Министерство здравоохранения рк



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.92 Mb.
#132840
1   2   3   4   5   6

5 - есеп

Науқас В., 32 жаста, ауруханаға қатты әлсіздік, денесінің қалтырауымен қабаттасқан қызымының көтерілуі, белінің ауыруы, тыныштықтағы ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағысына шағымданып түсті. Қарап тексергенде терісі мен көзінің ақ қабығының сарғыштанғаны, сипағанда көкбауырының ұлғайғаны мен ауыратындығы анықталды.

Қан талданымы:

гемоглобин – 40 г/л ; эритроциттер – 1,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,8

ретикулоциттер – 28%; тромбоциттер - 180 х109/л; лейкоциттер – 14,5 х109

нейтрофилдер: метамиелоциттер -2%; таяқша ядролы -11%; сегментоядролылар -58% эозинофилдер - 4%; базофилдер – 1%; лимфоциттер – 17%; моноциттер – 3%

ЭШЖ - 40 мм/сағ

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, полихроматофилия, нормобластар.

Қанда тура емес (бос, коньюгацияланбаған) билирубиннің мөлшері артпаған. Эритроциттердің осмостық төзімділігі төмендеген.


  1. Науқастағы анемияның мүмкіндік себебі қандай?

  2. Бұл қандай анемия?


6 - есеп

Науқас Н., 35 жаста, ауруханаға әлсіздікке, қатты шаршағыштыққа, физикалық жүктеме кезінде жүрегінің қағатындығына шағымданып келді. Ауру тарихынан оның жас кезінен әлсіздік пен қатты шаршағыштық байқалған. Науқастың әкесі мен баласы анемиямен ауырады.

Қан талданымы:

гемоглобин – 70 г/л; эритроциттер – 3,5 х 1012/л; түстік көрсеткіш – 0,6

ретикулоциттер – 0,4%; тромбоциттер - 295 х109/л; лейкоциттер – 3,9 х109

нейтрофилдер: метамиелоциттер - 0%; таяқша ядролылар - 4%; сегментоядролылар - 44%

эозинофилдер -1%; базофилдер – 0%; лимфоциттер – 46%; моноциттер – 5%.

ЭШЖ - 30 мм/сағ

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы, гипохромды эритроциттер.

Сүйек кемігінде сидеробластар мөлшері жоғарылаған. Қан сары суының темір байланыстыратын қабілеті төмендеген.

Қанда билирубин мөлшері қалыпты.

Бұл жағдайда қандай анемия туралы ойлауға болады? Клиникалық көріністерінің патогенезін түсіндіріңіз.



ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 297-324.

  2. Патофизиология учебник / СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – С. 309-318.

  3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2т. 2009.- С. 27-62

  4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 351-370

  5. Патофизиология. Основные понятия: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С.83-92

Қосымша

6. Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С.178-190.

7. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

8. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007 – С.71-123.

9. Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)

«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» сынамалық тапсырмалардың нұсқасы // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Б 243-270.
2 тақырып: ЛЕЙКОЦИТОЗДАР ЖӘНЕ ЛЕЙКОПЕНИЯЛАР. ЛЕЙКОЗДЫҢ ӘРТҮРІНДЕ ҚАННЫҢ ЖАСУШАЛЫҚ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАН ТҮЗІЛУІНІҢ ПАТОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

Мақсаты:


  • Лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның жалпы этиологиясы мен патогенезін меңгеру

Оқытудың міндеттері:

Берілген тақырыпты меңгерген студент орындай алады:



    • миело- және лимфопролиферациялық сидромның себептерін сипаттауды

    • лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар және лейкоздың жіктелуін

    • лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның даму тетіктерін түсіндіруді

  • лейкоцитоздар мен лейкопениялардың, миело- және лимфопролиферациялық синдромның гемограммаларын сараптауды

  • ситуациялық есептерді қорытындылауды

  • қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоз дамыған науқастардың қан жағындысын анықтауды


Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Нейтрофилді лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

  2. Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцитоз (гранулоцитопении) туралы түсінік, себептері, организм үшін маңызы.

  3. Гемобластоздар туралы түсінік

  4. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі. Қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуі бұзылысы мен қан көрінісі.

  5. Миело- және лимфопролиферациялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі

  6. Балалардағы лейкоздың ерекшеліктері


Үйрету және оқыту әдістері: Пікірталас, шағын топпен жұмыс істеу: тәжірибелік жануарлар мен анемиялық синдромы бар аурулардың қан жағындысын зерттеу, гемограммаларды талдау, ситуациялық есептерді шығару, оқыту бағдарламаларымен жұмыс жасау

Тәжірибелік жұмыстар


1 Тапсырма.

Әртүрлі лейкоцитоздар мен лейкоцитопениялар кезіндегі лейкоциттік өрнекті талдап, қорытынды жасау (№1 кесте)

Қорытынды жасағанда мыналарды көрсету:

  1. Лейкоцитоз, лейкоцитопениялар түрін.

  2. Гранулоциттердің ядролық солға жылжуы барын.

  3. Лейкоциттердің түрлерінің шынайы және салыстырмалы өзгерістерін.

  4. Осындай бұзылыстар кездесетін ауруды атау.

  5. Лейкоциттік өрнек өзгеруінің патогенезін.

№1 - кесте

Лейкоциттік өрнек



1 л қандағы лейкоциттер саны (шынайы магына)

Базофилдер

Эозинофилдер

нейтрофилы

Лимфоциттер

Моноциттер

Миелоциттер

Метамиелоциттер

Таяқша ядро-лылар

Сегмент ядролы

4-9 х 109

0-0,08

х

109



0,1-0,35

х

109



-

-

0,18-0,4

х

109



3-5,5

х

109



1,8-2,5

х

109



0,2-0,6

х

109






0-1%

1-5%

-

-

3-5%

51-67%

21-35%

4-8%

Лейкоциттік өрнектегі өзгерістер

№1. 15х109

-

1%

-

2%

15%

65%

13%

4%

№2. 11х109

-

13%

-

-

2%

59%

21%

5%

№3. 7х109

5%

2%

-

-

5%

60%

22%

6%

№4. 10х109

-

2%

-

-

3%

45%

46%

4%

№5. 9х109

-

2%

-

-

2%

51%

24%

20%

№6. 1х109

-

-

-

-

-

30%

61%

9%

№7. 16х109

-

1%

3%

5%

16%

65%

3%

7%

№8. 12х109

-

-

-

-

6%

60%

25%

9%

№9. 3,4х109

-

1%

-

-

2%

45%

44%

8%




2 Тапсырма.

Әртүрлі лейкозды науқастардың гемограммаларын талдау.

Гемограмма талдау жасағанда мына алгоритмдерді қолдану керек:

  1. Лейкоциттердің жалпы санына қөңіл аудару керек. Осы белгісіне қарай лейкозды анықтау.

  2. Бласты және жетілген жасушалар арақатынасын анықтау, лейкоциттердің барлық даму сатыларындағы элементтерінің болу-болмауына назар аудару.

  3. Қызыл қан түйіршіктері мен тромбоциттер жағынан өзгерістер барына сипаттама беру.

  4. Гемограмма бойынша жалпы қорытынды жасау.

Гемограммалар:



  1. Гемоглобин-76 г/л

Эритроциттер-2,8х1012

Ретикулоциттер-0,3%

Лейкоциттер-12,8х109

Миелобласттар-97%

Промиелоциттер-0,5%

Сегментядролы нейтрофилдер -2,5%




  1. Гемоглобин-58 г/л

Эритроциттер-3,1х1012

Лейкоциттер-81х109

Миелобластар-4%

Промиелоциттер-12%

Миелоциттер-14,5%

Метамиелоциттер-10%

Таяқша ядролылар-8%

Сегментядролылар-37,5%

Эозинофилдер-5%

Базофилдер-9%

Лимфоциттер-0%

Моноциттер-0%



  1. Гемоглобин-82г/л

Эритроциттер-3,1х1012

Ретикулоциттер-0%

Тромбоциттер-10,6х109

Лейкоциттер-1,5х109

Лимфобласттар-78%

Лимфоциттер-14%

Моноциттер-8%


  1. Гемоглобин-64 г/л

Эритроциттер-2,05х1012

Лейкоциттер-84х109

Миелобласттар-95,5%

(лимфобласттар?)

Эозинофилдер-0%

Базофилдер-0%

Пероксидазаға реакция оң (миелобластар)


  1. Гемоглобин-18 г/л

Эритроциттер-0,78х1012

Лейкоциттер-288х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -1%

Сегмент ядролылар -2%

Эозинофилдер-1%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-95%

Моноциттер-1%

Боткин-Клейн-Гумпрехт денешіктері көп мөлшерде


  1. Гемоглобин-99 г/л

Эритроциттер-3,8х1012

Лейкоциттер-2,8х109

Миелобласттар-31%

Промиелоциттер-1%

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -4%

Сегмент ядролылар -10%

Эозинофилдер-22%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-30%

Моноциттер-2%



  1. Гемоглобин-120 г/л

Эритроциттер-4,25 х1012

Лейкоциттер-2,7 х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -1,5%

Сегмент ядролылар -8,5%

Эозинофилдер-0,5%

Базофилдер-0%

Лимфоциттер-7%

Моноциттер-4,5%

Бластты жасушалар-78%

Цитохимиялық реакциялар теріс (ажыратылмаған бластық жасушалар)



  1. Гемоглобин-40 г/л

Эритроциттер-0,99 х1012

Тромбоциттер-12,2 х109

Лейкоциттер-9,3 х109

Миелоциттер-0%

Метамиелоциттер-0%

Таяқша ядролылар -2%

Сегмент ядролылар -10%

Эозинофилдер-0%

Базофилдер-0%

Лимфобластар-62%

Лимфоциттер-20%

Моноциттер-6%






3 Тапсырма.

Қан жағындысынан миело- және лимфобласты лейкозды зерттеу.

Әдісі: Иммерсиялық ұлғайту аркылы қан жағындысын қарап, лейкоциттердің жалпы санын анықтау. Жас және жетіліп келе жатқан лейкоциттер түрлерін анықтау. Лейкоздың қай түрі екенін қорытындылау
4 тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару.

1 есеп

Науқас Р., 56 жаста невмония диагнозымен жолданды. Ауру тарихында жиі суық тиіп ауырғаны, соңғы жылы екі қайтара пневмониямен ауырып, амбулаториялық емделді. Қарап тексергенде мойын және қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, эластикалы, жұмсақ, сипағанда ауырмайды. Бауыры мен көкбауыры аздап ұлғайған. Қан анализі:

Гемоглобин – 120 г/л; Эритроцит – 4,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 150 х109/л; Лейкоцит -55 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Пролимфоцит – 5%; Лимфоцит – 76%

Моноцит – 2%

ЭТЖ -25мм/сағ

Қан жағындысында көп мөлшерде Боткин-Гумпрехт денешіктері


  1. қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз


2 есеп

Науқас Е., 35 жаста, ауруханаға аяқтарының ауырғанына, ішінің аздап ауыратынына, құрғақ жөтелге шағымданып түсті. Қарап тексергенде ұсақ нүктелі, дақты көптеген геморрагиялар анықталды. Лимфа түйіндері, бауыры, көкбауыры ұлғайған.

Қан анализі:

Гемоглобин – 90 г/л; Эритроцит – 3,0х1012/л; Ретикулоцит – 0,2%;

Тромбоцит - 30 х109/л; Лейкоцит -17 х109

Нейтрофилдер: метамиелоцит -0%; таяқшаядролы -1%; сегментядролы-16%

Эозинофил -0%; Базофил – 0%; Бласты жасушалар – 56%

Лимфоцит – 23%; Моноцит – 2%

Пероксидаза мен липидтерге реакция теріс. Шик реакция оң (гликоген бөлек түйіршіктер түрінде)


  1. қанның қандай ауруы туралы ойлауға болады?

  2. клиникалық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз




5 тапсырма

Оқыту бағдарламасынмен немесе мультимедиялық көрсетіліммен жұмыс



ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 333 - 339

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–. С. 318-324; 335-341.

  3. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 373-397.

  4. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.-2009.-С. 63-97.

  5. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 92-106.

Қосымша:

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 123-145; 335-349.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

  3. Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.

БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмаларды орындау)

«Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар» сынамалық тапсырмалардың нұсқасы // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Б 270-293.
1.6 АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР (СӨЖ)
1 тақырып. ТШҚҰ-синдромында тамырлық-тромбоциттік және коагуляциялық гемостаздың негізгі өзгерістері.

Мақсаты:


  1. ТШҚҰ-синдромының этиологиясы мен патогенезін өздігінен оқу.


Тапсырма:

  1. Оқу материалдарын мына сұрақтар бойынша оқу:

  1. Тамырішілік шашыранды қан ұю (ТШҚҰ-синдромы) туралы түсінік, себептері, сатылары, гипер- және гипокоагуляцияның патогенезі.

  1. ТШҚҰ-синдромының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру

  2. Ситуациялық есептерді шығару

  3. Сынамалық тапсырмаларды шешу


СӨЖ орындау түрі:

Берілген әдебиеттер бойынша материалды өздігінен оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, патогенездік сызбанұсқасын құрастыру


Орындалу критериі:

Берілген әдебиеттер бойынша тақырыпты өздігінен оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шығару, патогенездің сызбанұсқасын, көрсетілім, эссе, сөзжұмбақ құрастыру.



Бағалау критериі 2.11 «Білімді бағалау ережелері мен критерийлері» бөлімінен қараңыз.

СӨЖ тапсыру мерзімі

«Қан жүйесі» модулі бойынша мерзімдік бақылау.


ӘДЕБИЕТТЕР

Негізгі

  1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007

  2. Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 332-335

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2.-2009.- С. 112-144

  4. Патофизиология. Основные понятия: Учебное пособие под/ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008, С. 116-119.

Қосымша

  1. Шиффман Ф. Дж. Патофизиология крови. Пер. с англ. – М. – СПб: ЗАО «Издательство Бином», «Невский Диалект», 2007. С. 247 -253.

  2. Руководство по гематологии//Под ред. А.И Воробьева.- М.: Ньюдиамед, 2007.-1275 с.

  3. Л.А. Кузьмина. Гематология детского возраста. М.: 2001.- 400 с.

БАҚЫЛАУ


1. Ситуациялық есептерді шығару

1 есеп

Науқас П., 9 жаста. Балалық шағынан қанағыштықпен ауырады: емшектегі жасында құлағаннан кейін арқасында ауқымды қанқұйылу болды, сосын мұрынынан қан кету және бөксесіне қанқұйылулар байқалды. Үш жасында тілінің тістелген жерінен ұзақ қатты қан кеткендіктен ауруханаға жатқызылып, қан құйылды. 4 жасынан тізе және өкше буындарына қайталанған қанқұйылулар байқалады. Буындары ісінген, деформацияланған. Гемофилияға күмән бар. Зертханалық тексерулер:

Қан ұйуының уақыты және тромбиндік және протромбиндік қалыпты ұйу уақытында үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған.

Қан плазмасында IX жайт – 1%


  1. Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Науқаста гемостаз бұзылыстарын патогенездік қалпына келтірудің мүмкіндік әдістерін көрсетіңіз

2 - есеп

Науқас В., 17 жаста, етеккірінің ауыр постгеморрагиялық анемия дамытып, қатты құйылмалы түрде өтетіндігіне; ерте балалық жасынан көгерулер пайда болғандығына, жылына 3-4 рет мұрынынан қан кететіндігіне шағымданады. 8 жасында құлағаннан кейін кеуде қуысында ауқымды гематома пайда болғандығын байқады. Атасы қан кетумен ауырды, 40 жасында асқазанынан қан кетуден қайтыс болды. Әкесінде мұрынынан қан кетулер болады.

Зертханалық тексерулер:

Қан ағу уақыты ұзарған, тромбоциттер мөлшері, олардың көлемі және құрылымы қалыпты, әйнекке жабысуы бірден төмендеген.

Протромбиндік және тромбиндік уақыт қалыпты, белсенділенген үлестік тромбопластиндік уақыт ұзарған.

Виллебранд жайты – 3 %, VIII жайттың белсенділігі – 5%



  1. Науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? Коагулограмма өзгерістерінің патогенезін түсіндіріңіз.

3 есеп

Науқас Н., 36 жаста ауруханаға аяқ-қолдарының көптеген сынықтарымен (екінші этаждан құлаған) әкелінді. Ауырусыздандыру үшін морфин және тромбоздың алдын алу үшін гепарин енгізілді. 5 күннен соң науқаста тромбоциттер санының 170х109/л – ден 50х109/л – ге дейін азайғандығы анықталды



    1. Науқастағы тромбоцитопенияның мүмкіндік себебі мен патогенезі қандай?

    2. Бұл жағдайдағы тромбоцитопенияның патогенезі қандай?

    3. Науқастағы тромбоцитопенияның мүмкіндік салдары қандай?

4 - есеп

Науқас З., 3 жаста, ауруханаға келуден бір күн бұрын кенеттен, себепсіз қанқұйылулар (петехиялар, көгерулер, қан құйылулар), гематурия және мұрынынан қатты қан кету басталды. Ауруханаға түскен кезде балада бірден анемия (гемоглобин 40 г/л) дамыды. Терісінде көптеген петехиялар мен көгерулер, белінде және бөксесінде ауыратын гематомалар көрінедітуысқандары қан кетумен ауырмайды, науқаста бұдан бұрын геморрагиялық құбылыс болмады. Әжесі тікелей емес антикоагулянт қолданады.

Қандағы тромбоциттің мөлшері және олардың адгезиялық-агрегациялық қызметі өзгермеген, тамырлық сынаулар оң, қан кету уақыты аздап ұзарған, тромбиндік уақыт қалыпты, VIII жайт -100%, протромбиндік уақыт бірден ұзарған (протромбиндік индекс 7%, үлестік тромбопластиндік уақыт бірден ұзарған). Тромбин түзілуінің ішкі де, сыртқы да тетіктері бұзылғандығы анықталды.

Жаңа және ескі плазманы құйғаннан кейін коррекциялық сынамалармен протромбиндік уақыт және белсенділенген үлестік тромбопластиндік уақыт қалпына келгендігі, тез ыдырайтындықтан V және VIII жайттарының жоқтығы, фибриногеннің ыдырау өнімдері аздап жоғарылағандығы анықталды. Механикалық сарғыштану, бауырының ауыр зақымдануы және дисбактериоз анықталмады.



  1. Геморрагиялық синдромның мүмкіндік себептері қандай?

  2. Алынған мәліметтер негізінде аңғарым жасаңыз

  3. Бұзылған гемостазды қалпына келтіру тәсілдерін ұсыныңыз

5 есеп

Науқас Р., 17 жаста, дәрігерге етеккірінің қатты келуіне, денесінде көгерулер пайда болғандығына, мұрынынан қан кететіндіген шағымданып келді. Мұрынынан қан кетулер балалық шағынан байқалды.

Тексергенде: терісі бозғылт, құрғақ. Артериялық қысымы 110/70 мм с.б., тамыр соғысы минөтіне 90 рет. Бауыры, көкбауыры, лимфа түйіндері ұлғаймаған.

Қан талданымы: Эритроциттер - 3,5х1012 /л; гемоглобин - 80г /л.; Т.К. - ?

Тромбоциттер - 160х109/л; Лейкоциттер - 4,0х109/л; Лейкоциттік өрнек:

Эозинофилдер - 2%; Базофилдер -1%; Нейтрофилдер: метамиелоцит - 0%;

Таяқша ядролылар - 2%; сегментядролылар - 58%;

Лимфоциттер - 30%; Моноциттер - 7%

Қан жағындысында: гипохромия, микроциттер, пойкилоциттер, анулоциттер көп мөлшерде, ретикулоциттер – 0,1%.

Қанның ұйу уақыты 8 мин; жартылай белсенділенген тромбопластиндік уақыт - 40 сек (N-25-35сек); Протромбиндік уақыт – 20 сек (N- 2-20сек); Тромбиндік уақыт 8 сек (N-12-20сек); қан кету уақыты – 5мин (N- 2-4 мин); қан ұйындысының ретракциясы – 87% (N 48-64%); тромбоциттердің әйнекке адгезиясы 60% (N 20-55%)

Тромбоциттердің АДФ-пен агрегациясы – 50% (N- 78-100%); адреналинмен агрегациясы – 65% (N – 78-100%), ристоцетин-агрегациясы қалыпты, бөліну серпілістері әлсіреген.

Цитологиялық зерттеуде IIb – IIIa гликопротеидтерінің ақауы анықталды


    1. Науқаста геморрагиялық синдромның пайда болуы неге байланысты?

6 есеп



Науқас А., хирургиялық клиникаға жол апаты орнынан кеуде қуысының, ішінің, аяқтарының жарақаттарымен, көп мөлшерде қан жоғалтумен әкелінді. Қарап тексергенде: есі сақталған, бірақ науқас жағдайға және уақытқа сәйкес бағыт бағдарсыз сөйлейді, терісінің түсі бозғылт, тахикардия, тамыр соғысы әлсіз, АҚ 165/15 мм с.б. Науқасқа қансырап тұрған тамырларын тігу жөнінде операция жасалынды, 1200 мл донорлық қан (сақталу мерзімі 2 күннен 17 күн аралығы) және 2000 мл қан ауыстырғаштар құйылды. Реанимация бөлімшесінде: науқастың жалпы жағдайы ауыр, тахикардия сақталған, артериялық гипотензия, ентігу, тәуліктік диурез қалыптан едәуір азайған; зақымданған тіннің ұсақ тамырларынан қан кетулер болды. Зертханалық тексерістер мәліметі қан ұйуының төмендегенін, гипопротромбинемия, гипофибриногенемия және тромбоцитопенияны көрсетеді. Екінші тәулікте бүйректің қауырт жеткіліксіздігі құбылыстары дамыды. Өлім үдемелі бүйрек және жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінен дамыды. Мәйітті ашып тексергенде ішкі ағзалардың ұсақ тамырларының көптеген тромбоздық белгілері анықталды.

  1. Науқаста қандай дерттік үрдіс дамыды: а) жарақаттан кейін, б) реанимация бөлімшесінде?

  2. Науқаста реанимация бөлімшесінде дамыған дерттік үрдістің патогенезі қандай?

  3. Науқаста бүйрек және жүрек-қантамыр жеткіліксіздігінің даму тетіктері қандай?

  1. Сынамалық тапсырмалар – мерзімдік бақылау сынамаларын қараңыз

1. Геморрагиялық синдромның патогенезінде маңызы бар (4)

  1. фибринолиз белсенділенуінің

  2. фибринолиз бәсеңсіткіштері мөлшерінің жоғарылауы

  3. тромбоциттер санының азаюының

  4. тромбоциттердің қызметтік қасиеттерінің бұзылуының

  5. қан ұйытқылары тапшылығының

2. Гемостаздың қантамырлық-тромбоциттік тетігінің бұзылуы патогенезінде маңызы бар (4)

  1. тромбоциттер саны азаюының

  2. тромбоциттер қызметі бұзылуының

  3. вазопатияның

  4. YIII жайт тапшылығының

  5. Виллебранд жайты тапшылығының

3 Вазопатия кезіндегі қанағыштықтың патогенезінде маңызы бар (4)

  1. қан тамырлары қабырғасының тіректік мембранасы құрылымы бұзылуының

  2. ангиоэктазиялар түзілуінің

  3. қан тамырлары қабырғасының тіректік мембранасының коллаген және басқа нәруыздар түзілуі бұзылуының

  4. эндотелийдің иммундық кешендер және токсиндермен зақымдануы

  5. қан ұйындысы тығыздалуы бұзылуының

4 Тромбоцитопенияның патогенезінде маңызы бар (6)

    1. сүйек кемігінде тромбоциттер түзілуі азаюының

    2. тромбоциттерге қарсы антиденелер түзілуінің

    3. мегакариоциттерге қарсы антиденелер түзілуінің

    4. миелобластарға қарсы антиденелер түзілуінің

    5. мегакариобластар өсіп-өнуі тежелуінің

    6. сүйек кемігінің мегакариоциттік өскінінің лейкоздық жасушалармен

ығыстырылуының

    1. сүйек кемігінің лейкоциттік өскінінің қабыну кезінде белсенділенуінің

    2. қан қатпарлары түзілу үрдісінде тромбоциттердің артық «пайдалануының»

5. Тромбоцитопенияға тән (4)

  1. плазмада тромбоциттерге қарсы антиденелер (IgG3) мөлшерінің жоғары лауы

  2. қан ұйындысы тығыздалуының бұзылуы

  3. қанағыштықтың гематомдық түрі

  4. қанағыштықтың тері астылық түрі

  5. қылтамырлар жарылуының жоғарылауы

6. Жүре пайда болған тромбоцитопатиялар байқалады (6)

  1. қабынуға қарсы стероидты емес дәрі-дәрмектерді қабылдағанда

  2. лейкоздарда

  3. В 12 витамині тапшылықты анемияда

  4. асқазанның ойық жара ауруында

  5. ТШҚҰ синдромында

  6. жүрек жеткіліксіздігінде

  7. уремияда

  8. бауыр беріштенуінде

7. Тұқым қуалайтын тромбоцитопатияларға жатады (7)

  1. Бернар-Сулье ауруы

  2. тромбоциттер мембранасында гликопротеидтер I-b ақауы

  3. тромбоциттер мембранасында гликопротеидтер II-b, III-a ақаулары

  4. Гланцманның тромбостениясы

  5. Рандю-Ослер-Вебер ауруы

  6. тығыз түйіршіктердің тапшылығы

  7. альфа-түйіршіктері жинағының тапшылығы

  8. сұр тромбоциттер синдромы

8. Тромбоциттердің жабысуы мен шоғырлануының бұзылуына әкеледі (5)

  1. кәлций және магнийдің тапшшылығы

  2. тромбоциттер мембранасында гликопротеидтер I-b ақауы

  3. тромбоциттер мембранасында гликопротеидтер II-b, III-a ақаулары

  4. қанағымының жылдамдауы

  5. қанда АДФ мөлшерінің жоғарылауы

  6. тромбоциттер түйіршіксізденуінің бұзылуы

  7. коллагеннің субэндотелиалдық қабатының жалаңаштануы

  8. Виллебранд жайтының тапшылығы

9. Тромбоцитопения және тромбоцитопатия кезіндегі қанағыштық байланысты (4)

  1. тромбоциттер жабысуының бұзылуына

  2. тромбоциттер шоғырлануының бұзылуына

  3. тромбоциттердің ангиотрофиялық қызметінің бұзылуына

  4. қан ұюының тромбоциттік жайттары түзілуінің бұззылуына

  5. гипофибриногенемияға

10. Шырышты қабықтарға ұсақ нүктелі қан құйылу және қанағыштық тән (2)

  1. гемофилия А

  2. тромбоцитопенияға

  3. гипофибриногенемияға

  4. К гиповитаминозына

  5. тромбоцитопатияға

11. Коагулопатиялардың даму тетіктері (3)

  1. қан ұйытқыларының тапшылығы

  2. қан ұйытқыларының артық болуы

  3. антикоагулянттардың тапшылығы

  4. антикоагулянттардың артық болуы

  5. фибринолиздің белсенділенуі

  6. фибринолиздің тежелуі

12. Антикоагулянттардың артықтығы байқалады (3)

    1. гемофилияда

    2. лейкоздарда

    3. коллагеноздарда

    4. гепаринді артық енгізгенде

    5. антитромбиннің тапшылығында

    6. Виллебранд ауруында

13. Қан ұйытқыларының тұқым қуалайтын тапшылығы болады (1)

  1. гемофилияларда

  2. К витамині тапшылығында

  3. бауыр жеткіліксіздігінде

  4. қан ұйытқыларына антиденелер түзілгенде

  5. протромбиндік кешен жайттарының карбоксилденуі бұзылғанда

14. Қан ұйыуының бірінші кезеңінің бұзылуынан болатын коагулопатиялар байқалады (4)

  1. антитромбин Ш тапшылығында

  2. қан ұюының IХ жайтының тапшылығында

  3. қан ұюының VIII жайтының тапшылығында

  4. қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуенде

  5. қан ұюының XI жайтының тапшылығында

  6. қан ұюының II жайтының тапшылығында

  7. қан ұюының V жайтының тапшылығында

  8. гипопротромбинемияда

15. Гемофилия А-ға тән (8)

  1. жынысқа тіркесе мұра қалдыру

  2. мұра қалдырудың аутосомдық-рецессивтік түрі

  3. мұра қалдырудың рецессивтік түрі

  4. VIII жайттың тапшылығы

  5. IX жайттың тапшылығы

  6. қанағыштықтың гематомдық түрі

  7. нүктелі, тері астылық қанталау

  8. гемартроздар

  9. қан ұйыу уақытының ұзаруы

  10. қан ағу уақыты қалыпты

  11. қан ағу уақытының ұзаруы

  12. белсенді протромбиназа түзілуінің бұзылуы

  13. тромбин түзілуінің бұзылуы

16. Қан ұюының екінші кезеңінің бұзылуынан болатын коагулопатиялар байқалады (2)

  1. фибриногеннің тапшылығында

  2. протромбиннің тапшылығында

  3. антигемофилдік глобулин А тапшылығында

  4. антигемофилдік глобулин В тапшылығында

  5. К гиповитаминозында

17. К витаминінің тапшылығы кезіндегі протромбиндік кешен жайттары белсенділігінің төмендеуі байланысты (1)

  1. II, VII, IX, X жайттар карбоксилденуінің бұзылуына

  2. II, VII, IX, X жайттар тотығуының бұзылуына

  3. II, VII, IX, X жайттар метилденуінің бұзылуына

18. Қан ұюының К витаминіне тәуелді жайттардың тапшылығынан болатын коагулопатия пайда болуы мүмкін (6)

  1. ахолияда

  2. дисбактериоздарда

  3. бауыр дерттерінде

  4. асқазан дерттерінде

  1. механикалық сарғыштануда

  2. жаңа туылғандарда

  3. гемолиздік сарғыштануда

  4. әсері тікелей емес антикоагулянттарды артық енгізгенде

19. Қан ұюының үшінші кезеңінің бұзылуынан болатын коагулопатиялар байқалады (2)

  1. антитромбин артық болғанда

  2. гипофибриногенемияда

  3. қан ұюының Ш жайтының тапшылығында

  4. қан ұюының Х жайтының тапшылығында

  5. қан ұюының ХI жайтының тапшылығында

  6. фибринолиздің белсенділенуінде

20 Фибринолиздің белсенділенуі байқалады (5)

  1. плазминогеннің тіндік белсендіргіштері артық түзілгенде

  2. плазминогеннің тіндік белсендіргіштерінің түзілуі бұзылғанда

  3. плазминогеннің тіндік белсендіргіштерін бәсеңсіткіштерінің тапшылығында

  4. бауырда плазминоген түзілуі азайғанда

  5. альфа-2-антиплазминнің тұқым қуалайтын тапшылығында

  6. қанға стрептокиназа және басқа да микробтық киназалар артық түскенде

  7. фибринолиздің эндотелийлік белсендіргіштері белсенділенгенде

21. Виллебранд ауруына тән (4)

  1. қылтамырлық қан кету уақытының ұзаруы

  2. қан ұю уақытының ұзаруы

  3. тромбоциттердің жабысуы мен шоғырлануының бұзылуы

  4. YIII жайт түзілуінің бұзылуы

  5. YIII жайттың қан ұйытқылық белсенділігінің төмендеуі

22. ТШҚҰ– синдромының дамуына әкелуі мүмкін (4)

  1. сепсис

  2. қағанақтың сырылуы

  3. К гиповитаминозы

  4. аумақты хирургиялық әрекеттер

  5. дерттік иммундық үрдістер

23. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гиперкоагуляцияның патогенезі бай ланысты (4)

  1. протромбиназа белсенділенуінің «сыртқы» және «ішкі» тетіктерінің белсенділенуіне

  2. қанға тіндік тромбопластиннің көп мөлшерде түсуіне

  3. эндотелийдің жүйелік зақымдануына

  4. антитромбин III тапшылығына

  5. қанның фибринолиздік жүйесінің белсенділенуіне

  6. қан ұйытқыштары мөлшерінің қанда жоғарылауына

24. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі гипокагуляцияның патогенезі байланысты (4)

  1. пайдалану коагулопатиясына

  2. қан ұйытқыштарының артық болуына

  3. пайдалану тромбоцитопениясына

  4. гипофибриногенемияға

  5. фибринолиз және антикоагулянттардың белсенділенуіне

25. ТШҚҰ-синдромы кезіндегі қан кетулердің дамуы байланысты (4)

  1. плазминоген жүйесінің белсенділенуіне

  2. қан ұйытқыштарының артық пайдалануына

  3. тромбоцитопатияның дамуына

  4. пайдалану тромбоцитопениясына

  5. тіндік тромбопластин шығуының жоғарылауына

26. Жаңатуылғандар мен шалатуылған балаларда ТШҚҰ- синдромы дамуымен қабаттасатын аурулар (4)

  1. сепсис

  2. жаңатуылғандардың РДС

  3. туылу кезіндегі жарақат

  4. жаңатуылғандардығ гемолиздік ауруы

  5. жұмсақ таңдай мен жоғарғы еріннің ақауы

27. Жаңатуылғандар мен шалатуылған балаларда ТШҚҰ- синдромы дамуына әкелетін жайттар: (4)

  1. эритроциттердің физиологиялық гемолизі

  2. гемостаз жүйесінің реттелуінің жетілмеуі

  3. ұрықтық даму кезеңіндегі нәруыздардың ыдырауы

  4. ерте постнаталды кезеңдегі «бактериалдық пресс»

  5. гипофибриногенемия

28. Жаңатуылғандардың ТШҚҰ- синдромының ең айқын сатысы (1)

  1. гипокоагуляция

  2. гиперкоагуляция

  3. өтпелі

  4. қалпына келу

29. Жаңатуылғандардың геморрагиялық ауруы дамуының патогенезіндегі маңыздысы (4)

  1. ішекте микрофлораның болмауы

  2. К витаминінің тапшылығы

  3. Қан ұйуының II, VII, IX, X жайттары белсенділігінің төмендеуі

  4. Протромбин кешенінің карбоксилденген жайттарының мөлшері артуы

  5. Емшекке кеш үйрету

30. Жаңатуылғандардың геморрагиялық ауруы клиникалық көріністеріне жатады (3)

  1. мелена

  2. кіндік жарасынан қан кету

  3. тері астына қан құйылу, гематомалар

  4. ядролық сарғыштану

  5. гипербилирубинемия


«ҚАН ЖҮЙЕСІ» МОДУЛІ БОЙЫНША МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУ

Мақсаты:

  • Студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс өтілген жұмыстар бойынша білімін бағалау

Бақылау мақсаттары:

  • өтілген материалдар бойынша білімдерін бекіту

  • гемограмманы сараптауда дағдыларын тексеру


Студенттердің білімерін текеруге арналған сұрақтар :

  1. Анемия, анықтамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері.

  2. Қауырт постгеморрагиялық анемия, себептері, сатылары, қан көрсеткіштері.

  3. Тұқым куатын және жүре пайда болған гемолиздік анемиялар, себептері, қан көрсеткіштерінің сипаттамасы. Жаңатуылғандардың гемолиздік ауруы

  4. Теміртапшылықты анемиялар, себептері, қан сипаттамасы

  5. Витамин В12,-фолий тапшылықты анемиялар, даму тетіктері, қан көрсеткіштерінің сипаттамасы.

  6. Аплазиялық анемиялар, себептері, даму тетіктері, қан көрсеткіштерінің сипаттамасы.

  7. Лейкоцитоз, жіктелуі. Патогенезі бойынша түрлерінің сипаттамасы. Организм үшін маңызы.

  8. Лейкоцитопениялар, себептері, патогенезі, организм үшін маңызы. Агранулоцитоз, себептері, даму тетіктері, салдарлары.

  9. Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі.

  10. Миело- және лимфопролиферациялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі

  11. Геморрагиялық синдром, этиологиясы, патогенезі

  12. Тамырішілік шашыранды қан ұю (ТШҚҰ-синдромы) туралы түсінік, себептері, сатылары, патогенезі, салдарлары.


МЕРЗІМДІК БАҚЫЛАУДЫҢ СЫНАМАЛАРЫ

Анемиялар



1. Жедел постгеморрагиялық анемияның сүйек кемігілік сатысына тән:

  1. қанның белгілі көлемінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің қалыпты болуы

  2. гематокриттің деңгейі қалыпты

  3. нормоцитемиялық гиповолемия

  4. ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластардың пайда болуы

  5. гемодилюция

2. Жедел постгеморрагиялық анемияның гидремиялық сатысына тән:

  1. гематокрит мөлшерінің азаюы

  2. қанның белгілі көлемінде эритроциттер мен гемоглобин мөлшерінің қалыпты болуы

  3. эритропоэздің белсенділенуі

  4. ретикулоцитоз, полихроматофилия, нормобластардың пайда болуы

  5. ядролық солға жылжуы бар нейтрофилдік лейкоцитоз

3. Эритроциттер гемолизінің патогенезінде маңызы жоғы

  1. эритроциттер мембранасында МАТ үрдісінің

  2. мембраналық фосфолипазалар белсенділенуінің

  3. эритроциттер мембранасының иммундық зақымдануының

  4. қанның осмостық қысымы төмендеуінің

  5. қанның осмостық қысымы жоғарылауының

4. Жүре пайда болған жедел гемолиздік анемияға тән емесі

    1. нормобластардың пайда болуы және ретикулоциттердің көбеюі

    2. базофилді нүктелі эритроциттердің болуы

    3. мегалобластардың пайда болуы

    4. Жолли денешіктері бар эритроциттердің пайда болуы

    5. ядролық солға жылжуы бар нейтрофилдік лейкоцитоз

5. Темір тапшылықты анемия кезінде шеткері қанда байқалады

  1. эритроциттердің гиперхромиясы

  2. макроциттер

  3. солға жылжуы бар нейтрофилдік лейкоцитоз

  4. мегалоциттердің пайда болуы

  5. эритроциттердің гипохромиясы

6. Темір тапшылықты анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

Қан сарысуында темір мөлшеоінің азаюы → темір қорының таусылуы → темірі бар ферменттер белсенділігінің төмендеуі → ? → шаш түсуі, тырнақ сынғыштығы, тері құрғауы ж.б.



  1. тіндік гипоксия

  2. қандық гипоксия

  3. гипоксемия

  4. гиповолемия

  5. гиперкапния

7. Микросфероциттік анемияның патогенезіндегі жетіспейтін тізбегін орналастырыңыз:

? ақауы → эритроцит мемебранасының серімділігінің бұзылуы → қорда темірдің азаюы → эритроциттер мемебранасының бір бөлігінің жоғалуы → микросфероциттердің түзілуі

  1. спектрин немесе анкериннің

  2. валиннің

  3. глютаминнің

  4. гемнің

  5. глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназаның

8. Эритроэнзимопатияның патогенезіндегі жетіспейтін тізбегін орналастырыңыз:

? ақауы → глютатионның тотықсызданған түрінің түзілуі бұзылуы → эритроциттердің антиоксиданттық жүйесінің бұзылуы → тотықтырғыштардың әсерінен гемолизге ұшырау

  1. глюкоза – 6 – фосфатдегидрогеназаның

  2. гексокиназаның

  3. фосфатазаның

  4. карбангидразаның

  5. миелопероксидазаның

9. Гемоглобиноздар, әсерінен дамиды:

  1. тектік мутациялар

  2. хромосомдық мутациялар

  3. гем құрамына темірдің енуінің бұзылуы

  4. сәйкессіз қан құйғанда

  5. резус қайшылық

10. Орақ тәрізді жасушалы анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

? → гипоксия және ацидоз кезінде гемоглобиннің кристалдануы → орақ тәрізді эритроциттердің (дрепаноциттердің) түзілуі

  1. гемоглобиннің b-тізбегінде глютамин қышқылы валинмен алмасқан

  2. глобиннің a-тізбегі түзілуінің бұзылуы

  3. глобиннің b-тізбегі түзілуінің бұзылуы

  4. метгемоглобиннің түзілуі

  5. темір тапшылығы

11. Гемолиздік анемияға тән

  1. тура емес билирубиннің көбеюі

  2. тура билирубиннің көбеюі

  3. холемия

  4. ахолия

  5. брадикардия

12. В12 витамині - фолий тапшылықты анемияны тудырмайтыны

  1. асқазан бөлігін кесіп алып тастағанда

  2. Каслдың ішкі жайтының тапшылығы

  3. таспа құрттардың еніп кетуі

  4. созылмалы қансырау

  5. асқазанның шырышты қабығының семуі

13. В12 витамині -фолий тапшылықты анемия патогенезінің көрсетілмеген тізбегі:

В12 витамині тапшылығы ® метилкобаламин түзілуі ¯ ® тетрагидрофолий қышқылы түзілуінің бұзылуы ® ? ®эритроциттердің бөліну және жетілу үрдістерінің төмендеуі

A) май қышқылдары түзілуінің бұзылуы

B) миелин түзілуінің бұзылуы

C) ДНҚ түзілуінің бұзылуы

D) дезоксиаденозилкобаламин түзілуінің бұзылуы

E) янтар қышқылы түзілуінің бұзылуы



14. В12 витамині тапшылықты анемия кезіндегі жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы байланысты

  1. метилкобаламинның тапшылығына

  2. 5-дезоксиаденозилкобаламиннің жеткіліксіздігіне

  3. тимидинмонофосфаттың аздығына

  4. фолий қышқылының тапшылығына

  5. тетрагидрофолий қышқылы түзілуінің бұзылуына

15. В 12 витамині -фолий тапшылықты анемия кезінде эритроциттер саны азаюының патогенезінде маңызы жоғы

  1. жасушалардың өсіп-өну және нақтылану үрдістерінің баяулауы

  2. эритропоэз үрдісінде митоз санының азаюы

  3. дәрменсіз эритропоэз

  4. эритроциттердің өмір ұзақтығының қысқаруы

  5. гем құрамына темір енуінің бұзылуы

16. В 12 витамині -фолий тапшылықты анемияға тән

  1. гипохромия

  2. мегалоциттердің пайда болуы

  3. нейтрофилдік лейкоцитоз

  4. микроциттер пайда болуы

  5. тромбоцитоз

17. Аплазиялық анемия патогенезінде маңызы жоғы

  1. гемопоэздік жасушалардың апоптозының

  2. гемопоэздік тіннің май тініне айналуының

  3. эритроциттерге антиденелер түзілуінің

  4. бағаналы жасушалардың кішіқоршалымы бұзылуынаң

  5. бағаналы жасушаларға аутоантиденелер түзілуі

18. Аплазиялық анемияға тән

A) нейтрофилдік лейкоцитоз

B) орақ тәрізді эритроциттердің пайда болуы

C) мегалоциттердің пайда болуы

D) тромбоцитоз

E) панцитопения



19. Босанғаннан кейін резусы – оң балалы резус-теріс анаға оның иммундануының алдын алу үшін не енгізуге болады?

  1. D антигенді эритроциттерді

  2. d антигенді эритроциттерді

  3. D антигеніне қарсы антидене

  4. d антигеніне қарсы антидене

  5. Е антигенді эритроциттерді

20. Гемограмма бойынша сіздің тұжырымыңыз:

эритроциттер – 3,0 х10 12/л гемоглобин - 81г/л түстік көрсеткіш - ?

лейкоциттер - 7,5х10 9/л

эозинофилдер - 2%

базофилдер - 0%

нейтрофилдер:

метамиелоциттер - 0%

таяқша ядролылар - 4%

бөлшектенген ядролылар - 54%

лимфоциттер - 37%

моноциттер - 3%

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы, пойкилоцитозы, микросфероциттер ретикулоциттер - 7%



  1. жүре пайда болған гемолиздік анемия

  2. темір тапшылықты анемия

  3. В 12 витамині -фолий тапшылықты анемия

  4. тұқым қуалайтын Минковский-Шоффар гемолиздік анемиясы

  5. аплазиялық анемия

21. Гемограмма бойынша сіздің тұжырымыңыз:

эритроциттер - 3,2х10 12/л гемоглобин - 60 г/л түстік көрсеткіш - 0,56

ретикулоциттер- 1%

лейкоциттер - 4,5х10 9

метамиелоциты – 0%

таяқша -ядролылар – 0,5%

бөлшектенген ядролылар – 70%

эозинофилдер – 0,5%

базофилдер – 0%

лимфоциттер – 27%

моноциттер – 2%

сидеропения

Қан жағындысында: микроциттер, гипохромды эритроциттер, пойкилоциттер.


  1. жүре пайда болған гемолиздік анемия

  2. В 12 витамині - фолий тапшылықты анемия

  3. темір тапшылықты анемия

  4. жедел постгеморрагиялық анемия

  5. гипо-аплазиялық анемия

22. Гемограмма бойынша сіздің тұжырымыңыз:

эритроциттер - 1,2х10 12/л гемоглобин - 60г/л түстік көрсеткіш - 1,5

ретикулоциттер- 0,3%

лейкоциттер - 3,5х10 9

тромбоциттер - 180х10 9

метамиелоциттер – 0%

таяқша –ядролылар – 0,5%

бөлшектенген ядролылар – 40%

эозинофилдер – 0,5%

базофилдер – 0%

лимфоциттер – 50%

моноциттер – 9%

Қан жағындысында: эритроциттердің анизоцитозы және пойкилоцитозы,

мегалоциттер, мегалобластар.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет