Министерство здравоохранения рк казахский национальный медицинский


С-типті ДЗ тәуелділік жойылу реакциясы (рикошета) толеранттылық D-типті



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі1.85 Mb.
#457303
1   2   3
фарма 6 сабақ

С-типті

D-типті
  • канцерогендік әсер
  • мутагендік әсер
  • тератогендік әсер

А-типті жанама әсерлер ДЗ жанама әсерлерінің 80%-і А-типке жатады. Жиі кездесетін ДЗ жанама әсерлері олардың фармакологиялық қасиеттеріне байланысты және терапевтік мөлшерде қолданғанда дамиды. Кейбір жағдайларда препараттың жанама әсері пайдалы болуы да мүмкін.

ДЗ мөлшерден тыс қолданғандағы дамыған токсикалық әсерлер Көптеген препараттар, мөлшерден тыс қолданғанда токсикалық реакциялар туындатады. ДЗ токсикалық қасиетін бағалау үшін «терапевтік әсердің кеңдігі» деген ұғым қолданылады. Терапевтік әсері кең препараттарды терапевтік мөлшерде қолданғанда токсикалық асқыныстар сирек кездеседі, ал терапевтік әсері тар препараттарды қолданғанда токсикалық әсер жиі кездеседі.

Екінші дәрежелі жанама әсерлер Екінші дәрежедегі жанама әсерлер – бұл ДЗ фармакодинамикасымен байланысты жағымсыз әсерлер. Мұндай жанама әсерлер ДЗ таңдамалық немесе селективтілік қасиетінің жоқтығына байланысты.

Екінші реттік жанама әсерлер Мұндай жанама әсерлер белсенді антибиотиктер немесе тағы да басқа микробқа қарсы заттарды қолданғанда дамиды, олар ағзаның қалыпты бактериальды флорасын өзгерте отырып, суперинфекция, дисбактериоз, кандидамикоз сияқты асқыныстарды туындатады.

ДЗ өзара әсерлесу салдарынан туындаған жанама әсерлер Әдетте бұл ДЗ фармакокинетикалық өзара әсерлесуі салдарынан дамыған токсикалық жанама әсерлер.

В-типті жанама әсерлер В-типті реакциялар ДЗ мөлшеріне және фармакологиялық белсенділігіне байланысты емес (ДЗ жақпауынан басқасы). Оның негізінде ағзаның жеке дара ерекшеліктері - аллергия немесе ферментативті жүйелердің генетикалық негізделген бұзылыстары жатыр.

ДЗ жақпауы – ДЗ терапевтік және субтерапевтік мөлшерде қолданғанда дамитын, фармакологиялық қасиеттерімен байланысты жағымсыз реакциялар. Мұндай реакция кез келген препаратқа дамуы мүмкін. Идиосинкразия – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты емес реакциялар. «Идиосинкразия» - деп белгілі бір препаратқа дамыған, генетикалық негізделген патологиялық реакция. Идиосинкразияның негізінде ферментативтік жүйелердің тұқым қуалайтын ақаулары жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет