Министерство науки и высшего образования республики казахстан



бет7/14
Дата10.03.2024
өлшемі445 Kb.
#494869
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
практика Абдикарим Гулдана 212

Қиын балалар дегеніміз - ол кейбір себептермен қайсыбір балалардың мінез-құлқында қарама-қайшылыктардың пайда болуы, келіспеушілік жағдайының туындауы. Бұл дегеніміз педагогикалық іс-әрекетке бағынбау, қарсы түру деген сөз. Қарсы тұрудың себебі — бұл тұлғаның қалыпты дамуынан қалып қоюы. Осы тұста бала бойында теріс кылықтардың пайда болуы, мінез-құлкында қарамақайшылыктардың туындауы, тәрбиенің дұрыс берілмеуі және т.б. Қиын балалар, қиын тәрбиеленушілер категориясы шындығында өмірде кездеседі. Олар мектепке барғанға дейін де, мектепте де бар. Ал менің қарастыратыным жеткіншек жастағы қиын, девиантты балалар. Оларды бұзақы балалардың категориясымен тенестіруге болмайдыБұл мектепте және қоғамдык орындарда тәртіпті бұзушы психиқалық және физикалық жағынан қалыпты бала. Көбінесе, ондай балалар бұл тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы келіспеушілік жағдайдан тұрады. Кейде бұл келіспеушілік шынайы қарама-қайшылықтардың соқтығысуынан, яғни бірін-бірі түсінбеушіліктен туындайды. Бұл тұста өмір дамуының диалектикалық құбылыс екенін түсіну керек, яғни өмірде қарама-қайшы нәрселер әркашанда кездеседі: өмір мен өлім, дені сау мен ауру, қайрымдылық пен зұлымдық. Осылардың қақтығысуынан және күрес нәтижесінде өмір дамуы жүреді, қоғам, ұжым және адам дамиды.
Қазіргі кезде дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Бұл мәселенің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатыр. Адамның психологиялық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектрінде көрініс тапқан. Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктері немесе дарындылық белгілері психологтар арасындағы пікірталастардың негізі болып табылады. Ғылыми-әдебиеттердің сараптамасы негізінде дарынды балалардың сипаттамасын мына тұрғыда беруге болады: -дарынды балалар сипаттамасы; -дарындылықтың факторлары. Жалпы қабілеттілік: -ақыл-ой коэфиценті 120 балдан жоғары; -ерекше есте сақтау; -ауызша түсіну және ойды нақты баяндау; -сөйлеу шапшаңдылығы, мол сөздік қор; -есептеуіш қабілеттіліктер; -ойлау өткірлігі (қабылдау жылдамдығы); -қабылдау кеңдігі ( объектімен кең композициялар құру); -жүйелі білім құрылымы (ақпатартты өңдеу, анализ-ситез, индукция-дедукция); -аса жоғары тұрақталған көзқарас -байқағыштық; -когнетивті көзқарас
Маған берілген сыныпқа 3 дарынды,1 қиын оқушы кездеседі.Қазіргі таңда қиын оқушылармен түсінік жұмыстары жүргізілуде




6-апта

Социометрияның негізін салушы американдық психиатр және әлеуметтік психолог Джейкоб (Якоб) Леви Морено (1892-1974). Оның ойынша, адамның психикалық жағдайы, мінез-құлқының адекваттылығы көп жағдайда оның шағын топтың бейресми құрылымында алатын орнына байланысты. Жанашырлықтың болмауы тұлғааралық проблемалардың салдары мен олардың көзі болып табылады. Мореноның пікірінше, социометрия қарым-қатынаста проблемалардың болуын алғашқы диагностикалау әдісі, ал оның әзірлеген психодрама және социодрама әдістері жеке қиындықтар мен дисгармонияны түзету құралы болып табылады.
Қазіргі уақытта социометрияны психологтар, әлеуметтанушылар, мұғалімдер, конфликтологтар, әлеуметтік қызметкерлер белсенді қолданады.
Бұл әдістің сөзсіз артықшылығы – топ ішілік қатынастар кестелер, диаграммалар, графиктер және сандық мәндер түрінде нақты түрде көрсетіледі. Алайда, бұл ақпараттың барлығы топтың толық сипаттамасы емес, өйткені ол басым тұлғааралық артықшылықтардың, жанашырлық пен антипатия қатынастарының сипаттамасы болып табылады. Сонымен қатар, топтағы бейресми қарым-қатынастардың барлық алуан түрлілігінің ішінен ұсынылған сұрақтардың тұжырымында көрсетілгендері ғана анықталады. Ақырында, социометрия кейбір топ мүшелерін басқалардың таңдау немесе қабылдамау себептерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан ол әдетте басқа шағын топтық зерттеу әдістерімен бірге қолданылады.
Мақсаты: Сынып оқушыларының арасында лидер және шеттеп қалған оқушыны, шағын топтарды анықтау.
Алынған сауалнама: Социометрия әдісі. (Қарым-қатынас социограммасы).
Сауалнамаға қатысқан сынып: 11а
Қатысқан оқушы саны: 20
Сауалнама нәтижесі: 
I – Лидер: Қыдырбай Көркем
II – Беделділер: Сегізбай А, Есенғали Тоқжан
III - Орта беделділер: Алимханова Ф
IV - Топтан қалмаушылар: Дайырбек Нұрсұлтан
V - Шеттеп қалғандар: Жоқ
V I- Шағын топтар: жоқ




7-апта

Әр бастауыш сынып мұғалімі алғаш мектеп табалдырығын аттаған оқушыға білім алу жолында ойлау қабілетін дамыту басты талап екенін түсінеді. Әріп танымайтын, жазу мен сызуды үйренуге келген оқушыларға бұл қабілеттің дамуы әрі қарай программаны игеруіне үлкен ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл — ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. «Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, ынтасын оятып, танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау». Әр сабақты қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай топқа бөліп, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор. Топтық жұмыстар оқушылардың бір-бірімен білім сайысында бәсекеге түсіп, мейлінше тезірек ойлап жауап беруіне ықпал етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет