Министерство здравоохранения рк



жүктеу 1.05 Mb.
бет4/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.05 Mb.
1   2   3   4   5   6   7


2-тапсырма. Бақа жүрегінің соғу ырғағына өттің әсерін зерттеу.

Әдісі: Тәжірибе 2 бөлімнен тұрады а) Бақа жұлынын инемен шаншып жансыздандырып, тақтайшаға бекітеді. Кеуде қуысын ашып, жүректі перикардтан босатады. Минөтіне жүректің соғу жиілігі есептелінеді. Сосын жүрекке 2-3 тамшы өт тамызылып, бірнеше рет 5 минөт бойы жүрек соғуының жиілігі есептелініп отырады. Мәліметтер хаттамаға толтырылады.

Б) Жүрек ырғағы қайта қалпына келген соң жүрек соғу жиілігі есептелінеді. Бақа жүрегіне 2-3 тамшы атропин және 2-3 минөт өткеннен кейін тағы да өтпенен әсер етіп,қайтадан жүрек, ЖСЖ анықталады. Нәтижелерін түсіндіріп, тұжырым жасау керек.

Хаттама сызбанұсқасы

Жануар

Жүректің соғу жиілігі


Бастапқы жағдай

2 мин кейін

3 мин кейін

5 мин, кейін

Бақа 1.

Бақа 2.















3тапсырма. Ситуациялық есептерді шешу

1 есеп.

Науқас, 31 жаста, клиникаға «Жедел жәрдем» көлігімен әкелінген. Түскен кезде: енжар,тежелген,селқос,сұрақтарға жауабы бірден емес және сәйкессіз. Тілі өңезделген. Дене қызуы 36,5 °С. Тері және шырышты қабықтар сарғайған, денесінің жоғарғы жағындағы терісінде телеангиэктазиялар бар, алақанында қызару байқалады.

Шемендік сұйық жиналғандықтан іші үлкейген, бұл бауырды қол ұшымен тексеруді қиындатады. Аяқтарының ісінуі байқалады. жүректің сол қарыншасының көлемі аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм рт.ст., ЖСЖ 90, тамыр соғуының ырғағы қалыпты.
Қанды зертханалық зерттеудің нәтижелері:

Қанның жалпы талданымы:

Нb 108 г/л; эритроциттер 4,0´1012/л, лейкоциттер 4,8´1012/л; ЭТЖ 35 мм сағ

Қанның биохимиялық зерттелуі:

Жалпы билирубин 7,1 мг%; қант 80 мг%; КД (кетондық денелер) қалыптыдан жоғары

Зәрнәсілдің мөлшері азайған; протромбиндік индекс төмендеген;

холинэстеразаның белсенділігі төмендеген

Австралиялық Аг табылмады


  1. Науқас алақандарының көрсетілген өзгерістерінің, яғни тері қан тамырларының құрылымының және тұрақты қызарудың даму тетіктері қандай? Осындай әсерлерге тағы қандай әйгіленімдер байланысты?

  2. Қақпалық гипертензия және шемен патогенезінің түрлері қандай? Организм қызметтерінің салдарлық бұзылыстарында шеменнің маңызы қандай?

  3. Бауыр жеткіліксіздігінің белгілері бар ма? Егер бар болса, онда олардың даму тетігі қандай?

  4. Клиникалық және зертханалық деректерді ескере отырып, көбінесе не туралы ойлауға болады: қантты диабет, бауырдың жедел қабынулық зақымдануы, бауыр беріштенуі туралы? Не себепті?

  5. Соңғы екі сұраққа дәл жауап беру үшін Сізге қандай қосымша деректер қажет?

3 – тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.


Тігінен.

  1. Сарғыштану кезінде қанда жоғарылайтын биохимиялық көрсеткіш.

  2. Азоттық өнім –

  3. Ішекке өттің түспеуі.

  1. бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қандағы биохимиялық өзгеріс.

5. Экканың тура фистуласын салғаннан кейінгі жануарлардың өлуінің себебі

  1. Бауырдың қорғаныстық қызметі.

  2. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі май алмасуы бұзылуының салдары.

  3. Тура билирубиннен ішектерде түзілетін зат.

  4. Бауырда тура емес билирубинмен байланысатын қышқыл

  5. Оң жақ жүрекшеге құятын көк тамыр.

  6. Стеркобилин - бұл.

  7. Бауырлық команың түрі.

  8. Холемия кезінде дамитын аритмия.

  9. Гепатотропты у

15. Бауырға құятын ірі көк тамыр.

Көлденеңінен:

1.Бауырды бүліндіретін жәндік,

2.Бауыр жеткіліксіздігі кезінде витаминдер алмасуы бұзылуының салдары.

3.Эритроциттердің ыдырауы нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі.



4.Тікелей гепатоциттердің бүлінуі нәтижесінде дамитын сарғыштану түрі.

  1. бауырға бүліндіруші әсер ететін дәрілік препарат.

  2. Нәжіс және несеп пигменті.

  3. Бауыр жеткіліксіздігінде прокоагулянттар түзілуі азаюынан дамитын құбылыс.

  4. Ішекте майлар сіңірілуі бұзылуы кезінде пайда болатын симптом.

  5. Ішектік у

  6. Алғашқы тура фистуланы салған ғалым.

  7. Тері мен кілегей қабықтардың сары түске боялуы.

  8. Ішекке өт түсуінің азаюы

  9. Қанда өт қышқылдарының болуы

  10. бауыр жеткіліксіздігінде нәруыз алмасуы бұзылуының салдары

  11. өт өзегінде бөгет болуынан дамитын сарғыштану түрі .

  1. Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі майлар алмасуының бұзылуын көрсететін зат.

  2. Эритроциттер ыдырауы кезінде пайда болатын билирубин түрі.

  3. Гепатотропты у.



1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет