Министерство науки и высшего образования республики казахстан



бет4/4
Дата01.02.2024
өлшемі241.58 Kb.
#490461
1   2   3   4
Емтихан сұрақтары-2023 1

3 уровень (сложный)
Максим. балл - 30



Сұрақ / Вопрос

1

Керосинге батырылған шардың потенциалы φ = 4,5 кВ және зарядының беттік тығыздығы σ = 11,3 мкКл/м2. Шардың R радиусын, q зарядын, C сыйымдылығын, және W энергиясын анықтау керек.

2

Екі нүктелік заряд 7,5нКл және -14,7нКл бір–бірінен 5см арақашықтықта орналасқан. Оң зарядтан 3см және теріс зарядтан 4см қашықтықта тұрған нүктедегі электр өрісінің кернеулігі Е қандай?

3

Кедергілері R2=20 Ом және R3=15 Ом. R2 кедергісі арқылы I2= 0,3 А ток өтеді. Амперметр 0,8 А токты көрсетеді. R1 кедергісін анықтау керек.


4

Тұйық тізбектің элементінің ұштарындағы кернеу 2,1 В, кедергілері R1=5 Ом, R2=6 Ом и R3=3 Ом. Амперметр қандай ток көрсетеді?


5

Литий үшін фотоэффектінің қызыл шегі 518 нм. Толқын ұзындығы 250 нм жарық әсерінен металл бетінен жұлып алынған фотоэлектрондардың максимал жылдамдығын табыңыз.
(h=6,63·10-34Дж·с; mе=9.11·10-31кг; с=3·108м/с)

6

Эксперименттік тапсырма
«Жинағыш линзаның фокус арақашықтығы мен оптикалық күшін анықтау»
Құрал-жабдықтар: линза, жарық көзі, экран, сызғыш.
Нәрседен линзаға дейінгі қашықтық d және линзадан кескінге дейінгі қашықтық f өлшеніп, d=15см және f=30см болды делік. Сонда фокус арақашықтығы мен оптикалық күш қандай формуламен анықталады?
Осы экспериментте d мен f өлшену үшін құралдарды қалай пайдаланады?

7

Жарықтың толқын ұзындығы 658нм болғанда, кейбір металдар үшін фотоэффект тоқтайды. Егер осы металға алғашықыда толқын ұзындығы 350нм ультракүлгін сәулемен, ал сосын – 540нм сәулемен әсер еткен кездегі фотоэлектрондардың максимал жылдамдықтарының қатынасын табу керек.

8

Импульсі 5,5×10-27 Нс фотон жұтқанда негізгі энергетикалық күйдегі сутегі атомындағы электронның энергиясының абсолют шамасы неше есе өзгереді?
(h=6,63·10-34Дж·с; R=3,29·1015Гц; с=3·108м/с)

9

суретте тогы бар шексіз ұзын екі түзу өткізгіш бейнеленген. Өткізгіштер арасындағы арақашықтық АВ = 10 см, токтар I1 = 20 A, I2 = 30 A. I1 және I2 токтарының М1 2, М3 нүктелерінде туғызған магнит өрісінің кернеулігін анықта. Арақашықтықтары М1А = 2 см, АМ2 =4 см және ВМ3 = 3 см.





10

Атомның орталық симметриялы өрісіндегі электронның күйі қандай кванттық сандармен анықталады? Осы кванттық сандардың физикалық мағынасы қандай және олар қандай мәндерді қабылдайды?

Рассмотрено и одобрено на заседании Совета по академическому качеству факультета

Протокол № ____ от «_____» ____________ 20__г.


Разработали: __________ Сулейменова Б.К.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет