:

зиянды радиациялық жағдайда радий мен полоний өндiрiсiнде және олардан бұйымдар жасайтын, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

92. Нейтрон көздерiн өндiру, жабдықтау және сынау:

зиянды радиациялық жағдайда жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс iстейтiн қызметкерлер.

93. Уран, торий, плутоний, тритий қолданылатын бұйымдарды жасау құрастыру (бөлшектеу) және сынау (оның iшiнде жару арқылы):

1. Кәсiпорындардың, ғылыми бөлiмдердiң, ғылыми-зерттеу ұйымдарының зиянды радиация жағдайында радиоактивтi заттармен ластанған технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

2. Полигондар мен үңгілерде, штолнялар мен ұңғымаларда арнаулы бұйымдарды сынақтан өткізуге әзiрлеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

94. Тритий өндiрiсi, арнаулы жоғары вольттi тритий қолданылатын құбырлар мен камераларды жабдықтау және сынау, құрамында тритийi бар гидрид, литийден бұйымдар жасау өндiрiсi:

тритиймен және құрамында тритий бар бұйымдармен, сондай-ақ радиоактивтi заттармен ластанған технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

95. Осы бөлімнің 80 - 82-тармақтарында және 84 - 93-тармақтарында санамаланған кәсiпорындардың зертханалары мен өндiрiстеріндегi жұмыстар:

радиоактивтi заттармен және зиянды радиациялық жағдайларда 1 - 2-сыныпты жұмыстар жүргiзiлетiн радиоактивтi заттар мен ионды сәуле көзiмен, сондай-ақ радиактивтi заттармен ластанған зертханалық жабдықтар мен механизмдердi жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

96. Осы бөлімнің 80 - 82-тармақтарында және 84 - 93-тармақтарында санамаланған кәсiпорындар мен өндiрiстердегi радиоактивтi зат қоймалары мен сақтау орындарындағы жұмыстар:

зиянды радиация жағдайында радиоактивтi заттар мен иондалатын сәулелер көздерiн тиейтін, түсiретін, сұрыптайтын, ауыстырып салатын, буып-түйетін және сақтайтын, сондай-ақ радиоактивтiк заттармен ластанған технологиялық жабдықтарды жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

97. Осы бөлімнің 80 - 82-тармақтарында, 84 - 88-тармақтарында және 89-тармағында (химия-металлургиялық тексеру және регенерация цехтарында, конденсациялық буландыру қондырғыларында) және 90-93-тармақтарында санамаланған кәсiпорындар мен өндiрiстердiң санитариялық өткізу орындарындағы (жуынатын бөлме) арнаулы киiмдер мен жабдықтарды дезактивтендiру және шаңсыздандыру жұмыстары:

1. Радиоактивтi заттармен ластанған арнаулы жұмыс киiмдерiн (арнаулы аяқ киiмдердi) қабылдау, сұрыптау, тазалау, тасымалдау, жуу, жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

2. Жұмыс орындарын, жабдықтарды жөндеу және радиоактивтi ластарды, арнаулы кiр жуу, санитариялық өткізу орындарын (жуыну бөлмелерiн) жинау, жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

3. Радиоактивтi заттармен ластанған жабдықтарды, үй-жайларды және материалдарды дезактивтендiруде жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін қызметкерлер.

98. Радиоактивтi заттармен ластанған өнеркәсiп ғимараттары мен құрылыстарының iшіндегі монтаждау, демонтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары:

зиянды радиация жағдайларында жұмыс уақытының кемінде 80 % жұмыс атқаратын қызметкерлер.

99. Осы бөлімнің 82, 84-93-тармақтарында санамаланған өндiрiстегi радиоактивтi заттарды жинау, жарату, тасымалдау және жер астына көму жұмыстары:

қалдықтар мен ластанған жабдықтарды жинайтын, тиейтін, түсiретін, қайта өңдейтін, жарататын, тасымалдайтын және жер астына көметін немесе өндiрiстердегi радиоактивтi заттармен ластанған көлiк құралдарына үнемі қызмет көрсететін жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % істейтін қызметкерлер.

100. Берилий шикiзатын байыту; берилий мен оның қосындыларын, берилий мен оның қосындыларынан бұйым жасау өндiрісі:

берилий және оның қосындылары өндiрiсiнде, берилий зияндылығы жағдайында және өндiрiс зертханаларындағы технологиялық жабдықтарды жөндеу, сондай-ақ өндiрiс қалдықтарын жинау, тасымалдау және көмумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

101. Зүбәржат жасау:

берилий шикiзатынан зүбәржат жасаумен тұрақты айналысатын жұмысшылар.

102. Зиянды берилий жағдайында өндiрiс орындарындағы жұмыстар:

1. Зиянды берилий жағдайында монтаждайтын, демонтаждайтын және жөндеу құрылыс жұмыстарын атқарумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

2. Жабдықтар мен өндiрiс орындарын тазалаумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

103. Санитариялық өткізу орындарында (жуыну бөлмелерiнде), арнаулы кiр жуу орындарында арнаулы жұмыс киiмдерiн тазалау және шаңсыздандыру жұмыстары:

1. Берилиймен ластанған арнаулы жұмыс киiмдерiн (арнайы аяқ киiмдердi) қабылдаумен, сұрыптаумен, тазалаумен, тасымалдаумен, жуумен, жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын жұмысшылар.

2. Арнайы кiр жуу орындарының, санитариялық өткізу орындарының (жуыну бөлмесiнің) зиянды берилий жағдайында орын жайларды жинаумен, жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсетумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

104. Радиациялық және берилий зияндылығы жағдайларындағы жұмыстар:

технологиялық процестерді ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ технологиялық жабдықтарды жөндеу, қызмет көрсету, реттеу және қайта жабдықтаумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын өндірістердің, цехтардың, шахталардың және кендердің қызметкерлері.




8. Радиоактивтi заттармен және иондайтын сәуле көздерiмен,

берилиймен, танталмен, ниобимен және жердiң сирек элементтерiмен жұмыстар
45. Кәсiпорындардағы, ғылыми-зерттеу институттарындағы, зертханалардағы, конструкторлық және сынақ-конструкторлық ұйымдардағы және медицина мекемелеріндегі жұмыстар
105. Радиациялық немесе зиянды берилий жағдайларындағы сынайтын, сынау-өндiрiстiк және iрiлендiрiлген зертхана жабдықтарында, өнеркәсiптiк өндiрудегi технологиялық процестердi жетілдіру немесе өңдеу бойынша тәжірибе, өндірістік цехтарда, радиоактивтi шикiзатты қайта өңдейтін, атом энергиясын өнеркәсiптiк пайдаланатын, радиоактивтi заттарда, берилий, тантал мен ниобий және олардан жасалатын бұйымдарды өнеркәсіптік немесе сынаулық алу жұмыстарымен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

106. Жұмыс орындарында белсенділігі кемінде 0,1 милликюри радий-226 немесе радиолылығы жөнiнен балама радиоактивтi заттары бар радиоактивтi заттармен жұмыс iстейтiн және осындай жағдайда жабдықтарды жөндеу мен және оларға қызмет көрсетумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.



107. Берилий, берилийден және оның қосындыларынан жасалған бұйымдар, тантал, ниобий және олардың бұйымдары өндiрiсiнде, металлкерамикалық берилий бұйымдары өндiрiсiнде, оның iшiнде арнайы зиянды жағдайдағы жабдықтарды жөндеу, қызмет көрсетумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

46. Зерттеу, көлiк, сынау-өнеркәсiптiк атом реакторларында, олардың прототиптерiнде, критқұрастыру мен импульстiк реакторларда, тәжірибелік термоядролық сынақ жабдықтарында және сәулелендiру белсенділігі 5х10 кюрьде және одан жоғары сәулелендiрушi қуатты изотоптық гамма-жабдықтардағы жұмыс
108. Зиянды радиациялық жағдайларда пайдалану, жөндеу, реттеу және эксперименталды жұмыстарда жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

109. Радиоактивтілік пен радиоактивті сынықтардан пайда болған технологиялық суларды тазалау, сондай-ақ радиоактивті зияндылық жағдайында тазалау құрал-жабдықтарының технологиялық жабдықтарын жөндеумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.

110. 1 және 2-сыныптағы жұмыстар жүргізілетін кемелер, ғимараттар, құрылыстар ішінде атом энергетикалық құрылғылар жабдықтарын және технологиялық жабдықтау құралдарын сақтаумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.


47. Радиоактивті заттар, берилий және оның қосындылары сақталатын орындар мен қоймалардағы жұмыс
111. Зиянды радиациялық жағдайда активтiлiгi 10 милликюрьден жоғары радий 226 немесе радиолығы жөнiнен балама радиоактивтi заттары, берилий және оның қосындылары бар радиоактивтi заттарды қабылдау, ауыстырып салу, бөлiп буып-түю, сақтау және босатумен жұмыс уақытының кемінде 80 % айналысатын қызметкерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет