1. Ми қыртысының сезімдік аймақтары (проекциялық қыртыс, сезімдік
жүйе талдағыштарының қыртыстық бөлімдері). Бұл аймақтарға ақпарат
сезімтал қабылдағыштардан келеді. Олар мидың төбе (1-3 алаң), самай (21,
41, 42 алаңдар), шүйде (17-18 алаңдар) бөлімдерінде орналасқан. Сезімдік
аймаққа афференттік жолдар көбінесе таламустың арнамалы сезімтал
ядроларынан келеді. Сезімдік аймақтың бөлімін тітіркендіргенде немесе
бұзғанда белгілі бір ғана сезімнің айқын және тұрақты өзгерісі болса, бұл
біріншілік сезімдік аймақ (зона) деп аталады. Мұндай аймақ көбіне
моносенсорлық нейрондардан тұрады және сезінудің бір түрін ғана
тудырады. Біріншілік сезімдік аймақтың айналасында екіншілік сезімдік аймақтар орналасады,
олардың
бисенсорлық
нейрондары
екі
тітіркендіргішке сезімтал болады (мысалы, жарық пен дыбысқа).
Басты сезімдік аймақтарға жатады:
1) Денелік-сезімдік (соматосенсорлық) аймақ – бұл ми қыртысының төбе
бөлігіндегі
орталықтан кейінгі қатпар аймағында орналасады (1-3 алаңдар).
Осы аймақта сипап сезу (тактильдік), ауырсыну, температуралық өзгерістерді
қабылдайтын, интерорецептивтік (тіл, ерін, көмей) және проприорецептивтік
(саусақтар басы) сезінуді талдайтын орталықтар бар.
2) Мидың төбелік бөлімі. Бұл жердегі жоғарғы самайлық қатпарда есту
аймағы орналасқан (41, 42 алаңдар). Осы аймақта дыбыстық ақпараттың
күрделі өңделуі жасалады.
3) Мидың шүйделік бөлімі. Мұнда көру талдағышының біріншілік (17 алаң)
және екіншілік (18-19 алаңдары) сезімдік аймақтары орналасады. Одан
өңделген ақпарат әрі қарай толық өңделу үшін ассоциативтік (ұластырушы)
аймаққа жеткізіледі.
2. Ми қыртысының ассоциативтік (ұластырушы) аймақтары. Үлкен мидың жаңа қыртысының ассоциативтік аймақтары (адамда
неокортекстің 70-75%-ы) сезімдік және қозғалтқыш зоналармен қатар
орналасады, бірақ тікелей сезу және қозгалту қызметтерін атқармайды. Бұл
аймақтың
нейрондары
полисенсорлы
болады,
олар
бірнеше
тітіркендіргіштерге бірдей жауап береді (көру, есту, сипап сезу және т.б.).
Ассоциативтік аймақтағы ақпараттың өңделуі мен олардың біріншілік және
екіншілік сезімдік зоналармен өзара әрекеттесуі нәтижесінде қоршаған орта
туралы тұтас түсінік қалыптасады. Оны үшіншілік сезімдік аймақтар деп те
атайды.
Қыртыстың ұластырушы аймақтары мен таламустың ассоциативтік
ядроларының жиынтығы мидың ұластырушы жүйесі деп аталады. Бұл
жүйеге кіретін құрылымдар: қыртыстың ұластырушы аймақтары, таламустың
қайта қосушы және ассоциативтік ядролары, сонымен қатар қыртыстың
бірішілік және екіншілік зоналары. Қорыта келгенде, мидың ұластырушы
жүйесі мидың маңдай, төбе, самай, шүйде бөлімдерінің қыртыстарында
болады. Осы аталған аймақтардың бәрі адамның мақсатты іс-әрекеттерін
жоспарлауға, психикалық процесстердің жетілуіне, тіршілік ортаға
бейімделуіне толық қатысады.