Теңдестірілген тамақтану концепциясын алғашқы рет ұсынған Ресей
ғалымы, академик А.А.Покровский болатын. Ал бұл теорияны әрі қарай
дамытып, нақтылы әртүрлі жағдайларда еліміздің белгілі бір аймақтарында
қалай
пайдалану керек екенін, тамақтану академиясының президенті, МҒА
академигі Т.Ш.Шарманов зерттеп ұсынған.
Осы концепцияға байланысты тамақ құрамында организм тіршілігі үшін
қажетті мөлшерде, белгілі бір қатынаста энергия, белок, май, көмірсу,
витамин, минералды заттар, су болуы қажет.
Тәуліктік тамақтанудың оңтайлы мөлшері қазір баршаға белгілі, онда жас
ерекшелігі, жыныс, знергия жұмсалу мөлшері т.б.
көрсеткіштер есепке
алынған. Ересек адамдар үшін қажетті белок мөлшері тәулігіне 80-120 г, май
– 70-100 г (оның 50-60% жануар майы болу керек), көмірсу – 400-500 г дейін
болуы қажет. Жұмыс және тұрмыстық жағдайларға байланысты тамақ
құрамының өзара қатынасы өзгеріп тұрады. Дені сау адам үшін ұтымды
тамақтанудағы белок, май, көмірсудың өзара қатынасы 1: 1,2 : 4,6
(бұрынғысы 1:1:4) жақын болады. Тағам құрамында қоректік заттармен бірге
витаминдер мен минералды заттар жеткілікті болу керек.
Адам денсаулығын сақтауда ұтымды тамақтанумен қатар,
тамақ ішу
уақытын дұрыс белгілеу, тамақ ішуді ұйымдастыру жағдайы үлкен роль
атқарады. Тамақты бір тәулікте 3-4 рет бөліп ішкен пайдалы екені
анықталған. Оның ішінде: таңғы асқа тәуліктік рационның 25%, екінші асқа
– 15%, түскі асқа – 45%, кешкі асқа – 15% бөлінеді. Тамақтану адамға үлкен
қанағаттыратын сезім тудыру үшін ол әртүрлі тағамдардан құрастырылған,
әрі
дәмді болу керек, сонымен бірге тамақ ішетін жер таза, әдемі жиналған,
адам тәбетін ашатындай ұйымдастырылған болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: