Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы



жүктеу 353.86 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі353.86 Kb.
Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 8 сәуірде № 10634 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 155-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Ұлттық экономика
      министрінің м.а.                               М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛГЕН»


      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасы  


Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 ақпандағы 
№ 128 бұйрығымен бекітілген

Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) міндетті медициналық қарап тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін айқындайды. Осы Қағидаларды жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ ведомстволық қатыстылығына және меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы міндетті.


      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылды:
      1) алдын ала медициналық тексеріп-қараулар – жұмысқа тұру немесе оқуға түсу алдында кәсіп немесе оқу бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы және кәсіптік аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
      2) мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар –денсаулық жағдайына динамикалық қадағалауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік, инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізілеін міндетті медициналық тексеріп-қараулар;
      3) халықтың декреттелген тобы – айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыруы үшін барынша қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
      4) жеке медициналық кітапша – халықтың декреттелген тобы өкіліне берілетін, міндетті медициналық тексеріп-қараулар нәтижелері жазылатын жұмысқа рұқсат туралы белгісі бар дербес құжат.

2. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті (алдын ала және мерзімдік) медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

      3. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды (алдын ала және мерзімдік) зертханалық және функционалдық зерттеулердің толық көлемін жүзеге асыру үшін білікті мамандармен және материалдық-техникалық ресурстары бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
      4. Авиациялық персоналды (оқуға түсетін және ұшқыштарды даярлау жөніндегі авиациялық оқыту орталықтарында оқитын тұлғалар, әуе қозғалысына қызмет көрсететін авиадиспетчерлер, ұшқыштар, бортинженерлер (бортмеханиктер), штурмандар, авиадиспетчерлер, бортжолсеріктер, бортоператорлар, әуесқой ұшқыштар (ұшақ немесе тікұшақ), жеңіл авиация ұшқыштары, бортрадистер) міндетті медициналық тексеріп-қараулар осы Қағидалардың 10 тармағы, 13 тармағының 4-тармақшасы және 14-тармағының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы медициналық куәландыру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 666 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 532 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 8784 тіркелді) сәйкес жүргізіледі.

Параграф 1. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі

      5. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге қатысатын медициналық ұйымдардың медициналық қызметкерлері қызметкерді тексеріп-қарауды жүзеге асырады және тексерілушіні зертханалық зерттеуге жібереді.
      6. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қараулардың деректері қызметкердің орындайтын жұмысқа (өндірістік практикаға) денсаулық жағдайының сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны ресімдей отырып, амбулаторлық пациенттің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 6697) тіркелді (бұдан әрі - № 907 Бұйрық) бекітілген 025/е нысан бойынша медициналық картасына енгізіледі.
      7. Міндетті алдын ала медициналық тексеріп-қарауларды өткен және зиянды өндірістік факторлары бар жұмысқа жарамды болып танылған тұлғаларға № 907 Бұйрықпен бекітілген 086/е нысан бойынша медициналық анықтама беріледі.
      8. Денсаулық жағдайының жұмысты орындау үшін, оның ішінде оқитындардың оқу кезеңін өндірістік практикасында көзделген қажетті талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны оқу орындарында медициналық ұйым басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты медициналық қызметкер қабылдайды.

Параграф 2. Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен байланыста жұмыс істейтіндерді міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу тәртібі



      9. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды жүргізу кезеңділігі: жыл сайынғы медициналық тексеріп-қарау жылына 1 рет.
      10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері:
      1) міндетті медициналық тексеріп-қараулармен толық қамтуға, сапасына және уақтылы өткізуге бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыскерлердің міндетті медициналық тексеріп-қараулары нәтижелерін қорытындылауға қатысады;
      3) медициналық ұйымның сұрауы бойынша еңбек жағдайының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасын ұсынады.
      11. Орындалатын жұмысқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылық анықталған жағдайда медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органдарына ведомствасының аумақтық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жібереді және науқасты емделуі үшін тұратын жері бойынша тиісті емдеу-профилактикалық ұйымына жібереді.
      12. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері тұлғаларды міндетті медициналық тексеріп-қарауды өтпеген жағдайда жұмыстан шеттетеді.
      13. Медициналық ұйым:
      1) Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомстволарымен келісілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контингенттердің тізімдерін алған кезде міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізу үшін комиссия құрады және дәрігерлік комиссия құрамын, әсер ететін зиянды өндірістік факторлардың ерекшеліктерін есепке ала отырып зертханалық және басқа да зерттеулердің түрі мен көлемін, дәрігерлік комиссия жұмысының уақыты мен мерзімін айқындайтын күнтізбелік жоспар құрады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар өткізетін медицина қызметкері болмағанда және жеткіліксіз болғанда қажетті зерттеулер қызметтің аталған түріне лицензиясы бар басқа медициналық ұйымдарда жүргізіледі. Жоспар ұйымның әкімшілігімен (жұмыс берушімен) келісіледі;
      2) медициналық ұйымның басшысы дәрігерлік комиссия құрамын бекітеді, комиссияның төрағасы кәсіптік патология бойынша кәсіби қайта даярлығы және маман (кәсіптік патолог) сертификаты бар және міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау жүргізуге жауапты болып табылатын дәрігер-кәсіптік патолог болып табылады. Дәрігерлік комиссия құрамына өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік патология бойынша даярлықтан өткен терапевт, хирург, невропатолог, отоларинголог, офтальмолог, дерматовенеролог, гинеколог, рентгенолог, функционалдық диагностика бойынша дәрігер, дәрігер-зертханашы медицина қызметкерлері кіреді. Дәрігерлік комиссияның жұмысына қажет болған жағдайда өз мамандықтары шеңберінде кәсіптік потология бойынша даярлықтан өткен басқа мамандар да (тіс дәрігері, кардиолог, аллерголог, эндокринолог, фтизиатр, гематолог) тартылады. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмыс беруші ұсынған кәсіптік қызметінің сипаттамасымен және жұмыскерлердің еңбек жағдайымен танысуы тиіс;
      3) тоқсан сайын міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауларды өткізу бойынша медициналық ұйымның жұмысы туралы жиынтық есепті осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне ұсынады;
      4) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар аяқталған соң ауыр жұмыстарда, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлердің нәтижелерін қорытындылайды және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 данада қорытынды акт жасайды, оны өткізілген міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады. Актіге қосымшаларда басқа жұмысқа ауысу ұсынылған, стационарлық және санаториялық-курорттық емдеу, диеталық тамақтану, динамикалық бақылау көрсетілген адамдардың аты-жөні жазылған тізім беріледі. Қорытынды актілер қол қойылғаннан кейін орындалуы үшін ұйымның әкімшілігіне, кәсіподақ комитетіне, бақылау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствасының аумақтық бөлімшесіне, жұмыс үшін жұмыс берушінің орналасқан орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдарға беріледі, бір данасы міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізген медициналық ұйымда қалады;
      5) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау деректері денсаулық сақтау саласындағы № 907 Бұйрығымен бекітілген 025/е нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша амбулаториялық пациенттің медициналық картасына тіркелген қосымша параққа енгізіледі. Бұл ретте, міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға қатысатын әрбір медицина қызметкері кәсіптік жарамдылық туралы өз қорытындысын береді. Амбулаториялық пациенттің медициналық картасының қосымша парағына кәсіптік бағдардың деректері енгізіледі. Жұмыстан шығу және басқа ұйымға ауысу кезінде амбулаториялық пациенттің міндетті медициналық тексеріп-қараулар деректері бар медициналық картасы жаңа жұмыс орны бойынша медициналық ұйымға беріледі. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау амбулаториялық пациенттің тұратын жері бойынша медициналық картасы немесе оның көшірмесі болған жағдайда жүргізілуі тиіс;
      6) міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан өткен және зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге жарамды деп танылған адамдарға № 907 Бұйрықпен бекітілген 086/е нысан бойынша медициналық анықтама беріледі; Кәсіптік жарамдылық туралы сараптамалық қорытынды медициналық тексеріп-қарау түріне қарамастан, тұратын жерінің медициналық құжаттамасын есепке ала отырып ресімделеді. Зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адамдарға қорытынды берілмейді, үш күндік мерзімде жұмыс берушіге жіберіледі, бұл ретте зиянды өндірістік факторлармен жұмыс істеуге қарсы айғақ болған адам бұл туралы хабардар етіледі.
      14. Жұмыс беруші:
      1) 1 желтоқсаннан кешіктірмей, кейіннен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісе отырып, ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстарды, сондай-ақ осы еңбек жағдайларындағы жұмыс өтілін көрсете отырып, адамдардың аты-жөні, жұмыс орны жазылған тізімді жасайды;
      2) өз қаражаты есебінен мерзімдік медициналық тексеріп-қарау өткізуді ұйымдастырады;
      3) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, кәсіптік аурулармен ауыратын және оларға күдікті адамдарды терең зерттеу және кәсіби патология орталықтарына емдеу үшін медициналық ұйымға уақтылы жіберуді қамтамасыз етеді;
      4) кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйыммен немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйыммен бірлесіп, жыл сайын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы (оның ішінде көліктегі) мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесімен келісілген, анықталған науқастарды сауықтыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді.
      15. Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымның немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымның міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша кейін жұмыскердің диспансерлік топтардың біріне тиесілілігін анықтай отырып және кәсіптік аурулардың және әлеуметтік маңызды аурулардың профилактикасы бойынша ұсынымдарды ресімдей отырып – одан әрі бақылау, емдеу және оңалту бойынша:
      1) оңалтуды қажет етпейтін дені сау жұмыскерлер;
      2) әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер;
      3) жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер;
      4) мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын, сонымен қатар қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер;
      5) организмге зиянды өндірістік факторлар әсерінің белгілері бар жұмыскерлер;
      6) кәсіптік аурулардың белгілері бар жұмыскерлер топтар құрылады.
      16. Жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйым кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйым болмаған жағдайда одан әрі диспансерлік тексеру үшін жұмыскерлердің тұратын жері бойынша медициналық ұйымдарға диспансерлік тексерудің қалыптасқан топтарынан тұлғалардың тізімдерін жібереді.
      Кәсіпорынға қызмет көрсететін медициналық ұйымда немесе жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша аумақтық медициналық ұйымда міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша диспансерлік тексеруге әртүрлі ағзалары мен жүйелерінде тұрақты емес функционалдық өзгерістері бар, іс жүзінде дені сау жұмыскерлер, жалпы аурулардың бастапқы түрлерімен ауыратын жұмыскерлер; мамандығында жұмысын жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер жатады.
      17. Мамандығында жұмысты жалғастыруға қарсы айғақ болып табылатын және қарсы айғақ болып табылмайтын жалпы аурулардың айқын түрлері бар жұмыскерлер емдеу-оңалту бейініндегі медициналық ұйымдарға оңалтуға жіберіледі, содан кейін оларға қатысты кәсіптік жарамдылыққа сараптау жүргізіледі. Медициналық оңалту кезеңінен кейін еңбекке жарамды деп танылған жұмыскерлер жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар адамдар тобында диспансерлік бақылауға жатады.
      18. Организмге зиянды өндірістік факторлардың әсер ету белгілері және кәсіптік аурулар белгілері бар жұмыскерлер аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйымға жіберіледі.
      19. Кәсіптік аурулармен ауыратын адамдар өнеркәсіптік кәсіпорынға қызмет көрсететін немесе тұратын жері бойынша медициналық ұйымның кәсіптік патологында диспансерлік есепте тұрады.
      20. Міндетті мерзімдік медициналық тексеріп-қарау нәтижелері бойынша жұмыскерлерді емдеуге жатқызу мынадай үш негізгі кезеңнен тұратын кезеңдік оңалту қағидалары негізінде жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезең: өнеркәсіптік кәсіпорындар жанындағы денсаулық сақтау пункттерінде, санаторий-профилакторийлерде іс жүзінде дені сау жұмыскерлерде аурулардың профилактикасы бойынша іс-шаралар;
      2) екінші кезең: "тәуекел тобы" адамдарын: суық тиіп жиі және ұзақ ауыратын, әртүрлі функционалдық бұзылулары бар, жалпы аурулардың алғашқы түрлері бар, кәсіптік аурулардың клиникаға дейінгі белгілері бар адамдарды диспансерлік бақылауды және санаториялық-курорттық сауықтыру кезеңін міндетті түрде қоса отырып, амбулаториялық және стационарлық жағдайларда тұрақты профилактикалық емдеу жолымен медициналық оңалту;
      3) үшінші кезең: кәсіптік аурулары бар науқастарды, оның ішінде осы аурулардың салдарынан мүгедек болған адамдарды аурудың мамандықпен байланысын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асыратын медициналық ұйым жағдайларында, қызметтің осы түріне лицензиясы бар санаторийлік-курорттық сауықтыру орындарында оңалту.
      21. Кәсіпорындардағы науқастарды, жұмыскерлерді емдеуге жатқызуды және медициналық оңалтуды бақылау аумақтық медициналық ұйымдарды және кәсіпорындарға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын медициналық ұйымдарды тарта отырып, облыстық (қалалық) кәсіптік патология кабинеттеріне жүктеледі.
      22. Кәсібі бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау кезінде жалпы медициналық қарсы айғақтарды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

3. Халықтың декреттелген тобына міндетті медициналық тексеріп-қарауды өткізу тәртібі

      23. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды, зертханалық зерттеулерді көрсетілген медициналық қызмет түрлеріне арналған мемлекеттік лицензиясы бар медициналық ұйымдар жүргізеді.
      24. Жұмысқа рұқсатты міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге арналған мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар береді.
      25. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүзеге асыратын ұйым басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге, жұмысқа рұқсат беруге жауапты тұлға (терапевт дәрігер) тағайындалады.
      26. Міндетті медициналық тексеріп-қараулардың және зертханалық зерттеулердің нәтижелері жеке медициналық кітапшаларды беру, есепке алу мен жүргізу тәртібін Кодекстің 155-бап 10-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен медициналық кітапшада жазылады.
      27. Инфекциялық немесе паразиттік аурулар диагностикаланған, сондай-ақ жұмысты орындауға (іріктеуге) берілетін рұқсатқа қарсы айғақ болып табылатын инфекциялық аурулар қоздырғыштарын тасымалдау анықталған жағдайда рұқсат беруге жауапты тұлға науқасты емдеу үшін тұрақты мекенжайы бойынша тиісті емдеу-профилактиткалық ұйымына жібереді.
      28. Декреттелген тұлғаларға жеке медициналық кітапшаларға жұмысқа рұқсат беру белгісі қойылған соң жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
      29. Жұмыскерлердің жеке медициналық кітапшалары жұмыс орнында сақталуы тиіс.
      30. Жауапты тұлға және зертхана мамандары медициналық тексеріп-қараулардың, зертханалық зерттеулердің растығы мен сапасын, сондай-ақ инфекциялық, паразиттік аурулар мен бактерия тасымалдау диагнозы қойылған жағдайда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствасының құрылымдық бөлімшесіне шұғыл хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді.
      32. Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген.
      33. Міндетті медициналық тексеріп-қараулар:
      1) терапевт, дерматовенеролог, гинеколог дәрігерлердің тексеріп-қарауын;
      2) мынадай: туберкулезге (флюорография арқылы көкірек қуысын тексеру - рентгенолог дәрігерінің қорытындысы);
      ішек инфекциялық ауруларының қоздырғыштарын тасымалдауға бактериологиялық тексеру;
      гельминттердің болуына тексеру;
      сифилиске, гонореяға тексеру;
      патогендік стафилококты тасымалдауға таңдай мен мұрыннан жұғынды алу зертханалық зерттеулерді қамтиды.
      35. Эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғалардың зертханалық және функциялық зерттеулерінің жиілігі мен көлемі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

Міндетті медициналық 


қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 1-қосымша

Нысан


20__ жылғы __________ тоқсанға мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды жүргізу туралы денсаулық сақтау субъектісінің есебі



Атауы

Тексеруге жатады

Тексерілді

Кәсіптік ауруларға күдікті адамдар анықталды

Барлығы

Әйелдер

Барлығы

Әйелдер

Барлығы

Әйелдер































Соматикалық аурулармен анықталды

Оның ішінде алғаш анықталды

Қажет етеді

Стационарлық тексеруге және емдеуге жіберілді

Барлығы

Әйелдер

Барлығы

Әйелдер

уақытша ауыстыруды

тұрақты ауыстыруды











Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы ________________________
Т.А.Ә. Қолы

Міндетті медициналық 


қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан


ҚОРЫТЫНДЫ АКТ
20______ жылғы "____" ___________

      20______ жылы __________________________________ жұмыскерлеріне


                  (ұйымның (кәсіпорынның), цехтың атауы)
өткізілген мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері
бойынша мыналардың қатысуымен қорытынды акт жасалды:
      Дәрігерлік комиссияның төрағасы________________________________
                                            (Т.А.Ә., лауазымы)
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің
еңбек гигиенасы жөніндегі маманы ____________________________________
                                          (Т.А.Ә., лауазымы)
      Жұмыс берушінің өкілі _________________________________________
                             еңбек ұжымы өкілінің (Т.А.Ә., лауазымы)

      1. Ұйым (кәсіпорын), цех жұмыскерлерінің саны:



барлығы



оның ішінде әйелдер



      2. Ұйымның (кәсіпорынның), цехтың зиянды және (немесе) қауіпті
заттармен және өндірістік факторлармен жұмыс істейтін, сондай-ақ
жұмыстардағы* жұмыскерлерінің саны:

барлығы



оның ішінде әйелдер



      3. Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға (зерттеуге) жататын
зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен
жұмыс істейтін, сондай-ақ осы жылғы жұмыстардағы жұмыскерлердің саны:

барлығы



оның ішінде әйелдер



      4. Мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан (зерттеуден) өткен жұмыскерлер саны:

барлығы



оның ішінде әйелдер



      5. Мерзімдік медициналық тексерумен қамтылу %:

барлығы



оның ішінде әйелдер



      6. Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды (зерттеуді)
аяқтамаған/өтпеген жұмыскерлер саны:

барлығы



оның ішінде әйелдер



      Мерзімдік медициналық тексеріп-қарауды (зерттеуді) аяқтамаған
жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:



Тегі, аты, әкесінің аты

Кәсіпорынның бөлімшесі

1





2





      7. Мерзімдік медициналық тексеріп-қараудан (зерттеуден) өтпеген
жұмыскерлер саны:

барлығы,



оның ішінде әйелдер



оның ішінде себептер бойынша жалпы санның:



уақытша еңбекке жарамсыздық парағы



іссапар



кезекті демалыс



жұмыстан босату



өтуден бас тарту



      Мерзімдік медициналық тексеруден (зерттеуден) өтпеген
жұмыскерлердің аты-жөні жазылған тізім:



Тегі, аты, әкесінің аты

Кәсіпорынның бөлімшесі

Себебі

1







2







      8. Осы мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу)
нәтижелері бойынша қорытынды

№ 1 жиынтық кесте



Мерзімдік медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері

Барлығы

Оның ішінде әйелдер

Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне кәсіптік жарамды адамдар саны *





Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне уақытша кәсіптік жарамсыз адамдар саны *





Зиянды және (немесе) қауіпті заттармен және өндірістік факторлармен жұмысқа, жұмыс түрлеріне тұрақты кәсіптік жарамсыз адамдар саны *





Толық зерттеуді қажет ететін адамдар саны (қорытынды берілмеген)





Кәсіптік ауруға күдікті адамдар саны





Кәсіптік патология орталығында тексеруді қажет ететін адамдар саны





Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны





Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет ететін адамдар саны





Санаторийлік-курорттық емдеуді қажет ететін адамдар саны





Емдеу-профилактикалық тамақтануды қажет ететін адамдар саны





Диспансерлік бақылауды қажет ететін адамдар саны





2 жиынтық кесте



Т.А.Ә.

Жынысы

Туған жылы

Учаске

Кәсібі

Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлері**

Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар, жұмыс түрлерімен жұмыс өтілі **

АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы, диспансерлік бақылау тобы

1

















2

















Кестенің жалғасы

Ауру алғаш рет анықталды

Жұмыстарға кәсіптік жарамды *

Жұмыстарға уақытша кәсіптік жарамсыз *

Жұмыстарға тұрақты кәсіптік жарамсыз *

Қорытынды берілген жоқ

Кәсіптік патология орталығында зерттеуді қажет етеді

























Кестенің жалғасы

Амбулаториялық тексеруді және емдеуді қажет етеді

Стационарлық тексеруді және емдеуді қажет етеді

Санаторийлік-курорттық емдеуді қажет етеді

Емдеу-профилактикалық тамақтануды қажет етеді

Диспансерлік бақылауды қажет етеді





















      9. Кәсіптік ауруға күдікті тұлғалар анықталды:

Р/с №

Т.А. Ә.

Кәсіпорынның бөлімшесі

Кәсібі, лауазымы

Зиянды және (немесе) қауіпті заттар және өндірістік факторлар

1









2









      10. Өмірінде бірінші рет соматикалық аурулар анықталды:



АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы

Жұмыскерлер саны (барлығы)

1





2





      11. Өмірінде бірінші рет созылмалы кәсіптік аурулар анықталды:



АХЖ-10 бойынша ауру сыныбы

Жұмыскерлер саны (барлығы)













      12. Жұмыскерлерге өткізілген мерзімдік медициналық
тексеріп-қарау (зерттеу) нәтижелері бойынша 20___жылғы "___"
__________ алдыңғы қорытынды актінің ұсынымдарын орындау нәтижелері.



Іс-шаралар

Жатқаны (адам)

Орындалды

абс.

%-бен

1

Кәсіптік патология орталығында зерттеу







2

Толық зерттеу







3

Амбулаториялық емдеу және зерттеу







4

Стационарлық емдеу және зерттеу







5

Санаторийлік-курорттық емдеу







6

Диеталық тамақтану







7

Диспансерлік бақылауға алынды







      13. Жұмыс берушіге ұсынымдар: санитариялық-профилактикалық және сауықтыру іс-шаралары және т.б.: ____________________________________
      Ескертпе:
      * Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар.
      ** Зиянды факторлар тізбесіне және Жұмыстар тізбесіне сәйкес зиянды және/немесе қауіпті өндірістік факторлар мен жұмыстар тармақтарын санамалау.

      Қолдары:


      Дәрігер (кәсіптік патолог, терапевт) __________________________
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік орган маманы ________________________________
      Жұмыс берушінің өкілі _________________________________________
      Ұйымның кәсіподақ комитетінің өкілі ___________________________

      Денсаулық сақтау субъектісінің басшысы ________________________


      Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________
      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы мемлекеттік органының басшысы ___________________________
      Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________
      Ұйым басшысы (жұмыс беруші) ___________________________________
      Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________
      Ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасы_________________________
      Мөр орны Т.А.Ә________________________________ Қолы ___________

Міндетті медициналық 


қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 3-қосымша

Нысан


Медициналық тексеріп-қараудың қосымша парағы № _____________

      1. Медициналық тексеріп-қарау өткізілген күн __________________


      2. Кәсіпорынның атауы: ________________________________________
      3. Құрылымдық бөлімшенің атауы (цех, учаске, бөлім, бөлімше
және т.б.)___________________________________________________________
      4. Жұмысшының Т.А.Ә., туған күні мен жылы, тұратын жері,
қазіргі уақыттағы кәсібі немесе лауазымы ____________________________
      5. Жалпы жұмыс өтілі __________________________________________
                                  (жылдар саны көрсетіледі)
      6. Кәсіптегі жұмыс өтілі ______________________________________
                                     (жылдар саны көрсетіледі)
      7. Қазіргі уақыттағы еңбек жағдайлары

Зиянды және қауіпті өндірістік фактордың атауы

Фактормен жұмыс істеу өтілі (айтуы бойынша)









      8. Кәсібі бойынша барлық еңбек жолы

Жұмыстың басталу және аяқталу айы мен жылы

Жұмыс ұзақтығы

Кәсіпорын

Кәсіп

















      9. Алдын ала (мерзімдік) медициналық тексеріп-қарау (зерттеу) қорытындылары:

Р/с


Тексеріп-қараулар (мамандар)

Орындалу күні

Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (жарамды, жарамсыз, қорытынды берілмеді)

1







2







Р/с №

Зерттеулер (талдаулар)

Орындалу күні

Тексеру нәтижелері бойынша қорытынды (жарамды, жарамсыз, қорытынды берілмеді)

















      10. Еңбекке жарамдылық туралы қорытынды: алдын ала медициналық тексеріп-қарау кезінде: жарамды, жарамсыз (керегінің астын сызу керек) мерзімдік медициналық тексеріп-қарау кезінде: өз кәсібі бойынша еңбекке жарамды, басқа жұмысқа ____ ай мерзіміне уақытша ауысу, басқа жұмысқа тұрақты ауысу (керегінің астын сызу керек)
      11. Ұсынымдар:
      Емханада зерттеу және емдеу; стационарда зерттеу және емдеу; жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымға жіберу; санаторийлік-курорттық емдеуге жіберу (керегінің астын сызу керек)

      МО


      Берілген күні ______________
      Комиссия төрағасының қолы

Міндетті медициналық 


қарап тексеруді өткізу
қағидаларына 4-қосымша

Міндетті медициналық тексеріп-қарауларға жататын жұмыскерлердің тізбесі, сондай-ақ эпидемиологиялық маңызды объектілерде жұмыс істейтін тұлғаларды зертханалық және функционалдық зерттеулердің жиілігі мен көлемі

Кесте




Орындалатын жұмыстар тізбесі

Алдын ала медициналық тексеріп-қараулар (жұмысқа тұру кезінде)

Мерзімдік медициналық тексеріп-қараулар

Дәрігерлік тексеріп-қарау, зертханалық және функционалдық зерттеп-қараулар

Тексеріп-қараулар мерзімділігі

Зертханалық және функционалдық зерттеп-қараулар

1

2

3

4

5

1

Қоғамдық тамақтану объектілері мен тамақ өнеркәсібінің жұмыскерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 айдан кейін

2

Азық-түлік сауда объектілерінің жұмыскерлері, азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын тұлғалар

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

3

Кремді-кондитерлік өндірістер мен балалар сүтханаларының жұмыскерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа
зерттеп-қарау

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 айдан кейін

4

Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұйымдардың (теміржол вокзалдарының, аэровокзалдардың, теңіз және өзен вокзалдарының, автовокзалдардың, метрополитендердің) жұмыскерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография

5

Жолаушылар поездарының жолсеріктері, өзен, теңіз және авиакөліктердің стюарттары

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография
гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

6

Бастауыш, жалпы орта, кәсіби, жоғары білім беру мекемелерінің, мектептен тыс мекемелердің, компьютер клубтарының жұмыскерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін (оқу жылы басталар бұрын – маусым, шілде, тамыз)

Флюорография

7

Балалар мен жасөспірімдердің маусымдық сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін (маусым басталар бұрын)

Флюорография
гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа тексеру

8

Мектепке дейінгі, мектеп-интернаттар, балалардың жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру ұйымдары, балалар үйлерінің, отбасылық үлгідегі үйлердің жұмыскерлері

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

9

Перзентханалар (бөлімшелер), балалар ауруханалары (бөлімшелері), жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшелері, күні жетпей туған нәрестелер бөлімшелері және ауылдық ауруханалардың аралас бөлімшелері мен күндізгі стационарлардың медицина қызметкерлері.
Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың медицина қызметкерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография,

гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа тексеру



Гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын, патогенді стафилококкты тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 6 айдан кейін

(кіші медицина қызметкерлері әрбір 12 айдан кейін)



10

Қан қызметі ұйымдарының медициналық персоналы, хирургиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық, стоматологиялық бейіндегі медицина қызметкерлері, диагностикалау және емдеудің ивазивті әдістерін жүргізетін медициналық қызметкерлер, гемодиализбен айналысатын медицина персоналы, сондай-ақ вирусологиялық, бактериологиялық, клиникалық, иммунологиялық және паразитологиялық зертханалардың медицина персоналы

Флюорография адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1,2 зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы 1,2, В және С вирустық гепатиті маркерлерін зерттеп-қарау

В және С вирустық гепатиті маркерлерін зерттеп-қарау

Әрбір 6 айдан кейін (кіші медицина қызметкерлері әрбір 12 айдан кейін)

11

Санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар, интернаттар және мүгедектер мен қарттар үйлерінің қызметкерлері, үйге келетін медициналық-әлеуметтік қызметкерлер

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, дизентерия, сальмонеллез, ішек сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

12

Қызмет көрсету саласының (моншалар, себезгілер, сауналар, шаштараздар, косметологиялық салондар, кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары) жұмыскерлері, бассейндер мен су емханалары, балшықпен емдеу орындары, спорттық-сауықтыру ұйымдарының жұмыскерлері, қонақүйлердің, мотельдердің, жатақханалардың, кемпингтердің менеджерлері, қабат меңгерушілері, әкімшілері

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, терi бетi тұтастығының бұзылуы арқылы манипуляцияларды жүзеге асыратын жұмысшылар В және С вирустық гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, В және С вирустық гепатиті маркерлеріне зерттеп-қарау

13

Дәрілік заттарды дайындаумен, ораумен және өткізумен айналысатын дәріханалардың, фармацевтикалық ұйымдардың (зауыттар, фабрикалар) қызметкерлері

Флюорография

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография

14

Су дайындауға тікелей қатысы бар су құбыры құрылыстарының жұмыскерлері, су құбыры желілеріне қызмет көрсететін тұлғалар, өндірістік зертханалар, сумен қамтамасыз ету және кәріз объектілерінің жұмыскерлері

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

Әрбір 12 айдан кейін

Флюорография, гельминт жұмыртқаларына, мерезге, дизентерия, сальмонеллез, іш сүзегі, А және В паратифтері қоздырғыштарын тасымалдаушылыққа зерттеп-қарау

15

Жалпы білім беретін мектептердің, арнайы орта және жоғары оқу орындарының оқушылары (студенттер), жұмыскерлері міндетті медициналық тексеруге жататын ұйымдардағы жұмыскерлер сияқты практикадан өту алдында және өту кезінде

Флюорография. Зертханалық және функционалдық зерттеулер практика өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі

Флюорография практикадан өту кезеңінде 12 айда 1 рет

Флюорография, зертханалық және функционалдық зерттеулер практика өтетін ұйымның санатына сәйкес жүргізіледі



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет