ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
Келе шақ іс-әрекет қимылдың сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді. Түрлі тәсілдермен жасалатын келер шақтың мағыналары бірдей болмайды. Олардың бірінде мақсаттың мағына басым, енді бірінде іс-әрекеттің болу-болмауы айқын не күмәнді болып келеді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай олар: болжамды келер шақ, сенімді келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ болып 4 бөлінеді.
Болжамды келер шақта іс-әрекеттің орындалуы, орындалмауы болжай, жорамалдай айтылады. Бұл болымды және болымсыз тұлғалы -ар//-ер, -р, -с аффиксті есімшелерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.
Болжамды келер шақ мына тәрізді синтаксистік тіркестер арқылы да жасалады.
а) Ауыспалы шақ есімшелер мен шығап, секілді, тәрізді сөздер тіркесі арқылы жасалады.
Қария адам өмірінің қысқалығына қынжылатын сияқты . (Бұлқышев)
ә) – у тұлғалы қимыл есісдер (тәуелделіп кейде барыс септікте тұрып) мүмкін сөзімен тіркеседі.
Басқа бір сылтау айтсам, маған сенбей қалуы мүмкін. (Есенжанов).
Сенімді келер шақ – іс-әрекет, қимылдың істелетіндігін және оның ақиқаттығын білдіреді. Сенімді келер шақ – қолы // -келі, ғалы//-гелі тұлғаны көсемшелермен жатып, отыр, тұр, жүр етістіктерінің тіркесуі арқылы жасалады.
Біз соғысқа кіргелі отырмыз (Б.Бұлқышев) Айсұлу Алматыға жүргелі жатыр.
Мақсатты келер шақ. Бұл шақ істелуге тиісті мақсатқа, тілекке байланысты іс-әрекетті, қимылды білдіреді. Мақсатты келер шақ – мақ//-мек, -бақ//-бек, пақ//-пек етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы етістіктерінің жіктеліп айтылуы арқылы жасалады.
Мысалы: бар – мақ-пын, кел-мек-сің (дер) т.б.
Бұл форма – шы, -ші аффиксі үстеліп айт-пақ-шы-мыз болып та қолданылады.
Бұл шақтың болымсыз түрі емес етістігінің жіктеліп, тіркелуімен жасалады.
Оқу орны жылдан жыл көбеймесе, оқу ісі жылдам жыл күшеймесе, кемімек, әлсіремек емес. (С.Дөнентаев)
Ауыспалы келер шақта болатын іс-әрекет нақтылы ешбір шүбәсіз баяндалады. Ауыспалы осы шақ пен тұлғалары (а,-е, -й аффикстері) Бірдей болғандықтан да, ауыспалы келер шақ делінеді. Олардың мағыналары сөйлемде айқындалады.
Бірақ оған тапсырылған бірдеңе болса, ол өліп жатса да орындайды (Мүсірепов) Қажы Шұғылдың бурасының «көзін жоғалтам!», - деді ғой, сөз жоқ, енді жоғалтады (24, 200-201).
А.Ысқақов келер шақ формаларын мағыналары мен тұлғалық түрлеріне қарай, жалпы (анық) келер шақ, болжамды келер шақ және мақсатты (арнаулы) келер шақ деген үш топқа бөледі.
1. Жалпы (анық) келер шақ амал-әрекеттің алдағы уақытта шүбәсіз, ашық жүзеге асатынын білдіреді. Бұл шақ етістік негізіне көсемшенің осы шақ формасының жұрнағы (а, -е, -й) қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз үлкендердің тапсырмасын орындаймыз, үміттерін ақтаймыз.
2. Болжалды келер шақ формасы алдағы уақытта істеелтін амал-әрекетті атайды, бірақ ол амалдың жүзеге асу-аспауы күдікті, екі талай екені аңғарылады. Ал форманың өзі есімшенің келер шағының –ар (-ер, -р) жұрнағы арқылы етістіктің жалаң және күрделі негіздерімен жасала береді.
Мысалы, өзіңіз әуелі келерсіз, жай-жапсарымен сонда танысармыз: Сізбен әлі де талай кездесетін де шығармыз, әңгімелесетін де болармыз.
3. Мақсатты (арнаулы) келер шақ формасы амал-әрекеттің алдағы уақытта шүбәсіз, күдіксіз (қайткенде де) жүзеге асатынын және онда бір мақсат барын қоса білдіреді.Бұл форма етістік негізіне есімшенің мақсатты келер шағының – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде соңғы жұрнақтың үстіне – шы дәнекері қосылу арқылы жасалады. Мысалы, Біз ертең жиналмақшымыз да, онда сенбілікке кім, қашан, қайда баратынын сөз етпекпіз: Бүгін кітапханаға бармақпын, жолға қажет кітаптар алмақпын. 25 (332-333)
Келер шақ формаларын қазіргі қазақ тілінде мағыналарына қарай: ауыспалы келер шақ, болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ деп үш топқа бөледі.
Ауыспалы келер шақтың формасы –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы, мен аламын, сен аласың, сіз аласыз, ол алады.
Бұл формадағы етістіктің өткен шақ, осы шақ ретінде де қолданылды.
Болжалды келер шақ есімшенің – (а) р, -(е) р және болымсыз-мас, -мес қосымшалары арқыы жасалып, алдағы уақытта болатын амал-әрекеттің жүзеге асу, аспауын күдікті, болжалды түрде аңғартады. Мысалы, жазармын, жазарсың, жазбақпыз.
Мақсатты келер шақ есімшенің – мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнағы жалғану арқылы, кейде оған –шы қосымшасы қосылып айтылу арқылы жасалады. Мысалы, бармақпын-бармақшымын, бармақсың –бармақшысың.
Мақсатты келер шақтың мағынасы сөйлеу кезінен кейін болатын қиымл -әрекетті анық білдірмейд, шындыққа қатысы жағынан ашық райдан гөрі бұйрық рай, әсіресе қалау райға жақындау. Мысалы: бармақшымын – барғым келеді, сөйлеспекпін – сөйлескім келеді. (26, 65-66).
Достарыңызбен бөлісу: |