Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі


 Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері



Pdf көрінісі
бет59/117
Дата10.10.2023
өлшемі1.31 Mb.
#480249
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117
Қалыпты физиология

10.3. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері 
ІСБ-нің қызметін зерттеу үшін әртүрлі физиологиялық және клиникалық 
әдістер қолданады. Олардың негізгілері мынадай: 
1. Эктомия немесе экстирпация – кесіп алып тастау. Оның нәтижесінде 
белгілі бір бездің қызметі тоқталып, оның реттейтін әсерлері тоқтатылады. 
2. ІСБ-ден алынған сықпаларды немесе таза гормондар мен гормондық 
препараттарды қалыпты немесе безі алынған жануарларға егу. 
3. Тәжірибеде ІСБ-ді трансплантация жасап алмастыру. Алдымен жануардың 
зерттелетін безін алып тастап, пайда болған өзгерістерді бакылау жасайды. 
Одан кейін кесіп алынған безді қайтадан дененің басқа бөлігіне отырғызады. 
Егер осыдан кейін бұзылған қызметтер қалпына келсе, бездің сөлініс қызметі 
дұрыс деп тұжырымдалады. 
4. Парабиоз әдісі – екі жануардың тиісті қан тамырларын жалғастырып, қан 
айналысын ортақтастыру, содан кейін біреуінің безін (бездерін) алып тастап, 
оның дене қызметіндегі өзгерістерді зерттеу. 


5. ІСБ-ін эксплантация әдісі арқылы зерттеу. Безді немесе оның бір кішкене 
бөлігін денеден тыс қоректік ортаға орналастырып, оның тіршілік жағдайын 
зерттеу. 
6.Биологиялық сұйықтардағы (қан, лимфа, несеп т.б.) гормондар мен 
олардың өнімдерінің мөлшерін биохимиялық, иммунологиялық және басқа 
әдістер арқылы зерттеу. 
7. Радиоактивті изотоптарды қолдану арқылы зерттеу, нысана гормондар. 
8. Флюоресценция әдісімен кейбір гормондардың қай жерде көбірек 
жиналуын анықтау. Бұл көбінесе гистохимиялық зерттеумен қоса 
жүргізіледі. 
9. Клиникалық - анатомиялық әдіс. ІСБ-нің қызметі бұзылған науқас 
адамның жағдайын бақылап зерттеу. Қайтыс болған ауру адамдағы белгілі 
бір бездің қызметі бұзылғанда (гипо- немесе гиперсекреция) патолого-
анатомиялық және гистологиялық зерттеу жүгізеді. 
10.4. Ішкі сөлініс бездер қызметінің реттелуі 
1) жүйкелік. Көптеген гормондардың түзілуі мен қанға немесе лимфаға 
шығуы ОЖЖ-нің бақылауында болады. Барлық ішкі сөлініс бездер 
вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтарымен жабдықталған. Сонымен 
қатар, қазіргі кезде ішкі сөлініс бездердің сөл бөлу қызметіне ОЖЖ-нің 
жоғарғы бөлімдерінің әсері де (ми қыртысы, гипоталамус, лимбия жүйесі т.б. 
бөлімдері) толық дәлелденген. Олардың ішінде гипоталамус ерекше орын 
алады. 
2) нейроэндокриндік - гипоталамус пен гипофиздің арасындағы 
жүйкелік-гуморалдық байланыспен реттелу. Гипоталамуста жүйкелік 
серпіністер арнайы эндокриндік үдеріске айналып, гормонның синтезделуі 
мен оның гипофизбен жүйкелік-тамырлық байланыстарының ерекше 
аймақтарына бөлінуіне келтіреді. Бұл әсерленістің екі түрі бар: 
а) гипоталамустың нейросекрециялық жасушаларында гипофиздің алдыңғы 
бөліміне әсер ететін босатушы факторлардың (ағыл. release-босатушы) 
түзілуі. Бұл нейропептидтер либерин және статин деп аталады. Либерин – 
босатушы, күшейтуші, ал статин – тоқтатушы, тежеуші факторлар. Олар 
аденогипофиздің тропты гормондарының (СТГ, АКТГ, ГТГ, ТТГ т.б.) пайда 
болып бөлінуін қамтамасыз етеді. 
б) гипоталамустың супраоптикалық және паравентрикулярлық нейрондар 
аксондары гипофиздің артқы бөліміне (нейрогипофизге) өтеді де, олардың
нейросекрециялық гормон тәрізді заттары сонда жиналады. Бұл гормондар 
(вазопрессин, окситоцин) гипоталамуста түзіледі де, нейрогипофизде 
жинақталып, жалпы қан айналысына түсіп шеткі ағзаларға әсер етеді. 
3) өзін-өзі реттеу. Қандағы гормондардың мөлшеріне және реттелуге 
жататын заттардың деңгейіне байланысты. Мысалы, қандағы Са
2+
дің 
шамасының өзгеруі қалқанша және қалқансерік бездерінің гормондарының 
шығуын реттейді. Ал қандағы глюкокортикоидтар мөлшерінің көбеюі 
аденогипофиздан АКТГ шығуын тежейді. Тироксин мөлшері көбейгенде 
гипофизден тиреотропиннің шығуы тежеледі. Сонымен бездер мен олар 
реттеуге қатысатын ағзалар қызыметі арасында екі жақты – тура және кері 


байланыс бар. Солардың арқасында реттеуші тек қана реттелетін үдерістерге 
әсер етәп қоймай, ондағы өзгерістер бездердің қызметіне әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет