МКҚК «Айгүл» балабақшасы іі-сәбилер, «Айналайын» тобы



Дата01.07.2016
өлшемі61.33 Kb.
МКҚК «Айгүл» балабақшасы

ІІ-сәбилер, «Айналайын» тобы



«Жау-жау, жаңбыр»



Тәрбиеші: Г.Тлеумбетова

2013-2014 оқу жылы

Мақсаты: Балалардың күз туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, күз байлығмен таныстыру, көрнекілік суреттерді әңгімелету, үйренген сөздерді күнделікті қолдану, күз туралы тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ шешу, ойын арқылы ,балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Күз көрнісі бейнеленген сурет ,күзгі бақ , жеміспен көкіністердің суреті, балалардың бастарына кейтін атрибуттар.

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мақал-мәтел, жұмбақ, мадақтау, қортындылау.

Оқу іс – әрекеттің жүрісі: Қонақтармен , апайлармен , амандасу.

Таңғы шеңбері: Дөңгеленіп тұрайық,

Шеңерді біз құрайық.

Қол ұстасып бәріміз,

Ақ тілекті жолдайық.

Олай болса, балалар, жақсы тілектерімізді айтайық.

-Деніміз сау болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Бәріміз дос болайық !

-Көк туымыз биік болсын!

-Еліміз аман болсын!

-Папа, мамамыз аман болсын!

- Жарайсыңдар балалар.

-Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай бар.

-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Күн салқын болат, тұман , құстар жылы жаққа ұшып кетеді, аспанда бұлт қаптап, жаңбыр жауады, ағаштың басындағы жапырақтар сарғайып жерге түседі.

- Жапырақтың түсі қандай болады?

- Жапырақтың түсі жасыл, сары болады.

- Күз туралы тақпақтарды кім біледі екен.
Іңкәр: Ой балалар,балалар,

Қоңырқай күз келіпті.

Қурап жапырақ солыпты,

Ел егінін алыпты.


Қаныш: Күншуаққа маужырап,

Жатыр едім адырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Аяжан: О, алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім,жатып ап?


Әсия: Алтын , сары,қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Мадина: Көк майсалды көрікті,

Алқаптағы көк егін.

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегім.


-Оте жақсы жарайсындар.

Балалар ,бүгінгі оқу-ісәрекетіміздің тақырыбы «Жау –жау жаңбыр».


Суретпен жұмыс. Балалардың назарын суретке аударып, әңгіме құрау.

Әңгімені пысықтау толықтыру.Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапытақтардың бәрі сары,қызыл,қоңыр түске енеді. Міне мына суретке қараңдаршы алма ағашы бар, балалар алмадан басқа ағашы балалар алмадан басқа:алмұрт, басққа жүзім,шие,банан, өрік жатады.

-Енді , балалар, сергіту жаттығуын жасайық.

Жел улейді у, у, у, у, (Екі қолымызды жоғары көтеріп,тербелейміз.)

Құйын келіп билейді зу, зу, зу, зу.(Екі қолымызды көтеріп тұрып,айналдырады.)

Қатты-қатты жел соқты гу, гу, гу, гу,(Екі қолымызды,тербелейміз. )

Жапырақтар қол соқты ду,ду, ду, ду,(Екі қолымызды,соғамыз.)

-Енді балалар, мен сендерге еңбек туралы мақал-мәтел айтамын, сендер оны естеріңе сақтап жүріңдер.

Еңбек етсең еріңбей,

Тояды қарның тіленбей.

Ғажайып сәт: (күз мезгілі жаңбырлатып, желдетіп кіреді).

-Сәлеметсіздерме балалар?

-Сәлеметсізбе, алтын күз.

-Сіздер менің күз мезгілі екенімді қайдан білдіңіздер ?

-Жапырақтардың сарғайғанынан.

-Балалар күз мезгілінде тағы қандай құбылыстар ,өзгерістер болады?

-Күн суытады.

-Жаңбыр жауады.

-Жеміс-жидектер піседі.

-Дұрыс айтасыңдар.

Күз: Балалар, менің жеміс-жидектерімді жинауға көмектесесіңдерме?



  • Көмектесеміз.

  • Балалар ,күз бізден көмек сұрағалы келіпті.

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

-Ал, ендеше саяжайға барайық.Саяжайда күз байлығы көп екен.

Күз: балалар меннің сенде қоятын тапсырмам бар,соны орындасаңдарғана,алма теруге көмектесесіңдер .





-Бірінші тапсырма: кім жемістер туралы тақпақтар айтады?

Фатима: Шиемін мен, шиемін,

Піскенше тон кеиемін.

Бала келсе қасыма ,

Басымды мен иемін.
Жарқынай: Мен жүзімін,жүзімін,

Моншақ болып тізілдім.

Сары күзде үзіліп,

Себепке кеп тізілдім.


Мархаббат: Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді ілмеймін.

Уылжылған өрікпін,

Мен бау-бақшаға көрікпін.


Әдемі: Мен алмұртпын, алмұртпын,

Тіл үйірген бар жұрттың.


Әсемай: Қып-қызыл мына алманы- ай,

Көзімнің жауын алғаны-ай.

Үзіп алып жейін деп едім.

Бойымның жетпей қалғаны-ай.


Күз: Екінші тапсырма: мен жұмбақ жасырам, соның шешуін табуға тырсыңдар?

Күзде піседі, домалап түседі.

(Алма).

Жауып жаңбыр,



Жер сабыр.

Шөп, жапырақ салады.

(Күз).

Жазда тұрып жоғары,



Күзде жерге түседі.

(Жапырақ).


Күз: -Балалар өте жақсы, ал енді кім жапырақтарды көп қылып, кім бірінші болып жинайды ?

-Жарайсыңдар балалар.

-Балалар мына алманың дәмі қандай?

-тәтті.


-Түсі қандай?

-Қызыл.




- Пішіні қандай?


- Дөңгелек.
-Көкініс пе , әлде жеміспе ?
-Жеміс.
-Өте жақсы.
Күз: Балалар мен сендермен

қоштасайын, сендер сияқты балаларға барайын.

Қош сау болыңыздар!

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы әңгімеледік.


-Жемістер, көкөністер, күз туралы.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Біздің тобымызға кім келді?
-Алтын күз апайымыз.
-Оқу іс-әрекетіміз ұнады ма?
- Ия.
- Қай бөлімі ұнады?
- Балалар, өздеріне ұнаған бөлімдерін айтып шығады.


  • Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.




  • Қош сау болыңыздар!

Каталог: aigulskom -> files
files -> Құттықтау сөз: Қымбатты әжелер, аналар, балабақша апайлары Сіздерді 8-наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге
files -> Сабақтың тақырыбы: «Құлын, қозы, лақ»
files -> Түпқараған аудандық білім үйлестіру орталығы мемлекеттік мекемесі
files -> «Жол тәртібін білейік, аман –есен жүрейік» «Балапан» тобы Тәрбиеші: Ж. Жайлиева 2010-2011 оқу жылы Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік»
files -> Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет