Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі



жүктеу 2.77 Mb.
бет1/14
Дата09.06.2016
өлшемі2.77 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14







Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

25.01.2012 жылғы



166 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті медициналық тексеріп-қарау өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесі
1. Жұмыскерлерді алдын ала және мерзімдік медициналық тексеру міндетті қауіпті және зиянды заттар, қолайсыз өндірістік факторлар және жұмысқа жіберуге медициналық қарсы айғақтар

 



Қауіпті және зиянды заттар мен өндірістік факторлар

Тексерулер мерзімділігі

Дәрігерлердің, мамандардың қатысуы

Зертханалық және функционалдық зерттеулер

Медициналық қарсы

айғақтар




1

2

3

4

5

6

1.Қауіпті және зиянды заттар

1. Химиялық қосындылар мен элементтер

1

Азоттық бейорганикалық қосындылары (азот қышқылы, аммиак, азот оксиді)

Жылына бір рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, электрокардиграфия (бұдан әрі ЭКГ), флюорография (бұдан әрі ФГ)


Жоғары тыныс алу жолдарының таралған жан-жақты субатрофиялық өзгерістері, гиперпластикалық ларингит. Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары

2

Алифатиялық (шекті, шекті емес) және хош істі альдегидтер (формальдегидА, ацетальдегид, акролиин, бензальдегид, фтальды альдегид)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, невропатолог, дерматовенеролог, аллерголог

Тромбоциттермен қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Қанның созылмалы аурулары

3

Альдегидтер және кетондар галоген туындылары (хлорбензальдегид, фторацетон, хлорацетофенон)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, дерматовенеролог, офтальмолог, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Терінің созылмалы аурулары. Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің (қабақ, мөлдірқабық, конъюктива, жас шығару жолдары) созылмалы аурулары

4

Органикалық қышқылдардың аминдері, амидтері, анилидтер және басқа да туындылары (диметилформамид, диметилацетамид, капролактамА)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт,

невропатолог, оториноларинголог дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, қан билирубині, аланинаминотрансфераза (бұдан әрі - әрі АЛАТ), ЭКГ, ФГ, спирография

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары. Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.

Айқындалған қан тамырлары дистониясы

5

Бериллий және оның қосындыларыА

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог, онколог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ, алдына ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет

Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.

Гиперпластикалық ларингит (бериллий қосындылары ерітінділерімен жұмыс кезінде).

Аллергиялық аурулар.

6

Бор және оның қосындылары (боракарбидФ, нитридФ)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.

Бронхы өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

7

Бор сутектері

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, қанның билирубині, АЛАТ, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары.

Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

8

Хлор, бромА, йодА, сутегімен қосындысы, оксидтер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары

Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары

9

Фтор және оның бейорганикалық қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невропатолог, оториноларинголог,

стоматолог,

дерматовенеролог, офтальмолог,

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ, 5 жылдан астам өтілі болған кезде 3 жылда 1 рет мұрағатта барлық рентгенограммаларды сақтай отырып, түтікше сүйектерінің рентгенографиясы

Созылмалы субатрофиялық және атрофиялық риниттер.

Гиперпластикалық ларингит.

Мұрын қуысының шырышты қабығының эрозиясы. Ауыз қуысының аурулары. Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Сүйек құрылымы зақымданған тірек-қозғалыс аппаратының созылмалы ауруы.

Бронх өкпе жүйесінің созылмалы аурулары.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары

10

Фосгендер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы

спирография, ЭКГ, ФГ

Өкпе бронхы жүйесінің созылмалы аурулары

11

Гидразин және оның туындылары (фенилгидразин)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, невролог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

билирубин, АЛАТ, ЭКГ, ФГ

Гепатобилиарлық жүйенің жиіленген асқынулары болатын созылмалы аурулар.

Терінің қайталама созылмалы аурулары.

12

Кадмий және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, невролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жан-жақты дистрофиялық бұзылулар және жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары. Өкпе бронхы жүйесінің созылмалы аурулары.

Бүйректің жиі қайталанатын созылмалы аурулары

13

Металл карбонилдері: никель, кобальт, темір

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының жан-жақты дистрофиялық және аллергиялық аурулары. Аллергиялық аурулар

14

Кетондар алифатиялық және

хош иісті (ацетон, метилэтилкетон, ацетофенон)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ,

ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары

15

Органикалық қышқылдар (құмырсқа, сірке, пропион, май, валериана, капрон, қымыздық, адипин, акрил, нафтен). Галоген туындыларының органикалық қышқылдары хлор сіркесу, трихлор сіркесу, перфтор май, трихлорпропион) Органикалық қышқылдар, ангидридтер

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, офтальмолог, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы

спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық бұзылулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.

Терінің созылмалы аурулары.

Ауыз қуысының созылмалы аурулары

16

Фталь А қышқылы

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, ЭКГ, ФГ

Аллергиялық және аутоиммундық аурулар

17

КобальтА

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде екі жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Аллергиялық аурулар.

Терінің созылмалы аурулары

18

Ванадий, молибден,

вольфрам, ниобий, тантал және олардың қосындылары

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы

спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезінде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Тыныс алу жолдарының және терінің созылмалы қайталама аллергиялық аурулары

19

Кремнийдің органикалық қосындылары (силандар)

Жылына 1 рет

Кәсіптік патолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, спирография, ЭКГ, ФГ

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары. Гиперпластикалық ларингит.

Жиі асқынатын өкпе бронхы жүйесінің созылмалы аурулары.

Көздің алдыңғы тілігінің созылмалы аурулары.

Аллергиялық аурулар (шыны талшықтарын майлау жұмыстары кезінде).

20

МарганецА және оның қосындылары

Жылына 1 рет

Невропатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, аллерголог

Қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы,

спирография, ЭКГ, ФГ, алдын ала тексеру кезінде тік және бүйір рентгенограммасы, кеуденің қайталама рентгенограммасы 5 жылдан кейін, 5-10 жыл өтілі болған кезде 2 жылда 1 рет, 10 жылдан астам өтілі болған кезде жыл сайын

Жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық және жан-жақты дистрофиялық аурулары.

Аллергиялық аурулар.

Перифериялық нерв жүйесінің созылмалы аурулары.

Өкпе бронхы жүйесінің созылмалы аурулары.

Орталық нерв жүйесінің аурулары.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет